Түйсiктің рефлекторлық табиғаты
Түйсiктің рефлекторлық табиғаты
1. Психикалық процестер жүйесіндегі түйсік
2. Түйсіктің физиологиялық негіздері
3. Ғалымдардың түйсікті қалыптастырудағы қосқан үлесі
Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына
әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым
психикалық процесті түйсік деп атаймыз. Түйсік тірі материяның жалпы
биологиялық қасиеті – сезгіштіктің ең маңызды көрінісі.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты-жұмсақтығын, кедiр-
бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк
денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы
мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды.
Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы
көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр
затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр,
мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың
нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi
түйсiк болып табылады.
Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида
бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 110 бөлiгiнде жалт еткен жарықты
көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.
И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын
анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке
аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда
көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту,
қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi
(рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға
айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке
талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен
қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi
компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар
тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализатордың үш бөлiгiнiң бiрiне зақым келсе,
(мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсiгiне нұқсан келедi. Анализаторлардың
мидағы ядролары тиiстi аймақтарға орналасқанмен, олар бiр-бiрiмен тығыз
байланысып жатады. Анализаторлар бiрiнiң қызметiн екiншiсi атқара алуға да
қабiлеттi. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Сезiм
мүшелерiнiң мимен байланыстылығы жәйлi Шәкәрiм “Тән сезiп, көзбен көрмек,
мұрын-исi, тiл — дәмнен хабар бермек. Бесеуiнен мұндағы ой хабар алып,
жақсы жаман әр iстi сол тексермек”,— деп мидың жетекшi, басқарушылық рөлiн
ерекше атап керсетедi.
Кейбiр философтар мен психологтар адам түйсiктерi заттардың объективтiк
қасиеттерiн бейнелемейдi, олар тек осы заттардың әсерiнен сезiм мүшелерiнде
пайда болатын өзгерiстердi ғана бейнелейдi дейдi. Олардың айтуынша,
түйсiктердiң мазмұны сыртқы тiтiркендiргiштердiң, яғни сыртқы дүниедегi
заттар мен құбылыстардың қасиеттерiне байланысты емес, түгелдей сезiм
мүшелерiнiң өздерiнiң қасиеттерiмен белгiленетiн болып шығады. Осы тұрғыдан
қарағанда түйсiктер сыртқы дүниедегi заттардың бейнесi емес, қайдағы бiр
шартты белгiлер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бұл түсiнiк бойынша
бiз түйсiктерiмiздiң ненi бейнелейтiнiн, оларға не сәйкес келетiнiн де,
заттарды қалайша танып бiлуге болатынын да түсiндiре алмаймыз. Мұндайда
тiптi бiз заттардың өзiнiң қандай нәрсе екенiн де бiле алмайтын боламыз.
Өйткенi белгi дегенiмiз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да
таңбалай алады, бiрақ оның өзi таңбалайтын затына ұқсас бола бермейдi.
Түйсiк жөнiндегi осы теориялардың қай қайсысы да сезiм мүшелерiнiң
көрсеткенiне сенбейдi, заттар мен құбылыстардың бiзден тыс өмiр
сүретiндiгiне күдiк туғызады, егер түйсiктер заттардың объективтi
қасиеттерiн бейнелемейтiн болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып
бiлудегi табыстары мен олардың белгiлi бiр мақсатқа сай еңбек етуi мүмкiн
болмас едi.
Адам түйсiктерiнiң ерекше жетiлiп, дамуына еңбек процесi, тарихи-
әлеуметтiк жағдайлар, екiншi сигнал жүйесiнiң (тiлдiң), сананың пайда болуы
күштi себеп болды. Адам түйсiктерiнiң жануарлар түйсiктерiнен сапалық
айырмашылығы болатындығы, олардың тiршiлiк жағдайына байланысты түрлiше
көрiнетiндiгi ғылымда әлде қашан дәлелденген жәйт.
Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айкындайтын негiзгi
фактолардың әуелде ұшып жүрiп тiршiлiк етуге бейiмделгендiгi. Бұл үшiн
құстардың көзi қырағы, құлағы естiгiш болуы аса қажет. Жырткыш құстардың
көзi аса кырағы, өйткенi олар өз жемтiгiн алыстан көруi қажет, ал иттерде
иiс түйсiгi ерекше дамыған. Өйтседе, құстар да, иттер де заттардың мән-
мағынасын, бiр-бiрiмен байланысын ажырата алмайды. Адам түйсiктерiнiң
ерекшелiгi олардың ойлау, сөйлеу әрекетiмен тығыз байланыстылығында.
Түйсіктер заттардың жеке қасиеттерін сәулелендіретін бейнелер ретінде
пайда болады.
Түйсік арқылы болмаса, - деп жазды В.И.Ленин, -біз басқа жолмен заттың
ешқандай формалары туралы да, қозғалыстың ешқандай формалары туралы да
ештеңе біле алмаймыз.
2. Түйсiктердiң негiзгi заңдылықтары
А. Сезгiштiк және табалдырық
Психологияда адамның түйсiне алу қабiлетiн сезгiштiк деп атайды.
Сезгiштiктi: 1) абсолюттiк, 2) айырма сезгiштiк деп екiге бөледi.
Абсолюттiк сезгiштiк дегенiмiз — сезiм мүшелерiнiң өте әлсiз
тiтiркендiргiштердi түйсiне алуы. Сезгiштiк түйсiктiң табалдырығымен тығыз
байланысты. Мәселен, абсолюттiк сезгiштiк түйсiктiк табалдырығына тәуелдi.
Абсолюттiк табалдырық — түйсiк табалдырығының шегi. Абсолюттiк табалдырық
тiтiркендiргiштiң болмашы ғана түйсiк тудыратындай ең аз шамасы. Түйсiк
табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгiштiгi арта түседi.
Мәселен, бiреу алақанындағы бiр ми квадрат аумақка түсетiн салмақты 3 гр-
нан бастап сезетiн болса, екiншi бiреу осындай жерге түскен салмақты алтьг
грамнан бастап сезедi. Бұдан соңғы адамның түйсiк табалдырығы екi есе артық
та, абсолюттiк сезгiштiгi екi есе кем екендiгi көрiнедi. Егер тiтiркенудiң
шамасы табалдырықтан тө-мен жатса, онда түйсiк пайда болмайды. Мәселен,
адам денесiне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгiн сәулелердi
көрмейдi, құлақ әлсiз дыбыстарды естiмейдi. Өйткенi, осы
тiтiркендiргiштердiң бiрде-бiреуiнде түйсiк туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгiштiк деп сезiм мүшелерiнiң тiтiркендiр гiштердiң арасындағы
болмашы айырмашылықты түйсiне алуын айтады. Айырма сезгiштiктi сипаттау
үшiн не айыру табылдырығының мөлшерiмен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға
жүз грамм салмақ салып, оған тағы бiр грамм қосса, салмақтың артқаны
бiлiнбейдi. Оны айыра бiлу үшiн 3—4 грамм қосу керек. Айыру та-далдырығы
түйсiктiң түрлерiнде әртүрлi болып келедi. Мәселен, жарықты айыратын
табалдырықтың күшi 1100-ге тең. Бұл айтылғандарды мынадай фактiлермен
дәлелдейдi. 100 шамдық жарық күшiне тағы бiр шамдық жарық қосылса, сонда
жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кiсi қатынасқан хорға
тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтерiледi.
XIX ғасырдың орта шенiнде өмiр сүрген немiс ғалымдары Э. Вебер (1795—1878)
мен С. Фехнер (1801 — 1887) тiтiркендiргiштердiң күшiмен адам түйсiгiнiң
арасындағы байланысты заң түрiнде тұжырымдады. Мұны түйсiктiң
психофизикалық заңы дейдi. Осы заң бойынша тiтiркендiргiштердiң күшi
геометриялық прогрессия жолымен көбейсе, одан туатын түйсiктер
арифметикалық прогрессия жолымен өседi.
Әлсiз немесе күштi тiтiркендiргiштердiң әсерiн бұл заңмен түсiндiру қиынға
соғады.
Ә. Адаптация
Сезiм мүшелерiнiң сезгiштiгi әсер етушi тiтiркендiргiштерге бiртiндеп
бейiмделуге байланысты да өзгерiп отырады. Бұл құбылысты адаптация дейдi.
Адаптация құбылысы адам сезгiштiгiнiң артуын немесе төмендеуiн көрсетiп
отырады. Түйсiктердiң қай-қайсысы да адаптацияланады. Мәселен, көру
түйсiгiндегi адаптацияны алайық. Жарық жерден караңғы үйге кiру бiзде
қараңғылық адаптациясын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кiргенде
көздiн қарашығы 17 есе ұлғаяды. Бұл қарашықтан өтетiн жарықтың мөлшерi 17
есе көбейедi деген сөз. Көздiң қараңғыда көргiштiгiне торлы қабықтық шетiне
орналасқан таяқшалардың әсерi ете күштi. Олардың нашар жарықты да жақсы
сезе алатын қасиетi бар. Мәселен, 30—40 минуттан кейiн караңғыдағы көру
сезгiштiгi 200 мьтң есе артады. Ал караңғыдан жарыққа қарай сезгiштiктiң
өзгеруi жарық адаптациясын көрсетедi. Алғашқыда күн көзге шағылысып, көз
ерiксiз жүмылады.
Бiрақ төрт-бес минуттан кейiн көз бұған үйренедi де, көздiң көруi қалпына
келедi.
Адаптация құбылысына перифериялық нерв жүйесiмен қатар ми қабығы да
қатысады.
Адаптация терi (тактиль) түйсiктерiнде де күштi байқалады. Осының
салдарынан кейбiр адамдар тiтiркендiргiштердi түйсiнбей де қалады.
Температуралық түйсiктердiң де адаптациясы мол.
Мәселен, судың бiрқалыпты салқындығына дене тез уақыт iшiнде төселедi де,
адамның терiсi суыққа тiтiркенбейтiн болады.
Иiс түйсiктерiнде адаптация түрлi дәрежеде көрiнедi. Мәселен, камфараның
иiсi 1—2 минуттан кейiн сезiлмейтiн болса, горщица мен нашатыр спиртiнiң
иiсiне адаптациялану тезiрек болады.
Ауырсыну түйсiктерiндегi адаптация өте әлсiз, ауырсыну организмнiң қалыпты
жұмысының бұзылғандығын, осы сигналдың биологиялық рөлiн көрсетедi.
Адаптацня құбылысы үнемi өзгерiп отыратын сыртқы дүние тiтiркендiргiштерiне
анализаторлардың қалай да бейiмделе алатындығын байқатады.
Б. Түйсiктердiң өзара байланысы. Сенсибилизация
Егер адаптация анализаторлардың сезгiштiгiнiң түрлi жағдайларға байланысты
артуының төмендеуiнiң көрсеткiшi болса, сенсибилизация сезгiштiктiң тек
артуын ғана көрсететiн құбылыс болып табылады.
Сезiм мүшелерiнiң бiреуiнiң әсерiнен басқаларының сезгiштiгi артып отырады.
Мұны былайша түсiну керек. Әлсiз тiтiркендiргiштер өзiмен бiрге әсер етiп
тұрған басқа тiтiркендiргiштердiң сезгiштiгiн арттырады. Мәселен, көзге
жеткiлiктi мөлшерде түскен жарық оның көру қабiлетiн арттырумен қатар есту
түйсiгiнiң сезiмталдығының артуына да себепшi болады. Қызыл түс адамның ақ,
қара түстердi дұрыс ажыратуына жәрдемдеседi. Түнгi ұшуға дайындық кезiнде
ұшкыштардың көздерiне 20—30 минут бойына қызыл көзiлдiрiк киетiндерi
осыдан.
С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерiнде адамның дамыл-дамыл таза ауада
дем алуы, жеңiл дене қимылын жасауы, бетi-қолды салқын сумен сүртiнуi көру
сезгiштiгiн арттыратындығы дәлелденген.
Сыртқы дүниенiң заттары бiр ғана анализатормен түйсiнiлмейдi. Бiр сезiм
мүшесiне түскен әсер, калған сезiм мүшелерiне де әсер етедi. Түйсiктердiң
бiр-бiрiмен байланысқа түсуi сыртқы дүниенiң құбылыстарын толығырақ
түйсiнуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсiгi (қышқьгл нәрсе) көру
сезгiштiгiн арттырады, тұз ерiтiндiсiн iшкеннен кейiн таза судың өзi тәттi
болып керiнедi. Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозғалыс
түйсiктерiнде де көп байқалады. Түйсiктердiң өзара байланысының өте айқын
көзге түсетiнi контраст (қарама-қарсылық) құбылысы. Мәселен, айналасын ақ
түске бояған сұр тiк бұрыш айналасын қара түске бояған сұр тiк бұрыштан
күңгiрттеу көрiнедi. Ал осы сұр тiк бүрыштың айналасын қоңыр түске бояса,
жасыл тартып, сары түске бояса, көгiлдiр болып көрiнедi. Тым-тырыс кезде
дыбыс жақсы естiледi, ыссы нәрседен кейiн салқынды түйсiну өзiнен-өзi
белгiлi. Жоғарыда көрсетiлген мысалдарда түйсiктердiң қарама-қарсылығы
жүйке процестерiнiң езара индукция зандылығымен (бiр мезгiлдiк индукция)
түсiндiрiледi.
В. Синестезия
Тiтiркендiргiштер сезiм мүшелерiнiң бiреуiнде ғана түйсiк туғызудың орнына
сол сәтте басқа түйсiктердiң, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен,
кейбiр адамдар бiреудiң сөзiн естiгенде, бұған қоса түрлi дәмдер мен
түстердi де сезiнуi мүмкiн. Мұндай адамдардың бiрi қызғылт түстен
жылылықты, екiншiлерi — көгiлдiр-жасыл түстен суықты сезiнедi. Түйсiктердiң
осылайша қосарланып жүруiн синестезия дейдi. Есту, көру, сипай сезу, иiс,
дәм түйсiктерiнде кездесiп отыратын осы қүбылыс өмiрде онша жиi кездесе
бермейдi. Синестезия — түйсiктердiң өзара байланысының мөлшерден тыс
дамыған бiр көрiнiсi.
Г. Бiр iздi бейнелер (эйдетикалық ес)
Тiтiркендiргiш әсерiнiң тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да,
түйсiктiң өз күшiнде қалатын кездерiн бiр iздi образдар деп атайды. Бұлар
көру, есту, иiс, дәм тактиль түйсiктерiнде жиi кездеседi. Мәселен, адам 2—3
секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейiн көзiн жұмса (көздi
жұмғанда қабақтан жарык түсiрмеу үшiн шамды алақанмен қалқалау керек),
жарықтың iзiн айқын көре алады. Бiр iздi образдардың бұл түрi оң бiр iздi
образдар деп аталады.
Қолымызға екi парақ ақ қағаз алып, бiрiн ақ күйiнде қалдырып, екiншiсiнiң
ортасына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайык. Бұдан кейiн осы қызыл
қағаздан көз алмай 20—30 секундтай қарап отырып, көзiмiздi сәл ақ қағазға
аударсақ, оның бетiнен көгiлдiр түстi көруге болады.
Бұл терiс бiр iздi образдардың мысалы. Соңғы түс алғашқы қызыл шаршының
терiс бiр iздi образы. Кино ленталарындағы жеке кадрлардың арасындағы
үзiлiстердi байқамау осындай оң бiр iздi образдардың қызметi болып
табылады. Өйткенi, мұндайда бiр тiтiркендiргiш екiншiсiмен жалғасып
отырады. Бiр iздi образдар көбiнесе адамға байқалмайды. Өйткенi, көздiң тор
қабығы үнемi қозғалып түрады да, осыдан адамның көзi талмайды. Орталық
жүйке жүйесiнiң жоғары бөлiктерiнде түрлi қозулардан қалған iздер — бiр
iздi образдардың физиологиялық негiзi болып есептелiнедi.
Бiр iздi образдарға ұқсас, бiрақ одан табиғаты бөлектеу заңдылықтың бiрi —
эйдетикалық құбылыс. Бұл — эйдоне деген грек сөзiнен алынған, мағынасы
көру, сурет, бейне, идея деген мағынаны бiлдiредi. Кейбiр адамдарда бұрын
қабылдаған заттар мен құбылыстарды, сол объектiлер көзден таса пайда болған
жағдайда да көрiп тұратындай қабiлет болады. Осы жағдайға байланысты шықкан
қисынды психологияда эйдетизм деп атайды да, осындай кабiлетi бар адамдарды
эйдетиктер деп атайды. Эйдетика образдары естiң елестерiне, сондай-ақ
түйсiкте, iлеспе, бiр iздi образдарға табиғаты жағынан үқсас келсдi.
Эйдетикалық бейнелердi естiң елестерi мен iлеспе бейнелерден бiр
ерекшелiгi, мұнда адам жоқ заттарды ұсақ-түйектерiне дейiн нақтылы
тәптiштеп түсiне алады. Яғни, алдында жоқ нәрсенi бүге-шiгесiне дейiн жақсы
“көре алады” бiрiнен екiншiсiне көзiн оңай жүгiртедi.
3. Түйсiктердiң түрлерi
Түйсiктердiң түрлерiн үлкен үш топқа бөлуге болады.
1. Сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерiнiң бейнесi
болып табылатын түйсiктер. Бұлардың рецепторлары дененiң бетiнде немесе
оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын
экстероцептор деп атайды. Бұған көру, есту, иiс, дәм, терi түйсiктерi
жатады.
2. Iшкi мүшелерiмiздiң күйiн бейнелейтiн (хабарлайтын) түйсiктерге түрлi
органикалық түйсiктер жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп
атайды.
3. Дене мүшелерiнiң қозғалысы мен бiрқалыпты орналасуын қозғалыс немесе
кинестезиялық түйсiктер хабарлап отырады. Мұның рецепторы проприоцептор деп
аталынады. Ендi осы топтағы түйсiктерге жеке тоқталып өтейiк.
А. Көру түйсiктерi
Көру түйсiктерi бiздiң көзiмiзге электромагнит толқындарының әсер етуiнiң
нәтижесiнде пайда болады. Егер бiр уақыттың iшiнде көзiмiзге ұзындығы 380-
нен 780 миллимикронға дейiн (миллимикрон мм-дiң 11000 000 бөлiмi)
электромагнит толқындары әсер етсе, бiз жарықты сеземiз. Белгiлi ұзындығы
бар әр түрлi толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсiн (бояуын)
ажыратады. Мәселен, қызыл түс ұзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300
миллимикрондай ұзындықтағы электромагнит толқындарының әсер етуiнен пайда
болады. Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жетi негiзгi түстi және
олардың сансыз реңдерiн айыруға болады. Ересек адам түстiң 180 дей жеке
түрлерiн және он мыңнан астам реңктерiн ажырата алады.
Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, қошқыл сары, жасыл, көгiлдiр, көк,
күлгiн), ахроматикалык, яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сұр түстерi)
болып екiге бөлiнедi.
Хроматикалық түстер үш түрлi сапамен (түстiң жарықтылығы, өңi, қоюлығы),
ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады. Түстiң
жарықтылығы— түстердiң қара түстен айырмашылық дәрежесi. Мәселен, ақ түс ең
жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады.
Түстердiң өңi дегенiмiз бiр түстiң екiншi түстен өзiндiк ерекшелiгiн
көрсететiн сапасы. Түстiң қоюлығы — жарықтылығы бiрдей сүр түстерден жеке
түстердiқ айырмашылыеы. Ең қою түс — қызыл түс болады.
Көру мүшесi — көз. Оның негiзгi бөлiмi — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлi
қабықпен (ақ түстi, тамырлы және торлы) қапталған шар тәрiздес нәрсе.
Ақ қабықтың түсi пiсiрiлген жұмыртқаның ағына ұқсас. Мұның алдыңғы жағы
аздап дөңестелген түссiз мөлдiр қасаң қабыққа (роговица) айналады. Мөлдiр
қасаң қабық арқылы көз алмасының iшiне жарық сәулесi енедi.
Тамырлы қабы қақ қабықтың астында жатады. Қасаң қабықтың артқы жағы,
тамырлы қабықтың алдыңғы бөлiгi нұрлы қабық деп аталады. Көздiң түсi осы
нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрлiше болып келедi. Нұрлы қабықтың
ортасында қарашық орналасқан.
Ең iшкi, үшiншi қабықты торлы қабық дейдi. Мұнда жарық сәулесiнiң сезiмтал
таяқшасы (палочка) және шақша (колбочка) деп аталатын фоторецепторлары
орналасқан. Онда 130 миллионға жуық таяқша, 7 миллиондай шақша клеткалары
бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудiң, ал шақшалар күндiз көрудiң
аппараты делiнедi. Шақшалар торлы қабықтың ортасына, ал таяқшалар оның
шеткi жағына орналасқан.
Таяқшаның клеткаларында көру пурпуры (зрительный пурпур) деген зат болады,
бұл жарықтың әсерiнен химиялық жолмен бөлiну арқылы көру жүйкесiн қоздырып
отырады.
Көру мүшесi үшiн ми қабығы (оның желке бөлiмiндегi көру орталығы) сондай-ақ
көмекшi анатомиялық аппараттардың да (қабақ, кiрпiк, қас т. б.) тиiсiнше
қызмет атқаратыны түсiнiктi.
Заттардың түстерiн көру “үш түстi көру” теориясымен түсiндiрiледi. Осы
теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов болса, оны одан ары
дамытқан немiс ғалымы Г. Гельмгольц. Осы аталған ғалымдар көздiң тор
қабығында үш түрлi жұмыр клеткалар бар, олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы
жарық сәулелерiнiң әсерiн түрлiше сезетiндiгiнде деп жорамал жасады. Егер
көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда бiрiншi жұмыр клеткалар қозу
күйiнде келедi де, осының нәтижесiнде қозса, онда жасыл түстi түйсiну пайда
болады, ал үшiншi жұмыр клеткаларының қозуы күлгiн түстi түйсiнуге
мүмкiндiк бередi. Осы үш жұмыр клетка қатар қозатын болса, кiсi ақ түстi
түйсiнедi, ал бұлардың қозу күшi әр түрлi болып келсе, аралық түстер
түйсiнiледi. Заттың түстерiн дұрыс айыра алмау көздiң тор қабығындағы осы
аталған үш түрлi жұмыр клеткаларының жұмысына зақым келуден болады. Заттың
түсiн сезбейтiн адамдарды ахроматтар деп атайды. Оларға айналадағы нәрсенiң
барлығы бiр түстi болып көрiнедi. Тiптi осы клеткалардың бiреуiнiң қызметi
бұзылса да адамға заттың түстерiн дұрыс түйсiну қиын соғады. Түстердi көре
алмайтын адам зор азап шегедi. Мұндай адамдарды кейбiр мамандықтар бойынша
жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистерi, шоферлер мен трамвай
жүргiзушiлер түстердi жақсы ажырата бiлуi қажет. Өйткенi светофорда тек
қызыл және жасыл түс қана болады. Осы түстердi ажырата алмай қалушылық,
транспорттың апатқа үшырауына себеп болады. Сондықтан осындай жұмыстарға
адам алғанда олардың түстi айыра бiлу қабiлеттерiн дәрiгерлiк комиссия
арқылы анықтап отырады.
Түстердi бiрiмен-бiрiн араластыру, яғни бұлардың қоспасынан жаңадан бiр түс
шығару да белгiлi заңдылықтарға негiзделген. Мәселен, қосарлап алынған таза
спекторлық түстердiң қосындысынан (қызыл мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz