ТҰҚЫМ МЕН ЖЕМІСТІҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ТҰҚЫМ МЕН ЖЕМІСТІҢ ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ
Барлық өсімдіктердің піскен жемістері сол ескен жеріне ғана түспей,
жел, су, әр түрлі жан-жануарлар, адам арқылы өскен жерінен өте алысқа
таралады.
Желмен таралатын жемістер мен тұқымдар. Жеміс пен тұқымды жер жүзіне
тарататын факторлардың бірі — жел. Жемістері жел арқылы таралатын түрлерді
ане -мохорлық өсімдіктер, ал таралу жолдарын анемохория дейді. Бұлардың
тұқымы мен жемістерінің екі түрлі ерекшеліктері бар: а) бірсыпыра
өсімдіктің тұқымы өте жеңіл, ұсақ және құрғақ болады; мысалы, сұңғыла мен
кейбір орхидеялар әр-бір тұқымының салмағы миллиграмның мыңнан бір
беліміндей ғана болады. Ондай тұқымдардың салмағы ауада ұшып жүрген шаң-
тозаңдікінен артық емес, бұлар ауаның аздаған .толқынымен де жүздеген
километрге ұшып бара алады: ә) бірсыпыра өсімдіктердің азды-көпті салмақты
келетін тұқымдары мен жемістерінде желмен ұшып қалқып жүруге бейімделген
қосалқылары болады: бірінде— көбелектікі сияқтанған шілтер қанат,
екіншісінде—бақ-бақтікі, мақтанікі сияқты көптеген ұзынды-қысқалы түктер т.
б. болады.
Сумен таралатын жемістер мен тұқымдар. Тұқымы мен жемісі су арқылы
таралатын өсімдік түрлерін гидрохорлық өсімдіктер дейді де, ал олардың
сумен таралу жолын гидрорхория дейді. Сумен таралатын жемістер-дің
денесінде түрліше өскіншелері болады, оның іші балық торсылдағынікі сияқты
ауаға толы болады. Сонымен қатар, сумен таралатын кейбір өсімдік тұқымдары
мен жемістерінің сыртында су жұқпайтын түктері немесе ішіне су кіргізбейтін
тоз қабаты болады. Сондықтан ондай жемістер мен тұқымдар суда қанша жүзсе
де батпайды және шірімейді, шығымдылығын да сақтап, көпке шыдайды. Бұл
жолмен теңіздің, дарияның жағалауларында, сазбалшықты жерлерде және суда
өсетін өсімдік жемістері мен тұқымдары таралады.
Жан-жануарлар арқылы таралатын жемістер мен тұқымдар. Жануарлар арқылы
таралатын түрлерді зоохорлық өсімдіктер десе, ал олардың таралу жолдарын
зоохория деп атайды. Систематикалық түрлеріне қарай, жан-жануарлармен жер
бетіне таралатын өсімдіктердің де тұқымы мен жемістерінің өзінше икемделіп
біткен ескіншелері болады. Мысалы, кейбір өсімдіктер жемісі мен тұқымының
сыртында әр қилы келетін түктері, қылшықтары, ілмектері, қармақшалары
болады. Солары арқылы жан жануарлардың жүніне, жылқының жал құйрыына,
түйенің шудасына, қойдың жүніне және таы басқа жабысып алып, бір жерден
екінші жерге, кейде өте алысқа тарайды. Мұндай жолмен таралатын өсімдіктер:
ошаған, кәріқыз, щоңайна, иттікен және басқалар. Мысалы, түйеқарынның үш
бұрышты болып келетін жемісінің бір шетінде мүйіз тәрізденген екі аша
тікенегі бар, бұлардың әрқайсыларының ұшы қармақ сияқтанып, төмен қарай
иіліп біткен. Солар арқылы түйеқарынның жемістері жануарлардың жүніне
жабысып таралады. Қайсыбір өсімдіктердің жемісінде желмен ұшатын қанаты,
сумен жүзетін трсылдағы және сол сияқты басқа икемділіктері жоқ болғанымен
оның сыртында темір шегедей қатты және қысқа тікендері болады, олар
жануарлардың аяына, жүрген машина доңалағына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ботаника ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Гүл бөліктерінің орналасуы
БОТАНИКА ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Дәнді дақылдардың аурулары
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Оңтустік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы жағдайында қауын егісінде кездесетін негізгі зиянкестер мен аурулардың дамуының болжамы және күресу шаралары
Макроэволюция, оның бағыттары
Биология пәні бойынша есеп шығарудың жолдары
Күрделігүлділердің морфологиялық белгілері
Жамбыл облысының бақша дақылдарын өсірудегі экологиялық жағдайы
Пәндер