Бағалы қағаздардың түсініктемесі



Жоспар
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2. Негізгі бөлім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
2.1. Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша операцияларының есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 11
2.2. Дивиденттер есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
2.3. Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі. . . . . . . . . 14
2.4. Борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі. . . . . . . . 17
2.5. Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар. . . . . . . . .28
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді.
Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру (реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Қаржылық активтердің қайта нарығындағы бағалы қағаздар операциялары әр түрлілігімен көзге түседі. Бұл процестің өзіндік көптеген ерекшеліктері мен қыр-сыры бар.
Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және олардың шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне
1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру” туралы заңы
2. Бухгалтерлік есеп шоттары
3. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы. 2007 жылғы 23 мамырындағы № 185 бұйрығы
4. Бухгалтерлік есептерінің халықаралық стандартына нұсқаулықтар. Алматы 2003
5. ҚР Салық кодексі
6. Қаржылық есептілік және халықаралық стандарттар. Москва 2004
7. Баймұханова С.Б. Бухгалтерлік есеп. Алматы. 2005
8. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп. Алматы. 2007
9. Бухгалтер бюлетені № 43 қазан 2007ж
10. Бухгалтер бюлетені № 44 қазан 2007ж
11. Бухгалтер бюлетені №3-4 қаңтар 2008ж.
12. Бухгалтер бюлетені №11 наурыз 2008ж.
13. Бухгалтер бюлетені №32 тамыз 2008ж.
14. Бухгалтер бюлетені №33 тамыз 2008ж.
15. Бухгалтер бюлетені № 35 тамыз 2008ж.
16. Жапаров К.Ж. Есеп және анализ. Алматы, 2000
17. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңы
18. Кеуімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құрайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп. Алматы 2001
19. Кеулімжаев Қ.К., Құрайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алтаты 2006
20. Ладаненко Е.И. Әлімова Н.Ж. Ілгерілмелі қаржылық есеп. Костанай 2006
21. Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. Кәсіпкерлік қызметте бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Алматы 2006
22. Назарова В.А. Бухгалтерлік есеп Алтамы 2005
23. Нидлз Б., Андерсон Х. Және басқалар Бухгалтерлік есеп прициптері. Москва 2001
24. Оразбекұлы Бахыт Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2002
25. Родостовец В.К. Кісіпорындағы қаржылық және басқарушылық есеп. Алтамы, 2006

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 5
2. Негізгі бөлім. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
1. Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша
операцияларының есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . 11
2. Дивиденттер есебі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . 12
3. Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі. . . . . . . . .
14
4. Борыш міндеттемелері бойынша операцияларының есебі. . . . . . . .
17
5. Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар. . . . . . . .
.28
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 31

КІРІСПЕ
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк
мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан
бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің
тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған
сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын
реттеуді көздейді.
Қаржылық нарығының айрықша бөлігі, ол – бағалы қағаздар нарығы. Ал
қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей байланысты.
Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру
компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қоры, сонымен
қатар басқы кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған
кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығыда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының
потенцианалды қатысушылар қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері
эмитент, яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табыласа, ал
екіншілері инвестор ретінде қызымет атқарады. Кәсәпорындар мен ұйымдар жаңа
технология еңгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау), қайта құру
(реконструкциялау) әрқашан ірі капитал салым керек етеді. Ал мұндай жұмыс
атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да
кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заимдарының
қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда
еліміцде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Қаржылық активтердің қайта нарығындағы бағалы қағаздар операциялары әр
түрлілігімен көзге түседі. Бұл процестің өзіндік көптеген ерекшеліктері мен
қыр-сыры бар.
Акция ме облигациялардың инвестициялық қасиеттерін және олардың
шығарған эмитенттердің рейтергтік бағалауын тәуелсіз рейтенгтік компаниялар
анықтайды. Анықтамалық мәліметтер негізінде олар барлық бағалы қағаздардың
потеционалды сатып алушы үшін сенімділік дәрежесіне байланысты топтайды.
Бағалы қағаздарды таңдауда басшылыққа алатын негізгі құралы рейтенгтік
бағалау болып табылады. Қаржылық активтер үш топқа жіктеледі: жоғары сапалы
бағалы қағаздар, орташа бағалы қағаздар, жоғары табысты бағалы қағаздар.
Бұл курстық жұмыста бағалы қағаздардың операцияларын ең басты
есептерін қарастырамыз олар: акционерлік қоғамның меншікті акцияларының
қозғалысы бойынша операцияларының есебі, дивиденттер есебі, қор нарығының
акцияларымен операцияларының есебі, борыш міндеттемелері бойынша
операцияларының есебі, бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар.

1. Бағалы қағаздардың түсініктемесі
Іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару
арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және
сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың)
алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш
түрге бөлінеді:
– мемлекеттік;
– муниципалды;
– корпоративтік.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан
Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын
қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы
қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін
шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны
болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы
ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы
қағаздардың мынадай түрлері бар:
– Ұлттық жинақ облигациялары;
– Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
– Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)
Муниципалдық бағалы қағаздар – бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі
жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен
шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат –
құрылыс, яғни ауыруханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын
үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік
мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң
күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе
шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын
корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп
жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы
қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын
жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана
алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді,
яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын
(капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен
облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі
топқа бөлінеді:
• қарыздық бағалы қағаздар;
• инвестициялық бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент
көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен)
тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға
облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар
жатқызылады.
Инвестициялық бағалы қағаздар – бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші
активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне
акцияны жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге
бөлінеді:
• қорлы бағалы қағаздар;
• саудалық бағалы қазаздар.
Қорлы бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында
айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл
түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық бағалы қазаздар – бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір
коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар
мынадай болып екіге бөлінеді:
• нарықтық бағалы қағаздар;
• нарықтық емес бағалы қағаздар.
Нарықтық бағалы қағаздар – мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін
сатылып немесе сатып отырылды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл аталған бағалы қағаздар
қолдан–қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш
топқа бөлінеді:
• негізгі (акция, облигация);
• көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
• туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да
басқалар)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік
қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне
акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс
ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым
мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды
басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
• жәй акциялар;
• артықшылығы бар акциялар.
Жәй акциялар акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция
ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу
барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу
акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы
бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.
Артықшылығы ьар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де
олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді,
яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар
артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу
кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда
артықшылықққа ие болады.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және
оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына
белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін
мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін
инвестицияның маңызды көзі болып табылады.

Қаржылық салымдардыц түрлері

Қаржылык салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу,
еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және
басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға
ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.
Есепте каржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бо-лып
бөлінеді.
Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар
мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен қатар бір жылдан кем
мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.
Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау)
ниетпен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес
кәспорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артық
мерзімге қарызға берілген қаржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып
саналады.
Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы
қағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексельдер және
т.б. елеулі орын алады.
Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оның иесіне қаржы салғандығын
куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқық
береді.
Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.
Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады, бірақ
оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның
қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар
бойынша сыйакыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға
облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында
облигациялар бойынша сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал
акциялар (пұрсатты) бойынша - сол мақсат үшін құрылған арнайы қорлар
есебінен төленеді.

Жинақ сертификаттары - бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге
ақша каражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл
мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол
бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ щоттарынан мұның айырмашылығы
клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатьның ролін атқаратын сертификат
(куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге
жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.
Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және
арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.
Соңғы уақытга бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне
байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың
әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни
табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар
нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да
шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы кағаздың иесіне мұндай
жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаздың сертификаты
беріледі.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Акционерлік қоғамның меншікті акцияларының қозғалысы бойынша
операцияларының есебі.
Жарғылық капиталды қалыптастыру кезінде акционерлік қоғам сол
капиталдың мөлшеріне сәйкес акциялар шығарып және оларды акционерлер
арасында орналастырады. Қоғам акционерлерден акцияларды сатып алу, қорлар
нарығында сату, жою және т.б. қимылдар жасауы мүмкін.
Бұл операциялардың есебі үшін № 1100-1150 Қаржылык инвестициялар
шоттары пайдаланылады. Олардьщ кейінірек кайта сату немесе жою үшін
акционерлерден өтеп алынған кәсіпорындардың балансқа кіріс болған меншікті
акциялары № 5210 Алынып тасталған капитал шотында бейнеленеді.
Кейінірек қайта сату немесе жою үшін акционерлерден акционерлік қоғам
өтеп алынған кәсіпорынның кіріс болған меншікті акциялардың құнына мынадай
жазу жазылады:
Дт- 5210 Алынып тасталған капитал шоты.
Кт - 1010, 1040 Есеп айырысу шоты мен кассадағы акшалар шоты.
Өтеп алынған акциялар олардың түрі, нөмірі, сериясы мен номиналды
құнын көрсетумен тізім бойынша кассаға кіріс етіледі және кассадағы ақша
қаражаттарының есебі үшін қолданатын тәртіпте сақгалады.
Меншікті акцияларды акционерлік қоғам сату кезінде екінші тарату
процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар жасалады:
Дт - 1010, 1040 Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар шоты.
Кт - 5210 Алынып тасталған капитал шоты.
Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды кұнынан артық баға
бойынша сатылса, онда бағалы қағаздың сату мен номиналды кұнының арасындағы
өткізілген айырманың сомасына мынадай жазу жазылады:
Дт - 3030 Акциялар бойынша есеп айырысулар шоты.
Кт - 5510 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)
шоты.
Меншікті акцияларды жою кезінде оларды акционерлерден өтеп алу мен
барлық қажетті процедураларды орындағаннан кейін мынадай проводка жасалады:
Дт - 5010, 5020 Жай және артықшылығы бар акциялар шоты.
Кт - 5210 Алынып тасталған капитал шоты.
Акциялардың аналитикалық есебі олардың келіп түсу көздерінен тәуелсіз
есеп ведомостарында түрлері, өтеп алу мерзімдері, құны бойынша жүргізіледі

2. Дивиденттер есебі
Кәсіпорын акционерлері меншіктегі акциялар бойынша дивиденттер алуға
құқылы. Акционерлерге дивиденттер есептеу мынадай жазумен бейнеленеді:
Дт - № 5410, 5510 Есепті жылдың бөлінбеген табыс (жабылмаған залалы)
мен жиынтық табысы (залалы) шоттары.
Кт – 3030 Акциялар бойынша есеп айырысулар" шоттары.
№ 5510 Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы) шоты
кепілдігі бар дивиденттерді (мысалы, артықьшығы бар акциялар бойынша) төлеу
үшш таза табыстың мөлшері жетіспейтін жағдайда қолданылады.
Егер акционерлер ретінде бұл қоғамның кызметкерлері болса онда
дивидендтердің есептелуі мынадай проводкалармен жасалады:
Дт - № 5410 Жиынтық табыс (залал) шоты.
Кт - № 3350 Персоналмен еңбек ақы бойьшша есеп айырысулар шоты.
Төлем көзінен дивидендтерге салық салынатын тәртіп болғандықтан,
дивидендтердің есептелген сомасынан салықтың келемін шегеруден кейінгі
сомасы төлеуге жатады. Бұл жөнінде төмендегі жазулар жазьшады:
а) есептелген салықтың сомасына:
Дт - № 3030, 3350 Акциялар мен еңбек акы бойынша есеп айырысулар
шоттары.
Кт - № 3190 Бюджетпен есеп айырысулар шотының Бағалы қағаздар бойынша
табыстарға салықтар субшоты.
б) төленетін ақшалардың сомасына:
Дт – № 3030, 3350 Акциялар мен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар"
шоттары.
Кт – 1010, 1040 Eсеп айырысулар шоты мен кассадағы ақшалар шоттары.
Жай акциялар бойынша давидендтерді төлеу, тиісті жыл үшін купондарды
кесіп алу жолымен акция табысың алушының оны нақты көрсетуінен соң
жасалады. Бұл дивидендтер төлемінің уақын ұзартады. Акционерлік қоғам
өзінің ақша салушыларына дивидендтер төлеуді банкіге тапсыруды мүмкін. Бұл
жағдайда дивидендтердің ақша салушыларға тиесілі қаражаты банкіде жеке
шотқа аударылып, бұл № 1060 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар
шотында есепке алынады:
Дт - № 1060 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар шоты.
Кт - № 1010, 1040 Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар шоттары.
Төленген дивидендтердің көлемі туралы банктің растауын алған соң,
бухгалтерлік есепте мынадай жазу жазылады:
Дт - № 3030, 3350 Акциялар мен еңбек ақы бойынша есеп айырысулар"
шоттары.
Кт - № 1060 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар" шоты.
Дивидендтер төлеу бойынша банктің қызметтері үшін төмендегі жазу
жазылады:
Дт - № 7210 Жалпы және әкімшілік шығыстар шоты.

Кт - № 1060 Есеп айырысу шотындағы ақшалар шоты

3. Қор нарығының акцияларымен операцияларының есебі
Әр түрлі шаруашылық субъектілері шығарған акциялар, облигациялар және
басқа бағалы қағаздардарға каржылық салымдардың есебін жүргізу үшін
бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспарында № 1100 -1150 Қаржылық
инвестициялар шоттары арналған.
Халық аралық тәжірибеде қаржылық активтердің нағыз бағалығын анықтауда
қолданылатын бағаның бірнеше түрлері қараған:
– номиналды баға, ол бағалы қағаздардың өзінде көрсетіледі
және такбысты есептеумен бағамды анықтаудың негізі
ретіндеқолданылаы;
– эмиссиялық баға, бұл акцияның алғашқы қор нарығында
сатылатын бағасы;
– нарықтық баға, бағалы қағаздардың қор нарығында және
биржадан тыс айналымда котировкаланатын бағасы;
– баланстық баға компания-эмитентінің қаржылық жағдайы мен
шаруашылық қызметін талдау процесінде анықталып,
пайдаланылатын баға.
Акциялар сатып алуға қарастырылған накты шығындардың сомасында
бағаланады. Бұл шығындардың негізін акцияларды сатып алу бағасы кұрайды. Ол
номиналды баға мен эмитентке төленген сыйақы немесе эмитент берген
жеңілдіктен тұрады. Одан басқа акциялар сатып алу кезінде қаралатын
тауардың ерекшелігіне байланысты косымша шығындар пайда болады. Олардың
ішінде - инвестициялық кеңесшінің қызметі қаржылық брокерге сыйақы және
бағалы қағаздармен жүргізілетің операцияларға салық төлеу.
Бағалы қағаздар сатып алу туралы мәліметтердің жинағын жеке
операциялық шотта жүргізу тиімді болады. Кәсіпорындарда ол № 2930
Аяқталмаған құрылыс шоты болуы мүмкін. Нәтижеде № 1100-1150 "Қаржылық
инвестициялар" шоттарына мәліметтер қалыптасқан бастапқы құн бойынша келе
бастайды.
Акционерлік кәсіпорындардың акциялары мен баска бағалы қағаздарды
сатып алу теңгемен, шетелдік валютамен немесе басқа мүлікті акционерлік
қоғамның меншігіне не пайдалануына беру жолымен төленуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығы туралы түсінік
Акция - шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары
Тәуекелді басқару негіздері
Инвестициялық қызметтің бағалы қағаздар нарығындағы мәні мен мазмұны
Валюталық және бағалы қағаздар операциялары жөнінде түсінік
Қаржылық есеп беру негіздері
Қаржылық есеп беруді талдау
Азаматтық құқық объектілері туралы
«Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы»
Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері
Пәндер