Тұтыну несиесі - халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін қанағаттандырудың құралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тұтыну несиесі.

Тұтыну несиесі халықтың әр түрлі тұтынушылық қажетін
қанағаттандырудың құралы ретінде қызмет етеді.Бұл арада кәсіпкерлік үшін
жеке тұлғаларға берілетін ссуда тұтыну несиесіне жатпайды.
Тұтыну несиесінде қарыз алушыға жеке тұлға, ал несие берушіге
несие мекемесі, сондай-ақ, әр түрлі меншік формасындағы кәсіпкерлер мен
ұйымдар жатады.
Нарықтық экономикалы елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі
пайдалы формасы ретінде тұ тыну несиесі экономикада үлкен оөл ойнайды,
сондықтан да ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі.Реттеу несие
берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу
несиеленетін операцияға өзіндік құжатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі,
процент мөлшерлемесі арқылы үпкілікті тұтынушының несиеленуін мақұлдауға
немесе несиелеу режимін қатайтуға көрінеді.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр
қилы заңдар қолданылады, алайда олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама
біріктіреді: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қөажетті мөлшерінде
несиеге қол жеткізу.
Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін (1987 жылға дейін)
экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдыққа ие болды:
- ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алу арналған несие;
- тұрғын үй құрылысының (жеке және коперативтік несиесі).
Ұзақ уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға несие
жанама сипатта болды, өйткені оны Мемлекеттік банктің делдалдылығы арқылы
әр түрлі сауда ұйымдары еріп келеді.
Тұрғын үй құрылысының (жеке және коперативтік) несиесін несие
мекемелері ( Мемлекеттік банк және Құрылыс банкі) тікелей береді.
Өндірістің құрылуымен, соған орай тауар айналымының әлсіреуімен,
сондай-ақ, бөліп –бөліп төлеумен тауарларды сатып алу формасында халықты
несиелейтін жекеше коммерциялық құрылымдардың бөлшек саудада белсенді
түрде құрылуымен бірге шарушылық жүргізудің нарықтық формасының қалыптасу
процесі басталған кезде қолға алынған осы шаралардың нақты мәні болмай
қалды.
Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар, тұтыну несиесінің кейбір
трлерін беру жүзеге асырылады. Мәселен, несиелер мыналарға:
-құрылысқа және бау учаскелерін көріктендіруге;
-ауылдық жерлердегі маусымдық тұруға арналған үйлердің құрылысына ,
оларды сатып алу мен жөндеуге;
-мал төлдерін сатып алуға және мсасыруға беріледі;
- 1987 жылы құрылған Қазақстан Жинақ банкісі тұрмысқа аса қажетті тұтыну
несиесін берді.
Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Халық банкісі заңды
тұлғаларды несиелеуге қолданатын , атап айтқанда, несиенің қайтарылуы,
несие мерзімі, несиенің мақсаты бағыты, несиенің ақылылығы және
қамтамасыз етілуі секілді принциптерді сақтай отырып берді.
Ссуданы беру кезінде басшылыққа алынатын маңызды өлшемге қарыз
алушының төлем қабілеттілігі жатады.
Бүгінгі таңда Қазақстан банктері тұтыну ссудасының екі түрін
ұсынады:
-ағымдағы мақсаттарға( кезек күттірмейтін мұқтажға берілмейтін)
арналған несие;
- капиталдың сипаттағы шығынға берілетін несие;
Кезек күтірмейтін қажеттілік несиесін ( орта мерзімді несие)
Халықтың банк дербес табыс көзі бар азаматтарға оның ішінде
зейнеткерлерге де олардың тұрғылықты жері бойынша бөлімшелері арқылы
беріледі.
Мынаны айта кету кере, бүгіінгі таңда осы несие бойынша мерзімі
өткен берешектердің мөлшері күрт артып кетті.Оған мыналар себеп болды:
- жұмыссыздықтың өсуі;
- ай сайынғы төлемдердің артуы;
- кәсіпорын бухгалтерінің несиені өтеуге арналған төлемдерді аударудан
бас тартуы.
Бұл өз кезегінде аталмыш ссуданы банктердің беруін
шектейді.Кезек күтілмейтін қажеттілікке арналған несиені коммерциялық
банктер де біртіндеп бере бастады.Бұл өз несие ресурстарын қалыптастыру
үшін жеке салымшылардың қаражатын тартудың негізгі тәсілі болып табылады.
Кейбір коммерциялық банктер өз акционерлеріне банк акциясымен
және өзге де құнды қағаздармен қамтамасыз несиені ұсынатын болды.Несиенің
мөлшері несие келісімшарт ының әрекет етуі және несиелеу мерзімі
басталған сәттегі өз рнесиесінің қолындағы акциясының нарықтық құнына
қарай белгіленеді.Несиенің ең көп шамадағы мөлшері акцияның нарықтық
құнының 85%-ін құрайды.
Тұтыну несиесінің екінші түрі-капиталдық шығындарға арналған
несие ( ұзақ мерзімді)-кезек күтілмейтін қажеттілікке арналған несиеден
айырмашылығы-халықтан оны қалай пайдаланатындығы жөнінде есеп беруді және
банктен алынған соманың мақсаты бағыты туралы құжаттарды талап етеді.
Азаматтардың құрылыс салуына (реконсструкция) және тұрғын уй
сатып алуына көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын уй несиесінің үш
түрін ұсынады:
-алдағы тұрғын уй құрылысына жерді сатып алуға және жайғастыруға арналған
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер (жер несиесі);
-тұрғын үй құрылысына (реконструкция) яғни, құрылыс жұмыстарын тікелей
қаржыландыруға арналған қысқа мерзімді несие (құрылыс несиесі);
-тұрғын үй сатып алуға арналған ұзақ мерзімді несие.
Тұрғын үй проблемасын шешуде халыққа көрсетілген жылдық несиелік
қолдау азаматтардың өз қаражаттарымен, сондай-ақ , құрылыс салуға немес
тұрғын үй сатып алуға демеу –қаржыны өтеусіз берудің негізінде жүзеге
асырылады.
Тұрғын үй құрылысын несиелеу құрылысшыға белгіленген тәртіпте
жер учаскісін бөліп беру және тиісті органдардың тұрғын үй құрылысына
рұқсат ету шартымен жүзеге асырылады. Бұл жөніндегі тиісті құжаттарды
қарыз алушы банкке ссуданы беру туралы өтінішімен қоса ұсынуы керек.
Оған қоса, банкке белгіленген тәртіпте келісілген және
бекітілген сметалық жобалау құжаттамалары және клиенттің төлем қаблетін
аңықтауға қажетті құжаттар(жұмыс орнынан берілетін аңықтама), сонымен
бірге , қамтамасыз етілген міндеттеме берілуі тиіс.
Азаматтардың қаматамасыз етілген міндеттемесі ретінде
жылжымайтын мүлік, кепілзаттың келісімшартын, бір немесе одан да көп
азаматтардың , сақтандыру компаниясының және өзге де заңды тұлғалардың
кепілгерлігін ұсынуға болады.
Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға өз
жұмыскерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуда олардың алған тұрғын үй
несиесінің өтелуіне кепілдік беру арқылы жәрдемдесуіне және бұл несиені
өздерінің (кәсіпорындар мен ұйымдардың) қаражат есебінен бөлектеп немесе
толық өтеуіне рұқсат етілген.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБДИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫНТАЛДАУ
Kaspi bank АҚ-ның қызмет ету және несиелерді ұйымдастыру
Қазақстан банк ісі
Қазақстан Республикасындағы тұтынушылық несиелеудің дамуын талдау
Тұтыну несиесінің түрлерімен мазмұны
Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесі
Қысқа мерзімді несие
Банктің тұтынушылық несие нарығындағы қызметін жетілдіру ( Цеснабанк АҚ мысалында)
Несие
Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру
Пәндер