Тыныстың жіті жетіспеушілігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тыныстың жіті жетіспеушілігі

Тыныстың жіті жетіспеушілігі деп, сыртқы тыныс аппараты қызметінің ағзадағы газ алмасу қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмауын айтамыз. Осының салдарынан гиперкапния дамиды (артериялық қандағы көмір қышқылының парциалды қысымының жоғарылауы) .

Тыныстың жіті жетіспеушілігін (ТЖЖ) механизміне, газ алмасудың бұзылыстарына карай 4 топқа бөледі:

1 . ТЖЖ-нің механикалық түрі. Ол тыныс жолдарының жоғарғы бөліктерінін обструкциясына (тілдің тыныс жолдарын бітеп қалуы, жедел эпиглоттит, ларингоспазм, жедел ларинготрахеит, көмей және кеңірдектегі бөгде заттар), төменгі бөліктерінің обструкциясы (жедел эндобронхит, жедел бронхиолит, жүрек жетіспеушілігі, бронхтағы бөгде заттар), қабырғалардың сынуына байланысты.

2. ТЖЖ-нің бөлу-диффузды түрі. Оның дамуы альвеолярлық қабырғалар арқылы газдардың бөлінуі мен диффузиясының бұзылуына байланысты: өкпенің ісінуі, ателектаз, альвеолит, жанармаймен улану.

3. ТЖЖ-нің желдендірулік түрі. Олардың себептеріне: даму ақаулары (кеуде клеткасының деформациясы, көкеттің жарығы), әр-түрлі этиологиялы комалар (бассүйек-ми жарақаты, менингит, энцефалит, уланулар, тыныстың жүйке-бұлшық еттік регуляциясының бұзылуы (тырысу статустары, тырысқақ, полимиелит, полирадикулоневрит), рестриктивті процесстер (құрғақ плеврит, көк еттің ауру сезіміне байланысты қимылының тежелуі, асқазанның мөлшерден тыс толуы, ішектің парезі) .

4. ТЖЖ-нің аралас түрі. Бұл тыныстың тоқтауына, ТЖЖ-нің барлық ауыр түріне, өкпенің қабынуына, экссудативті плевритке, пневмотораксқа, пиоторакска, гидроторакска, бөліктік немесе толық өкпе ателсктазына, ФОҚ-мен улануға байланысты. ТЖЖ барлық түрі өршуіне қарай мынадай 3 патогенетикалық сатылардан өтеді: компснсациялык. субкомпенсациялык және декомпенсациялық.

Компенсациялық. Мұнда желдендірулік тыныс жетіспеушілігінде дамитын тыныстық көлемнің біріншілік азаюы тыныстың жиіленуіне (тахипноэ) байланысты толтырылады.

Субкомпенсациялық. Тыныс алудың жиілеуі, тыныстың төмендеген көлемін қалпына келтіре алмайды.

Декомпенсациялық. Гиповентиляцияның өршуіне байланысты дамиды, Қандағы РС02 12 кПА аспайды. Осындай жағдайда гиперкапнияның тыныс орталығына қозғыштық әсері тежелінеді, ауысады. Мұнда брадипноэ, тыныстың патологиялық түрлері дамиды. ТЖЖ клиникалық көріністеріне қарай былай бөлінеді:

1. Сыртқы тыныс қызметінің бұзылыс белгілері

2. Гиперкапния мен гипоксемия белгілері

3. Тіндік гипоксия белгілері

Көрсетілген кестеге қарап ауруханаға дейінгі кезеңде ТЖЖ-нің ауырлық дәрежесін анықтауға болады. Мұнда ТЖЖ түрлернің патологиялық сатылары ескерілген. Осы жіктеу емдік шараларды таңдау мүмкіндігін туғызады. ТЖЖ анықтаудың мәні мына үш диагностикалық мәселені шешуге байланысты:

• ТЖЖ дәрежесін бағалау, өйткені шүғыл ем шаралары осыған байланысты

• ТЖЖ түрін анықтау-жүргізілетін ем шараларының сипаты осыған байланысты.

• Жүргізілген алғашқы ем шараларының нәтижесін бағалау-қауіп тудыратын жағдайларды болжамдау.

Ауруханаға дейінгі кезеңде емдік шаралар принциптері

ТЖЖ-нің ауырлық дәрежесіне қарап жүргізіледі. ТЖЖ-нің I-ші дәрежесі ауруханаға дейін ешқандай емді қажет етпейді. ТЖЖ-ның П дәрежесі гипоксия және гиперкапнияға қарсы күрес ж. үргізуді қажет етеді. III және ІУ дәрежелі ТЖЖ-нің клиникалық белгілері реанимациялық шаралар жургізу қажет етеді. Өйткені негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің декомпенсациялары бірнеше минут ішінде өлімге апаруы мүмкін.

ТЖЖ ауырлық дәрежесінің жіктелуі

Дарежесі: Дарежесі
Жүйе: Жүйе
Симптомдары: Симптомдары
Дарежесі:
Жүйе:
Симптомдары:

ТЖЖ желделдіру

түрі

Тыныс

механикасының

бұзылуы

ТЖЖ щунтты-диффузиялық түрі
Дарежесі: 1 дәр. Компенсация
Жүйе: Тыныс
Симптомдары: Тыныс фазасының өзгеруінсіз ентігуі

Демалу не шығарудың

ұзаруымен болатын

енгізу

Мұрын кернелуімен болатын ентігу
Дарежесі:
Жүйе: Тері
Симптомдары: Түрі қалыпты
Қалыпты не бозарған
45% О2 бергенде қайтатын ауыз-мұрын үшбұрышының көгеру
Дарежесі:
Жүйе: Қанайналу
Симптомдары: Тахикардия, артериалды гипертензия
Қалыпты АҚҚ, тахикардия
Қалыпты АҚҚ, тахикардия
Дарежесі:
Жүйе: ОНЖ
Симптомдары: Бұзылыстарсыз
Бұзылыстарсыз
Бұзылыстарсыз
Дарежесі:

ІІ дәрәжесіне

ауысудың негізгі

белгілері

Жүйе:
Симптомдары:

Ауыз-мұрын

ұшбұрышының

көгеруі не терінің

көкшіл тартып,

оттегіге кайтуы

Кеуде клеткасының

тартылуымен болатын

ентігу

100% оттегі не

кантамырларын

кеңейтетін препараттар

бергенде азаятын терінің көгеруі

Дарежесі: II дарежесі-компенсация
Жүйе: Тыныс
Симптомдары: Жиі, беткейлі

Қабырғалығының,

бұғанаүстінің тартылуымен болатын

экспираторлы не ннспираторды енгізу

Жиі, бстксйлі
Дарежесі: Тері
Жүйе: 45% оттегі бергенде қайтатын көгеру
Симптомдары:

Тек 100% оттегіге

қайтатын көгеру не тамырларды кеңейтетін

дәрілерден қайту

Дарежесі: Қанайналу
Жүйе: Тахикардия. Артериялық гипертензия
Симптомдары: Тахикардия, АҚҚ төмендеуі
Дарежесі: Ш дәрежесіне ауысудың негізгі белгілері
Жүйе: Кома, тырыспалар
Дарежесі: ІІІ - декомпенсация
Жүйе: Тыныс
Симптомдары:

Брадиаритмия, тыныстың потологиялық түрлері, тыныс алғанда көкет пен қабырғааралық бұлшық еттердің қарама-қарсы фазада қозғалуы

(тыныс орталығының бұзылуы), обструкцияда- кеуденің семуі, бастың шұлғуы, ауаны ауызбен "жұту"

Дарежесі:
Жүйе: Қанайналу
Симптомдары: Брадикардия не брадиаритмия, сирек тахикардия
Дарежесі:
Жүйе: Тері
Симптомдары: Бозғыл-көкшіл. Көгеру тек ӨЖЖ жасағанда ғана азаяды.
Дарежесі:
Жүйе: ОНЖ
Симптомдары: Кома, тырыспалар
Дарежесі: ІУ дәрежесі
Жүйе:
Симптомдары: Тыныстың тоқтауы

Анафилактикалық шок

Анафилактикалық шок - бұл аллергиялық реакциялардың ішіңде ең ауыр түрі. Ол, жиі, жоғарыда аталған дәрілік заттарды қолданғанда кездеседі, кейде дәрінің аз ғана мөлшерін қолданғанда, мысалы антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда болады. Олар жиі дәрілерді көктамырға енгізгенде, әіне теріастына, бұлшық етке, тік ішекке. ауызбен ішкенде де дамуы мүмкін. Дәрілік анафилактикалық шок (ДАШ) ДДҰ мәліметтері бойынша 1:10 000 жиілікте кездеседі, өлім-жітім 10% құрайды. Басқа мәліметтер бойынша дәрілік анафилактикалық шоктан жылына 1 млн халықтан 2 адам қайтыс болады.

Ол тек дәрілік заттарға ғана емес улы жәндіктердің шағуынан да болады.

Клиникалық көрінісі ағзада ауыр жайылмалы бұзылыстар болуымен сипатталады. Әдебиеттерде анафилактикалық шоктың ағымы бойынша 4 вариантын ажыратады

  • Асфиксиялық
  • Гемодинамикалық
  • Церебральды
  • Абдимональды

ДАШ гемодинамикалық көрінісі АҚҚ кенет төмендейді, кейде тіпті анықталмайды, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы, ауыр жағдайда брадикардия болады. Пульсі жиі, толымсыз. Жүрек үндерінің бәсеңдеуі, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті бұл кіші қанайналым шеңберінде жүктеме болғанын және оңкарыншалық жетіспеушілік дамитындығын көрсетеді. Гипотония болуы қантамырларының өткізгіштіктерінің және қанның сұйық бөлігінің шығуына байланысты болған вазодилатацияға және гиповолемияға байланысты, ол ісік тудырады.

Тыныстың бұзылысы кеуденің ауруымен, инспираторлық және экспираторлық ентікпемен көрінеді, өкпеде әр-түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі, ол дамып келе жатқан өкпе ісінуі туралы ойландырады. Кеңірдектің ісінуі және бронхоспазм дамуы мүмкін.

Терілік көріністер қышыну, қызару бозарумен алмасуы мүмкін, цианоз, есекжем пайда болады, беті ісінеді, тершеңдік болады.

Жедел жәрдем науқас жағдайының ерекшелігіне байланысты. Ауыр және өршімелі тыныс жетіспеушілігі болған кезде, жедел жәрдем шаралары тыныс жетіспеушілігін жоюға бағытталады. Ереже бойынша емдеу көктамырға адреналин енгізуден басталады. Бұл дәріні 0, 1% 1-2 мл-ін 20 мл 0. 9% натрий хлориді, 5% глюкоза ерітіндісіне ерітіп баяу көк тамырға енгізеді. Адреналинді әрі-қарай енгізу науқастың жағдайына байланысты. Қызметінің қалыпка келуіне осы дәрінің 5-6 мл кетуі мүмкін. Келесі дәрі преднизолон оны адреналинмен бір шприцте енгізуге болады. Бастапқы мөлшері жағдайының ауырлығына байланысты 60-90-120 мг. Басқа да глюкокортикоидты гормондарды қолдануға болады.

Жағдайы жақсарғаннан кейін 2-4 мл лазикс ерітіндісін енгізеді, ісіктің алдын-алу үшін.

Анафил актикалық шок болған науқасты міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек. Науқастарды зеңбілге жатқызып тасымалдайды. Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шараларды жасауға дайын болуы қажет.

Науқастың жағдайы ауыр болса реанимациялық немесе үстемелі ем белімшесіне жатқызады, жағдайы жақсарған соң терапия бөліміне ауыстырады.

Егер медициналык кемек уақьтылы және дұрыс жасалған болса өлім болмайды. Ерте өлімнің себебі көбіне адренергиялық дәрілердің, глюкокортикоидты гормондардың, сұйықтықтардың уақыттылы жеткілікті қолданылмағандығынан және реанимациялық шаралардың кеш басталғандығынан болады.

Кардиогенді шок

Кардиогенді шок- бұл артериялық гипотензиямен сиптатталатын қан айналымының кенеттен бұзылысы, сонымен қатар мүшелер мен тіндердің қанмен қамтамасыз етілуінің кенеттен нашарлауы. Аталғандар мынаған байланысты: жүректін систолық лақтырысының бұзылуы, шеткері артериялық қан тамырларының тарылуы, артериовенозды шунттардың ашылуы, тамырішілік коагуляцияның салдарынан қанайналымдық бұзылыстардың дамуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі аурулар
Терминальдіжағдай:дәрежелер,клиникасы,диагностикасы,наукастың ауырлық жағдайын бағалау критерилері
Тыныс-жүрек жансақтауы
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу туралы
Инсульт
Патофизиология-2 пәнінен дәріс жинағы
Жіті тыныс жетімсіздіп
Тыныс алу жүйесі жайлы
МИОКАРД ИНФАРКТЫСЫ КЕЗІНДЕГІ АЛГАШКЫ КОМЕК ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Кәсіптік аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz