Үсік - температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдром



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Үсік

Үсік деп дененің әр түрлі бөліктерінде, әсіресе аяқ-қолдарға, төменгі
температураның ұзақ уақыт әсер етуінде пайда болатын патологиялық синдромды
айтады.
Патогенезі: төмен температура ұзақ әсер еткенде теріде, терең жаткан
тіндерде қанайналымның бүзылыстары болады, соның еебебінен
терморегуляцияның, қышқыл-негізді жағдайдың, су-электрлік алмасудың,
иннервациялық бұзылыстары дамиды. Бұл процесс қайтымды және қайтымсыз болуы
мүмкін. -
Жіктелуі. Суық жарақат ағымында реактивтілікке дейінгі және реактивті
кезеңдер, процесс ағымы дамуының 4 сатысына және үсудің 4 дәрежесіне
бөлінеді.Реактивтілікке дейінгі кезең суық жарақат алған уақыттан жылыту
басталғанға дейін созылады. Реактивті кезең жылытудан кейін дамиды. Және де
онда тіндердің гипоксиясы, қабынуы және некроздануы дамиды. Клиникалық
сипатталу дәрежесін және үсу мен жарақаттың тереңдігін тек қана суық
агенттің әсерінен кейін,12- 24 сағаттан соң анықтауға болады.
Реактивтілікке дейінгі кезең Суық жарақаттың кез-келгентүрі жасырын
кезеңнен басталады. Оған суық жарақаттың біріншілік симптомдарының болуы
тәі жансыздану сезімі, қышыну, томарлану. Жүруі қиындап, наукг табанының
қозғалысы мен жерге тигенін сезбейді., балтырда және табанда қатты ауыру
сезімі пайда болады. Көбінесе аяғының суы кеткеніне шағымданады. Бұл кезде
тері мәр-мәр не цианозды сұр түстес болады. Үсу сезімталдықтың әр-түрлі
бұзылыстары тудырады. Ең алғаш суықты сезу сезімі, кейін ине сұққанда
сезімге айналады, сонан соң оның өзгеруі мен жоғалуы болады. Үсінген қол-
аяқ ауырлап, шымырлап кетеді. Зардап шегуші есі жоғалтып, қозғалуы
қиындайды. Тері жабындылары бозғьхт көкшіл тартып, суык болады. кесілген
ағаш сиякты қатып қалу.Тактильді және ауыру сезімталдығын жоғалтып,-
рефлексте; төмендейді. Қарашық рефлекстерінің басылуы мүмкін, де?
температурасы 36,0 С төмен.
Реактивті кезең Ауыру сезімінің жылытудан кейін интенсивтілі
патологиялық процесстің тереңдігімен таралуына байланысты. І-ші дәрежедегі
үсуде зардап шегуші шаншыған және күйдірсе ауру сезіміне, буындардын
сырқырауына, кейде қышынуға, терін; ісіну сезіміне, әр-түрлі
парестезияларға шағымданады. Қарп тексергенде: зақымданған бөлікте терінің
ісінуі мен түсінің өзгер болады. Терінің түсі жиі күңгірт, көк қызыл
болады. Кейбір кезде; барлық терінің түсі ақ, көк және қызыл түстерінің
қосарлануын әр бір жерінде мәр-мәр түсті болып көрінеді. Терінің сыртқы
түрінің өзгеруі табанда немесе қолда біркелкі болады. I дәрежел үсудің
басқа ауырлық деңгейіндегі айырмашылығы мынаған байланысты: онда обьективті
өзгерістердің ауырлығы және перифериясына қарай жоғарылайды.
ІІ-ші дәрежелік үсуде ауру сезімі бірінші дәрежедегідей бірақ
интенсивтілігі жоғарырақ, жасырын кезеңі дамуынағы уақыт аралығында
пайда болып, жасырын кезеңде жоғалып, ісіну дамығанда қайта пайда болады.
Ауыру сезімі 2-3 күн сақталады. Ауру сезімінің интенсивтілігі де әр-түрлі.
Көбінесе нашар айқын болмайды немесе мүлдем болмайды, бірақ кейбір
наукастар өте күшті сезіледі. 2-і дәрежедегі үсуде, обьективті көріністі
алғашқы 2 күнде пайда болатын, бірақ кейде 7-8 күнге дейін дамитын
көпіршіктер анықтайды. Көпіршіктердің құрамы мөлдір, консистенциясы желе
тәрізді, көпіршіктердің түбі ақ қызыл түсті, фибринді жабындымен қапталған.
ІІ-ші дәрежелік үсуде некроз көріністері болмайды және терінің құрылымы
өзгермейді, грануляциялар мен тыртықтар түзілмейді.III -ші дэрежелік үсуде
субьективті сезімдер 2-ші дәрежедегідей, бірақ интенсивтілігі мен
ұзақтылығы бойынша күшті. Обьективті көріністі терінің және оның астындағы
жұмсақ тіндердің қабаттарының некрозы анықтайды. Патологиялық процесстер 3
кезеңнен өтеді:
1) өліеттену және көпіршіктер кезеңі.
2) некрозданған тіндердің сылынуы және грануляцияның дамуы.
3) тыртықтану және эпителизация кезеңі.
ІV -ші дәрежелік үсу. Обьективті көріністері: жалпы өліеттену. Ауру
сезімінің күштілігі зақымданудың көлемі мен тереңдігіне байланысты. Шамамен
12 күнге қарай демаркациялық сызық түзіледі.Шүғыл ем шаралары тіндердің
температурасын, кднайналымын қалпына келтіріп, шокпен күресу, тіндік
гипоксияны жоюға бағытталған.
Тіидердің температурасын калпына келтіру.Зақымданушыны жылы бөлмеге
кіргізіп, киімін шешіндіру керек. Зақымдалған бөлікті спирт немесе басқа
антисептиктермен сүртіп, кұрғатып сүртіп, жылу шығармайтын таңғыш салу
қажет.Зақымданған жерге дәке мен мақтаны бірнеше қабаттап орап,
сыртынан орағышпен бүкіл жарақатты жабу. Ауруханаға жатқызу мәселесін
жарақаттың ауырлығына қарай шешеді. Егер ысқылап,жылытқанда ауру синдромы
дамып, бозарса, яғни ол жаракаттың 3-4 дәрежесі деп есептеп, ауруханаға
міндетті түрде жаткызу керек. Суык агрессиядан кейін, жоғары катоболизмнің
әсерінен, ағзаның энергиялык кажеттіліктері жоғарылайды. Бұл наукастарға
алкоголь колдану қажеттігі туады. Ол ұйыктатқыш, ауырсынуды басатын,
қоректендіретін энергия көзі болып есептеледі. Ауыру синдромын басу үшін
наркотиктер қолданылады. Шокпен күресу, қанайналымын калыптастыру, тіндік
гипоксияны жою, жалпы шокка қарсы күрес принциптері бойынша жүргізіледі.
Дәрігерлік көмекке дейінгі кезеңде мына 2 сұраққа көңіл бөлу кажет:
зақымданған бөлікті қармен ысу және алкоголь беру. Закымданған бөлікті
қармен ысу. Қармен ысу кезінде зақымданған бөлік микрожарақат алып ол
іртіңдеген асқынулар туғызуы мүмкін.
Алкогольді калыпты мөлшерде беру (50-100мл 40%) спирт микроциркуляция
жүйесінде тамырларды кеңейтеді. Соның салдарынан үсік аймағында жылу сезімі
пайда болып, жылу шығаруы да күшейеді. Егер науқас табылған соң 15- 20
минуттан кейін жылы бөлмеге орналастырылса, онда алкогольді жоғарыда
көрсетілген мөлшерде беруге болады. Ал басқа жағдайларда беруге болмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы туралы
ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ҚАБЫНУЫНЫҢ АСҚЫНУЛАРЫ
Күйік төртінші дәрежесі - терінің ғана емес, тері асты клетчаткасының және жатқан құрылымның тереңдеуі
Химиялық биологиялық қауіпті синтетикалық (жасанды) улардың организмге әсері
Организмге әсер ететін зиянды факторлар
Жақ бет күйіктері
Бас сүйек, ми, көз жарақат кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы сыну кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы күю және үсу кезіндегі алғашқы жәрдем және диагностикасы
Ауру малды оқшаулау
Үсіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы мәлімет
Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру
Пәндер