Ұйқысыздық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Адамдар мен жануарлар тіршілігінде ұйқы өте маңызды орын алды. Олардың ұйқысы мен сергектігі тәулікте оқтын-оқтын алмасып, қайталанып отырады. Мұндай ұйқы біркезді деп аталады. Ал кейбір жануарларда ұйқы мен сергектіктің мұндай алмасуы бірнеше рет қайталанады. Оны көпкезді ұйқы дейді. Сонымен бірге маусымдық ұйқы болады. Мұнда кейбір жануарлар организміне жағымсыз жағдайлар әсер еткенде белгілі ұйқылық жағдайға көшеді.

Организмнің ұйқы кезінде көптеген әрекеттері өзінің қарқынын өзгертеді. Мәселен, тынысалу, жүректің соғу жиілігі азаяды, артерия қысымы төмендейді, зат алмасуы мен жүйкенің қозғыштық қарқыны бәсеңдейді. Алайда, ұйқы кезінде кейбір үрдістердің белсенділігі күшейеді, гипоталамус пен ми бағанында қанайналымы артады. Соның нәтижесінде мидың температурасы көтеріліп, оттегін қабылдау ұлғаяды, кейбір ферменттердің белсенділігі күшейеді. Жыныстық жетілу кезеңінде жыныс безінің белсенділігін реттейтін гипофиз гормондарының түзілуі үдей түседі.

Ұйқыға мұқтаждық адамның жасына және ерекшеліктеріне байланысты. Жас ұлғайған сайын тәуліктік ұйқының мерзімі қысқарады. Жаңа туған перзент - 21; 6 айлық және 1 жастағы бөбектер шамамен - 14; 2-4 жастағы сәбилер - 16; 4-8 жастағы бүлдіршіндер -13-12; 8-12 жастағы истияр - 10-11; 12-16 жастағы жеткіншектер -8-9; ал ересек адамдар тәулігіне шамамен 7-8 сағат ұйықтайды.

Ұйқының бірнеше түрі бар:қалыпты, гипноздық, наркотиктік, дерттік және шартты рефлекстік.

Ұйқыға мұқтаждықтың даралама ерекшеліктерінің себептері әлі толық ашылған жоқ. Тіпті дені сау адамдардың ұйқысының мерзімі әртүрлі келеді, тәулігіне 1-2 сағаттан 12 сағатқа дейін созылады. Ғылыми зерттеулерде толық ұйқысыз адамдар да байқалады.

Қалыпты жағдайда дені сау адамдарды 3-5 тәулік ұйықтатпаса жеңе алмайтын ұйқышылдық туады. Психикалық әсерленіс нашарлап, парасатты іс-әрекет төмендейді. Ал өзіндік сезіну өте ауыр, жағымсыз болады.

Ұйқы мен сергектіктің жаратылысы туралы бірнеше ұғымдар бар.

  1. Қанайналымдық қағида бойынша, ұйқы мен сергектік ми тамырларындағы қанайналымына байланысты деп танылды.
  2. Гистологиялық қағида ұйқы басуды нейрондардың өзгеруінен организм сыртқы ортадан серпіністер қабылдай алмаудың салдары деп түсіндіреді.
  3. химиялық қағида - ұйқы организмнің қажуы нәтижесінде қан мен тілдерде ыдырау өнімдерінің көбеюінен болады деп санайды. Олардың белгілі бір мөлшерге дейін жинақталуы ұйқы туғызады.
  4. Гуморалдық қағида ұйқы кезінде қанда және жұлын сұйықтығында «дельта-пептид заты» пайда болатынын анықтады. Сонымен қатар, әдейі ұйықтатпаған жануарлардың миында «ұйқы түрткісі» түзілетіндігі байқалды. Олардың басқа жануарларға еккен кезде ұйқысы ұзартылады.
  5. Шартты рефлекстерді толып жатқан зерттеулер нәтижесінде тұйқыға кету және ояну кезеңдерін бақылаудан, ұйқының миқыртыстық қағидасы жасалды. Әсіресе, әлсіз тітіркендірулер, ұзақ уақыт нығайтылмайтын бір сарынды сигналдар, ұйықтату әсерін туғызатындығы дәлелденді.

И. П. Павловтың тәжірибелері ұйқының қорғаныстық тежелу екендігін пайымдауға мүмкіндік берді. Қорғаныстық тежелу - үлкен ми сыңары қыртысының оқшауланған аймақтарын күшті немесе ұзақ тітіркендірудің салдары. Сонымен қатар, ішкі тежелу мен ұйқы, өзінің физикалық және химиялық жаратылысы бойынша, біртекті құбылыстар деп тұжырымдайды. Олардың айырмашылығы, ішкі тежелу - жеке зоналарға бөлінген шала ұйқы, ал нағыз ұйқы - ми қыртысының едәуір аймақтарына жайылған тежелу. Тәжірибелер арқылы ұйқының тежелуге ауысатындығы, ал ішкі тежелудің жануарларды ұйықтататындығы анықталды.

Ұйқы мен інші тежелудің жайылу және шоғырлану жылдамдықтары да өзара ұқсас. Әдетте, адамда ішкі тежелудің жайылуымен шоғырлануы сияқты ұйқыға кету мен ояну бірнеше минутқа созылады. Ұйқы ішкі тежелу сияқты, оны туғызатын жағдайлар жиі-жиі қайталанса күннен - күнге тезірек пайда болады.

Ең ақыры, бұл екі құбылысқа индукция бірдей тән қасиет ұйқылық қалып басталғанда, кейде қысқа мерзімді қозу толқындары лап етіп, қимылдатқыш белсенділік қоса білінеді. Одан кейін терең ұйқы басталады. Осы құбылыс балаларда, кейде үлкендерде де ұйықтар кезде байқалады.

Ұйқы мен сергектік арасындағы өтпелі қалыптың аса зор маңызы бар. Бұл бірнеше кезден тұрады, оның әрқайсысы рефлекстің шамасына тітіркендіру күштің өзгеше қатынасымен сипатталады. Олар парабиозда байқалатын кездік құбылыстарды еске салады, сондықтан аттары да ұқсас.

Теңдеулік кез - бұның қалыпты сергектік жағдайдан айырмашылығы сол, күшті немесе әлсіз, жағымсыз шартты сигналдар бірдей нәтиже шығарады.

Ұйқының баяу кезі ұйқыға кетуден терең ұйқыға дейін бірнеше мінездік және ( ЭЭГ) белгілермен сипатталады.

I (қалғу) . Босаңсыған сергектіктен қалғи бастағанда басталып, 1-7 минутқа созылады. Бұл уақытта ЭЭГ - да айнымалы тербелісте оқтын - оқтын пайда болатын және жоғалатын альфа - ритм жойылуы. Байқалады. ЭЭГ иректері тегістелуі, альфа ритм жойылуы, тета- және бета- толқындардың және жеке дельта ритмдердің қабаттасуымен сипатталады. Осы мезгілде көздің баяу қимылы байқалады және бұлшық еттердің потенциалы шамасы азаяды.

II ( сергек ұйқы ) . Жиілігі 14 Гц, үлкен 200 мВ тербелістер пайда болуымен көзге түседі. Осы кезде дельта- және тета - толқындар жазыла береді, бета- белсенділік көрінеді. Көздің қимылы болмайды, бұлшық еттердің электр шамасы одан әрі төмендейді, бұл түнгі ұйқының 50% -ін алады.

III ( терең ұйқы ) . Электр көріністері К-кешендері мен ырғақты белсенділік және шайқалу шеті 75 мкВ жоғары делта-толқындар пайда болуымен үйлеседі, көздің қимылы мен ұйқылық үлкен тербелістер толық жойылады. Мұны дельта-ұйқы дейді, оның ұзақтығы ұйқының осы сатысында 20% - тен 50%- ке дейін созылады.

IV ( жылдам ұйқы ) . Жылдам ұйқы сатысы -бет және мойын бұлшықеттердің белсенділігі толық тиылуымен ерекшедленеді, көздің шапшаң қимылдары кездеседі. Ұйқының бұл жылдам сатысында ЭЭГ - ның сыртқы көрінісі тек қалғу сатысындағы сияқты болады. Өйткені ұйқы мінездік белгілері бойынша бұл кезде терең болады да адамды ояту, баяу сатыға қарағанда, оңай болмайды.

« Баяу - жылдам ұйқы » оралымы түнгі ұйқыда бірнеше рет қайталанады. Сөйтіп, өзіне тән биолоғиялық ырғақ жасайды. Үлкен адамда бұл ырғақтың кезеңдері - шамамен 90-100 минутқа тең. Сонда түнгі мезгілде 4-5 оралым шығады екен.

И. П. Павловтың ұйқының қаттылығы мен ұзақтығы көбінесе адамның жеке ерекшеліктеріне байланысты болатынын көрсетті. Нерв қызметі қоздырғыш типтілігімен ерекшеленетін кейбір адамдар тез ұйықтай алмайды және аз ұйықтайды. Әдетте, олар күндіз ұйықтамайды. Ал, нерв жүйесінде тежеу типі басым басқа бір топ адамдар тез ұйықтайды да, көбірек ұйықтағанды жаратады, күндіз де рахаттана ұйықтайды.

Адамның ұйқысы үнемі шала болып жүрсе, әрине. Оның ұйқысы келетіні сөзсіз. Әбден қажып шаршағанда ұйқының қыстайтыны соншалық, адам кезкелген жағдайда ұйықтайды. Бұл жайында ақын Твардовскийдің белгілі дастанының кейіпкері Василий Терпин : « Жолда да, күркеде де, қыспақта да, кезкелген ор, блиндаж, сыздақта да . . . қай жерде мүмкіншілігі болған шақта . . . ұйықтай бересін» деп өте тауып айтқан. Бірақ бұл арада әңгіме ұйқысыздық туралы болып отырған жоқ, керісінше, адамның тұрмысына, басына түскен жағдайына байланысты ұйқының бұзылуы туралы болып отыр. Мұндай адамға титтей жағдай жасалса - ақ болды, оның ұйқысы әдеттегі қалпына келеді.

Ұйқының бұзатын себептер көп. Ең алдымен ұйқының бұзылуына себеп болатын әр түрлі аурулар: тыныс мүшелерінің, жүрек, буындар жүйесінің, ішек - қарын, әр түрлі нерв аурулары, тістің ауруы.

Мұндай жағдайда адам организмінің ауруға шалдығып, мазасын кетіруі салдарынан ұйқы бұзылады. Ол мазасыз ұйықтап, ауық-ауық оянып кетіп жатады. Күн кешкіре, сырттан келетін әр түрлі тітіркендіргіштер азайып, «бәсекелестер» санының кемуімен байланысты білгілібір дене мүшесінің ауруы айқынырақ сезіледі, қиналу ұлғая түседі. Осы себепті де организмнің аурулық жағдайының себепшісі болып табылатын қоздырғыштың « тұрақты» ошағы негізгі жабдықтау орнына айналады. Ұйқысыздық пайда болады. Осыған орай ұйқысыздықты емдеу негізгі ауруды емдеу жолымен жүргізілуі керек. Өйткені ауруды емдеп жазу ұйқының қалыпты күйіне түсуін қамтамасыз етеді.

Науқас адамдардың ұйқысының түзелуі олардың жазыла бастағанын көрсетеді.

Көбінесе түнгі мезгілде жұмыс істейтін адамдардың ұйықтау ретінің уақытша бұзылуы да мүмкін. Тіпті олар түнгі жұмыстан күндізгі жұмысқа ауысқанның өзінде, ұзақ уақыт дағдыланып кеткендіктен күндіз де ұйықтап алғысы келіп тұрады.

Алайда мұндай адамдар бірнеше күн күндіз ұйықтап алуға құштарлығын шектей білсе, олар ұйықтау мен ояулықтың белгілі тәртібін тез-ақ қалпына келтіреді.

Жағдай өзгергенде де, жатын орынды ауыстырған кезде де ұйқының бұзылуы мүмкін. Кейбір адамдардың қонақтап жүргенде, поезд үстінде, санаторий мен демалыс үйлерінде алғашқы күндерде нашар ұйықтайтыны белгілі. Бұл адамдардың ұйқысы жаңа жағдайға дағдыланысымен тез тезеліп кетеді.

Алайда, белгілібір жағдайларда, әсіресе қартайған шақта немесе ауыр қайғыдан кейін, қалыпты жағдайдың өзгеруі ұйқыны бұзуы мүмкін. 51 жастағы науқас адам бұрын ешнәрсемен ауырмаған, бірақ үнемі шүбәланып жүретін жүретін болған. 1962 жылғы күздігүні ол бір күні түнде ұйықтай алмай шығады. Ұйқысыздыққа тап болар алдындағы бір жеті бойы әйел түнде жұмыс істейтін күйеуін күтіп отырып, сол келген соң ғана ұйықтап жүрген. Осы кезден бастап ол бір жыл бойына ұйықтататын дәрі ішіп, соның көмегімен ұйықтайтын болған. 1963 жылдың сентябрінде оның ұлы операция жатқан соң ұйқысыздығы онан әрі күшейіп, тұрақты бола бастайды. Дәрінің әсері болмайды, ол емделу пайдасынан күдер үзе бастай, оның ұнжырғасы түсіп, тіпті өлімді де жиі ойлайтын болады.

Науқас әйел ауруханаға алынып, ұзақ емделеді. Дәрі - дәрмектер берумен қатар физиотерапияны, психотерапияны және еңбек терапиясын комплексті қолдану арқасында оның ұйқысы жөнделіп, жағдайы жақсара бастайды. Ақыры денсаулығы түзеліп, үйіне қайтады.

Адамға сырттан әсер ететін әдеттегі тітіркендіргіштердің күрт тоқтатылуы да ұйқыны бұзады. Мысалы, тарсыл - гүрсілмен жүріп келе жатқан проводник поезд тоқтағанда оянып кетеді. Кейде тық-тық етіп соғып тұрған сағат тоқтап қалса да адам оянады. Бұл жағдайда аталған адамдардың бойында мидың қызмет істеу процесінде белгілібір жағдайларда, мысалы, проводник үшін поездың тоқтауы, жолаушыларды түсіріп - мінгізуге байланысты сигналдарға орай « қарауыл » пункті пайда болады. .

Тамақтану, еңбек ету және демалыс тәртібінің дәлме-дәл орындалмауы да ұйқының бұзылуына және мазасыз ұйықтауға себепші болады. Балалардың қиялын қоздыратын әсерлі ойындар, тұрмыстағы әңгімелер мен оқиғалар балалардың ұзақ уақыт ұйықтап алмауына, тіпті жиі оянып, мазасыз ұйықтауына апарып соқтырады. Сондай - ақ балаларды кешкілікте театр мен киноға апару да нашар ұйықтаудың себебі болады.

Соңғы жылдарда балалардың кешкілікте телевизия хабарларын тыңдап, көруі де ұйқының бұзылуына себепкер болып жүр.

Телевизияның көптеген балалардың назарын аударатыны сөзсіз. Балалар бәрін білуге құштар да әуес келеді. Бірақ олар көріп - білудің тәртібін білмейді. Сондықтан олар экранға шыққанның бәрін де көргілері келеді. Балаға телевизордың ручкасын бұрап, кнопкасын басса - ақ болды, көгілдір экранда сиқырлы ертегілер, цирк ойындары, футбол ойыны шыға келетіндей көрінеді. Сондықтан олар телевизордың алдынан кетпейді. Ал ата - аналар балаларына телевизия хабарларын талғап-таңдап көрсетудің орнына, олардың осылайша уақыт өткізуін ұнатады. ОЛар мұның өзі баланы « көшенің » қауіп - қатерлерінен, « сенімсіз достарының » кеселді ықпалынан сақтайтын тиімді шара деп біледі.

Мейірімді шешелер телевизор өз балаларын футболдан, хоқкейден және басқа дамылсыз ойындардан « сақтайды » деп ойлайды да, көгілдір экранның сыртында жасырын тұрған зиянды ықпалдарды мүлде естен шығарады.

Балалар өте сезімтал келеді. Сондықтан да олар көргендері мен естігендерін соншалықты тез әрі әсерлі қабылдайды. Сонымен қатар балалардың қабылдауы мен ойлауы да үлкендерден өзгеше бейнелеу сипатында болады. Балалар көбінесе көріп -білгендерін сөзбен емес, бейнелеумен еске алады.

Ұзақ уақыт, әсіресе кешкі уақыттарда ой жұмысымен айналысу, атап айтқанда, қиын есептер шығару, ұзақ отырып шахмат ойнау - ұйқы бұзатын себеп бола алады.

Тамақты тәртіппен ішпеу де ұйқыны бұзады. Ұйықтар алдында тамақты көп ішіп - жеу, сұйық асты көп ішу организмде жайсыз әсер қалдырып, жақсы ұйықтауға кедергі жасайды. Жатар алдында табиғи кофені, қою шайды, какао мен шоколадты ішіп - жеуге болмайды, өйткені бұлар нерв жүйесін қоздырып, ұйқыны қашырады. Егер ұйықтар алдында ішек - қарын мен қуық босатылмаса, мұныұ өзі де ұйқының нашарлауына, оның шала - шарпы, үздік-үздік, мазасыз болуына апарып соқтырады.

« Түскі ұйқы тіпті қысқа болсын немесе атымен болмасын. Түскі ұйқының есесінен бас ауруын, қатар, безгек және өте әлсіздік алатыны сөзсіз ». ( Бұл өлең жолдары 1480 жылы басылып шыққан « Солерно денсаулық кодексінен» алынды. Солерно - Италиядағы қала аты) .

Ұйықтар алдында тіпті аз да болса ішімдік ішу ( арақ, шарап, сыра ) ұйқы бұзыла беретін халге ұшыратады. Әсіресе, бұл жас өспірімдерге, миы зақымданған немесе нерв жүйесінің және басқа ауруына ұшыраған адамдар үшін өте зиянды. Ішімдікті шамадан тыс көп ішетін адамдардың ұйқысы тез бұзылады. Бұлардың көпшілігі көзі ілінер алдында сезім мүшелерінің әр түрлі алдамыш құбылыстарын сезінеді, аяқтың тықырын, есіктің сықырын естиді. Маскүнемдер көбінесе ғажайып, қорқынышты түстер көреді, Ұйқысырап сөйлейді, түрегеп жүреді. Олардың ұйқысы, әдетте, шала - шарпы, мазасыз болады. Мұндай адамдар аяқ - қолдарының кенет қозғалуынан, дірілдеп, тітіркенуінен, түршігуінен оянып кетеді. Маскүнемдер түсінде көбіне - көп басы айналғандай сезімде болады, тұңғиыққа түсіп бара жатқандай, өзін әлдеқандай бір кеңістікте жүргендей сезінеді.

Қаны тасып, ми қан тамырлары ауыратын адамдардың ұйқысы тез бұзылғыш келеді. Мұндай адамдарың ұйқысы мазасыз болады. Олар әлдеқандай қорқыныш сезімнен, түрткіден шошып оянады да, осыдан кейін көпке дейін ұйықтай алмайды.

Қартайған адамдардың ұйқысының азаюы ми қан тамырларында болатын өзгерістермен тығыз байланысты. Жас ұлғайған сайын ми тамырлары көптеген өзгерістерге ұшырайды: олардың майысқақтығы кеміп, қатая түседі әрі тарылады. Осындай өзгеріске ұшыраған тамырлар бойымен ми клеткаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізу нашарлайды. Осындай себептен заттар алмасуы салдарынан ұдайы жинала беретін « қоқыстарды » тазарту да қиындайды. Осымен байланысты бір қалыпты ұйықтау тәртібі де бұзылады.

Алайда ұйқының қаттылығы мен ұзақтығын бұзатын басқа себептер де болады. Олар - біреуді жек көру; зығырданын қайнату, ашыну, қызғану, т. б. жайлар. Адам аса біркөңілденіп, бойын ерекше сезім билеп тұрған жағдайда қанға адреналин - бүйрек безінің гормоны өте көп мөлшерде келеді де, ми қыртысының астындағы клеткаларды қоздырады және тежелу мен қоздырудың кереқор процестерін соғыстырады. Осының салдарынан нерв олқылығы деп аталатын жағдай туады. Мұның өзі ұйқысыздыққа апарып соғады.

Ұйқының кездейсоқ бұзылуына, оның ұзаққа созылып кетуіне және нағыз ұйқысыздықтың күшеюіне кейбір адамдардың әдеттегі ұйқыны бұзатын кездейсоқ себептерге теріс көзқарасы да себепші болады. Мұндай адамдар бір - екі рет уақытысында ұйықтай алмаса болды, ұйқы келтіретін әр түрлі дәрі - дәрмектерді жинай бастайды.

Ұйықтауға жатар алдында адам көңілді жайландыратын, бұрыш салынған ащы және әр түрлі тәтті тағамдарды ішуден сақтану керек, өйткені бұлар ұйқыны қашырады. Ұйқыны басқа ешнәрсе де ауыстыра алмайды. Баласын ұйықтар алдында тойдырып жатқызуды ойлайтын кейбір қайырымды, қамқоршы шешелер бұл жайларды ешқашан естерінен шығармауға тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйқы гигиенасы
Ұйқы және түс көру
Приондық аурулар
Биологиялық ырғақтар. ұйқы
Сырқатнама (ауру тарихы) жайлы
Пуринергиялық синапстарға қозудың берілуіне әсер ететін заттар
Ұйқы және оның маңызы
Баяу вирустық қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы
Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттар
Энцефалит
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz