Хаббл эффектісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Хаббл эффектісі

Орындағандар: ФОК-071
Карабаева
Ғазиза
Тексерген: Раманкулов

Алматы 2010
Хаббл эффектісі
Галактикалардың негізгі сипаттамалары. В. Гершель XVIII ғасырда
аспандағы бақыланатын мыңдаған тұман тәрізді дақтарды (тұмандықтарды) ашып,
оларды каталогқа тіркеді. Кейініректе олардың көбінесе спиральды тұрпаты
бар екені аңғарылды.
Американ астрономы Э.Хаббл (1889-1953) Андромеда шоқжұлдызы ішіндегі
тұмандықтың фотосуретін түсірді. Сонда оның сансыз көп жұлдыздардан
тұратыны көрінді. Тұмандық ішінен ол жаңа жұлдыздардың оталысын, шашыранды
және шар тәрізді шоғырларды және цефеидтерді байқады. Осы цефеидтердің айну
периодтары мен көрінетін жұлдыздық шамаларын анықтап, Хаббл олардың бәрі
дерлік біздің Галактикадан тысқары өте алыста екенін тағайындады.
Осы тұмандыққа шейінгі қашықтықты және оның бұрыштық өлшемін біле
отырып, оның диаметрін сызықтық бірліктермен оңай есептеп табуға болады
екен.
Сонда Андромеда шоқжұлдызындағы спиральды тұмандық үлкендігі, біздің
Галактика шамалас, өте зор жұлдыздық жүйе болып шықты. Біз қазір оған
шейінгі қашықтық 2 миллион жарық жылына тең екенін білеміз. Біздің
Галактиканың ішіндегі сияқты, оның ішінде де газды және тозаңды тұмандықтар
бар. Андромеда шоқжұлдызындағы галактиканы біз оның осіне біршама көлбеу
бұрышпен көреміз, сондықтан ол сопақтау болып көрінеді. Үшбұрыш шоқжұлдызы
ішіндегі галактика да спиральды, көру сәулесіне оның көлбеулігі кемірек,
сондықтан оның түрі бір басқа.
Астрономдар біздің Галактиканың шегінен тысқарыдағы, өте көп ғаламат
зор жұлдыздық жүйелерін тапты. Оларға біздің Галактикадан айырып, г а л а к
т и к а л а р деген жалпы атау берді.
Хаббл мынаны ашты: өте жарық жұлдыздарының көрінетін жарықтығы
бойынша, қашықтықтағы бұрынырақ анықталған галактикалардың спектрлерінде
сызықтар спектрдың қызыл жақ шетіне қарай ығысады екен. Осы қызыл ығысу
галактикаға шейінгі қашықтыққа пропорционал болып өседі. Доплер эффектісіне
сәйкес қызыл ығысу жарық көзінің бақылаушыдан қашықтап үдеп бара жатқанын
көрсетеді. Қашықтау жылдамдығы ығысу шамасына, демек, қашықтыққа
пропорционал. Галактикаларға дейінгі D қашықтық пен v жылдамдық арасындағы
бақыланатын пропорционалдық Хаббл заңы деп аталады:. Пропорционалдық
коэффициент H Хаббл тұрақтысы деп аталады. H Хаббл тұрақтысының мәні
шамамен екендігі тағайындалды, яғни әрбір миллион парсек санының
қашықтау жылдамдығы 100кмс - қа артады. Сол себептен алыстағы галактикаға
дейінгі аралықты оның спектріндегі сызықтардың қызыл ығысуы бойынша
анықтауға болады:

мұндағы v – қызыл ығысу бойынша анықталған жылдамдық. Егер мәселен, спектр
сызығының ығысуына 10000 кмс сәйкес келетін болса, онда галактикаға
шейінгі қашықтық 100 Мпк. Бұл әдіс жарықтағы галактикалардағы цефеидтер
немесе аса жарық ерекше алаптар көрінбейтін жағдайларда да қолданылады.
Өздерінің сыртқы тұрпаттары бойынша галактикалар спиральды, қисық және
эллипстік галактикалар болып бөлінеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің ірі мaсштaбты құрылымын зерттеу Нәтижелер және олaрды тaлқылaу
Бейсызық физиканың жаңа әдістері және компьютерлік модельдеудің көмегімен айнымалы жұлдыздар мен галактикалардың фракталдық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтау
Құрылымы әртүрлі галактикаларды фракталдық бейнелеу
Ғарыш және әлем. Әлемді гравитациялық линзалау әдісімен зерттеу
ӘЛЕМНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ СУРЕТІ
Хаббл камертоны
Галактикалар құрылысы
Галактикалар классификациясы
Галактикалардың морфологиялық классификациясы
МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ГРАВИТАЦИЯ ТЕОРИЯСЫНДА ӘЛЕМНІҢ ҮЛКЕН ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
Пәндер