Нарықтық экономика мен инфрақұрылымда институттарының дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық дамудың жолдарын қарастыру
 
Егемен Қазақстанның дамуының онжылдығы елдің әлеуметтік-экономикалық
жүйесінің кең көлемді және түпкілікті қайта құрылуымен ерекшеленеді. Осы
жылдары радикалды реформалар мемлекеттіліктің орнығуы мен КСРО кезеңінде
пайда болған терең экономикалық дағдарысты жеңіп шығуы жағдайында жүзеге
асты. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шаруашылық механизмін жетілдіру,
командалық-бөлініс жүйесін әлсірету мен тауар өндірушілердің құқықтарын
кеңейту, шаруа ісін жүргізудің рыноктық принциптеріне өтудің алғашқы
бағдарламаларын іске қосу бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі сәтсіз
болғаны белгілі. 90 жылдардың басындағы экономикалық өндірістің құлдырауы,
кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі, қаржы-несиелік
жүйенің бұзылуы, рубльге деген сенімнің жоғалуы, дүкендердің бос сөрелері
мен тауар бөлудің талапдық жүйесі тән болды.
Елдегі жүйелік экономикалық қайта құру жолындағы өткен онжылдықты
белгілі бір кезеңдерге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезең 1992—1993жж.
яғни экономиканы түпкілікті реформалаудан өз төл ақшамызды шығаруға дейінгі
уақытты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық саясат Ресейде белгіленетін
еді. Жалпы республиканың бүкіл экономикасы көрші елді қабылданған
шешімдерге тәуелді болатын. Инфляция бұрын болмаған қарқынмен өсті. Өткен
жылдың желтоқсанының басындағы процентке шаққандағы тұтынушылық құн индексі
1992ж. соңында — 3060-ты, 1993ж. — 2265-ті құрады.
Елдегі нарықтық қайта құрулардың екінші кезеңі 1993ж. қарашадағы
ұлттық валютаның енуімен және дербес макроэкономикалық саясаттың
қалыптасуымен басталды. Ол салық салу, бюджеттік және банктік салалардағы,
сыртқы экономикалық жұмыстардағы, оның ішінде шетел капиталын тарту мен
кеден ісі, нарықтарды дамыту мен нарықтың инфра-құрылымдардағы қатынастарды
қалпына келтіріп отыратын нормативтік-құқықтық базаның құрылуымен
ерекшеленеді. Инфляцияға қарсы қатаң саясат жүргізілуінің нәтижесінде қаржы
тұрақтылығы бойынша алғашқы айтулы нәтижелерге қол жетті, тұтынушылық құн
индексі 1994ж. 1258-ге, 1995ж. 160,3-ке, 1996ж. 128,7-ге түсіп, теңгенің
валюталық бағамы тұрақталды, бюджеттегі жетіспеушілік азайды, бірқатар
экспортқа бағытталған өнеркәсіп салаларындағы өндіріс тұрақты күйге түсіп,
біраз жандана түсті.
Реформаның екінші кезеңінің ең басты нәтижесі жаңа экономикалық ахуал
болды. Осы ахуалдың нәтижесінде әкімшілік-командалық экономиканы рыноктық
экономикаға көшіру процесі маңызды жүйелік қайта құрулардың негізінде
қарқынды сипатқа ие болды. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналарды
жатқызуға болады.
Экономиканы либерализациялау. Нарықтық регуляторлардың іске қосылу,
шаруашылық өмірдегі мемлекеттік регламентация формаларының қысқаруы, сыртқы
экономикалық жұмыстардың либерализациялануы, шетел капиталына есік ашылуы,
тұрақты валюталық режимге қатысты қамсыздандыру шаралары негізінде
трансформациялық жүйенің осы ең маңызды саласын жете келтіруде көңіл
толарлықтай ілгерілеу пайда болды. Мемлекет өз қажетін өтеу үшін рыноктың
басқа субъектілерімен тең дәрежеде бірігіп жұмыс істей бастады және
форвардтың, фъючерстік және т.с.с. шарттарды пайдалана отырып, биржалық
сауданы дамытты. Өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің барынша шектелген
шеңбері бойынша мемлекеттік қадағалау механизмін сақтай отырып, еркін баға
қою және сұраныс пен ұсынысқа жауап бере алатындай олардың құрылымдарын
қалыптастыру принциптерін жүзеге асыру басталды.
Жеке секторы басым көп қырлы экономика негізінің қалануы. Ортақ
экономикалық орта өзгерді, нарыққа бағытталған шаруашылық құрылымдарының
дамуы, көп қырлы экономика негізінің орнауы және кеңеюі, іскер және
жауапкершілікті мойнына алатын меншік иелерінің қалыптасуы үшін жағдай
жасала бастады. Едәуір кідірістерге қарамастан жекешелендірудің кең көлемді
процесі аяқталды. Мемлекет меншігінен айыру және жекешелендіру,
жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті қайта жасау бағдарламаларын жүзеге
асыру, кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және монополиясыздандырудың өткен
кезеңдерінің заңды салдары ретінде экономикадағы дамыған жеке сектордың
қалыптасуы, тәртіптің рыноктық үлгілеріне мойын бұрған меншік иесінің
аяғынан тік тұруы басталды, сондай-ақ кәсіпкерліктің, шағын және орта
бизнестің дамуы, рыноктың бәсекеге қажет базаларды кеңейту мен қолайлы
жағдайлар жасау өріс алды.
Нарықтық экономика мен инфрақұрылымда институттарының дамуы. Рыноктық
инфрақұрылымның негізі қаланды. Оған банктер желісі, инвестициялық және
сақтандыру компаниялары, биржалар, аудиторлық фирмалар және басқа да
шаруашылық субъектілеріне қызмет ететін, олардың өнім өндіру ісіне,
қызметтеріне деген сенімділіктерін арттырып, коммерциялық тәуекелді
азайтуға септігін тигізетін объектілер кіреді.
Еңбек, капитал және тауар рыноктарындағы қатынастарды қадағалап
отыратын заң шығару ісі кеңейіп, тереңдей түсті. Сауданың, қаржылай-
несиелік және басқа да рыноктық экономика институттарының дамуы елдегі ВВП
(внутр. валов. продукт. Каз.) өндірісінің құрылымында айтулы ілгерілеулерге
жағдай жасады. Қызмет көрсету бағасының да үлес салмағы өсті.
Сәйкес тепе-тең тұтынушылар рыногының құрылуы. Экономикалық жүйені
ауыстыру қысқа уақыт ішінде сұраныс пен ұсыныстың ара салмағын жөнге
келтіруге және тұтынушылар рыногындағы белгілі бір тепе-теңдікке қол
жеткізуге мүмкіндік берді. Халық тұтынатын тауарлардың басым көпшілігіне
деген ұсыныс төлемге қабілетті сұраныстан асып кетті. Бірақ мұның өзі де
көңілге медеу ұялатар факт. Алайда ішкі өнім артты десек те, импорттың
интенсивтілігі мен халықтың басым бөлігінің жинақ қорларының құнсыздануына
байланысты төлемге қабілеттілігі төмендеді, өндірістің тоқтауы, тұтынушылық
құндардың аспандап шарықтау орын алды.
Қаржылық тұрақтылық. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуде бірқатар
табыстарға қол жетті. Инфляция қарқыны мен қаржы рыногының проценттік
салымдарының төмендеу динамикасы соның бір айғағы болды. Мемлекеттің алтын-
валюталық резервтерін жасау қолға алынды. Теңгенің валюталық курсы біршама
тұрақталып қалды. Сыртқы сауда айналымының ақсауы мен қаржыландырылуы
инфляциялық әдістерсіз жүзеге асырыла бастаған мемлекеттік бюджет
жетіспеушілігіне қатысты оң өзгерістер байқала бастады. Өнеркәсіптің
бірқатар салаларында өндірістің тұрақталу тенденциялары көрінді.
Атап өтілген жетістіктермен қатар, ел экономикасын реформалаудың екінші
кезеңінде біраз өткір проблемалар да орын алды. Атап айтқанда, экономикалық
қайта құрулардың алғашқы жылдары өндірістің айтарлықтай құлдырауымен есте.
Бұл әлеуметтік саладағы бірқатар проблемалардың ұшығуына әкеп соқты —
халықтың таза ақшалай кірісі осы кезеңде 5 есе төмендеді. Халықтың кіріс
көлемі жөнінен таптарға бөліне бастауы етек алды. 1995ж. халықты кіріс
көлемі бойынша топтарға бөліп қараудан мынадай қорытынды шықты. Халықтың
10%-інің кірісі бір ең төменгі азық-түлік алымына жетпейді, 42%-ң кірісі —
сондай алымның бірден екіге дейінгі бағасындай, 39%-ікі екіден төртке
дейінгі бағасындай және 9%-інің алымның төрттен жоғары бағасындай кірісі
бар болған.
Ең ауқатты және ең тұрмысы төмен таптардың кірістерінің арасындағы
алшақтық 11 ден 30 есеге дейін жетті. Бұл әлемдік практикада қабылданған
(10 еселік) ең жоғары көрсеткіштен асып түсті. Жұмысқа орналасу
проблемалары да ұшыға түсті. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны 1996ж.
экономикалық ынталы (активы) халықтың 4,1%-ін құрады. Есепте тұрған
жұмыссыздар саны елдің жұмыспен қамту қызметтеріне түскен жұмысшыларға
деген сұраныстардан 25 есе көп болды. Мәжбүрліктен ұзақ демалыста және
толық емес жұмыс уақтысы режимінде жұмыс істеп жатқандардың саны 1996ж.
соңында экономикалық ынталы халықтың шамамен 7%-н құрады.
Өндірістің құлдырауы мен соған байланысты туындаған әлеуметтік
проблемалардан бөлек республика бірқатар спецификалық дағдарыс тұғызушы
факторларға тап болды. Біріншіден, ең көкейтесті проблемалардың бірі бір-
біріне әсер етуші факторлардың жиынтығынан пайда болған төлем дағдарысы
болды. Бұл факторлардың ішінде бәрінен бұрын өздерінің айналым құралдарын
тауысқан және өздеріне ауадай қажет несиелік ресурстар алуға мүмкіндіктері
болмаған кәсіпорындардың нашар қаржылық ахуал көп қиындықтар тудырды.
Екіншіден, инвестиция саласындағы проблемалар ұшығын тұрды. Инвестицияны
қысқартудың көлемі экономикалық басқа салаларындағы құлдырау деңгейлерінен
асып кетті. 1993—1995жж. өзінде ғана капиталдық салым көлемі екі еседен
асаға дейін кеміді.
Орын алған олқылықтарға қарамастан, экономиканы реформалаудың екінші
кезеңінде түркілікті институционалдық қайта құрулар жүзеге асырылып, көңіл
көншітерлік макроэкономикалық тенденциялардың қалыптасуы мен тұрақталуына
негіз қаланды. Бұл ілгерілеу 1997—2000жж. елдің ұлттық экономикасының
дамуының үшінші кезеңінде айқын көрінді. Бұл жылдарды негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасының ерекшелігіне сәйкес жеке этап
ретінде қарастыруға болады. 1997—2000ж. аралығында ВВП-ның, өнеркәсіп
өндірісінің, инвестиция көлемінің және басқа да маңызды көрсеткіштердің
өсуі басталды. Алайда экономика дамуының динамикасын біртіндеп өзінің
таралу географиясын кеңейте түскен, сол жылдары болған әлемдік қаржы
дағдарысы біраз тежеп тастады. 1997ж. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде
басталған дағдарыс, 1998ж. Ресейге жетті және Қазақстан экономикасына да
кері әсерін тигізді: осылайша, 1998 жыл елдің ВВП-сын төмендеуі байқалған
осы кезеңнің жалғыз жылы болды. Ал 1999ж. ұлттық валюта айтарлықтай
девальвацияға ұшырады. Республика экономикасының әлемдік рыноктор
конъюктурасының ықпалына түсуі және оның елде өндірілетін өнімдер бағасына
тәуелділігі реформалардың аталмыш кезеңінің негізгі сабақтарының бірі
болды. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, отандық тауарөндірушілер мен шағын
бизнеске қолдау жасау, экономиканың шаруашылық комплекстің шикізат көзі
ғана болуын жоюға бағытталған құрылымдың реформаларын тереңдету мәселелері
көкейтесті сипат алды.
Аталмыш проблемалардың шешімін табуы реформалардың үшінші кезеңіндегі
институционалдық қайта құрулардың айтарлықтай тереңдеуінен көрініс тапты.
Экономикалық процестердің нормативтік-құқықтық базасы едәуір кеңейіп,
толықтырыла түсті, экономиканың ең маңызды салаларын дамытуға жағдай
жасайтын бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды, шаруашылық ортаның
дамыған рынок стандарттарына жақындастырылуы бойынша шаралар жасалды. Осы
кезеңде жасалған көптеген қадамдардан ең прогрессивті қадамдар ретінде
төмендегі макроэкономикалық деңгейдегі шараларды ерекше атап өтуге болады:
жинақтаушылар қорлар жүйесі бойынша азаматтардың зейнетақыларын
тұлғаландыруға (персонализация) бағытталған, сонымен бірге қуатты ұлттық
инвестициялық институттардың қызметін атқаратын зейнетақы реформаларын
жүргізу;
жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқару процестерін жетілдіру;
өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қалпына келтіруді бастауға мүмкіндік
берген отандық тауарөндірушілер мен импорттың орнын басуға қолдау көрсету
бойынша бірқатар шаралар қабылдау;
отандық банк секторының ары қарайғы нығаюына және инвестициялық
процестерге халықты тартуға бағытталған қаржы саласындағы реформаларды
тереңдету;
елдің әлемдік рыноктардағы баға конъюктурасының залалды өзгерістеріне
тәуелділігін азайтуға мүмкіндік беретін ҚР Ұлттық Қорын құру туралы шешім
қабылданды.
Жалпы алғанда онжылдықтың соңғы жылдарын Қазақстандағы экономикалық
реформалардың негізгі бөлігінің аяқталу кезеңі деп қараған жөн. Елдің
макроэкономикалық дамуының аталмыш кезеңінің негізгі нәтижесі деп мыналарды
атауға болады.
1. 1.        Негізінен бұрынғы шаруашылық жүйенің және әлеуметтік-
экономикалық формацияның радикалды трансформациясының күйреуінен туған
қиындықтар жойылды. 90-жылдардың басында еліміз тап болған көптеген
көкейтесті проблемалар азды-көпті шешілді, елдегі қаржылық-экономикалық
ахуалдың жетілген тұрақталуы негізінде болашақтағы дамуға жол ашқан
рыноктың типтегі экономика құрылысы болды.
2. 2.        Өткен кезеңдерде басталған қазіргі заманғы рыноктың
шаруашылықты жүргізу стандарттарына сай нормативтік-құқықтың базалардың
құрылуы аяқталды. Құнды қағаздар рыногы, қаржы жүйесі, еңбек, рыногы,
салық салу, бухгалтерлік есеп, акционерлік қатынастар және басқа да
көптеген экономика салаларында дамыған заңдар қабылданды және іске асып
жатыр.
3. 3.        Мемлекеттен бөлу және жекешелендіру процестерінің негізгі
бөлігі аяқталып, аралас типті экономика қалыптасты, жеке бизнестің
қуатты табы пайда болды. Осылай, 01.01.2001ж. Қазақстанда жалпы саны
138549 заңды тұлғалардан 111400-і меншіктің жеке түрімен жұмыс істеді,
жеке секторда елдің ВПП-сының шамамен 70%-і өндіріледі. Өткізілген
институционалдық қайта құрулардың негізінде рыноктық және өндірістік
инфрақұрылым компанияларының қарқынды дамып келеді. Ел ВВП-сындағы
үлесі үнемі өсіп отыратын қызмет көрсету саласының дамуы есебінен ел
экономикасының құрылымында орын алып келген диспропорциялар жойылды.
Экономиканың көптеген салалары мен шеңберлерінде бәсекелестік орта
қалыптасты.
4. 4.        Мемлекеттің қаржы саласында барлық негізгі бағыттар бойынша
берік тұрақтылыққа қол жетті: мемлекеттік қаржы, ұлттық валютаның
бағасы, банк жүйесінің тұрақтылығы мен беріктігі, Ұлттық банктің алтын-
валюталық резервтері, инфляция динамикасы, ақша нарықы мен мемлекеттік
құнды қағаздар нарықындағы проценттік салымдар бойынша ілгерілеу
байқалды. Осылайша 2000ж. тұтынушылық баға орта есеппен айына 0,8%-ке,
мемлекеттік бюджет 01.12.2000 жылы ВВП-ға 2,2%-ке орындалды, Ұлттық
банкті қайта қаржыландыруға салым 2001ж. ақпанда 12,5-ке төмендеді,
мемлекеттік құнды қағаздардың кірісі қосалқы нарықта жылына 11,4%-тен
айналды. Қаржылық тұрақтылық халықтың айтарлықтай бос бөлігін тартуға
және банктердің экономиканың маңызды секторларына беретін несиелерінің
көлемін едәуір ұлғайтты.
5. 5.        Экономикада инвестициялық-өндірістік процестер қарқын ала
бастады. Онжылдық соңында ВВП көлемдерінің, өнеркәсіп өндірісінің,
инвестициялық жұмыстардың динамикасында және бірқатар маңызды
көрсеткіштерде айтарлықтай ілгерілеу байқалды. Өсім іс жүзінде
экономиканың барлық салаларында — өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында,
транспорт пен байланыста, саудада және т.б. орын алды. Бұл елдің
дамуының тұтастай (жалпылама) және жүйелік сипаты жайында әңгіме
қозғауға мүмкіндік береді. 1999ж. бастап, реформа жылдары алғаш рет
сауда тепе-теңдігі көңіл көншітерлік белгілері байқалды.
6. 6.        Реформалардың үшінші кезеңінің ең маңызды ерекшелігі олардың
шынайы құрылымдық қайта құруларға жүйелік түрде бағытталуы болды. Нарық
институттары мен шаруа жүргізу механизмдерін қалыптастыру саласында
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық және институционалды қамтамасыз етілуі
МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІ ОДАН ӘРІ НЫҒАЙТУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫ ДАМЫТУ ЖАЙЛЫ
Қаржы нарығының міндеттері
Ұзақ және қысқа мерзімді инвестициялар
Қазақстандағы ішкі туризм дамуындағы темір жол көлігімен саяхаттарды ұйымдастырудың қиыншылықтары мен мүмкіншіліктері
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы
Қазақстан-2050. Қалыптасқан мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде инновациялық процестердің ерекшеліктерін талдау
Пәндер