СПИД ауруының белгілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Қазақстандағы ауа қауіпті, әлеуметтік мәнді аурулар.
Оба
Тырысқақ
Туберкулез
Сарып (бруцеллез)
Қышыма
Педикулез
СПИД
2. Жұқпалы аурулардың қанат жаюының себептері
3. Адам денсаулығын нығайтудың жолдары

Қолданылған әдебиеттер

Қазақстандағы ауа қауіпті, әлеуметтік мәнді аурулар

О Б А

Оба, чума (латынның pestis сөзінен шыққан, кенеттен басып кіру
деген мағынаны білдіреді) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік
жұқпалы ауру. Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде,
мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы
адамға да беріледі. Чуманың табиғатта өсіп-өніп отыратын ошақтары болады.
Жануарға бүргелер арқылы беріледі. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді
бактерияларды 1894 ж. бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато
(1853-1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863-1943) (адамнан; 1897 ж.
егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersinia pestis) пішіні жұмыртқа
тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді
бояғыш заттармен тез боялады.
Аурудың даму кезеңі 3 күннен 6 күнге созылады. Ауру қатаң әрі
кенеттен басталады. Алғашқы белгілері: дененің қатты дірілдеуі, ыстықтың 39-
40 градусқа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы,
құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы пневмония. Аурулар есінен
ажырамағанмен ессіз адамша жатады. Психикасы өзгере бастайды, орнынан ұшып
тұрып, қашқысы келеді. Мастар секілді сөйлей алмайды. Қан қысымы төмендеп,
жүрек-жұмысын бұзады. Тілі ісініп, тамағы құрғап, миндалі ісініп кетеді.
Бауыры ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.
Оба ауруының аса қауіптілігіне байланысты бұл ауруды тараптауға үлкен
күш салынады. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының қадағалауымен,
ұйымдастыруымен бұл аурудың эпидемиялық түрде және жоғары деңгейде дамуына
әрі тарап кетуіне жол бермеуге шара қолданылады.
Оба ауруының тарамауына қолданатын шараның негізгі бөлігі оның табиғи
ошақтарында тұрақты әрі кешенді бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру.
Егер ауру байқалған жағдайда ауырған адамдарды тез арада емханаға
жатқызып, олармен қатынаста болған адамдарды дәрігерлік бақылауға екшеп алу
керек. Ауруды таратып отырған көзін іздейді. Оны тапқаннан соң, ол
объектіні зарарсыздандырып, сол мекеннің жалпы тұрғындарын бақылауға алады.
Карантиндік шараларды анықтайды және жүргізеді.
Т Ы Р Ы С Қ А Қ

Тырысқақ (холера) грек сөзі. Тырысқақ – аса қауіпті ішек ауруы.
Тырысқақтың қоздырғыштары жылы уақытта және ылғалдың аздығына төзімі төмен.
Тырысқақ ауруы көбіне Үнді елінде, оның Ганга жәнн Брахмапутры
өзендерінің бойында, Индонезия, Пәкістан елдерінде жиі байқалады.
Тырысқақтың қоздырғыштары ауру адамның бойынан құсықпен, үлкен
дәретпен көптеп шығады. Содан соң шыбындардың, басқа да таратқыштармен
тарап кетуі мүмкін.
Ауру 1-3 тәуліктің ішінде басталады. Алғашқы көрінуі әр түрлі болады:
жеңіл іш өтуден тез арала адам өліміне алып келеді. Алғашқы іш өту тез
арада жиілеп, сұйықтанады, аурудың ыстығы көтеріліп, құсады, денеде ылғал
азайып, құрысып-тырысып қалады судороги, емделмеген кезде адам өледі.
Тырысқақтың сақтануға вакцинаны, антибиотиктерді және басқа да дәрі-
дәрмектерді қолданады.
Ауру жедел емханаға жеткізілуі тиіс.
Тырысқақ басталғанда, қатынаста болған адамдар 5 тәулікке дейін
оқшауланады, дәрігерлік бақылаудан өтеді, су қоймалары, көздері санитарлық
күзетке қойылады, су залалсыздандырылады, тамақ өндірісі, дүкендер, адамдар
көп жиналатын жерлерге санитарлық бақылау жасалынады. Сол сияқты бақылау
бекеттері теміржол, автокөліктерінде қойылады.
Тырысқақ шыққан жерде Төтенше комиссия карантин жариялайды.
Күйдіргі, Түйнеме (Сибирская язва) – өткір жұқпалы ауру. Күйдіргі
ауруы көп елдерде кездеседі. Түркия, Риан, Үндістан, Қытай Чили, Аргентина,
Кения, Танзания, Автралия, Американың кейбір штаттарында Кавказ, Орта Азия
елдерінде, Қазақстанда кездеседі. Бұл аурулар қоздырғышы ірі қара малда,
қойда, ешкіде, бұғыда, түйеде, шошқада болады. Көбінесе ауру малды баққан
адамға, сойғанда жұғады. Ауырған малдың етін асқа пайдаланғанда азырақ
жұғады.
Күйдіргінің басталуы орташа алғанда 2-3 күнге созылады, тіпті 8
күнге дейін жетеді.
Күйдіргінің жара және висцеральды (асқазан-ішек) түрі болады.
Жара түріндегі күйдіргі қоздырғыштың теріге түсуінен басталады,
қошқыл қызғылттанып, тез көтеріледі де, бірер сағаттан соң, 2-3 мм жара
пайда болады. Содан соң жарылып шамасы үлйеке береді. Жараның айналасында
ісік пайда болады. Жара болып тұрғанда адамның жалпы жағдайы аса қатты
өзгермейді. Ептеп бас ауырады, шаршағандық пайда болады. Екінші тәуліктің
басында аурудың ыстығы 39-40 градусқа дейін көтеріледі және ыстық 5-6 күнге
дейін жалғасуы мүмкін. Ден саулығы нашарлайды. Жүрек ауруы басталады,
организмнің улануы басталады.
Күйдіргінің асқазан-ішек түрінде болғанда, іш қатты ауырады, улану
басталады. Ыстығы жоғарылайды, тыныстауы ауырлайды. Бауыры ісінеді. Құрысып-
тырысып ауырады, менингит басталуы мүмкін. Ауру 5-6 күннің ішінде өлуі
мүмкін.
Ветеринарлық-санитарлық және медициналық-санитарлық шаралар жүргізу
арқылы қадағалау жүргізу қажет.

Т У Б Е Р К У Л Е З

Туберкулез. Тубезкулез өте ерте заманнан белгілі ауру. Ағзадағы
тубезкулез ауруының клиникалық белгілерін алғаш рет б.э.д. IV ғасырда
Гиппократ жазған. Туберкулез терминін 1813 жылы алғаш қолданған француз
дәрігері – Ленник. Бұл аурудың жұқпалы екендігін 1865 жылы ғалым Ж.А.
Вейленан дәлелдеген.
Аурудың қоздырғышын 1882 жылы ғалым Кох ашты және аурудың алдын алуға
мүмкіндік беретін дәрі-дәрмекті ойлап тапты.
Тубезкулез ауруын таратушы – ауыратын адамдар.
Адамда, жан-жануарларда (ірі қара мал, шошқа, тауықта) болатын жұқпалы
ауру. Зақымданған адам мүшесінде (өкпе, лимфа бездері, тері, сүйек, бүйрек,
ішек) уақ төмпешіктер пайда болады. Тубезкулезбен екі жолмен жұғады:
1. ауа арқылы (аэрогенный путь)
2. тамақ арқылы (алиментарный путь)
Туберкулездің ашық түрімен ауыратын адам қақырықпен күніне 15-20 млн.
қоздырғыштар бөледі. Қоздырғыштар жөтелгенде 2 метрге дейін қашықтыққа,
түшкіргенде 9 метр қашықтыққа дейін ұшады.
Туберкулездің өкпе, жілік және омыртқа, буын тағы сол сияқты түрлері
болады.
Туберкулезбен күрестің ең тиімді жолы – алдын алу.
Біріншіден, халықты жаппай флюроографиялық тексеруден өткізіп тұру.
Екіншіден, бұрынғы туберкулезбен ауырған адамдарды тексеруден өткізіп,
бақылауда ұстау.
Ашық түрлі туберкулезде алғашқы және қорытынды зарарсыздандыруды
жүргізеді. Алғашқы зарарсыздандыруды ұйымдастыратын де, бақылайтын да
туберкулез диспансері.
Аурудың киім-кешегін жуатын жерге өткізбейді.
Киімдерді, ойыншықтарды, кілемдерді, кітаптарды ыстық үтікпен үтіктеп,
шаңсорғышпен шаңын жинайды.
Бөлмелерде күнде ылғалды жанау керек. Еденді жууға 2-пайызды сабын-
сода ерітіндісімен жуады.
Жуынатын жерлерді, дәретхананы 10-пайызды ерітіндімен жуады.

С А Р Ы П ( Б РУ Ц Е Л Л Е З )

Сарып, бруцеллез (Brucellosis), медицинада – адам мен малдың жұқпалы
ауруы. Аурудың қоздырғышы бруцелл – суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз
бақтерия. Мұны 1886 ж. ағылшын дәрігері Д. Брюс (1855-1931) тапқан.
Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды. Сүтті қайнатқанда
және пастерлегенде бруцеллдер бірден, арнайы дезинфекцияланған заттардан
бірнеше минутта, ал тура түскен күн сәулесінен бірнеше минутаттан 3-4 сағат
аралығында өледі; топырақта 3, суда және тоңазытылған етте 5 айдай, сиыр
етінде 45 күн, тұздалған қой терісінде 2 ай, мал жүнінде 4 ай дай
артық тіршілігін сақтай алады. Сарыппен көптеген үй жануарлары (қой, ешкі,
сиыр, шошқа) ауырады. Ауырған мал іш тастайды және шуы түспейді. Індет
малдың несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан жалқыаяқ, іш тастаған малдың
қағанаты, лас төсеніш, құрал-жабдық, т.б. арқылы тарайды. Адамға сарып
көбінесе ауру малдың сүтін қайнатпай ішуден, етін дұрыс пісірмей жегеннен
жұғады. Жүн жуатын, ет комбинаттарының жұмысшылары және ауру малды күтуші
адамдар сарыппен жиі ауырады. Аурудың белгісі 1-3 аптада білінеді. Ауырған
адамның температурасы 39-40ºС-қа дейін көтеріліп, қалтырап, әлсіздік пайда
болады. Науқасты қалың тер басып, басы ауырады, буыны мен бұлшық еттері
сырқырап, жүйке және қан тамырлар жүйесі зақымданып, кейде адамның
психикасы да өзгеруі мүмкін. Ауруды дұрыс емдемесе еңбекке жарамсыздыққа
әкеледі, ал жүкті әйелдер сарыппен ауырса, түсік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерездің ауруының белгілері
СПИД ауруының таралу белгілері
СПИД ауруы туралы
Спид дегеніміз не?
Спид
АҚТҚ
Вирустық гепатиттердің профилактикасы
Жас балардағы СПИД проблемасы тек
СПИД- қатерлі аурулардың бірі
Салдану. Күдік пен үміт
Пәндер