Автожол саласы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фаради атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес факультеті
Макро-микроэкономика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының
Көлік инфрақұрылымы

Орындаған:
Орынбет Перизат.

ЭК07К1

Тексерген: Сәметеева М.

Алматы, 2010ж.

ЖОСПАР

Кіріспе
1. Ағымдағы жай-күйін талдау
Темір жол саласы
Автожол саласы
Азаматтық авиация
Су көлігі
Автомобиль көлігі
Көліктегі қауіпсіздік
2. Қазақстан Республикасы Көлік инфрақұрылымының стратегиялық бағыттары мен
мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына
сәйкестігі,функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал тәуекелдері

Қорытынды
Қосымшв материялдар
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Мемлекет Басшысы Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты Қазақстан халқына
Жолдауында мынадай міндет қойды:
Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болуы тиіс, бұл
бізден елдің бүкіл көлік инфрақұрылымының озыңқы дамуын қажет етеді.
Қойылған міндетті шешуде Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі көлік саласындағы мемлекеттік саясатты
қалыптастыратын және іске асыруды қамтамасыз ететін уәкілетті орган болып
табылады.
Қазақстан Республикасының көлік-коммуникация кешені темір жол,
автомобиль, су, авиация көліктерін, сондай-ақ технологиялық көліктің әр
алуан басқа да түрлерін біріктіреді.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көлік және
коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу мен іске асыру
мәселелері бойынша салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Әкімшілік реформа аясында Министрлікте көлік-коммуникация кешенінің
қолданыстағы 8 салалық заңы бойынша (Қазақстан Республикасындағы көлік
туралы, Автомобиль көлігі туралы, Ішкі су көлігі туралы, Сауда
мақсатында теңізде жүзу туралы, Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу
туралы, Қазақстан Республикасының авиация қызметін және әуе кеңістігін
пайдалану туралы, Темір жол көлігі туралы, Автомобиль жолы туралы)
заңды түрде бекітілген міндеттері бойынша функционалдық талдау жүргізілді.

Ішінара алғанда, көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін
Парламентпен; Нұр Отан ХДП; экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия
және сауда, білім және ғылым, қаржы, әділет министрліктерімен; табиғи
монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттіктерімен;
мемхолдингтермен; әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялармен; облыстар мен
Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен, қоғаммен және басқаларымен
өзара тығыз іс-қимыл жасау қажет.
Көлік процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі істер,
экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау,
қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен және Самұрық-Қазына ҰАҚ өзара
әрекеттесу қажет.
Транзит-көлік әлеуетін іске асыру үшін индустрия және сауда, экономика
және бюджеттік жоспарлау, сыртқы істер, ішкі істер, қаржы (салық және
кедендік бақылау комитеттері), туризм және спорт, денсаулық сақтау
(Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті) ауыл
шаруашылығы (АӨК мемлекеттік бақылау комитеті) министрліктерімен; Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен; Самұрық-
Қазына ҰАҚ; қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуі қажет.
ТМД, ЕурАЗЭҚ, ШЫҰ, ЕО, ЦАРЭС, СПЕКА сияқты және тағы басқа да
халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастық маңызды
аспектілердің бірі болып табылады.

Темір жол саласын реформалау
Іс-шаралар Саны
1 Бәсекелестік секторға шығарылған кәсіпорындар 58
Жолдарды жөндеу бойынша 2 кәсіпорын, жүк вагондарын жөндеу бойынша 15
кәсіпорын, локомотивтерді жөндеу бойынша 31 кәсіпорын, 10 кір жуу
комбинаттары
2 Бәсекелестік секторға шығаруға жататын жөндеу кәсіпорындары 12
Жолдарды жөндеу бойынша 1 кәсіпорын, вагондар жөндеу бойынша 3
кәсіпорын, локомотивтер жөндеу бойынша 8 кәсіпорын
3 Бәсекелестік секторына шығаруға жататын жөндеу кәсіпорындарының 7
қызметін қамтамасыз ететін кәсіпорын
Кедентранссервис АҚ, Жолаушылартранс Компаниясы ЖШС,
Қазтранссервис АҚ (49 %), Транстелеком АҚ (49 %), ЖБС: Ақжайық –
Батыс, Ертіс – Сервис, Қазығұрт – Оңтүстік.
4 ҚТЖ ҰК АҚ құрамында қалдырылатын кәсіпорындар 12
ВЖДО АҚ, Локомотив АҚ, Локомотив сервис орталығы АҚ, Көлік сервис
орталығы АҚ, Ақпараттық сервис орталығы АҚ, Қазтеміртранс АҚ,
Теміржолжылу АҚ, Теміржолсу АҚ, Орманқорғау ЖШС, Қазтранссервис
АҚ (51 %), Транстелеком АҚ (51 %), Қазкортранссервис АҚ (12,69 %).
5 Коммуналдық меншікке берілген вокзалдар 80
6 Коммуналдық меншікке берілуге жататын вокзалдар 36
Ақмола облысы бойынша – 6, Қостанай облысы бойынша – 9, Шығыс Қазақстан
облысы бойынша – 14, Ақтөбе облысы бойынша – 7

Автожол саласы
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарының ұзақтығы 128 мың км
құрайды, оның 93 мың км астамы жалпы пайдаланудағы автожолдар. Жалпы
пайдаланудағы автожолдардың жалпы ұзақтығының 23,5 мың км республикалық
маңызы бардағысы, 69,5 мың км жергілікті желілерге жатады.
2005 жылдан бастап республикада жолдарды салу мен қайта жаңарту оське
13 тоннаға дейін есептік жүктемемен жүргізіледі, барлық халықаралық
дәліздер ІІ техникалық санаттан төмен емес параметр бойынша қайта
жаңартылуда. 72 стандарт үйлестірілді. 5 сатылы сапа бақылауы енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1227
қаулысымен Автожолдар саласын дамытудың 2006 – 2012 жылдарға арналған
бағдарламасы бекітілді, соған сәйкес, жөндеудің барлық түрімен қаржыландыру
көлемі 1,3 трлн.теңге немесе 10 млрд.АҚШ доллары болатын жалпы
пайдаланудағы автожолдардың 42 мың км қамту жоспарлануда, бұл ретте 2007
жылдан бастап Республикалық бюджет жергілікті желілерге трансферттер
бөлінеді, 2013 жылға дейін барлығы 141 млрд.теңге бөлу жоспарлануда.
2012 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар автожолдардың жай-
күйін 86% және жергілікті желілердің жай-күйін шамамен 70 % жақсарту
күтілуде.
Соңғы 7 жылда саланы дамытуға жергілікті желіні қосқанда,
420 млрд.теңгеден астам қаржы бөлінді, оның ішінде 2001 жылы
24,5 млрд.теңге қаржыландырылса, 2007 жылы 134,3 млрд.теңге
қаржыландырылды. Осы жылдар ішінде жалпы пайдаланудағы жолдардың
93 мың км қайта жаңартуға және 22 мың км астам жол жөндеудің барлық түрімен
қамтылды, оның ішінде республикалық желідегі – 16,4 мың км.
2007 жылы 134 млрд.теңге игерілді, соның ішінде 119 млрд.теңге
Республикалық бюджеттен және 15 млрд.теңге жергілікті бюджеттен. Жалпы
алғанда 2007 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарда, жергілікті желілерді
қоса алғанда, жөндеу жұмыстарымен шамамен 4 мың км қамтылды. Республикалық
маңызы бар автожолдарда Астрахань – Атырау автожолындағы Қиғаш өзені арқылы
өтетін шекаралық көпірлі өткел, Астана – Челябі автожолында ұзақтығы 41 км
учаске, Омбы – Павлодар автожолында 15 км және Атырау – Бейнеу автожолында
ұзақтығы 64 км Қаратабан – Доссор учаскесі пайдалануға берілді.
2008 жылы жалпы пайдаланудағы автожолдарды дамыту үшін
154,6 млрд.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 126,1 млрд.теңге
(оның ішінде 105,7 млрд.теңге республикалық маңызы бар автожолдарға және
20,4 млрд.теңге жергілікті желінің трансферті) және жергілікті бюджеттен
28,5 млрд.теңге игерілді. Жөндеудің барлық түрімен 4,5 мың км
қамтылатын болады, соның ішінде республикалық желіде 2,3 мың км және
жергілікті желіде 2,2 мың км жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жылдың соңына дейін ұзындығы 579 км қайта жаңарту учаскелері
пайдалануға берілетін болады: Шонжа – Көлжат автожолының 114 км, Доссор-
Бейнеу учаскесінің 238,3 км, Орал – Ақтөбе учаскесінің 65 км, Астана –
Қостанай – Челябі учаскесінің 81 км, Таскескен – Бақты автожолының 64
км, Астана қаласын Оңтүстік айналып өтудің 17 км салу.
Жылдың соңына қарай республикалық автожол желілерінің жағдайын
64 % және жергілікті желінің жағдайын 56 % жақсарту күтілуде.
Республикалық жолдарды ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік
қажеттілік 2008 жылғы баға бойынша 19 млрд.теңгені құрайды. Республикалық
бюджеттен қажетті соманың 39 % құрайтын 7,4 млрд.теңге бөлінді. Жергілікті
желілер жолдарын ағымдағы жөндеу және ұстау үшін нормативтік қажеттілік 29
млрд.теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен қажетті соманың
26 % құрайтын 7 млрд.теңге бөлінді.
2007 жылы Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін дамыту үшін кешенді
техника-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірленді, Қазақстан
аумағы бойынша 2287 км қайта жаңартуға жатады. Жобаның жалпы құны –
804,1 млрд.теңге (шамамен 6,7 млрд.АҚШ доллары). 2007 жылдан бастап
ұзақтығы 215 км Қарабұтақ – Ырғыз – Қызылорда облысы шекарасы учаскесінде
жұмыстар жүргізілуде. 2008 жылға 2,5 млрд.теңге бөлінді.
2008 жылы 2,6 млрд.теңге бөлінген жобалық-зерттеу жұмыстары (бұдан әрі
– ЖЗЖ) көзделген, олардың нәтижесі бойынша 5 облыс бойынша 1 984 км жоба-
сметалық құжаттама) ЖСҚ дайындалатын болады. Жобаны Қарабұтақ-Ырғыз-
Қызылорда облысы шекарасы учаскесінсіз Республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын қаржыландыру схемасы анықталды, өзге учаскелер
республикалық бюджет қаражатын тартумен (Ақтөбе қаласын солтүстік айналып
өту, Шымкент қаласы арқылы өту, Алматы облысындағы Үлкен Алматы айналма
автомобиль жолына (бұдан әрі – ҮАААЖ) шығу сыртқы заемдарды тартумен және
республикалық бюджеттен қоса қаржыландырумен және де концессия негізінде
жеке инвестицияларды тарту есебінен (Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысы шекарасы
және Алматы-Қорғас).
Жалпы алғанда 2004 – 2005 жылдары жаңартылған Ақтөбе – Қарабұтақ және
Алматы – Бішкек учаскелерін қоспағанда жобаның іске асырылуы
2012 жылдың соңына қарай аяқталады.

Азаматтық авиация
Республикада 66 әуе компаниясы қызметін жүзеге асырады, 41 әуе
компаниясы жолаушылар және жүк тасымалын жүзеге асырады, оның ішінде 7-уі
тұрақты тасымал жасайды. 25 әуе компаниясы авиациялық жұмыстарды жүргізеді
(авиациялық-химиялық, орман күзету, мұнай- және газ құбырларын аралап ұшып
шығу, Каспий шельфін игеру және басқа да жұмыс түрлері).
22 әуежай қызмет атқарады, оның ішінде 15 әуежай халықаралық
мәртебесіне, 9 әуежай ИКАО санатына ие. Қазақстан Республикасының азаматтық
әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 729 әуе кемесі есепте тұр, оның
ішінде 620 ұшақ және 109 тікұшақ.
Қазақстандық әуе тасымалдаушылары (Эйр Астана АҚ, Скат АҚ)
15 шетел мемлекеттеріне ұшуларды орындайды. Қазақстанда тұрақты жолаушы
ұшуларын 19 шетел мемлекетінен 28 шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырады.
Ішкі әуе байланысы саласында 40 бағыт бойынша тұрақты ұшулар жүзеге
асырылады.
Ішкі әуе тасымалын субсидиялау бюджеттік бағдарламасының қаражаты
есебінен (2008 жылы 667 млн.теңге) 9 әуе бағыты бойынша Астананы Тараз,
Жезқазған, Петропавл, Семей, Қостанай, Талдықорған, Павлодар қалаларымен
және екі облысаралық Қарағанды-Өскемен және Қарағанды-Қызылорда бағытымен
байланыстыратын әуе тасымалдары орындалады. Келешекте 6-8 облысаралық
бағытқа дейін ашылатын болады. 2007 жылдың маусым айынан бастап бірінші рет
Шығыс Қазақстан облысында облысішілік субсидия төленетін әуе рейсі ашылады.

2005 жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта қазақстандық әуе
компанияларымен шамамен 6,2 млн. жолаушы тасымалданды (2005 жылы –
1,6 млн., 2006 жылы – 1,9 млн., 2007 жылы – 2,7 млн.). әуе тасымалының
2008 жылға болжамдалған көлемі 2,8 – 2,9 млн. жолаушыны құрайды.
2006 - 2007 жылдағы көлемнің өсімі орташа 35 % құрайды.

2007 жылы республика әуежайлары 5,4 млн. жолаушыға қызмет көрсетті,
өсімі – 34 % (2006 жылы – 4,0 млн., 2005 жылы – 3,3 млн.). Негізгі
әуежайлар – Алматы және Астана (2,7 млн. (2006 жылға 2,0 млн.) және 1,2
млн. (0,86) жолаушы, 2007 жылы жолаушы ағымының көлемі тиісінше 33 % және
36 % құрады).
Әуе кемелерінің паркі жаңартылуда. 2007 жылы Эйр Астана әуе
компаниясын операциялық лизингке 6 әуе кемесін сатып алды (соның ішінде 2
бірлік - Boeing 767300, 2 - бірлік Airbus 320, 2 - бірлік Airbus 321),
компанияның жалпы әуе паркі 18 бірлікке жетті. Республика әуе компаниялары
өз меншіктеріне халыққа қызмет көрсетуге және теңіз бұрғылау қондырғыларына
ұшу үшін 8 жаңа Eurocopter тікұшақтарын сатып алды.
2008 жылы Эйр Астана операциялық лизингке 3 әуе кемесін сатып алды
(1 бірлік - Airbus-319, 2 бірлік - Airbus -320), SCAT әуе компаниясы
операциялық лизингке Боинг-737-500 үлгісіндегі 2 әуе кемесі сатып алынды.
2008 жылдың соңына қарай әуе кемелерінің қазіргі заманғы паркі 23 бірлікті
құрады.
2009 жылы ескіргендерін алмастыру үшін қазіргі заманғы өңірлік
Ан-24 – Як-40 әуе кемелерін сатып алу жоспарлануда.
Әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастырумен Қазаэронавигация
республикалық мемлекеттік кәсіпорны айналысады. Қазақстан Республикасының
аэронавигациялық жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Жабдықтарды
жетілдіруге 2007 жылға инвестицияның жалпы көлемі 6 млрд. теңгені құрады,
2006 – 2008 жылдар кезеңінде барлығы 15 млрд. теңге инвестиция игерілетін
болады.

Су көлігі
Қазақстан Каспий бассейніндегі негізгі жүк құраушы мемлекет болып
табылады және тасымалданатын жүктердің негізгі түрлеріне мұнай, металл,
астық және тағы басқалары жатады.
Отандық теңіз сауда флотын Қазтеңізкөлікфлоты ҰТКК АҚ компаниясы
білдіреді. Қазтеңізкөлікфлоты ҰТКК АҚ компаниясының жылжымалы құрамы 16
бірлік флотты құрайды: соның ішінде, жүк көтергіштігі 12 мың тонна 3 мұнай
құю танкері, жүк көтергіштігі 3 600 тонна баржа-алаңша, 5 тіркеп сүйрегіш.
Ақтау порты – Қазақстанның бірден-бір халықаралық теңіз сауда порты.
2007 жылы Ақтау порты арқылы жүкті ауыстырып тиеу көлемі
11,0 млн.тоннаны құрады немесе 2006 жылдың деңгейінде, оның ішінде
мұнай – 9,3 млн.тонна және құрғақ жүк – 1,7 млн.тонна.
Жобалық қуатқа қол жеткізуге байланысты, Ақтау портын оның өткізу
қабілетін 20 млн. тонна мұнай және 3 млн. тонна құрғақ жүкке дейін жеткізу
мақсатында кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде мұнай құю
және құрғақ жүк айлағын, сондай-ақ гидротехникалық қорғаныс құрылысын салу
болжануда. Жобаның жалпы құны 41,7 млрд.теңгені немесе 347 млн. АҚШ
долларын құрайды.
Баутино порты мұнай өндіруші компаниялар үшін теңіз операцияларын
қолдау базасы ретінде пайдаланылады және жүктерді (жабдықтарды, құрылыс
материалдарын, жанар-жағар май материалдарын және тағы басқаларды)
ауыстырып тиеуді жүзеге асырады. Баутино портында негізінен Каспий
теңізінің шельфін игерумен айналысатын компаниялардың кемелері орналасады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын қарқынды игеру Баутино порты
инфрақұрылымының өндірістік теңіз терминалдары операторларының одан әрі
дамуын болжамдайды.
Құрық портында Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру бойынша
мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өндірістік қуаты жылына 20 млн.
тоннаға дейін, Баку – Тбилиси – Джейхан жобасына қатысуға, сондай-ақ
соған қатысты жобаларды іске асыруға бағытталған мамандандырылған мұнай құю
терминалын салу жоспарлануда.
Теңіз жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Құрық портының
акваториясында кемелер қозғалысының қауіпсіз жүйесін құру жоспарлануда.
Ішкі кеме қатынасы үш су бассейнінде: Ертіс (1719,5 км), Іле-Балқаш
(1308 км) және Орал-Каспий (956 км), ұзындығы 3983,3 км су жолы
учаскелерінде жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автожолдар
Қазақстан Республикасының автожол саласы жайында
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Көлік кешені
Инфрақұрылымдық құрауыштарды дамыту міндеттерін шешудегі инвестицияның рөлі
Халықаралық экономикалық байланыстарда көліктік қызмет көрсетудегі баға
Автокөлік жолдары
Темiр жол саласы
Көлік саласының Қазақстанның экономикасын дамытудағы рөлі мен орны
Аймақтық көлік жиынтығын мемлекеттік реттеу
Пәндер