Қазақстандағы құқықтық, демократиялық саяси мемлекет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Тақырыбы:

Орындаған: Райымбергенова К.Т.
Оқу тобы: ЮП -05

Алматы, 2010 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ- ҚҰҚЫҚТЫҚ,САЯСИ- ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ
1.1 Қазақстандағы құқықтық,саяси- демократиялық мемлекет

2 ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЗАҢЫ
2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы 
2.2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы бойынша халық билігі
2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары 

3. ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің
негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар
бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени
орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз
қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері,
атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман
қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел
болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық
сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз
осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап,
ұрпақтан - ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында
ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде
жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз
отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да
ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына
мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-
ақ сарқылып келмеске кетті. 
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз
халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс
жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық
заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң
әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы
жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр.
Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз
Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады. 
Демократия - халық билігі. Ол өз билігін еркін сайлау арқылы жүзеге
асырып, өкілдерін билік орындарына сайлайды, солар арқылы мемлекетті
басқаруға қатысады. Конституция өте ұтымды тілде билік көзі халық екенін,
тек көптің тілеуі, соның мүддесі биік екенін норма түрінде жан-жақты
баяндайды.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ- ҚҰҚЫҚТЫҚ,САЯСИ- ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ

1.1 Қазақстандағы құқықтық, демократиялық саяси мемлекет

Құқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы
белгісі ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-
намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне
қоғамның алдында тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал
осы бағытта қалыптасқан құқықтық нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты,
құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті.
Құқықтық мемлекеттің экономикалық негізі - өндіргіш күш пен өндірістік
қатынас және көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы. Құқықтық  мемлекетте
меншіктің басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы қажет.
Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін оларға
толық бостандық беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық
жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.
Құқықтық   мемлекеттің    әлеуметтік негізі — өзін-өзі басқаратын
азаматтық қоғамда адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп, олардың
жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның
әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс
бір-бірімен тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік
мемлекет.
Құқықтық   мемлекеттің моральдық негізі - гуманизм, әділеттік,
бостандық, теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының деңгейі. Осы
жоғары дәрежедегі принциптер болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені мұндай
қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі — халықтың, ұлттық тәуелсіздігін
қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың бостандығын,
теңдігін қорғап, әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды
реттеп басқару.
Құқықтық мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның,
нормативтік актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету,
халықтың рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару бағытындағы
мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
- бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны дамыту;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау. Қазақстан Республикасының
Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары
демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру.
Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды
адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және
соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін
- заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі, мемлекеттік органдар
мен лауазым иелері үшін — Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат.
Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және
азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан
мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың
емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы
үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен
қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін
жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті
орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен
шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы
керек екенін түсінуі қажет.
Құқықтық мемлекет, заңның жоғарғы мәртебелілігі, Конституцияның
мызғымас беріктігі ұлттық идеологияның негізі және түпқазығы екенін
мойындауымыз керек. Ұлттық идеология қандай болу керек, қандай
құндылықтарға құрылуы керек деген пікірлер жиі айтылады. Ұлттық идеология -
ол тәуелсіздік, берік мықты мемлекет, халық мүддесі, мемлекеттік тіл, еркін
экономика - осы мәселелер тек Конституция, заң аясында шешіледі және
дамиды. Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру - ұлтымыздың
зиялылыққа, мемлекеттілік рухта тәрбиелейтіні анық.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен
нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси
саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті
республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың
теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа
жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.
Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше
ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ
диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру,
олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады. 
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық
байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді
демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады. 
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің
Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын
бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі,
республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады.
Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады.
Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын
күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды
ойлауы керек. 
Демократиялық мемлекет құруда билік тарапынан қабылданған шешімдер ғана
маңызды болып қоймайды. Демократия дегеніміз, ең алдымен, халықтың өз
игілігі жолындағы амалы. Сондықтан шынайы демократиялық мемлекетті құру
үшін саяси үдерістерге сол тұрғындардың өздері араласқаны абзал. Міне, осы
арада халықтың мемлекетті басқарудағы басты үлгісі – сайлау алға шығады.
Нақ осы сайлау қоғамдық-саяси жариялылықтың жарқын көрінісі болып табылады.

Бірақ, сайлау өткізу мемлекеттің демократиялылығының дәл өлшемі емес.
Сайлауды демократияға сай деп тану үшін ол баламалы, жария, сайлау
үдерісіне қатысушылардың барлығына бірдей мүмкіндік және дауыс берушілердің
басымдығы жағдайында өтуі тиіс.
Демократиялық мемлекет — Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап,
тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң,
оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық
құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы
органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және
мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық
мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен
жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да
мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар
беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі —
Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық.
Баршаға түсінікті етіп айтқанда, демократия дегеніміз — халық билігі.
Халық атынан билік жүргізуге республика Президентінің, сондай-ақ өзінің
конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің ғана құқы бар. Үкімет, басқа
да мемлекеттік органдар өздеріне берілген мүмкіндік аясында ғана мемлекет
атынан билік ете алады. Ендеше, халық сайлаған депутаттардан құралатын
Парламенттің заң шығарудағы, жалпы қоғамдағы рөлі ересен. Оған берілген
өкілеттіктер біртіндеп эволюциялық жолмен кеңейіп келеді. 1998 жылы 7
қазанда қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының
Конституциясына 19 түзету енгізілген еді. Парламентке берілген
өкілеттіктер: Мәжіліс депутаттарының мерзімі 4 жылдан 5 жылға, Сенаттың 5
жылдан 6 жылға ұзартылуы, бірқатар нормалардың республикалық бюджеттің
атқарылуына, Үкімет мүшелеріне қатысты Парламенттің бақылау өкілеттігін
күшейтуге бағытталуы, сот жүйесіне байланысты және басқа өзгерістер
демократиялық реформалар жолындағы алғашқы сәтті қадамдар болды.

2 ҚАЗАҚТЫҢ АТА ЗАҢЫ

2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы 

 
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен
тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол
халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді. 
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі
Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы –
Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады. 
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым,
қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай
жасап отыр. 

Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл
мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және
бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады. 
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия”
деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына
шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген.
"Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған. 
Конституция - мемлекеттің немесе оған бағынышты органдардың саясатын
бір ізге түсіретін (реттейтін) негізгі ережелер жиынтығы. Конституция
термині алғаш рет Англиядағы 1688 жылғы революциядан соң, тақтан түсірілген
король ІІ Яков корольдіктің негізгі конституциясын бұзды деп айыпталғанда
қолданылды. Айтылған сөздің мағынасы ағылшындық болғанымен бұл кезде Англия
Конституциясы болды деп айтуға келмейді. Ең алғашқы Конституция 1787 жылы
қабылданған АҚШ Конституциясы болып табылады.
Конституцияның қабылдануы тәуелсіздікті орнықтыру мен сақтаудағы тарихи
оқиғалардың бірінен орын алады. Өйткені, қайсыбір елдің Ата Заңы болмасын,
ол мемлекеттіліктің, тәуелсіздіктің және демократиялық құндылықтардың
қолжетімділігін айғақтайтын бірден-бір басты құжат. 1995 жылдың 30 тамызы
еліміздің жаңа Конституциясының қабылданған күні ғана емес. Осы күні
бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституция елімізде саяси,
әкімшілік, экономикалық-әлеуметтік және құқықтық реформаларды одан әрі
жүргізудің аса қуатты серпінін бастап берді. Жаңа Конституция нормаларының
арқасында ғана қысқа мерзімде жас мемлекеттің экономикасы мен саясатында,
ұлтаралық келісім мен тұрақтылықта аса нәтижелі табыстарға қол жеткізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының демократиялық және зайырлы, құқықтық аспектілерін анықтау
Демократияның заманауи теориялары
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Демократия және оның түрлері
Егеменді Қазақстанның саяси ақиқат ретінде қалыптасуы мен дамуы.
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Саяси режим сипаттамасы
Демократиялық мемлекет идеясы
Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы
Руханият партиясы
Пәндер