Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1. Қазақстан халқының саны және ұлттық құрамы.

2. Қазақстандағы халық санағы.

3. Қазақстан Республикасының демографиялық құрылымы

Бүкіл ғаламшардың халықтары, яғни жалпы адамзат дегеніміз – бүкіл
әлемдік адам популяциясы. Адам популяциясының құрылымы мен санының өзгеруін
демография зерттейді. Демография (грек. демос –халық)- халықтың құрылымын,
құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-
тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Адамзаттың саны туу қарқынымен анықталады. Бұл жағынан адам кез келген
биологиялық түрге ұқсайды.
Қазақстан Республикасы халқының саны , 1997 жылғы дерек бойынша 15 млн.
33,4 мың болды. Ал, 1999 жылғы санақ қорытындысы бойынша 14 млн. 953 мың
126 адам, оның ішінде қазақтардың саны – 7 млн. 984 мың адам. Яғни табиғи
өсімнің төмендігі байқалған. Табиғи өсім дегеніміз – 1000 адамға шаққанда
туғандар мен өлгендердің айырмасы. Қазіргі таңда Қазақстандағы орташа
табиғи өсімнің көрсеткіші - 13 адамға тең болып отыр. Ең жоғарғы
Қазақстандағы табиғи өсімнің көрсеткіші 60 жылдардың ортасынан бастап 70
жылдардың басында байқалды.. Ол кездегі табиғи өсімнің көрсеткіші 32 адамға
тең болған. Халықтың табиғи өсімі республика территориясы бойынша әртүрлі
болып келеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстанда – 16 адам, Қызылорда облысы
бойынша – 14, Маңғыстауда – 12 адам болса, табиғи өсім бойынша төменгі
көрсеткіштер Ақмола облысы – 2 адам, Алматы облысы бойынша – 5 адамды
көрсетеді.
Халық санының кемуі туылғандар санының кемуі мен мигранттардың санының
артуына байланысты болып отыр. 5 жылдағы жалпы туылу коэффициенті 1000
адамға 19,1-ден 14,7-ге төмендеген. Осының нәтижесінде табиғи өсім 2,1
есеге кеміді.
Қазақстандағы халық санының өзгерісіне әртүрлі себептер әсер етті.
Мысалы, 1927 жылғы болжам бойынша 1932 жылғы халық саны 4,2 миллион адам
болуы тиіс болатын, бірақ 1932-1937 жылдардағы ашаршылықтан 2,5 миллион
адам қырғынға ұшыраған, соның ішінде қазақтар 32 пайыз, украиндар 30 пайыз,
ұйғырлар 50 пайыз, өзбектер 68 пйызға дейін азайып кеткен, халық саны 57
пайызға кеміді. Ал 1926-59 жылдардың арасындағы жүргізілген конфискілеу,
коллективтендіру және индустрияландыру кезеңдерінде жер аударғандармен
Қазақстандағы тың игерушілердің көптеп келуімен халық саны тағы өзгеріске
ұшырады. Яғни осы жылдары қазақтардың саны 60 пайыздан 30 пайызға азайса,
ал орыстар 20 пайыздан 43 пайызға көбейген. Ұлы Отан соғысы кезінде
Қазақстан 375 мың адамынан айырылған. Сонымен бірге халық санының өзгеруіне
әсер ететін факторлардың бірі – механикалық өсім. Механикалық өсім – басқа
жақтан көшіп келушілердің арқасында халық санының көбеюі.
Қазіргі кезде Қазақстан территориясында 100 астам ұлттар мен ұлыстар
өкілдері тұрады. Әрбір халықтың өмір салты әдет-ғұрпы мен дәстүрі, еңбек
дағдылары жөнінен ерекшеліктері болады. Мұнда жергілікті ұлт қазақтардан
басқа орыс, украиндар, белорустар, немістер, өзбектер, ұйғырлар және т.б.
ұлт өкілдері тұрады. Қазақтардың көпшілігі республиканың мал шаруашылығы
дамыған оңтүстік пен батыс аудандарында қоныстанған. Әрбір ұлт өзінің
ұлттық қасиеттерін сақтап қалу үшін өз жерінде үлесі 65 пайыздан жоғары
болуы керек. 1897 жылы Қазақстандағы халықтың 80 пайыздан астамы
қазақтар болса, ал 60 жылдары бұл көрсеткіш 32 пайызға кеміген. Мысалы,
1997 жылғы деректер бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлесі 51 пайыз болып
отыр. Қазақтардың ең көп қоныстанған жері Қызылорда облысы, онда облыстағы
халықтың 93 пайызы қазақтар болып табылады. Атырау облысында – 84, Ақтөбе
мен Оңтүстік Қазақстан облысында 60 пайыздан асады, ал қазақтардың ең аз
қоныстанған жері – Қостанай және Павлодар(38 пайыз). Орыстар – Қазақстанның
барлық жерінде кездеседі, бірақ ең көп қоныстанған аймағы – республиканың
солтүстік және шығыс бөліктері. Украиндар негізінен – Қостанай, Ақтөбе
облыстарында, беларустар – Солтүстік Қазақстан облысында, өзбектер –
Оңтүстік Қазақстан облысында, ұйғырлар – Алматы облысында көптеп
қоныстанған.
Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам
тiркелдi. 
1999 жылғы санаққа дейiнгi аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға
кемiген. Мұның басты себебi бұрын қуғын-сүргiнге ұшырап, Қазақстан жерiне
көшiрiлiп, қоныстандырылған өзге ұлт өкiлдерiнiң, әсiресе, орыстардың,
украиндардың, немiстердiң, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендерiне
көшiп кетуi болды. Өсу тек Оңт. Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында,
Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердiң саны 7201,8 мың болса, әйелдер
7751,8 мыңды құрады. 
Соңғы он жылда ұлттық құрамда да айтарлықтай өзгерiс болды. Мысалы,
қазақ ұлты 1468,1 мың адамға (22,9%) көбейiп, республика халқының
жартысынан астамын (53,4%-ын) құрады. Сондай-ақ, күрд (29,1%-ға), дүнген
(23,3%-ға), ұйғыр 15,9%-ға), өзбек (12%-ға) халықтарының саны да өстi. Оның
есесiне орыс ұлты өкiлдерiнiң саны 1582,4 мың адамға (26,1%-ға) кемiдi,
немiстер 593,5 мың (62,7%), украиндар 328,6 мың (37,5), татарлар 71,7 мың
(22,4%), беларусьтер 66 мың (37,1%) адамға кемiген. 1897 ж. бүкiлресейлiк
халық санағының мәлiметi бойынша, қазiргi Қазақстан аумағындағы халықтың
80%-ын қазақтар, 12%-ын славян тектес халықтар құраған. 1897 — 1913 ж.
аралығында мұндағы халық саны қоныс аударған орыс, украин, беларусь, татар,
ұйғыр, дүнген, т.б. шет жұрттықтар есебiнен 1 264,0 мың адамға көбейген. 
Қазақстан аумағындағы халық санының өсу көрсеткiшi мынадай: 1897 ж.
4333 мың адам, 1913 ж. — 5597 мың, 1939 ж. 6082 мың, 1959 ж. 9295 мың, 1970
ж. 13009 мың, 1979 ж. — 14684 мың. Кеңестiк дәуiрде, әсiресе, 1930 жылдан
кейiн Қазақстан жерiне сырт өлкеден халық толассыз келумен болды. 1937 — 44
ж. тұтас халықтарды ата жұрттарынан Қазақстан аумағына күштеп көшiру
науқаны жүргiзiлдi.  
1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi.
Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына
қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан
күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-
дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен
Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп
әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей
облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары
мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада,
Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда
қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен
Өзбекстанға көшiрiлдi.  
Одақтық үкiметтiң 1943 ж. күзде қабылдаған шешiмi бойынша келесi жылдың
көктемi мен күзiнде Қазақстанға Солт. Кавказ бен бұрынғы Қалмақ АКСР-нан
арнайы қоныс аударушылар Қазақстанға тұрақты мекендеуге көшiрiлдi. 1944 ж.
ақпанда Қазақстан аумағына чечендер мен ингуштер жер аударылды, ал наурыз
айында Қазақстанның оңт. аймағына және Қырғызияға балқарлар әкелiндi.
Л.Берияның “Қырым АКСР-ның аумағынан Кеңеске қарсы элементтердi тазарту
туралы” 1944 ж. 13 сәуiрдегi бұйрығымен Қырым татарларын, болгарлар мен
гректердi көшiру науқаны жүргiзiлдi.  
Олар Өзбекстанға және Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қоныс тептi.
1944 ж. 13 маусымда Мемл. қорғаныс к-тiнiң қаулысымен Грузиядан көшiрiлетiн
арнайы қоныс аударушыларды респ. аумағына қоныстандару туралы Қазақстан
үкiметiне өкiм берiлдi. 1944 ж. қарашада Грузиядан Алматы, Жамбыл,
Қызылорда, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына месхеттiк түрiктер
мен күрдтер күштеп қоныстандырылды. Бұдан кейiн Қазақстанға басқа
халықтардың көп мөлшерде көшiп келуi тың және тыңайған жерлердi игеру
кезеңiнде (1954 — 56 ж.) және өнеркәсiп нысандарын қарқынды салу жылдары
(1959 — 65) көбейдi. 
Осы жылдары Қазақстанда тұратын жергiлiктi халық саналатын қазақтардың
үлесi ең төм. деңгейге жеттi (30%). Қазақстан аумағы жүзден астам ұлттар
мен ұлыстардың өкiлдерi тұратын мекенге айналды. 1960 жылдан бастап көшiп
келушiлер мөлшерi бiршама азайып, жыл сайынғы мөлшерi 60 — 70 мыңдай адам
болды. 80-жылдардың екiншi жартысынан, әсiресе, 1990 жылдан кейiн
Қазақстанды мекендеген шет жұрттықтардан көшiп кетушiлер саны өсе бастады.
Қазақстан халқының саны 2003 ж. қаңтарда 14862,5 мың адамға жеттi (қ. 4-
кесте). ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Халықтың аумақтық бөлінісі
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Қазақстан халқына этнодемографяилық сипаттама
Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының стратегиясын әзірлеу
Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы
Пәндер