Фразеологизмдердің түрлері
Тақырыбы: Қазақ тілінің фразеологиясы
І.Фразеология және оның өзіндік белгілері.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.Бірінші
мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген
ұғымда қолданылады.Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы
дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп
айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да
соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз
болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып,
лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі
мәлім.Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін
танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар.
Олар: 1. даяр қалпында жұмсалу белгісі
2. мағына тұтастығы
3.тіркес тиянақтылығы
1.Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз
тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.Оның сыртқы құрылым- құрылысы
еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде
жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде
қызмет етеді де,сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді.Демек,
фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз
тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз.
2.Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына
тұтастығы.Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы
болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына
сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді.
3.Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің
біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес,
қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан.Өзара тығыз жымдасып орналасқан
сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір – бірімен иін тіресіп, өзге
сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді.
ІІ. Фразеологизмдердің түрлері
Фразеолгизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымен, бұлар бір-
бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді.Бұл белгілер, әсіресе мағына
тұтастығы, біреуінен ап – айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен
өте солғындау болып кездеседі.Сондықтан фразеологизмдерді түр – түрге бөліп
топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен
саналады.Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа
жіктеледі.1. Фразеологиялық тұтастық.
Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір – бірімен тұтасып,
әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын
тұрақты тіркестер жатады.Мысалы, мұрынынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді
дегеннен қолы тимеді, бұрылуға мұршасы болмады дегенді
түсінеміз.Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда
болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс - әрекетті, сапа мен
белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
2.Фразеологиялық бірлік.
Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте
тиянақты болып келеді. Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты
тасалануы я болмаса тасаланбауы жағынан елеулі өзгешіліктері болады. Бұлар
ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мысалы,
ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді
еске салды дегенді түсінеміз.Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз
жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған.Сол мағынаға
басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге
шалынады.
3. Фразеологиялық тізбек.
Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада
қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы
лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт
тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық
қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады.
Мысалы, бота көз, қоян жүрек,көк жұлын,аш бүйір т.д.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынадағы сөз сан алуан
сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадағы
сөз бірде – екілі сөзбен ғана шектеліп қолданады. Мысалы, көк бет, қасқа
жол т.б.
ІІІ. Фразеологизмдердің мақал – мәтелдерге қатысы.
Сөйлеу кезінде жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал –
мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып
келеді де, алдыңғысында іс - әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан
сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір – біріне
қарсы қойып салыстырады.Мысалы, Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,
жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.Атың барда жер таны, шауып жүріп,
Асың барда ел таны беріп жүріп т.б. Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі. Сондықтан да бұрыннан
келе жатқан даяр материал болғандығына қарамастан, жұрт мақалды айтуға да,
сонымен қабат тыңдауға да соншалықты құмартып тұрады.Мақал – мәтелдердің
адам баласының өмірінде қамтымайтын саласы жоқ. Соның бәрін аз сөзбен көп
мағыналы етіп білдіреді.Мақал – мәтелдердің фразеологизмдерге жуықтайтын
жері тек тілдегі даяр тұрған материал болғандығына ғана емес, мақал –
мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады.
Мысалы, Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады дегенде құстың ұшып – қонуын
ойлаймыз, ең алдымен, адам туралы, күнделікті өмір – тіршілік туралы
ойлаймыз.Құсты ұшырып- қондырып тұратын оның қанаты мен құйрығы болса, сол
сияқты адам да бірі мен бірі селбесіп, бір – бірінің тілін тауып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz