Күріш дақылының сорттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Селекция және мал азығын өндірукафедрасы

Пән: Жеке дақылдар тұқым шаруашылығы

Тақырыбы: Күріш тұқым шаруашылығын ұйымдастыру, аудандастырылған сорттары

Орындаған: Оспанова С.

АГ-401К

Тексерген: Мырзабаева Г.А.

Алматы 2010ж

Кіріспе:

Негізгі бөлім:

Күріш дақылына қысқаша сипаттама

Күріш дақылын күтіп баптау жұмыстары

Күріш дақылының сорттары

Қорытынды.

Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Ерте кездегі зерттеу жұмыстарының қорытындысына қарағанда дүние жүзіне
көп тараған дақылдардың бірі күріш деп есептелінеді. Күріш аса бағалы дәнді
дақыл ретінде 110-ға жуық елінде 150 млн.га жерге егіліп оның 90% -ы
Азияда, 4%-ы Америкада, 2% Африкада, 4%-ы басқа құрлықтарда өсіріледі.
Азия континентіндегі ең көне әрі өте маңызды азық-түлік дақылдарының
бірі күріш. Бұл дақыл әлемнің 112 елінде 145 млн. гектардан астам жерде
өсіріледі. Күріш дәннің жалпы өнімі 1990 жылы 426,6 млн. тоннаға, 1995 жылы
433,0 млн. тоннаға жетті, ал кейінгі 10 жыл ішінде күріш өндірісінің жылдық
орташа көрсеткіші 560 млн. тоннаға жеткен.
Қазіргі тарихи, археологиялық, палеоботаникалық, лингвистикалық
мәліметтер қарағанда, күріш өте ерте , көне заманнан бері егіліп, екпе
дақыл түріне айналған. Күріштің жабайы түрлерін мәдени (екпе) түрге
айналдыру 20 мың жыл және оданда бұрын Солтүстік Үнді Қытайда жүзеге асқан.
Бұл аймаққа Бирма, Лаос, Тайланд, Солтүстік Вьетнам және Юньнанидың
оңтүстік бөлігі жатады. Үнді Қытайдан күріш Қытайға жеткен, одан
Маньчжурия, Корея, Жапония елдерінде тарап, егіле бастаған. Индияның
оңтүстік-батысында да жабайы түрлерін екпе дақыл ретінде егіп өсіру аталған
аймақтармен қатар жүзеге асқан.
Вьетнамда және онымен көрші елдерде жүргізілген археологиялық
қазбаларда табылған күріш үлгілеріне қарап, Вьетнам ғалымдары бұл дақыл
Азия елдерінде бұдан 50 ғасыр бұрын егілген деген тұжырымға келіп отыр.
Өйткені халық селекциясы шығарған күріштің көптеген көне сорттары және
жабайы түрлері Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде бар. Де-Кандольдың
(1883,1885) пікірінше, күріштің шыққан жері Индия және Қытай.

Бүткіл әлемде өсірілетін дәнді дақылдардың ішінде күріштің алатын
орыны ерекше. Ол өнімділігі жағынан да, өсірілетін жер аумағы жағынан да
екінші орын алады. Күріш жер шарандағы халықтың жартысына астамының негізгі
тамағы болып есептеледі. Күріштен жасалған тағамдар Оңтүстік және Оңтүстік-
Шығыс Азия халықтары жейтін тағамдардың негізгі түрі болып табылады. Бұл
елдерде орташа есептегенде жылына адам басына сайғанда 100 кг шамасында
күріш келеді, тіпті кей елдерде бұл сан 180 кг шамасына жетіп қалады. Күріш
санскрит тілінде "дгананга" деп аталады, ал оның аудармасы " адам тағамының
негізі" болады. Бұның өзі бұл елдердегі күріш дақылына қандай аса көңіл
бөлінетіндігін көрсетеді.
Күріш дақылын пайдалану әртүрлі. Өндірісте немесе үй шаруашылығында
тек қана күріш дақылының өзі емес, оны өсіру және өңдеу кезінде пайда
болатын заттардың бәрі де пайдаға асады.
Күріш салысы қауызынан, сыртқы қабатынан тазартылғаннан кейін шыққан
өнім кәдімгі күріш есебінде тағамға пайдаланылады. Күріш күріш салысының,
жобамен алғанда 67-72 пайызын құрайды. 100 г күріштің энергетикалық қуаты
359 калория шамасында. Күріштегі құрғақ заттардың құрамының 88 пайызы
крахмал (негізінен амилоза мен амилопектиннен тұрады), 6-8 пайызы белок,
0,5 пайызы май, 0,5 пайызы қант болады. Күріш өзінің аса құнарлылығымен,
тез қорытылумымен, дәмділігімен, диетикалық қасиетімен ерекше, басқа дәнді
дақылдармен салыстырғанда, күріштің осы қасиеттері оны бірінші орынға
қояды. Сондықтан да күріш диетикалық тағам ретінде аурулар мен балаларға
тағам ретінде кең қолданылады. Күріштен әртүрлі тағамдар дайындауға болады,
көптеген елдерде күріш тағамдары нанды алмастырады.
Күрішті сыра, спирт және крахмал жасау үшін пайдаланады. Күріштің
құрамында клейковина жоқ болғандықтан, одан нан пісіруге арналған ұн жасау
өте сирек кездеседі. Дегенмен кейде нан пісіретін ұн жасау үшін күріш ұнын
бидай ұнымен араластырады.
Күріш салысын қауызынан тазартқаннан кейін оның сыртқы тетінде
алейрондық қабат, ұрық және тұқымдық қабат қалады. Күрішті тегістеген
(шлифовка) кезде осыларды бөліп алады, бөлінген өнімді мучка дейді.
Мучканың қрамында фитин, В тобындағы витаминдер, А, АЕ, РР витаминдері,
адам қанындағы холестеринді азайтатын антиоксиданттар бар. Сондықтан
мучканы В витаминін, фитин және де басқа дәрігерлік заттар алуға кең
қолданады. Мучканың құрамындағы майдың көлемі 10-13 пайызға жетеді,
сондықтан оны күріш майын алуға пайдаланады (медицинада және техникада
пайдаланылады). Осының бәрі мучканың күріштің өзімен салыстырғанда тағам
ретінде аса құндылығын көрсетеді. Осылардың бәрін кеңірек пайдаға асыру
ретінде көптеген елдерде тегістелмеген қоңыр күрішті (коричневый) тағамға
пайдаланады.
Қоңыр күріштің тегістелген курішке қарағанда пісірілуі ұзағырақ болады,
және піскен кезде тағамның түсі қызғылт болады. Сонымен қатар мучканы малға
өте құнарлы жем ретінде қолданады.
Күрішті қауызына тазартып тегістеп өңдеген кезде дәндер сынып ұсақ
күріштер (ақ ұсақ – сечка) шығады. Ақ ұсақты консерві жасау өнеркәсібінде,
спирт пен сыра жасауда қолданады. Ақ ұсақтың құрамындағы крахмал 85-95
пайызға жететін болғандықтан одан крахмал алады. Дәрігерлік салада
қолданылатын ақ ұсақтан күріш ұнын алады.

Күріш тұқымының әртүрлі сорттарының зақымдалуы
2008-2009 жж.

Сорт Зақымдалған Оның ішінде
тұқым,
%
Alternaria Fusarium Piricularia Бактерия
Рапан 61,3 24,4 71,7 0 8,6
Гарант 45,3 32,3 64,8 2,9 0
Регул 68,0 33,3 49,0 0 0
Дружный 58,6 59,1 40,9 0 0
Новатор 62,6 38,3 59,6 2,1 0
Аметис 49,3 2,7 70,3 0 0
Атлант 75,0 49,3 26,0 0 0
Маржан 63,0 30,1 42,8 22,2 4,8

Маржан сорты

Маржан. 1987 жылдан бері Қызылорда обылысында өсіріліп келеді. Орташа
піседі, вегетациялық мерзімі 112-117 күн, тұзданып кеткен жерге өсіруге
болады, жылдам көктейді, бастапқы кезде тез өседі. Өсімдіктің биіктігі 105-
118 см, шашағы 17-19 см, масқ саны 90-100. 1000 дәннің салмағы 33-34 г
болады. Сортқа мемлекеттік комиссия сынақ жасаған кезде өнімділігі 74,6
цга болған. Өңдеген кезде 65,8% ақталған күріш (күріш пен ақ ұсақ бірге)
шығады, мөлдірлігі 77%, қауызы 17-19%. Жарылуға шыдамды.
 Кубань 3. 1963 жылдан бері Қызылорда обылысында өсіріліп келеді. Ерте
піседі – 103-105 күн. Көктемгі құбылмалы ауа температурасына, жердің нашар
тегістелуіне байланысты әртүрлі тереңдікке суға бастырылуына төзімді.
Биіктігі орташа, шашағының ұзындығы 15-17 см шамасында болса әр шашағында
80-90 дай масақ болады. Дәні ақ, мөлдір, аздаған ақшыл дақ болады. 1000
дәнінің салмағы 27-30 г, қауызы 18-20%. Сабақтары құлауға бейім болып
комбайнмен жинау кезінде қиындық туғызады. Дәні жарылғыш болғандықтан
жоғарғы сортты ақталған күріштің шығуы нашар.
Новатор. Вегетациялық мерзімі 115-117 күн шамасында, биіктігі 90-100 см.
Сабағының жуандығы орташа және берік. Кубань 3 сияқты жығылғыш емес, күріш
нематодасына төзімді. Перикуляриоз бен жердің тұздануына төзімділігі
орташа. Бұл сорт қысқа сабақты сорт, биіктігі 85-90 см. Шашағы қомақты,
ұзындығы 16-18 см, әрқайсысында 120-135 масақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күріш дақыл сорттарына ауыр металлмен тұздың кешенді әсері
Күріш дақылының ауруларын анықтау
Күріш және күріш суы
Күріш дақылының ботаникалық сипаттамасы және агробиологиялық ерекшеліктері
Күздік бидайға жалпы сипаттама
Күріш ауыспалы егіс жүйесі
Күріш дақылының биологиялық ерекшеліктері
Селекция туралы жалпы түсінік туралы
Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік
Кремнийлі тыңайтқыштардың күріш дақылының өнімділігіне әсері
Пәндер