Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік
2. Кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығы, кемшіліктері
3. Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы
студенттердің кәсіби бағыттылығын қалаптастырудың психологиялық-
педагогикалық негіздері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясының негізгі қағидаларын жаңа
кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа
Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер
кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз
Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне”
барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму
деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы
Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық
басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасу үстінде. Қол
жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке
дейін” деген біздің ұлттық философиямыздың астарында үлкен мән-мағына,
терең ой жатыр.
Мақсаты: Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын
студенттердің өз бетімен таңдауы негізінде білімді шығармашылықпен игеруі
және өздік тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың
әдісі.
Кредит - студенттің оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған
бірлігі. Бір кредит 15 апталық академиялық кезеңнің әрбір аптасындағы
аудиториялық жұмыстың бір академиялық (50 мин.) сағатына тең.
Міндеті:
• Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік
• Кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығы, кемшіліктері
• Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы студенттердің
кәсіби бағыттылығын қалаптастырудың психологиялық- педагогикалық
негіздері

1. Кредиттік жүйе туралы жалпы түсінік

Кредиттік оқу жүйесі - өздігінен білім алуды. шығармашылықпен игеру
деңгейін оқу үрдісін реттеу шеңберінде білім траекториясын жеке таңдауы
және кредит түріндегі білім көлемін ескеру, арттыруға бағытталған білім
беру жүйесі.
Қазақстандық қоғамның жаңаруы, экономиканы дамытудағы стратегиялық
бағдарлар, ашық қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге
деген талаптарды да түбегейлі өзгертіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы білім беру ісінің басты мақсаты тек
білімнің білік пен дағдының жиынтығы ғана емес, осыларға негізделген
әлеуметтік және кәсіби біліктілік, өздігінен ізденіп талдау жасауға, сондай-
ақ сауатты шешім қабылдау үшін ақпаратты тиімді пайдалануға, өмірде мақсат
қоя білуге, казіргі дүниеде болып жатқан өзгерістерге бейімделуге баулу.
Оқытудың кредиттік жүйесі – бұл білім алу траекториясын студенттердің
өз бетімен таңдауы негізінде білімді шығармашылықпен игеруі және өздік
тұрғыда білімін арттыруы көзделетін оқу үрдісін ұйымдастырудың әдісі.
Кредит - студенттің оқу жұмысының көлемін өлшеудің бірыңғайландырылған
бірлігі. Бір кредит 15 апталық академиялық кезеңнің әрбір аптасындағы
аудиториялық жұмыстың бір академиялық (50 мин.) сағатына тең.
Әрбір академиялық сағатқа қосымша міндетті түрде студенттің 2 сағат
(100 мин.) өздік жұмысы жүргізіледі.
Оқытудың аяқталуының міндетті шарты ретінде студенттің кредит
бөліктерінің бекітілген көлемін алу белгіленген: теориялық оқу кредиті
бойынша 128-ден немесе 5760 теориялық бөлім сағатынан және кәсіби
тәжірибенін 10 кредиті немесе 450 сағатынан төмен болмауы керек.
Бір оқу жылы 36 аптадан тұрады, оның ішінде 30-ы теориялық оқу бөлігі.
Оқу жылы екі семестрге бөлінген. Бір оқу семестрінде студент орташа
есеппен 12-18 кредит алуы керек.
Пәндерді оқып үйренуге студенттерді ұйымдастыру, деканатқа немесе офис-
регистраторға жүктеледі. Әрбір студенттің білім траекториясын айқындайтын
дербес оку жоспарлары жекелеген студенттердің әрқайсысымен әрбір оқу жылына
эдвайзердің жетекшілігімен белгіленеді.
Кредиттік оқыту жүйесі - өзіндік білім беру мен білімді шығармашылықпен
меңгеру деңгейіне оқу үрдісін реттеу шеңберінде білім беру траекториясын
таңдау мен кредит түріндегі білім көлемін ескеру негізіне бағытталған жүйе.

2. Кредиттік жүйенің артықшылығы, кемшіліктері
Соңғы кезде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кредиттік
жүйенің енуіне байланысты әр түрлі пәндерден өзіндік жұмысты ұйымдастыруды
жетілдіру тұстарына арналған зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі
Д.Н.Асанованың Совершенствование организации самостоятельной работы
студентов по иностранному языку в условиях кредитной системы обучения
тақырыбына арналған жұмысы деп атай аламыз. Бұл еңбекте шет тілін оқытуда
студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық
негізін ашуды көздеген. Автор Қазақстан Республикасындағы кредиттік жүйеге
көшкен жоғары оқу орындарының іс-тәжірибелеріне сүйене отырып, оның
ерекшелігін талдап көрсетуге тырысқан. Әсіресе, зерттеушінің кредиттік
жүйенің артықшылығын көрсеткен тұстарына толық қосылуға болады. Мәселен,
кредиттік жүйемен оқытудың артықшылығын айта келіп, мына жәйіттерді атап
көрсетеді:
- академиялық еркіндіктің өте жоғары дәрежеде болуы;
- студенттердің өзіндік оқу әрекетінің басымдық сипаты;
- оқытушының білім беру әрекетінің дамытушылық сипатта болуы;
- студенттердің оқу әрекетінде ізденушілік бағыттың басымдығы;
- білім бағдарламаларының иновациялық мазмұнда болуы;
- білім бағдарламаларына жоғары оқу орынының таңдау компоненттерінің кең
енуі;
- оқытудың проблемалы жағдаяттық белсенді әдістерінің басымдығы;
- сабақтың сарамандық түрінің басымдығы;
- студенттердің оқу жұмысын үнемі және жүйелі түрде бақылап отырудың
басымдығы;
- білімді меңгерудің зерттеушілік деңгейге көтерілуі;
- білім бағдарламасының мазмұны мен оны меңгеру мерзімінің
деференсациялануы;
- басқа елдер мойындайтын мамандық пен академиялық дәреже алу.

3. Кредиттік жүйемен оқыту жағдайында өзіндік жұмыс арқылы
студенттердің кәсіби бағғыттылығын қалыптастырудың психологиялық -
педагогикалық негіздері
Қазақстан Республикасында орта білімнің де, жоғары білімнің де
мазмұны, құрылымы және бағыты қайта қаралып, білім беру жүйесі түгелдей
реформалануда. Әсіресе, жоғары білім беру стратегиясы мен тұжырымдамасының
жарық көруі, әр мамандық бойынша жоғары білім стандарттарының бекіп,
олардың іс-тәжірибеге енуі болашақ мамандарды дайындау сапасын көтерудің
басты шарттарының бірі болып отыр.
Қазіргі заман талабына сай педагог қадрлерді даярлау жоғарғы оқу
орындарының міндетіне айналса, соның бірі - Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогика институты екені белгілі. Бұл институтта алғашқылардың бірі
болып, 2002 жылдан бастап бүкіл білім беру кредиттік жүйеге көшті. Осы
жүйемен мектепке дейінгі тәрбие мамандары - бакалавриат, магистр дайындау
жүзеге асырылуда. Кредиттік жүйенің артықшылығы студенттердің өздігінен
жұмыс атқаруына негізгі көңіл аударуда болса, ол жұмыстарды екі түрлі
формада орындатумен қатар (сабақта және сабақтан тыс), екі түрлі формада
қабылдап, тексеріп, нәтижесін анықтап, студенттердің ізденушілігін онан әрі
дамыта түсуге жағдай молынан жасалуда. Мұндай мүмкіндік жоғары оқу
орындарының оқу жоспары мен әр пәннің оқу бағдарламасы мазмұнына байланысты
туындауда. Оқу бағдарламасы бойынша пәнге бөлінген кредиттік уақыттың үштен
екісінің студенттердің өзіндік жұмысына арналуы болашақ маманға өзіндік
жұмысты орындату жүйесі мен әдіс-тәсілдерін ғана жетілдіріп қоймай, оның
мазмұнын, мақсатын жетілдіруді керек етіп отыр. Өзіндік жұмысқа бөлінген
уақыттың молдығы атқарылатын өзіндік жұмыстардың әр маманның кәсіптік
жетілуіне, келешекте істейтін ісіне дайындығының нығаюына жағдай жасауды
керек етеді.
Студенттердің өзіндік жұмысын зерттеудің өткен тарихы бар. Бұл
мәселе қай кезде де білім беру саласындағы тиімді іс-әрекеттің бірі ретінде
қарастырылып отырылды. Өткен ғасырдың 20 жылдарынан бастап, өзіндік жұмысты
күшейту ісіне мән беріліп келеді. Бірақ әр дәуірде өзіндік жұмысты
ұйымдастыру түріне әр түрлі деңгейде қарағаны белгілі. Мәселен, өткен
ғасырдың 20- жылдары бригадалық - лабараториялық, Дальтон-жоспар, жоба,
белсенді-еңбектік әдістерді қолданып, өзіндік жұмыстар жүргізілді. Онан
кейінгі кезеңдерде (30-40 жылдары) оқытушының баяндауы бойынша берілетін
білім көзі басым болды. 50-60 жылдары поблемалық әдістерді басым қолдануға
көп көңіл бөлінді. Бұл жылдары студенттердің дайын ұғымдарды меңгеруімен
қатар, ізденушілік бағытта жұмыстар жүргізуіне көбірек көңіл бөлінгені
белгілі. Ізденушілік жұмыстар барысында олардың белсенділігі, өздігінен
жұмыстар атқаруы басым орын алуына көңіл бөлінді.
Ал, қазіргі таңда білім беру студенттің белсенді түрде жүргізетін
танымдық іздемпаздығы арқылы жүзеге асырылуына көп мән берілуде. Себебі,
танымдық белсенділік тек қана студенттің өзіндік іс-әрекетінің негізінде
жүзеге аса отырып, олардың білімді саналы меңгеруіне, білім толықтыруына,
біліктерін нығайтуына жағдай жасайды.
Маман ретінде қалыптасып келе жатқан студенттің оқу әрекетін
орындау мәдениетінің және оның кәсіптік тұрғыдан дамуының деңгейін оның
шығармашылық әрекетін, яғни өзіндік жұмысы арқылы байқауға болады.
Студенттердің өзіндік жұмысы туралы сөз еткенде алдымен өзіндік
әрекетке негіз болатын дербестікке (самостоятельность) тоқталмай кете
алмаймыз. Дербестік - бұл философиялық мәселе. Себебі адам өзін қоршаған
ортадан, оған тигізетін әр түрлі әсерлерден жекеленіп кете алмайды. Солай
бола тұрса да, әр адамның өзіндік дербестігі, бостандығы, жеке пікірі
болуға тиісті. Адамның дербестігі оның өзіндік іс-әрекет жасауына негіз
бола алады.
Ғылым жетістіктері дербестікті барлық ғылымға ортақ мәселе ретінде
қарауға мәжбір етіп отыр. Дербестікті үш аспектіде қарауға тиіспіз; оның
біріншісі -тұлғаның философиялық дербестігі –бұл оның ойлау дербестігі;
екіншісі, психологиялық- бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуі тұрғысынан қаралады;
педагогикалық дербестік –бұл тұлғаның білім алу барысындағы өзіндік әрекеті
және дамуы.
Философиялық тұрғыдан қарастырсақ, тұлға бұл өте күрделі қарама-
қайшылықтар арқылы дамитын дербес. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби қарым - қатынас мәдениеті
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі ба ғыттары
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Кредиттік оқыту технологиясы
Топтық оқыту технологиясы
Оқыту технологиясының жалпы сипаттамасы
Кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Пәндер