КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫ
1.1 Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді
пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының
ұдайы өндірісі
1.3 Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін бағалаудың әдістемелік
негіздері
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын
таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық
процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның
прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың
бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы:
нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін корпорацияды тек қана техникалық потенциалмен
қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру
қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық
ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және
тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет
көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік
ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат,
энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары корпорация капиталы деп аталады. Капитал
өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде
олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары
болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды,
яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында қызмет етеді және республиканың
ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, корпорацияның
техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және
жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика
экономикасының басты орнықтырушысы - өнеркәсіпті тұрақтандыру
тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және
технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік
топтар құруға кірісу керек. Мұнсыз дүниежүзілік рынокта бізде болашақ жоқ.
Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық
талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін
қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және
тағы басқалардың әралуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру
қажет.
Нарықтық жағдайда корпорация меншік формасына байланыссыз өзінің
меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-
жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі
өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге
жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет.
Корпорация негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы
байланысты болады, демек корпорацияның ары қарай дамуы да осыған
байланысты.
Осыдан дипломдық жұмыс тақырыбы Корпорацияның негізгі капиталын
пайдалануда жақсарту жолдары таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі
қорлар есебінің мәселесіне келесі Ресей экономист ғалымдардың И.С.
Степанова, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және тағы басқа жұмыстары,
Қазақстанның О.Окаев, Т. Ашимбаев , С.К. Хамзин және тағы басқа экономист
ғалымдардың жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу
үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі
облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектерін
енгізген.
Еліміздің Президенті ел басы Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 2 наурыздағы
жолдауында “Экономикасы бәсекегеқабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену”,
“Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында” атап көрсетілгендей
Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал
бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес.
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып,
дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық
қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды
қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару ,
құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге
қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне
жеткілікті шарт болуы мүмкін (1(, (2(.
Жазылып отырған жұмыстың мақсаты - жалпы корпорацияның нарық жағдайында
негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау жүргізу және алдағы
уақытта жоғарылату. Зерттеу объектісі - “Жамбылгипс” АҚ-ның мысалында
тиімділігін жоғарлату болып табылады. Яғни, оның келешекте экономикалық
нәтижелігін дамытып, арттыруға негізделген әдістер, шаралар анықталады.
Дипломдық жұмыстың міндеті – пайдаланылған негізгі құралдардың талдауын
жасап, кеткен қателерді анықтап оның тиімділігін арттыру жолдарын анықтау,
жөндеу шаруашылығының тиімділігін есептеу.
Жұмыстың бірінші тарауында: негізгі қорлардың жіктелімі, құрамы және
құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және
мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның біртіндеп
қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Корпорацияның негізгі қорларының
әр түрлі бағалануы қарастырылады.
Жұмыстың екінші тарауы талдау жасауда және дипломдық жұмысты жазуда
база ретінде пайдаланылатын Жамбылгипс АҚ негізгі қорларын талдауға
арналған. Талданып отырған корпорация қызметін толықтай көрсету үшін екінші
тараудың бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық
технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Корпорацияның 2
жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің
өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады.
Корпорацияның дамуына байланысты болатын оның техникалық мүмкіншілігін
тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін,
негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау
жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің талдауы,
олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық
көрсеткіштері бар.
Жұмыстың үшінші тарауында корпорацияның негізгі қорларын тиімді
пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды
пайдаланудың талдауын және есебін жүргізуді жетілдіру. Корпорацияның
негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды
арттыру корпорацияның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына
алып келетін талданатын корпорация үшін құрылыс техникасын дамыту
мүмкіншіліктері және сатылары қарастырылады.
Жұмыстың методологиялық негізгі болып корпорацияда негізгі қорлардың
есебі және талдауы сұрақтарын қамтитын мөлшерлік, заңдылық, арнаулы,
кезеңдік әдебиеттер табылады.

1 КОРПОРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ КАПИТАЛЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Нарықтық экономика жағдайындағы негізгі капиталды тиімді
пайдаланудың мәні, құрылымы мен жіктелуі.

Корпорацияның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде
немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол корпорацияның
қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық
сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі,
кіші корпорациядар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра
алмайды.
Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлшектеп жоғалтатын және ұзақ кезең
бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына
байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып
бөлінеді.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге
асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1. Еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай
фабрикаттар);
2. Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер
етеді және өндіріс үрдісіндесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде
шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының
пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең
экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде
бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік
орталықтары, корпорациядар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам
иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар
табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып
бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік
қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды,
өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік
циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте
жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр
түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік
мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы
заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде
көрінеді.
Құрылыс корпорациядарының негізгі қорларына келесілер жатады:
жылжымайтын мүлік (жер бөлімшелері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы
мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-
жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және
басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем
экспонаттары және т.б.) (3(.
Құрылыс корпорациядарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық
базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын
көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдар ішінде пайдаланады, олар
біртіндеп тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан
өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске
қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн
өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар
есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық
инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса –
тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен
сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты
төмендегілерге бөлінеді:
- өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған
жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және
құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын
құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары,
өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын
көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі
негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
- өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар
өндіріс процесіне қатыспайды, корпорация жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
- меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын
негізгі қорлар;
- арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен
белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны
аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 Жалға
берілген негізгі қорлар көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар
қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға
алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен
кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді.
Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда Ұзақ мерзімді жалға
берілетін негізгі қорлар есептейді.
- қозғалыстағы - өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын
негізгі қорлар;
- тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
- запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда
немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.
Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
- мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар,
машиналар, құрал-жабдықтар);
- мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа)
капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін
жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және
қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына
және қызмет түріне жатады.

Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты
келесі түрлерге бөлінеді:
1. Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және
құны. Жерге деген меншік құқығы Жер учаскесіне меншік құқық актісі мен
бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер бөлімшесіне меншік құқығы актісі
берілген әрбір жер саналады.
2. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет
көрсету, баспана және материалды құндылықтарды сақтауға арналған
архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек
тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін қызметтерді орындау жолымен
өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер
(шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).
Мүкаммалар (инвентарь) болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.
4. Өткізгіш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны
тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі,
құбырлар).
5. Машиналар және құрал-жабдықтар. Мүкаммалар объектісі болып әрбір
машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің
құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі
қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:
- күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны
шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға
айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер,
бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).
- күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару
процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге
арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар,
насостар, электромоторлары, эксковаторлар, грейдерлер).
- өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық
құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-
жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер,
монометрлер).
- есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және
жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б.
есептеуіш құралдар).
- басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар
және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының
құралдары).
6. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру
құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу құрамы).
Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен
бірге бөлек объектілер табылады.
7. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және
механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және
т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын,
езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар
және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық
объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
8. Өндірістік жабдықтар және құралдар - өндірістік операцияларды
жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмыс столы,
шкафтар, және т.б.
9. Шаруашылық инвентарь – конторлық және шаруашылық инвентарь
(үстелдер, шкафтар және клемдер).
10. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-
жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза егіндері, тірі
шарбақтар және т.б.).
11. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) –
шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы
шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).
12. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей
құндылықтары және т.б (4(.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты
негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы
қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау;
негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның
есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы
мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды
басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да
объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен
қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі
қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын
есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын
автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен
жедел қамтамасыз ету (6(.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып
табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы корпорацияның шаурашылық
қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық
материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді
пайдалануды көтеру қорларын тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл қорларды мұқият
экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға
болады.
Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың
негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті
тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің
материалды айналуы болып табылады.
Корпорацияның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық
және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек
өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік
құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және
жағдайын талдау мақсаты болып: корпорацияның және оның құрылымдық
бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген
қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және
шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті
бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен
факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және
комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі
қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және
тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға
берілгендер болып бөлінеді.
Қозғалыстағы – пайдаланудағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі
немесе тоқтаудағылар).
Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік
құралдары (складтағы резервте тұрғандар), қолданудан шыққан негізгі
қорларды ауыстыруға арналған.
Тоқтатылған негізгі қорлар корпорацияның немесе бөлек цехтардың
уақытша қолданысынсын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.
Жеке меншіктегі сол корпорацияға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға
алынған басқа бір корпорациянан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған
негізгі қорлар.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып
табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы корпорацияның шаурашылық
қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

Негізгі қорлардың әр саладағы үлесі

Негізгі өндірістік қорлардың түрлі құрылымы әр саладағы өнеркәсіп
корпорациядарында бірдей емес. Мысалға, ғимараттардың негізгі қорлардың
толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар –
жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар –
электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина
құрастыратын кешенді корпорациядарында (45%) (6(.
Негізгі қор бұл нақты өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай
бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар корпорациядарда
ұзақ мерзімде пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады.
Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді
және қай елдің экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі
қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі
жағдайда болып келеді.
1.2 Құрылыс материалдар өнеркәсібінің негізгі құралдарының
ұдайы өндірісі

Қазіргі нарық жағдайында ұдайы өндіріс тұсында жүріп жатқан саясат аса
маңызды мәнге ие, өйткені негізгі құралдардың сапалық және сандық жағдайына
жауап береді.
Бұл саясат тек макро деңгейде ғана емес, сонымен қатар микро деңгейде
де қолданылу керек. Ұдайы өндіріс саясатының негізгі мақсаты – макро
деңгейде шаруашылық субьектілерге ұдайы өндіріс, жаңа техникамен мүліктену,
реконструкциялар, өндірісті техникалық қайтақаруландыру, ұдайы өндірістің
жай және кеңейтілген түрлеріне қолайлы жағдай жасау. Бұл міндеттердің
барлығы да амортизациялық, салықтық, инвестициялық саясаттармен жүзеге
асырылады.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісі – жаңа құралдарды мүліктену,
реконструкциялар, техникалық қайтақаруландыру, модернизация және капиталды
жөндеулер жолымен оларды үздіксіз жаңарту үрдісі.
Ұдайы өндірістің екі нысаны бар:
- жай ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары
амортизацияның есебімен сәйкестенгенеді;
- кеңетілген ұдайы өндіріс, негізгі құралдардың тозу шығындары
амортизация есебінің сомасынан жоғары болған кезде.
Негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің басты мақсаты – корпорацияда
негізгі қорларды сапалық және сандық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар
оларды жұмысқа қабілетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы
Өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандырудың теориялық аспектілері
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУЫ
Корпорация капиталының құны мен құрылымы
Қаржылық стратегияның түрлері
Корпорацияның меншікті капиталының рөлі
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Ұйымдарды корпоративтік басқару
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Жалпы кәсіпорынның нарық жағдайында негізгі капиталдарды пайдалану тиімділігін талдау
Пәндер