Назарбаевтың идеясы және Қазақстан халықтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Конституциялық реформалардың алғышарттарын қоғамдық дамудың бүкіл
объективтік барысы әзірлейді. Олардың уақтылы ескерілмей қалуы да мүмкін,
мұндай жағдайда қажетті конституциялық реформалар кешеуілдеп жүргізіледі
немесе мүлде жүргізілмей қалады. Мұның қоғамдық қозғалыстың жүрісін тежері
даусыз.
Егер конституциялық реформалар қажетті себептерсіз, алғышарттарсыз
жүргізілсе, тіпті қоғамдық даму кезеңдерінен ілгерілеп кетсе, онда мұның
өзі оның шын болмыстан алшақтауына, сондай - ақ қоғамға теріс ықпал
жасауына әкеліп соғары сөзсіз, өйткені шешімі әлі пісіп - жетілмеген
міндеттерді алға тартуы ықтимал. Конституциялық реформа жүргізудің
алғышарттары мен сәттерін анықтаудағы қателіктердің екі жағдайда да ұзақ
мерзімдік зардаптары болады, өйткені Конституция мен оның нормалары ұзақ
бойы қолданылады, ал кей кездерде Конституцияның қате ережесін бірден
түзетудің мүмкіндігі бола бермейді. Сол себепті конституциялық реформалар
туралы, оны жүргізудің алғышарттары туралы мәселе барынша байыпты ғылыми
тұрғыдан келуді қажетсінген еді, Назарбаевтың абыройына қарай,
конституциялық реформалардың, Конституцияның өзінің негізгі идеяларының
авторы ретінде оның бұл міндетті терең ғылыми негізде барынша нәтижелі
орындап шыққанын айту керек.
Бұл міндеттерді шешу барысында ол конституциялық құрылыстың, елімізде
жинақталған тәжірибесімен және басқа мемлекеттердің орасан мол
тәжірибесімен егжей - тегжейлі танысты. Оның " Ғасырлар тоғысында "
кітабында мынадай бір айғақ бар: конституциялық реформаларға әзірленген
кезде жинақтаған мол білімі өз алдына, ол конституция жөніндегі
референдумның алдына (тіпті демалыста жүріп) әлемнің он екі елінің
конституцияларын зерделген екен.
1993 жылғы Конституция қабылданғаннан кейін де өмір бір орынында
тұрып қалған жоқ. Назарбаев өмірдің өзі - ақ оның кемшіліктерін, әлеуметтік
- экономикалық және саяси процестердің шын ахуалынан аулақ жатқандығын
көрсеткенін жазады. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
объективтік тұрғыдан қажеттіліке айналды. Осындай жағдайда ол, егкр халық
қолдайтын болса, онда конституциялық реформаларды ары қарай жүргізе беру
жөнінде тоқтамаға келеді. Конституцияны өзгерту және толықтыру қажеттігін
немесе жаңа Конституция қабылдау қажеттігін негіздегенде, ал Ата Заңның
ұзақ мерзімнің ішінде тұрақты болуға тиіс екеніне, әрі қазіргі уақытта
қанша сапалы болғанына қарамастан, Конституцияның, әсіресе, өтпелі кезеңде
өзгермей тұрмасын да ескерусіз қалдыра алмады.
Президент былай дейді: "... қоғамның бір орында тұрмайтынын, жаңа сан
қилы саплық деңгейлерге котерілетінін, кез келген мемлекеттік шешімдер мен
құжаттардың ерте ме, кеш пе, бәрібір уақыт талабынан қалып қоятындығын
ойладым. Ондай көптеген қоғам мен мемлекет өмірінде болып жатқан шын
өзгерістерді бейнелеуге тиісті Конституцияның да қашып құтыла алмайтындығы
даусыз. Сондықтан кез келген елдегі конституциялық процесс Конституцияның
қабылдануымен тоқтап қалмайды. Әлеуметтік - экономикалық және саяси
процестердің құықтық кепілдемесі қоғамдағы өзгерістер қарқынына ілесіп қана
қоймай, алға озып отыруға тиісті".
Назарбаев қысқа ғана кезеңнің ішінде Республикаданарық қатынастарын
дамытуда едәуір ілгері жылжығанымызды да, қоғамдағы күштердің арасалмағының
және Конституцияда бейнеленбей қалғанына қарамастан, 1993 жылғы
Конституцияны әзірлеу кезеңінде өзі ұсынған қадамдардың қажеттігін терең
пайымдай бастаған адамдардың қоғамдық санасының өзгергенін де ескереді.
Ендігі жерде қоғамда болып жатқан өзгерістердің халықты 1993 жылғы
Конституцияда жол берілген бірсыпыра мәмілелерден бас тарту қажеттігіне
иландыруға мүмкіндік беретіні айдан анық еді. Бұл тұста мәселені төтесінен
қою қажет болды: немесе Конституцияның мәмілеге келу барысында қабылданған
ескірген қағидаларын сақтап қалу керек, сөйтіп, қоғамдық дамуды тежеу
арқылы Конституцияның өзінің "тұрақтылығын" қамтамасыз ету қажет немесе
сеніммен алға басуды қамтамасыз ету қамымен Конституцияның өзін өзгерту
керек. Әрине, жаңа конституциялық реформа қолданыстағы Конституцияның
бірқатар қағидаларын қайта қарау үшін ғана емес, іргелі экономикалық,
қоғамдық саяси мәні бар басқа да бір сыпыра мәселелерді конституциялық
деңгейде шешу үшін қажет болғаны аян. Осы бағытта Назарбаев ықтимал жаңа
конституциялық реформаға деген негізгі жаңа көзқарастарды алдын - ала
әзірледі. Әлбетте, Конституцияны жиі өзгерте берудің жөнсіздігі баршаға
мәлім, әйткенмен де Назарбаев пен реформалаушылар қоғамдық және мемлекеттік
өмірдің бірқатар түбегейлі мәселелері хақындағы нормалары қоғамдық дамудың
келешегіне сәйкес келмейтін конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз етуден
гөрі Конституцияны өзгерту халықтың түбегейлі мүддесіне барынша сай келеді
деген байлам жасады.

1995 жылы Конституцияның қабылдану себептері

Жаңа конституция қабылдаудың Қазақстан халықтары Ассамблеясының
екінші сессиясында жасаған баяндамасында Назарбаев ашып көрсеткен мынадай
себептерін нақтылы атапкөрсеткен жөн.
Кеңестік Конституциялардағы сияқты1993 жылғы Конституцияда жерге
айрықша мемлекет меншігі құқығы берілгенде, адамдардың санасына жердің
мемлекет меншігінде болуға тиіс екені туралы түсініктің сіңгені сонша, бұл
қағидаттан ауытқуды халықтың қабылдамай тастауы мүмкін екені ескерілгені
мәлім. Әрі орасан зор алқаптарды сатып алуға кімнің шамасы келе қояжы
дейсіз. Әлбеттежерге деген айрықша мемлекттік меншікті өзгеріссіз қалдыру
нарық қатынастарының дамуына айтарлықтай кедергі келтіруі ықтимал балатын,
бірақ сол кезде одан бірденбас тарту мүмкін емес еді. Халықтың сана -
сезімінің біртіндеп өзгеруіне қарай нарық қатынастарының одан әрі дамуының
барысында егер жұрттың тарапынан қолдыу тапса, онда Конституцияның тиісті
қағидасын өзгерту арқылы нақты конституциялық шарттармен шектей отырып,
жерге ішінара жеке меншік орнату туралы мәселе қоюға жағдай туды.
Конституциялық реформа сонымен қатар орыс тілінің мәртебесін
айқындайтын қағиданы өзгерту үшін де қажетболды. Қазақстан Республикасының
1993 жылғы Конституциясында орыс тілінің ұлтаралық қатынастар тілі деп
танылғаны мәлім. Бұл іс жүзінде мәртебесі жоғары әрі қоғамдық және
мемлекеттік өмірдің барлық салаларында ресми қолданылып жүрген орыс тілінің
рөлін төмендетуші еді. 1993 жылғы конституцияда дәйектелген мәртебе орыс
тілін жеке адамдар арасындағы қатынастарда ғана қолданылатын тіл ретінде
қарауға негіз беретін. Әрі бұл конституциялық қағида бүкіл әлемге танылған
әр адамның басқалармен қатынаста тілді еркін таңдау құқығына да қайшы
келетін. Ендеше Конституция бойынша, қарым - қатынас тілін мемлекет
анықтайтын және ондай тіл орыс тілі ғана болып шығады.Сондықтан да,
Назарбаев неше мәрте қайталап айтқандай, орыс тілінің шынайы мәнін ескере
келгенде,оның конституциялық мәртебесіне өзгеріс енгізу мәселесі ашық
қойылды.Орыс тілінің мәртебесін көтеру, оны қазақ тілімен қатар қызмет
ететін тіл ретінде тану туралы ойды оның тіпті 1992 жылы айтқанын тағы да
атап көрсету керек.
Азаматтық туралы мәселенің де өткір қойылғаны белгілі. 1993 жылғы
Конституция негізінен дара азаматтық қағидасын белгілесе де, Республика
аумағынан лажсыз кеткен республиканың барлық азаматтарына, сондой - ақ
басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға ерекшелік жасалады. Егер тиісті
мемлекеттердің заңдары тыйым салмаса, оларғатқос азаматтық алу құқығы
берілді. Азаматтық хақында 1993 жылғы конституцияда орын алған мұндай
айырмашылық азаматтардың теңдігі қағидатын бұзып келгені анық. Мұның
мемлекетаралық қатынастарда кейбір күрделіліктер, сондай - ақ олардыңөздарі
азаматтары болып табылатын екі мемлекеттің алдындағы міндеттемелерін
орындауында да қиындықтар туғызуы мүмкін еді. Тегінде қос - азаматтық
Қазақстан жағдайында жаппай сипат алса, егемендіктің түп қазығы - халықтың
бірлігіне сызат түсіретіні де айқын көрінеді. Шындығына келгенде, егеменді
мемлекет үшін оның түп негізі - азаматтары мәртебесінің екіұдайлығы
туғызатын солқылдақтықтан асқан қауіп жоқ. Бұл мәселе Назарбаевтың назарына
тыс қалып көрген емес. Ол конституциялық қағида өзгергенге дейін осы қате
норманың идеясын бәсеңсіту хақында тиісті қадамдар жасап, оны өзгерту
жөніндегі пікірін ашықтан - ашық мәлімдеді. Азаматтардың толық теңдігін
қамтамасыз ету және Республиканың егемендігін нығайту қажеттігіне сүйеніп,
әлемдік тәжірибені ескере келіп, ол ешбір бүкпесіз, ешбір ерекшеліктерсіз
дара азамакттықты ғана тану қағидатын жақтап, халықтың келісімімен мұны
Конституцияда бейнелеу керектігі жөнінде кесімді сөзін айтты.
Қазақ ССР - інің 1937 және 1978 жылғы Конституцияларымен
салыстырғанда, Қазақстан Республикасының 1973 жылғы Конституциясы адам мен
азаматтың құықтары мен бостандықтары жүйесін едәуір кеңейте түсті.
Дегенмен, Жалпыға бірдей адам құқығы Декларациясының және 1966 жылғы
халықаралық Пактілердің нормаларына толық сәйкестікке әлі де қол жетпеген
еді. Адамның құықтары мен бостандықтарын одан әрі кеңейте берудің
көкейкесті қажеттіліктеріне сүйеніп, Президент құқықтар мен бостандықтарын
одан әрі кеңейте берудің көкейкесті қажеттіліктеріне сүйені,
Президент құқықтар мен бостандықтардың мемлекеттен туындамайтын,
олардың ажырағысыз сипатын, сондай-ақ бұлардың бастапқылығы жөніндегі
мәнін қамтамасыз ету үшін құқықтар мен бостандықтардың күллі
жүйесіне табиғи құқықтық тұжырымдамалық тұғыр қалау қажеттігін
негіздеп берді. Ол Кеңес мемлекетінің тарихында ғана емес, сондай-ақ
әлемнің басқа да көптеген елдерінің, соның ішінде жазғыштары әлемдік
қоғамдастықты алдаусырату үшін өздеріндегі демократиялық негіздердің
мінсіздігі мен мызғымастығы, барлық азаматтарының қолына алаусыз
ұстатылғаны жайында шындыққа бергісіз аңыздар мен әфсаналарды
бұрқыратқан елдердің тарихында да орын алған мемлекет органдары мен
шенеуніктердің қарауларына қарай құқықтар мен бостандықтары өз
ықтиярлармен кез келген шектеу мүмкіндіктеріне жол бермеуге ерекше ден
қояды.
Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық
өкілеттігін айқындап беру де - пісіп - жетілген мәселе. Осы органның
құқықтық өкілеттігін біршама өзгерткеннен кейін де оның бұрынғысынша
бұлыңғырлау қалпында қалғаны жасырын емес. Сондықтан да бұл органның
негізгі сипатына сай оның басты міндеті - заң шығару қызметімен
шұғылдану екенін айқын анықтау талап етілді, соған қарамастан күні
осы уақытқа дейін Парламент пен оның депутаттарының
өкілеттіктері бұл қызметпен ғана шектеліп отырған жоқ, демек
конституциялық даму барысында билікті бөлу арқылы оның белгіленген
саладағы рөлін одан әрі арттыру бағытындағы құзыреті әлі де дәлдене
түсуі шарт.
1993 жылғы Конституциялық жобасын әзірлеу кезеңінің өзінде-ақ
Назарбаев және көптеген депутаттар мен жұртшылық Жоғарғы Кеңесте екі
палата құру туралы мәселе көтерген болатын, дегенмен 1993 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Қазақстанға Конституциялық реформалар неге қажет болды
Елбасының қазақ әдебиетіндегі бейнесі
Мәңгілік ел
Конституция - Қазақстан Республикасының негізгі заңы
1993 жылғы конституцияның қабылдану себептері туралы
Мәңгілік ел идеясы
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Мәңгілік ел және Рухани жаңғыру бағдарламалары - жаңа Қазақстанның философиясы. Еуразияшылдық
Пәндер