Тышқан тәрізді сілтеме



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Компьютер және оны қолдану. Тышқан.

Жоспар

1. Компьютер туралы түсінік
2. Компьютерлердің қолданылуы.
3. Тышқан тәрізді сілтеме

Компьютер (ағылшынша: computer — есептегіш), ЭЕМ (электрондық
есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала
белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже
шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде
компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың
негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін
компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың,
фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген
физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп
таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.
Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған
физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік
береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының
үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық
компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе
әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті
ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны
өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық
математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға
болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық
есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу
үшін қолдануға болады.
Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер
шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Аланом Тьюринг сипаттаған
болатын.
Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару
құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар,
мониторлар, принтерлер және т.б.
Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді түсінбейді
және өз бетінше ойламайды. Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген
сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық
түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір
мән береді.
Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылшынша: to compute, ағылшынша:
computer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер есептеу, есептегіш мағынасында
аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің латынша: computo —
есептеймін сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық
құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер
жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты
айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей
байланысты емес мәселелермен де айналысады.
Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд
сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық
есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық
компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер
түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілді.
Компьютерлердің қолданылуы.
Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын
("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты). Ең
қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең
алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана
есептеулер шығаруға арналған болатын.
Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Бірінші кезекте бұлар үкіметтерге
және банктерге қажет болатын. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі
компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер
қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Кейінірек пайда болған
мәліметтер базасын басқару жүйелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Excel программасы туралы
WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ ОРТАСЫ
Windows операциялық жүйесінің негізгі функциялары
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің атқаратын функциялары
Клетканың бөлінуі. Митоз және меиоз
WINDOWS жүйесі
Операциялық жуйелер. Алмасу буфері.
Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар
Wіndows 98 операциялық жүйесі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz