Ағымдағы міндеттемелер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау.
2. Банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары.
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау.

Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол
соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан ресми түрде
жарияланады. Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы 27.01.97 жылғы №
67 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер
бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау,
сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға
міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда,
шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық
қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты
жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі құрылымына байланысты ұғымдар
кіреді.
Баланстың қанағатсыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің
өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік
есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде
болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер
міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық
механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық
саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептерін келтірейік:
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
- экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын
базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің
жетілмегендігі;
- инфляцияның аса жоғары деңгейі;
- фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
- бәсекелестің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған
сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының
төмендеуі.
2. Шаруашылық жүргізуге тікелей қатысты субъективті себептер:
- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана алмау;
- жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы, сұранысты дұрыс
зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
- өндіріс көлемінің төмендеуі;
- ұқсас, бірақ сапасы жоғары өнімдердің бағасына кейбір түрлердің
бағаларының жақындауы;
- ақталмаған жоғары шығындар;
- өнімнің төменгі рентабельділігі;
- өндіріс циклінің өте көлемді болуы;
- үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
- екі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы
жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік көрсетпеуі, инвестициялық,
бағалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай алмауы.
Кәсіпорндардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік
қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған
елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі
қалыптасқан.
Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
- банкроттықты құқықтық реттеу;
- кәсіпорын банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім
қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық,
ұйымдық қамтамасыз ету;
- перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті
жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек көрсету;
- қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
- банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
- кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың
жариялылығын қамтамасыз ету, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың
тізімін жүргізу.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативтік-
құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар
пайдаланылады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішпен сотқа баруына негіз болып
борышкердің төлеу қабілетінің болмауы табылады. Егер борышкер өзінің
міндеттемелерін 3 ай ішінде орыдай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп
саналады.
Кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150 айлық есептік
көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс сотпен қаралады.
Банкроттықтың ықтималдылығын бағалауды қаржылық талдау арқылы
жүргізуге болады, себебі ол кәсіпорынның экономикалық ауруын және одан
арылу жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның банкроттығын болжау бойынша құралдарды кең пайдалана
отырып, кәсіпорынның дағдарыс жағдайынан шығу шараларын ойластыруға
мүмкіндік туғызады. Болжау, қалыптасып жатқан тенднцияларды зерттеп қарауға
сыртқы, ішкі жағдайлардың әсерін есепке ала отырып, қаржылық саясатты
жүргізу үшін, кәсіпорынның келешегі төлем қабілетінің төмендеуі немесе
жоғарлауы қандай деген ең маңызды сұраққа жауап беру керек.
Қаржылық жағдайды болжау – перспективалық талдаудың негізгі міндеті.
Талдаудың бұл түрі, шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесінде зерттеу
негізінде, болашақ міндеттерін анықтау, стратегиялық басқару міндеттерін
шешу үшін әкімшілікті ақпараттармен қамтамасыз етуі тиіс. Мақсатқа сәйкес
талдауды жүргізу, орта мерзімді болашаққа (2-3 жыл) және ұзақ мерзімді
болашаққа негізделуі керек. Шетел практикасында, әдетте (5 жылдан жоғары)
объект үшін бизнес-жоспарды болжаудың экономикалық көрсеткіштері 3-5 жылға
жасалады.
Талдаудығ бастапқы пункті, қаржылық шаруашылық қызметінің
көрсеткіштерінің өзгеруі бір есеп беруі кезеңі мен екінші кезеңнің
сабақтастығы болып табылады. Сондықтан перспективтік талдау үшін қолданатын
бұл ақпараттар қаржылық есептен алынады.
Қазіргі экономика ғылымның өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді
болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу
мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін
қарастырамыз:
а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
ә) формаланған және формаланбаған белгіліердің жүйесін қолдану;
б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
А. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-
математикалық модельдеу қолданылуы мүмкін. Жалпы әлемдік практикада
кәсіпорынның тұрақтылығын болжау, оның қаржылық стратегиясын талдау,
сонымен қатар, оның тәуекелділігін анықтау банкроттығын болжау үшін
экономикалық-математикалық модельдер қолданады.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі
белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайымы екі факторлы модель болып
табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі
бойынша банкроттық ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэфиценті (KNO)
немесе ағымдағы өтімділік (KТΛ), яғни кәсіпорынның активтерінің өтімділігін
сипаттайтын коэффициенттікке және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
сипаттайтын қаржылық тәуелдік коэфицентіне байланысты болып табылады.
Эмпирикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер коэфиценттердің салмақты
мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір тұрақты өлшеммен қосылады, ол
да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен табылады. Егер нәтиже (Z) теріс
болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал егер Z мәні оң болатын болса,
ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін көрсетеді.
Америка тәжірибесінде мынандай коэфицнттердің салмақты мәндері
қолданылады:
● жабу немесе ағымдағы өтімділік (Кmn) көрсеткіші үшін:
(KΠ)-(-1,0736);
● баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының
көрсеткіші үшін:
(K3)-(+0,0579);
● тұрақты шама –(0,03877).
Бұдан Z есебінің формуласы мынандай болады:
Z=-0,3877+K•(-1,0736)+K•0,0579.
Мұнда:
Kтл – Ағымдағы өтімділік коэффициенті = Ағымдағы активтер
Ағымдағы міндеттемелер
K3 – Қаржылық тәуелділік коэффициенті = Заемдық қаражаттар
көздерінің жалпы көлемі

Z=0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдығы 50№-ға тең. Егер
Z0 болса, онда төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z0 болса,
онда банкроттық ықтималдығы 50%-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттың
жетіспеушілігі қиындық туғызады.
Ә. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің
акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар
белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде
ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен
айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің
аналитикалық бағалауында белгілер жүйксін қолданады. Мысал ретінде аудит
практикасын талдап қорыту бойынша комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл
көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері
келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін
көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады.
Оған жататындар:
● негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;
● ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде қысқа мерзімді заемдарды
шамадан тыс қолдану;
● мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;
● өтімділік көэффициентінің тұрақты төмен мәндері;
● айналым қаражаттарының аса тапшылығы;
● қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті
шектеріне дейін тұрақты өсуі;
● дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;
● инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында міндеттемелерді
үнемі орндамау;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі
Баланс өтімділігін талдау және оған әсер ететін активтерді қарастыру факторларды талдау
Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау
Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебін және олардың ерекшеліктерін зерттеу
Бухгалтерлік баланстың теориялық негіздерін зерттеу
Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері
Бухгалтерлік есептің қажеттілігі мен мәні
Қаржылық қорытынды есеп құрамы
Пәндер