Иранның сыртқы саясаты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Иран мемлекеті

Жоспар:

Кіріспе
1.Негізгі бөлім:
1.1 Ағылшындардың Иранды басып алуы.
1.2 1921жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік төңкеріс.

Иранның сырттықы саясаты.
1.3 Реза-шах тәртібі.
1.4 Иран екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында.
Тақырыптың мәселе өзектілігі:
Мақсаты мен міндеті.
Иранның тарихнамасы.
Жұмыстың құрылымы.
Тақырыптың көлемділік деңгейі.

2. Қорытынды:

Ағылшындардың Иранды басып алуы: Иран XX ғасырдың басында жартылай
отар ел ретінде Англия мен Ресейдің саяси билігінде болды. Оның
тұрғындарының саны 10-12млн. Адамға жетіп, онның тен жартысы отырықшы жер
шаруашылығымен айналысты. Соғыс алдында Германия Иран жерінде белгілі бір
территоррияны басып ала отырып Шығысқа Ресей мен Англия үстемдігін
әлсіретуді ойлады. Осы жылдары Германия Бағдат темір жолын салуға
кірісті, Түркия армиясының қайта құра отырып өзіне бағындыра бастады,
Парсы шығанағы мен Месопотамия арқылы Үндістерге жол ашуды ойлады. Иранның
тәуелсіздік үшін күресін сөз жүзінде қолдай отырып ол елдегі либералдық
топ өкілдерін өз жағына тарта отырып сонымен қатар чиновниктерге ақша
берді, көпестерге кредит берді, оқушы жастарға өз мектептеріне,
университеттер мен техникумдарға оқуға тарта отырып Германияны қолдауға
үгіттеді.
Бірінші дүние жүзілік соғысқа Иран қатысқан жоқ, ол өзінің
нейтралитеттігін жариялады, бірақ оның территориясы екі бір-біріне қарама
–қарсы коалицилық күштің соғыс операциялары мен саяси күресінің аренасына
айналды. Германияны жақтаушы мәжілістің бір топ депутаттары Кум қаласына
кетіп қалып онда Кум комитетін құрды. Бұл үкімет кейін герман-түркия
армиясы басып алған соң Керманшахқа айналды.Осындай жағдайда орыс ағылшын
армиялары Ирандық Азербайджан, Хузистан, Фарс, Керманшах аудандары мен
Хамаданда герман-түрік күштеріне қарсы қарулар күрес жүргізді. 1915 жылы
түрік армиясы бірнеше ирандық облыстарды Түркиямен шектесіп жатқан басып
алды, бірақ негізгі соғыс күштерінің қарым-қатынасында шешуші орында
орыстар-ағылшындар тұрды. Ресей соғыстан шыққан соң және Герман империясы
мен Османимпериясы талқандалған соң Иранның территориясын толыққа жуық
ағылшындар жаулап алды. Соғыстың басында Англия Иранды түрік армиясына
қарсы күресте плацдарм ретінде пайдаланды, ал 1918 жылдың басында бүкіл
Иран жаулап ала отырып оны Советтік Ресейге қарсы қарулы интервенция
бастау үшін, сонымен қатар отаршылдыққа қарсы қозғалыстар басу үшін
пайдаланды. Соғыстың аяқ шенінде ел экономикасы құлдырап кетті. Меджіліс
таратылып жіберді және бірнеше үкімет ауысты. Меджілістің келісімінсіз, ел
конституциясында бұза отырып англофильдікүкімет басшысы Вогус-эд-Дауле
1919жылы 9тамызда Парсыныңдамуы үшін британдық көмек туралы келісімге
қол қойды. Бұл келісім бойынша ағылшын кеңесшілері мен инструкторларына
иран армиясын, қаржыны, жол құрылыстарын, сыртқы сауда және елдің басқа да
қоғамдық-экономикалық өміріне билік етуді берді. Келісім елге ағылшын
протекторатын орнатты.
Ұлт-азаттық қозғалыстың өрлеуі: Ағылшындардың жалаушылығы және
келісімге қол қою жаппай қарсылықты тудырды. 1920жылы 7 көкекте Тебризде
реакциялық шах өкіметіне және ағылшындардың билігіне қарсы көтеріліс
басталды. Оның басшысы азербайжандық демократиялық партияның басшысы шейх
Мохаммед Хиябани болады. Көтеріліске жұмысшылармен және қолөнершілер,ұсақ
буржуазия, интеллегенция және ұлттық сауда буржуазиясы қатысты. 1919 жылғы
ағылшын-иран келісіміне қарсы талаптер қойды, Иранның тәуелсіздігін қалпына
келтіру, демократиялық реформа жургізу жәре Азербайжан ушін автономия беру.
Бұл қозғалыстар 1920 жылғы тамызға дейін созылды және ашх армиясы мен
ағылшындар кушімен басылды.
1920 жылы қайтадан Иранның басқа провициясында Гилянда ұлт-азаттық
қозғалыс басталды. Бірінші дуние жузілік соғыс кезінде-ақ бұл жерде орман
партизандарының қозғалысы (дженгемийлықтар) болып оған
шаруалар, қала тұрғындары, помещиктер, иртеллегенция қатысты. Ол
қозғалыстың басында Мирза Кучек хан болды, ол 1905-1911 жылғы революцияға
қатысқан адам. Олар соғыс кезінде патша армиясына қарсы күресті,содан кейін
Ираннан ағылшындарды қуу және ағылшын жаулаушыларымен бірігіп отырған
үкіметке қарсы шықты. Қозғалысқа қатысушылардың қойған талаптары 1905-1911
жылғы революция кезіндегі қойылған талаптар болдыелдегі билікті
орталықтандыру ,қоғамдық өмірді демократияландыру
Иранның тәуелсіздігін қалпына келтіру.
1920 жылы 5 маусымда олар Гилян республикасын жарияланды ,Иран
компартиясы құрылып оның мүшелері Гиляндағы Уақытша революциялық үкіметтің
мүшелігіне кірді. Компартиярың мүшелерірің көпшілігі Гилянда Советтік
Республика құруды жақтады, Ресейдегі октябрь революциясын түгелімен шығыста
қайталамақ болды. Бай шаруалардың жерін тәрікелеу,дінге қарсы үгіт-
насихат,базарларды жабу коммунистерден көпестерді және либерал
помещиктерді,сонымен қатар халық бұқарасырың алыстатты.1920 жылдың аяғында
Хейдар Аму-оглы бастағар Ирандық компартия жіберілген қателіктерді жөндеп
және Гилянда біріккен майдан құрмақ болғанынан еш нәтиже бермеді ,
себебі олар сенімнен айырылып қалды.Осы революциялық жағдайларды
пайдалана отырып Англия өзінің Ирандағы ұстаған саясатын өзгертіп оның
территорриясын бөліске салды және оңтүстік бөлігін Британия отарына
айналдырды. Өздерінің мақсатына жету үшін елдегі сепаратизмді жақтады және
елдің солтүстігіндегі революциялық бас көтерулерді басу үшін абрлық
мүмкіндіктерді пайдаланды.Осындай жағдайда революционерлер күресті
тоқтату туралы шешім қабылдады. Ол шешімді кеңес үкіметі мен коммунистік
партия мушелері де қолдады. Бірақ ол қозғалысқа қатысушылар арасындағы
ауыз бірліктің болмауы Гиляндағы революциялық козғалысты талқандаумен
аяқталды. 1922 жылдың басында Иранның орталық үкіметі Харарсан, Гарген,
Тебриздегі революциялық бас көтерулерді талқандады. 1920-1922 жж.

ұлт-азаттық қозғалыстың жеңілуінің басты себебі импералистік лагерге
қарсы күрестегі бірліктің болмауы, қозғалыстың шашыранқы және әр жерде әр
кезде басталуы, сонымен қатар ирандық реакциялық күштердің ағылшындарға
көмектесуі болды.
1921 жылғы 21 ақпандағы мемлекеттік төңкеріс. Иранның сыртқы
саясаты. Ұлт-азаттық қозғалысты басқанымен Қаджар монархиясы елдегі өзінің
беделін жоғалтты , елдегі сепаратизмге қарсы күреспеді және Иранның
ағылшырдардан тәуелсіздігін қамтамасыз ете алмады. Осындай жағдайда 1921
жылы 21 ақпанда (иран календары бойынша 3 хута 1299жылы)Тегеранда
мемлекеттік төңкеріліс болды. Төңкерісті ағылшындармен байланысы болған
сеид Зия-эд-Дин Табатабаи ұйымдастыруымен болды, ал оны жүзеге асырған Реза-
хан болды.Ол тарихта "Қара кабинет"ат алған.
Реза-ханның өкімет басына келуін ұлтшылдар қолдады, олар 1919
жылы ағылшындармен келісімге келген үкімет мүшелерінің әлсіздігіне қарсы
болғандар еді. Жаңа үкімет "аристакраттарға қарсы күрес" атты дикларация
жариялады,ол бойынша жұмысшылар мен шаруалардың жағдайын жақсарту,сыртқы
саясатта еркін бағыт ұстау және 1919 жылы қол қойылған келісімінің күшін
жою туралы айтылды. 1921 жылы көктемде Иран жерінен ағылшындар корпусы
шығарылды, Советтік Ресеймен келісімге қол қойды, ол бойынша Ресей басып
алған ирандық территориядан бас тартты.
Англия да өзінің сыртқы саясатында осы кезде өзгерістер еңгізді.
Советтік Ресейге қарсы интервенция жеңіліспен аяқталған соң ол енді Иранды
өзінің маңызды колониясы Индияны советтік әсерден қорғаушы мемлекет
ретінде ұсатуды мақсат етті.Дүние жааңа отаршылдыққа қарсы күрес кезеніне
енді. Ескі отаршылдық саясат енді жүзеге аспай қалды. Осы кездегі
халықаралық жағдайды пайдаланып АҚШ Таяу және Орта Шығыс елдеріне өзінің
үстемдік ету әдісінөзгертті. 1922жылы ИранғаКавама үкіметінің шақыруымен
американдық қаржы кеңесшілері А. Мильспо бастаған келді. Мильспо барлық
қаржыны,мемлекеттік түсімді, алым жинауды,мемлекеттік бюджетті жасау
және қазнаны бақылауға құқық алды.
Ал Совет үкіметі Шығыста басқаша саясат ұстады. 1917жылы Ресей
және Шығыс мусылмандарына арнау жариялап және құпия келісімдерді жариялай
отырып Иранға қарсы патша үкіметі мен Уақытша үкіметтің саясатын
әшкереледі, 1907 жылғы ағылшын-орыс келісімі күшін жойды деп жариялады.
Олкелісім бойынша алынған барлық мүмкіндіктер мен етрриториядан бас
тартатындығын айтты. Совет-иран қарым-қатынасын жақсартуды тект қана халық
бұхарасы емес көпестер мен помещиктер де жақтады, сесебі олар Ресей мен
арадағы сауданың тоқтап қалуынан көп зиян шеккен еді.
1921 жылы 26 ақпанда Москва совет-иран келісіміне қол қойылды.
Ол бойынша патша үкіметінің Иран үкіметімен жасаған келісімдерінің барлығы
күшін жойғандығын және Совет үкіметі Иранның территориялық бірлігі мен
тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін бірден бір қарсы шараға қатыспайтындығы
туралы айтылды. Совет үкіметі иран халқына барлық Иран
территориясындағы банктердегі ақшаны, құнды қағаздар мен жылжымайтын
мүліктерді, биржалар, порт Энзели, телефон және телеграф жүйелерін,
жолдармен мен пристандарды, пораходтарды қайтарымсыз пайдалануға берді.
Келісімнің 6 тармағы бойынша егер Иран территориясында Совет үкіметіне
қарсы соғыс әрекеттері үшін пайдалынатын болса онда совет армиясы
кіргізіледі және қауіп жойылған соң Ресей үкіметі тез арада өз
армиясын Ираннан алып кетуге міндеттелді.
1921 жылғы совет –иран келісімі отарлау тәртібі құлағаннан кейінгі тең
құқықта жасалған келісім болды және келешекте елдің тәуелсіз
экономикалық-саяси дамуына негіз салды . Бұл келісімді бүкіл халық зор
қуанышпен қарсы алды. Бұл келісім шартты жаңа үкіметте қабылдады. 3
хутадағы төңкеріліс тарихшылар арасында әртурлі пікірлер тудырады, оны
ағылшырдардың елдегі билігін сақтап қалудың жаңа формасы десе,екіншілері
ағылшындарға қарсы ұлт-патриоттық күштің қарсылығы деп бағалайды. Ең
негізгісі төңкеріс елде күшті өкіметті құруға негіз салды , ол елді
орталықтандырып және біртіндеп елдің тәуелсіздігін қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары
Иранның ядролық бағдарламасының мақсаты
Деректерде осы маздакиттер қозғалысы тұсында
ХХ ғ. аяғы және ХХІ ғ. басындағы жаңа геосаясат және иран ұстанымы
Иран-Америка қақтығысы
Иранның мұнай өнеркәсібін ұлттандыру
Сефевилер мемлекеті
1978-1979 жылдардағы Иран революциясы. Хомейни ролі
Соғыстан кейінгі Иран 1945-2000жж
Пәндер