Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі
Мазмұны
Кіріспе
1. Зерттеу орны – Шымкент қаласының экологиялық жағдайы.
Атмосфералық ауаның ластану жағдайы
Тұрмыстық қалдықтар проблемасы
2. Шымкент қаласында топырақтың ауыр материалдармен ластану дәрежесі.
Зерттеу жұмысы
Қорытынды
1. Зерттеу орны - Шымкент қаласының қазіргі
экологиялық жағдайы
2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұрақты әлеуметтік-экономикалық
даму тенденциясы сақталынған. Өндіріс өнімін шығару 11,8 пайызға,
ауылшаруашылығының валдық өнімі 4,3 пайызға өсті. 2006 жылғы шығарылған
өндіріс өнімі 142,5 млрд. теңгені құрайды, ал жалпы көлем индексі 2005 жыл
деңгейімен салыстырғанда 111,8%. Кішігірім кәсіпкерлікте 2007 жылдың 1
қаңтарына жалпы жұмысшы сапы 313,4 мың адамнан тұратын 115,4 мың субъект
тіркелген. Облыс экономикасының өсуі автокөліктің және Шымкент қаласында
өндіріс секторының дамуы салдарынан ластауыш зат шығарындыларының артуына,
өндіріс және тұтыныс қалдықтарын залалсыздандыруға, сондай-ақ қалалар мен
елді мекендердің іркінді суларына қатысты экологиялық проблемаларды
туындатады. Табиғат қорғау шараларына бөлінетін қаржының жеткіліксіздігінен
проблемалар тереңдей түседі. Мәселен, 2006 жылы қоршаған органы ластаудан
келіп түскен 394,353 млн. теңге төлемдердің тек 45 миллионы немесе 11
пайызы ғана табиғат қорғау шараларына
бөлінген.
Іркінді суларды тазалау қондырғыларын салуға қаржының
жетіспеушілігінен, облыс орталығында, кішігірім қалаларда және аудан
орталықтарында халықтың көбейуінен туындайтып облыстағы іркінді суларды
залалсыздандыру проблемасы бұрынғысынша өзекті орында тұр. Бүгінгі таңда
Шымкент қаласының іркінді суларын залалсыздандыруға арналған, қаламен
шекаралас Ордабасы ауданының аумағында 2093 га жерге созылған суармалы
егістік жер алаңы орналасқан. Суармалы егістік жер қаланың тазалау
қондырғыларының технологиялық процесінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Суармалы егістік жерді дайындау белгілі шаралардың орындалуын талап етеді,
яғни топырақта, ауылшаруашылық дақылдарында улы заттар жинақталмауы керек.
Сөйте тұра, суармалы егістік жердің барлық ауданы шаруаларға бөлініп
берілген, олардың көпшілігі жер пайдалану құқығының мемлекеттік
актісін алып үлгерген. Бұл жерлер көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдарын
егуге жарамсыз болса да, "суармалы" статусы бойынша бөлінген. Жоғарыда
айтылғандай, Шымкент қаласының іркінді суларын толығымен залалсыздандыру
мәселесін шешу және экологиялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін
суармалы егістік жердің және магистралдық жүйені бірыңғай технологиялық
процестердің соңғы сатысы ретінде бір қолға – арнайы су шаруашылық ұйымына
берген пайдалы. Аталмыш сұрақ бойынша ағымдағы жылдың маусым айында өткен
күн тәртібінде "Республиканың ірі қалаларында іркінді суларды тазалау
тиімділігін арттыру жағдайы мен шаралары жөнінде" қоршаған орта сапасын
тұрақтандыру мәселелерін қарастыратын Комиссияның кезекті мәжілісіне
мәліметтер дайындалған.
Облыстағы кішігірім қалалардың су шығару мәселесі өткір мәнге ие.
Мәселен, Түркістан, Шардара, Кентау, Ленгір, Ақсу қалаларының тазалау
қондырғылары шүбәлі (сенімсіз) техникалық жағдайда. Қарастырылған іс
шаралар қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты жүзеге асырылмай қалып
отыр. Іркінді су қабылдағыштарының жағдайын жақсартуда комплексті шаралар
қажет. Жаңа тазалау қондырғыларын және іркінді су жинағыштарды жабдықтау
және салуда инвестициялық бағдарламаларды қарастыру сұрағы туындайды.
Осыған байланысты, іркінді сулардың түзілу және залалсыздандыру зонасында
экологиялық қауіпсіз жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында 90-шы жылдардың
"Қазақстанның іркінді сулары" комплекстік бағдарламасын және "ОҚО
қалаларының іркінді сулары" бағдарламасын қайтадан жүзеге асыру керек деп
санаймыз. Облыста тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және
залалсыздандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жақсы дамымаған,
қоқыстарды жинау және тасымалдау бойынша арнайы және техникалық
жабдықталған қызмет жеткілікті мөлшерде емес, тұрмыстық қалдықтарды
залалсыздандыру мәселесін жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобалар
кажетті деңгейде дайындалмайды. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдармен
бірлескен іс-шаралар жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, фосфор және
қорғасын зауыттары жұмыс істеп тұрған жылдары жиналған және де Шымкент,
Кентау қалаларындағы полиметалл кендерін байытуда түзілген өндірістік және
радиоактивтік қалдықтарды, оның ішінде иондандырылған сәуле шығару көздерін
залалсыздандыру мәселелері орын алған. Облыс аумағындағы радиациялық фон
белгіленген норма шегінде -14- 17мкРсағ.
Атмосфералық ауаның ластану жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2005 жылғы статистикалық есеп
мәліметтеріне сай жалпы шығарынды 31 мың тоннаны құрайды. Бұл 2006 жылмен
салыстырғанда 12 пайызға жоғары. Яғни кәсіпорын шығарындыларының жалпы
көлемі келесі тенденцияда өседі:
1. Мұнай өңдеу бойынша – мұнай өңдеудің артуына байланысты;
2. Құрылыс материалдарын шығару бойынша – құрылыс индустриясының
интенсивті дамуына байланысты;
3. Жылу энергетикасында, қаланың – дамуына және жылу және электр
энергияларының қажеттілігі артуына байланысты және өсімдік шикізатын
өңдеуде, өсімдік шикізатын өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың көбеюіне
және шығарылатын өнім көлемі артуына байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысы
атмосфералық ауасының ен ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған,
оларға келесі кәсіпорындар жатады:
- "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ААҚ - 14254,4 тонна немесе 45,8%:
- "Энергоорталык-3" ААҚ - 1568,4 тонна немесе 5,04%;
1. "Южполиметалл" Өндірістік Корпорациясы" АҚ - 5761,7 тонна немесе
18,5%;
2. "Шымкентцемент" ААҚ- 1650,9 тонна немесе 5,3 %.
Стационарлық көздерден шығарылатын шығарындылардың құрамы бойынша
Шымкент қаласында ең үлкен үлесті ұшпалы органикалық қосылыстар (42,6 %)
мен күкірт қос тотығы (16,4 %) құрайды. Яғни, шығарындылардың ең үлкен
үлесін 3-ші және 4-ші сыныпты уыттылық заттары құрайды.
Тұрмыстық қалдықтар проблемасы
Тұрмыстық қалдықтарға немесе аталмыш тұтыныс қалдықтарына байланысты
проблема жаңадан туындап отырған жоқ. Өркениетті қоғамның пайда болуы,
халықтың өсуі және ірі мегополистердің туындауынан бүкіл әлемде коммуналдық
қалдықтардың түзілуінің артуы өзекті проблемаға айналды. Нақты мәселеге
Қазақстанның да қатысы бар. Экономиканың қарқынды дамуы, оның ішінде ұсақ
және орта кәсіпкерлік саласы, қала халқының өсуі, калалық және ауылдық елді
мекендердегі халықтың тұрмыстық жағдайының жақсаруы, тұрмыстық қалдықтарға
қатысты саладағы қызмет көрсетудің төмен деңгейі және бірінші кезекте,
оларды жинауды және арнайы полигондарда орналастыруды ұйымдастыру бөлімінде
қалдықтарды залалсыздандыру проблемасы жылдан жылға өткірленіп келеді.
Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік қаржы есебінен жұмыс жүргізетін қоқыс жинау
және тасымалдаудың коммуналдық қызметтері түгелдей дерлік тарқап кеткен,
және олардың орнына қазіргі уақыт талабына сай коммуналдық кәсіпорындар
құрылмаған. Біздің облыс орталығын алсақ, соңғы жылдары ұсақ және орта
кәсіпкерліктің даму қарқыны, халық саны мен қала аумағының өсуі бойынша
Шымкент қаласы алдыңғы қатарда шықты (Алматы мен Астана қалаларын
қоспағанда). Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, Шымкент қаласы
республика бойынша атмосфералық ауасы аса ластанған алты қаланың қатарына
кіреді екен. Атмосфераның ластануының негізгі үлесін автокөлік және ірі
өндіріс орындарының шығарындылары құрайды.
2. Шымкент қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі
Қоршаған ортаның кең көлемде ластануы әсіресе қалалар мен өнеркәсіп
орталықтарында күшті сезіледі. Өндіргіш күштердің тез қарқынмен дамуы,
еңбек өнімділігінің артуы халқымыздың хал-ахуалымен тығыз байланысты.
Адамзаттың тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланысты болғандықтан ауаның,
топырақтың және судың ластануы қазіргі кезде өзекті проблемаларды туындатып
отыр.
Қазақстан Республикасында түсті металлургия өндірісі қарқынды дамыған.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шымкент қаласының территориясында орналасқан
"Южполиметалл" ӨК АҚ-нан бөлінетін қалдық заттар ұзақ жылдар бойы табиғи
ортаны ластауда. Олардың ішіндегі негізгілері -ауыр металдардың ауаға,
топыраққа, суға таралу дәрежесі артуда; ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz