Ырықсыз зейін
Жоспар
І Кіріспе
1. Зейін туралы жалпы ұғым
ІІ Негізгі бөлім.
1. Зейіннің физиологиялық негіздері.
2. Зейіннің түрлері.
3. Сыртқы және ішкі зейіндер.
ІІІ Қорытынды
1. Зейіннің дамуы. Кейбір педагогикалық қорытындылар.
Зейін туралы жалпы ұғым
3ейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр.
Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала
көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің
шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп
шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға
көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы
көріністердіц бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін
ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады. Осындағы түрлі
кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда
азды-көпті тұрақ-ап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824—1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді: Зейін адам санасынан қорытылып
өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер
де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
Өйткені, адам өз өмірінің әрбір моменттерінде бір нәрсені қабылданды, не
есіне түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал
зейін болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен
бірлесіп келетін психикалык, әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше
сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді.
Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен,
бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан
естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой,
қиял процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің
өз ара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын
айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы
жөнді ойлап алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті қозу процесі болып
жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін совет физиологы, академик
А.А.Ухтомскийдің (1875—1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге
болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады,
осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған
алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың
күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле
оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта
олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам
бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден
(мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа
нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге
жәрдемдеседі.
Өйткені, жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз
тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен
күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.
Павловтың Қозудың оптимальдық алабы дейтін теориясы онан сайын толықтыра
түседі.
И.П. Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің
табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді. Қозу процесі
ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды, өйткені онда әр уақытта
қозу пайда болатындай жағымды оптимальдық жағдай жасалып отырады.
Оптимальдық қозуы бар осы алап — ми қабығының творчестволық бөлімі, ырықты
зейіннің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді: Бас
сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми
сыңарларының оптимальдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе, біз
ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы
өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік, бұлар ми
сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде
үздіксіз қозғалып жсүрген болар еді. Ұлы физиолог оптимальдық қозу үнемі
қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін
бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелулердіц бірінен
екінші сапқа түсуі, біреулерінің күшейіп, алдыңғы сапқа шығуы осы
оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзара
индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай
жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да, ол қалған объектілерді
байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан
сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай
алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде,
психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың,
көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т. б.) жақсы
көрінеді. Бірақ бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы
айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге
болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне қарай
бір дегеннен баланың сабақка каншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын
ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжірибесі аз жас мұғалімдерде жиі
кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей
отыру — мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық
істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті
нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы
қажет.
Зейіннің түрлері
Адамның зейінді ұйымдастырудағы белсенділігіне қарай зейін — ырықсыз,
ырықты және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді.
Ырықсыз зейін. Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз зейінді атауға
бірнеше синоним қолданылады. Кейбір зерттеулерде оны пассивті деп атаса,
екіншісінде, эмоциялық дейді. Бұл екі атау да ырықсыз зейіннің ерекшелігін
көрсетуге көмектеседі. Пассивті зейін жайы сөз болғанда, объектіге зейін
аудару, зейінді ерік күшінің қажет емес екендігі айтылады. Ал ырықсыз
зейінді эмоциялық деп атағанда зейіннің объектісі мен сол объектілерден
туатын эмоция, мүдде, қажеттілік арасындағы байланыс атап көрсетіледі. Бұл
жағдайда да зейінді шоғырландыруға бағытталған ерік жоқ.
Сонымен ырықсыз зейін дегеніміз-сананы объектіге, сол объектінің
тітіргендіргіш ретіндегі ерекшелігі шамасында шоғырландыру.
Тітіркенгіштің өзін зейін объектісіне айналдырып жіберетін кейбір
қасиеттерін қарастырайық.
Басқалардан күші басым тітіркендіргіш өзіне еріксіз зейін аударады.
Чапаев фильміндегі мына бір көрініс әркімнің-ақ есінде болар. Чанаевшылар
ақтарды хутордан қуып шыққані, жауынгерлер демалуда, айнала у-ду, ән кернеп
тұр. Дәлізге Чапаевтің ординареці Петька шығады. Петьканың жауынгерлерден
тынышталуды өтінгісі келеді. Айқайы көп шуылға көміліп, оған ешкім назар
аудармайды. Ординарец бұл жайтты түсінді, револверін шығарды да аспанға
атты. Бір сәтке бәрі тына қалды, осы тыныштықта Петька: Тынышталыңдар
азаматтар, Чапай ойланып отыр деп үн тастайды. Атылған оқ үні басқа
тітіркендіргіштерден басым болып шықты да ырықсыз зейін тудырды. Мұғалім
сабақ үстінде дауыс және сөз екпінін өзгерте отырып, оушыларда ырықсыз
зейін тудыра алады. Бір үнді мәнерсіз сөздің сырттай әсері болмайды, назар
аудара алмады. Ал айшықты, әсерлі сөз зейінді өзіне еріксіз аударады.
Кез келген тітіркендіргіш әсерлілігін арттыра отырып, зейін тартады.
Тітіркендіргіштің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Көшеге шыққан жаңа
маркалы машина, қабырға газетінің жаңа нөмірі қашанда назар аударады.
Зейіннің бұл қасиеттерін сабақта көрнекі құралдарды пайдаланғанда ескеру
керек. Егер мұғалім оған түсіндіру кезінде қажетті көрнекі құралдарды
бірден іліп қойса, онда ол оқушылар зейінін жауап беріп тұрған оқушыдан,
жалпы кластық жұмыстан басқа жаққа аударып жібереді, ал түсіндіру сәтінде
құрал жаңалығынан айрылады, сондықтан зейін тартарлық қосымша фактордан
ажырайды. Міне, осы себептен де, мектепте жылдар бойы ауыстырылмайтын сурет
галереясы болғаннан гөрі (ол бірте-бірте назар аудармайтын болады) ауық-
ауық ауыстырып тұратын тақырыптық сурет көрмелерін өткізген жөн.
Әсер етуші тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы ырықсыз зейін
тудырады. Осыны ескеріп оқушыларға ескертпе жасай бергенше, кейде сабақты
түсіндіруді тоқтатып, олардың зейінін аудару үшін шағын үзіліс жасау
пайдалырақ. Ескертпе жасау зейінді тәртіп бұзған оқушыға бұрып жібереді
және оқушыларды сабағынан алаңдатады. Кейде класта толық тыныштық орнауын
күтпей-ақ әңгімелеуге кірісіп кеткен дұрыс. Әңгіме, сабаққа мойын ұсынбай
отырған оқушылардың назарынп аударады.
Тітіркендіргіштердің жоғарыда айтылған ерекшеліктері оны аз уақытта
зейін объектісіне айналдырады. Ырықсыз зейіннің бір нәрсеге ұзақ уақыт
тоқталуы, сол нәрсеге қажеттілікке, оның эмоциялық мәніне және мүддеге
байланысты, Тамаққа деген қажеттілік оны ешуақытта тамақ талғағыш болып
көрмеген адам үшін зейін объектісі етеді. Тағам елесі және ол жанындағы
әңгіме аш адамның кашанда ойында тұрады. Қажеттілікті өтеген зат ырықсыз
зейін аударудан қалады.
Таным процесіне эяоциялық жарқын реңк беретін заттар (қанық әр түрлі
түстер, әуезді үн, хош иіс) зейіннің ырықсыз шоғырлануын туғызады, Ырықсыз
зейіннің пайда болуы үшін интеллектуалды, эстетикалық және моральдық
фактордың мәні бұдан да зор. Таңдандыратын, сүйсіндіретін, шаттандыратын
объект назарды ұзақ ұстайды. Көркемөнер шығармалары сезімге күшті әсер
етіп, ырықсыз зейін аудартады, сөйтіп пайда болған таным ынтасымен бірге ой
қызметін құбылысты санаға терең сіңіруге бағыттайды.
Ынта әдетте сезімдермен байланысты және заттарға деген ұзақ ырықсыз
зейіннің аса маңызды, себептерінің бірі болып көрініс береді. Таным
процесінде адамды қызықтыратын — мүлде белгісіз нәрсе емес және бар жайы
түгел белгілі нәрсе де емсс. Таным ынтасын тудыратын — белгілі нәрсе
бойындағы жаңалық. Оқушылардың ынтасын көтеру, сол арқылы олардың ырықсыз
зейінін арттыру үшін сабақтың мақсатын айта келіп, оқушылардың нендей
жаңалықпен танысатынын атап айту, ал қорытындысында олардың не үйренгенін
атап өту пайдалы. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыруға бағытталған
методикалық тәсілдер әр түрлі. Мысалы, шет тілді игеруін орнықтыру үшін әр
түрлі қызық ойындар ұйымдастыруға, көрнекі құралдар (әр сөзге сәйкес
суреттер көрсету) қолдануға, шетел тілінде тақпақ оқытып, ән салғызуға
болады.
ЬІрықсыз зейінге ынтаның көмегі тиетін сабақты құрудығ жалпы
психология принциптері мына төмендегілер болып табылады: материалдық
мазмұндылығы, тартымды әңгімелеу, жұмыс түрлері мен әдістерінің сан
алуандығы, мұғалімнің іске берілгендігі, сабақтың жандылығы мен
эмоциялық қанықтылығы.
Ырықты зейін. Ырықты зейінді белсенді немесе ерікті деп те атайды.
Терминдердің бәрі зейінді объектіге шоғырландыруда инициативаның субъект
жағында екенін баса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz