Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық үлгісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі
формаларының қалыптасуы
1.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық
үлгісі.
1.2 Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру және мемлекет
иелігінен алу процесінің ерекшеліктері.

Қорытынды

1 Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы

Республикамызда нарықтың қарым – қатынастарды қалыптастыру бағытында
көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Оның сан алуан, тәуелсіз және тең
құқықты субъектілерінің болуы – нарықты қалыптастыру ен оның тиімді жұмыс
істеуінің қажетті шарты . Бұл мемлекет меншігіндегі кәсіпорындардың негізгі
бөлігін мемлекеттік басқару органдарына тікелей бағынудан құтқарып, оларды
акционерлік, кооперативтік және тағы басқа кәсіпорындарға айналдыруда қажет
етеді.
Қазақстан Республикасының “Меншік туралы заңының” біршама ерекшеліктері
бар. Сөз болып отырған заң – алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап
берді. Сөйтіп біздің республикамызда да меншіктік алуан түрлілігіне тұңғыш
рет заң жүзінде рұқсат берілді. Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін
екінші бір түріне өзгерту мүмкіндігі және оның аралас түрлерінің
болатындығы да ескерілген. Сол себепті бұл Заңда отбасы мен шаруа
қожалығына, кооперативке, шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктерге,
қоғамдық ұйымдар мен қорларға, діни ұйымдардың меншіктеріне аранлған арнайы
баптар бар.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 -шы бабында 1995жыл 30-шы
тамыз былай айтылады:
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік және
бірдей қорғалады.
2. Меншіктік дүниелер өздерінің пайдалануларымен қатар қоғамдық
игілікке қызмет көрсетілуін міндеттейді. Меншіктің субъектілері мен
объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен
шектері, оларды қорғау кепілдіктерді заңмен белгіленеді.
3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өнімдіктер мен жануарлар дүниесі,
басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер сондай – ақ
заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы
мүмкін.
Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен
олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде анықталады.
Мемлекеттік меншік өзі атын айтып тұрғандай мемлекеттің меншігі.
Республика аумағындағы мемлекеттік меншіктің субъектісі Қазақстан
Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану және
билік ету құқығын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы атынан белгіленген
тәртіптер бойынша Парламентке жүктелген. Ол бұл құқықтарын Үкіметке беруі
мүмкін.
Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып екіге
бөлінеді.
Республикалық меншік республикалық қазақстан және заң құжаттарына
сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген
мүліктен турады. Республикалық бюджет қаражат, алтын –валюта қоры мен алмас
қоры, тек қана мемлекеттік меншік объектілері және мемлекеттік заңды
тұлғаларға бекітіліп өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Ресапубликасының
қазынасын құрайды. Сонымен қатар, Республика қазынасының қатарына жер, оның
қойнауы, су, өсімдіктер жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
жатады.
Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
коммуналдық заңды тұлғалардға бекітіліп мүліктен тұлрады.
Дәл казіргі сәтте Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және
мемлекеттік меншік, сонымен қатар, осы екеуіне тән негізделген меншіктің
әр түрлі түрлері заңды деп саналады. Олар:
➢ Арендалық кәсіпорынның меншігі;
➢ Кооперативтердің меншігі ;
➢ шаруашылық қоғамы мен серіктестіктің меншігі;
➢ Акционерлік қоғамның меншігі;
➢ Ассоциациялардың және бірлестіктердің меншігі;
➢ Қоғамдық ұйымдар мен қорлардың меншігі;
➢ Діни ұйымдардың меншігі.
Сонымен, нарықты экономикаға көшуге байланысты меншік қатынастарын
қайта құру өзекті проблемалардың біріне айналып отыр. Меншік формаларының
бүкіл қоғамдық организмнің өзін - өзі ұйымдастыру, өзін - өзі реттеуінің
қажетті шарты. Бұл жағдайда меншіктің әр түрлі формасы өз орнын табады.
Меншіктің әр түлрлі формалары бұл олардың механикалық жиынтығы емес,
олардың динамикалық біртұтастығы, олардың бір – бірімен диалектикалық өзара
байланыстылығы.

1.1 Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің қазақстандық
үлгісі.

Рыноктық экономикаға көшу меншік қатынасын түбірімен өзгертуді талап
етеді. өйткені, шаруашылық субъектілері рынокта өз жұмыстарына өздері жауап
беретіндей, соған әрдайым мүдделі, еңбек нәтижесін толық мағынада
иеленетіндей болуы керек. Мұндай талаптар дәрежесінен шығу үшін рынокта
ресурс иелері бір-біріне қарама-қарсы әрекет етіп, жұмысты тиімді
ұйымдастыру шарт.
Советтік кезеңде мемлекет меншігінің үлесі шамамен 90 прроцентке
дейін жетті, ал одан басқа колхоздардың, кооперацияның, жеке азаматтардың
үлесі өте аз мөлшерде болғаны ақиқат.
Міне сондықтан да меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру
рынокке көшу барысындағы аса маңызды мәселе. Біріншіден, қазіргі күрделі,
қиын жағдайда әлеуметтік ахуальды бәсендетуде, еңбекшілерді әлеумметік
қорғауда, олардың тұрмыс жағдайын, тікелей жақсартуда мемлекет күші жетпей,
әлсіздік көрсетуде. Міне осындай жағдайда меншіктің бірқатар бөлігін
шаруақорлықпен пайдалана білетіндерге беру тиімді болары сөзсіз. Екіншіден,
өндірісті дамыту, баға мен өндіріс шығындарын кеміту, тек бәсеке механизмі
әрекет еткенге шейін, халық шаруашылығын тұрақтандыру мақсатымен,
бақылаудан шығып бара жатқан инфляция құбылысын реттеу үшін финанс- кредит
қатынасын қатты қолда ұстау қажет, яғни шығындарды азайту мақсатымен
жоғарғы салық ставкасын, жоғарғы банк процентін енгізу керек. Әрине, мұндай
жағдайда экономика ойдағыдай, тиімді дами алмайтыны халыққа ауыртпалық
салатыны да белгілі. Ал, рыноктық қалыпты қызмет етуі үшін монополиялық
үстемділікті жою және жекешелндіру өте қажет. Мемлекеет иелігінен алудың
мәні мынада. Тотенше мемлекеттік экономиканы көп укладты аралас экономикаға
көшіру. Ол болса, мемлекетті бір орталықтан басқару қызметінен босатып, көп
меншілітілі басқару формасына көшуді қамтиды. Бұл процестің өзі өте
күрделі, ал меммлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әрқилы.
Олай дейтініміз, біріншіден мемлекет иелігінен алуды меншік иесін
ауыстырмай, тек орталықтан басқаруды өзгерту жолымен жүргізуге де болады.
Дегенмен түбінде меншік қатынасын алмастыруды күн тәртібіне қояры сөзсіз.
Мысалы, аренда кезінде негізгі қорлар иесі өзгермейді, алайда оның өніміне,
айналым қорларына арендатор иелік етеді, осымен байланысты меншік қатынасы
да өзгеше сипатқа ие болады. Ал, аренда кезінде сатып алу болса, бұл
жекешелендіруді көрсетеді.
Жекешелендірудің субъектісі физикалық мағынада жеке азаматтар, заңдық
мағынада- кәсіпорындар, ұйымдар. Жекешелендіру субъектісі еңбек коллективі
болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қазіргі әйгілі коллективтік кәсіпорын идеясы
орын алады.
Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің объектілері- мемлекеттік
мүлік, оның ішінде өндірістік, материалдық айналым қорлары, мемлекет
кәсіпорындарының финанс активі, тұрғын үйі қоры т.б.
Сонымен, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру бағдарламасын
жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік меншіктің басым көпшілігі жаңа
субъектілерге көшуі тиіс, сөйтіп, ресустарды пайдалану мен ұдайы өндірудің
экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік әділеттілкті ұштастыратын болады.
Ал, мемлекеттік меншікті үлестіре салу оп-оңай мәселе емес, ол, үлкен
талдауды, заңдылықты талап етеді.
Парламентіміз қабылдаған заң актілерінде, дағдарысқа қарсы
бағдарламада, ақырында, 1993-1995 жылдарға арналған мемлекет иелігінен алу
мен жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасында мемлекеттік меншікті одан әрі
өзгертудің жолдары айқын белгіленеді. Сансыз кедергілерге тап болып, қолды
бір сілтегендер де, ісі ыңғайға келмей, әрі сәрі күй кешкендер де жетіп
жатыр. Ал енді осы шақтағы бейберекетсіздік пен бақылаусыздықты, ақшаның
құнсыздануын, бағаның тұрақсыздығын пайдаланған алып сатарлар толып кетуі
қынжырлық жәй. Осындай бұра тартушылық пен жасырын жекешелендірушілік басым
түскен бірінші кезең осымен аяқталады. Бұрын еңбек стажына қарай әр адамға
тұрғын үй купондары есептелген. Енді әр адам 100 қалада 120 селода
инвестициялық купондар тиесілі болды. Міне, мемлекеттің тең мүмкіндік беруі
осы, мемлекет бағыт сілтейді, басқа да ұйымдық шаралар жүргізеді.
Кәсіпорындарда акциялардың 20% ұжымға, 5% басшылыққа дегендей әңгіме болды.
Ал енді адамдардың бәрі бірдей кәсіпорындарда емес қой, сонда басқа
қызметкерлер неңің 20% алады. Сонымен бірге бірінші кезеңде бізде жұрттың
бәрін мүлікті, мүлік иесі етеміз деп келдік. Бұл болмайтын нәрсе еді. өз
еңбегімен адал тұратын 100 отбасын алып қарасақ, солардың әрқайсысы
еңбегіне, қабілетіне, ұмтылысына қарай әрқалай тұрады. Бірінші кезеңде
істелген жұмыстар мен жиналған тәжірибелер біздің кең ауқымды
жекешелендіруге кірісуімізге мүмкіндік береді. Сындарлы элемент ретінде
жекешелендіру бірқатар маңызды әлеуметтік экономикалық міндеттерді шешуге
тиіс. Сондықтан да екінші кезеңде мемлекет меншікті ауыстырудың бірыңғай
саясатын жүргізуді алға қойды. Мемлекет тарапынан нені жекешелендіру керек,
нені мемлекеттен сатуға, сатып алуға болады, осы мәселелерді реттейтін әділ
экономикалық тетік қажет болатын. Бұл үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР жекешелендіру мәні, кезеңдері және оны жүргізу әдістері туралы мәлімет
Меншік мемлекет иелігінен алу
Қазақстан Республикасында меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы
Қазақстандағы жекешелендіру: заңдық-нормативтік негіздері, кезеңдері, нәтижелері
Қазақстандағы жекешелендірудің негізгі түрлері, әдістері, қорытындысы және қайшылықтары
Жекешелендірудің мәні, түрлері және қазақстандағы жекешелендіру үлгісі
Меншік саяси - экономикалық категория ретінде
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Қазақстандағы жекешелендіру процесі және оның ерекшеліктері
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесінің ерекшеліктері
Пәндер