Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі педагогиканың негізгі міндеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі
педагогиканың негізгі міндеті

1. Жеке тұлға туралы түсінік
2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық - әдіснамалық негідері.
3. Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптасудың ең маңызды факторлары.
4. Субъектінің іс-әрекеті – жеке тұлғаның дамуының факторы.

Жеке тұлға туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе
жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жай жақты
үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен калыптасуы мәселесінің көп
ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспсктілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында
қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума
қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның
қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті
философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын
тапқан.
Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан
табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз
тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам
өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің
әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық
жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де пайда болады.
"Әлеуметтік мұрагерлік" адамның коғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде
орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық
және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық
тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік
тіршілік иесіне айналады.
Психологияда "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар,
бірақ олардың кебісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз
әлеуметтік қатынастар мен сапалы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид.
Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның
әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық
дамудың белгілі бір деңгейіне ие.
Жеке тұлға - бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық.
Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың
"өзегі" бар деп мойындайды, олар оны "Мен -жүйе" немесе жай ғана "Мен" деп
белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама үғым
болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, кадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның
қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденциялярының,
әлеуметтік белгілер мен қасисттердің айқын және өзіне тән ерекшелігінің
көрініс табуы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасистінің деңіейі арқылы
анықталады. Бұл орайда "адам", "жеке тұлға" деген ұғымдардың қатары
"даралық" деген ұғыммен толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғанын басқа бір тұлғаның
айырмашылығын, оның ешкімг ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін
сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінін ерекше
белгілері мысалы, шығармашылық қызмет-әрекеті мен қабілеттілігінің
өзгешелігі арқылы ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең
білімдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген
ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді.
"Даралық" ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір
тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін
ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым "индивид". Бұл соз латын
тілінен алыған және оның қазақша баламасы "жекелік". Уғым ретінде бұл сөз
адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді. Бұл
орайда әрбір адам индивид болып табылады. "Жеке тұлға" ұғымы мен онымен
байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке
тұлғаның "дамуы" мен "қалыптасуы" ұғымдарыңын мәнін ашу педагогика үшін
маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, онын қасиеттері мен
"сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене
жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі.
Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ме болады.
Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы – оның бойында
болып жатқан сапалық өзгерістер. Мінез-құлықтың реактивті формалары
белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке айналады, дерестік
пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да
өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Педагогика мек психологияда жеке тұлғаның қалыптасуы термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда
болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын
білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін менен
тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру.
Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды
әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар,
құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі
бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта, табиғат жағдайлары әсер
етеді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасындағы тәрбие
ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік
қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал шығын
педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы
адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-
аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін
ұйымдастыру.
XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша - қайта құру, өзгерту) деген
философиялық ағым төмендегідей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке
тұлғаның барлық қасиеттері бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын
ғана білдіреді. Бұл орайда әлеуметтік факторлар мен тәрбиенің маңызы жоққа
шығарылған.
Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бірінші
орынға койып, тәрбиенің күшін жоққа шығаратын бұл теориялар XIX ғасырдың
аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі ерекше бір батыттың
пайда болуына себепші болды, бұл бағыт "педология", яғни тура аударғанда
"балалар туралы ғылым", "балатану" деген атқа ие болды. Қазіргі уақытта
ғалымдардың көбісі педологияны индивидтін сәби., жас өспірім, жастық
шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретінде қарастырады.
Социалистік құрылыс
жағдайларында біздің елімізде педология өкілдері баланың дамуының
биогенетикалық заңын белсенді түрде насихаттаған және соған сүйене отырып
балалардың әлеуметтік теңсіздігін түсіндіруге тырысқан.
Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-
педагогикалық ойдың тарихы материалистік ілімде және оның бір бағытында -
материалистік диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкілдері жеке
тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторларды тереңірек зерттеп қана
қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның
даму процесіне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсетті. Қоғамның тарихын
талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекеті өндірістің
дамуы мен көркеюіне, әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына, ғылыми білімнің
молаюына, рухани өмір мен өнегелілік-эстетикалық мәденнеттің баюына себепші
болды деп көрсетті.
Осылайша қоғамдық игілікке ие болып және оны дамыта отырып, адам
әлеуметтік тіршілік иесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ыкпалының
мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық
табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тікелей табиғи тіршілік
иесі, сондықтан ол бойына біткен нышандар ретінде көрініс тапқан табиғи
күштерге ие деп сенді. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ - ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗІ
Педагогиканың теориялық, методологиялық негіздері. Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы
Мұражай педагогикасы
Ауыз әдебиеті өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас халықтық құралы
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Шәкіртке тиісті оқу материалын
МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІН АНЫҚТАУ
Пәндер