Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері.

Жоспар:

1. Жеке адамның бағыттары.

2. Ауру адамның психалохиясын зерттеу тәсілі.

3. Психалохиялық қызметі мен клиникалық диагностикаға байланысты.

ЖЕКЕ АДАМНЫҢ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
Жеке адам өзін-өзі анғара алатын, тек өзіне тән биологиялық және
әлеуметтік қасиеттері мен сипаттары қалыптасқан нақтылы қоғамның жеке
мүшесі болып саналады. Психикалық құрылысы мен физикалық ерекшелігі жағынан
бір-біріне ұқсайтын екі адам болмайды. Осыған байланысты дәрігер жалпы
ауруды емес, нақтылы сырқатты, жеке адамды емдеуі керек. Жеке адам туралы
айтқанда, әрине, оның физикалық және психикалық құрылысы ерекше еске
алынады.
Жеке адамның биологиялық және әлеуметтік қасиеттері оның әр түрлі
жағдайларына байланысты. Бұл екі ұғым бір-бірімен байлайысты және өзара
тәуелді, яғни адам әрі қоғамдық-әлеуметтік, әрі биологиялық табиғи тұлға.
Жеке адам қасиеттеріне: темперамент, мінез, бағыттылық, қабілет жатады.
Темперамент— жеке адамның биологиялық іргетасы, тікелей жүйке
саласынан туындайтын тума қасиеті. Темперамент термині Гиппократ заманынан
бері бар. Оның түсінігі бойынша, адам темпераменті организмдегі араласатын
бір сұйықтың басымдылығына байланысты. Мысалы, қан (сангиус), денеден
бөлінетін шырыш (флегма), бауырдан бөлінетін ет (холе) және көк бауырда
(талақтан) бөлінетін өт (мелане холе). И. П. Павлов тәжірибе жүзінде
темпераменттің физиологиялық негіздерін зерттеді. Оның пікірінше,
темперамент — әрбір жеке адамның, жалпы қасиеті және оның қызмет
ерекшелігін туғызатын жүйке жүйесінің негізгі сипаттамасы.
Темперамент төртке бөлінеді. Холерик жігерімен, эмоциялық дағдарысқа
жиі ұшырауымен, аумалы-төкпелі мінезімен, ұшқалақтығымен көзге түседі.
Сангвиник—көңіл күйі көтеріңкі әрі құбылмалы, ширақ, қиыншылық пен
сәтсіздікті қиналмай жеңетін жылы жүзді, көпшіл адам, Флегматик — баяу және
байсалды кісі, қайғысын сыртқа білдіре бермейді. Көңіл күйінің ауысуы
босец. И, П. Павловтың айтуынша, бұлар өмірдің қажымайтын еңбекқорлары.
Меланхолик — белсенділігі төмен, тез шаршағыш, сезімі ауыр, сырт көзге
байсалды, ұялшақ, қорқақ, батылсыз, көңіл күй ауысуы өте баяу адам.
Гпппократ темпераментінің төрт типі адамдар мен жануарлардың жоғары
жүйке қызметінің типтерімен ұқсас. Павлов орталық жүйке жүйесінің типтерін
бөлгенде ми қыртысындағы қозу мен тежеу процестерінің үш қасиетіне
сүйенген. Адамдарды жүйке саласының ерекшеліктеріне қарай төрт типке, яғни
төрт темпераментке бөледі. Бірақ бір адамныц өзінде әр темпераменттің
белгілері білінуі мүмкін. Мысалы, тақта жанында тұрып, сабақ білмеген
баланы меланхолик, ал стадионда өз командасының, мықты жанкүйері болған
баланы холерик деуге келеді. Әйтсе де адамның әр жақты болуына байланысты,
оны жүйке саласының нақты бір типіне сыйғызу қиын. Жануарларға, адамдарға
жүргізген байқаулар темпераменттің жағдайға, жасқа байланысты өзгеріп
отыратынын көрсетті. Жүйке жүйесінің нақты типін, темпераменттердің таза
түрлерін тек арнаулы лабораториялық жағдайларда аспаптардың көмегімен
зерттеуге болады. Темперамент адамның сыртқы кескінінде өз белгісін
қалдырып отырады. Бірақ темперамент адамның әлеуметтік тұрпатын анықтай
алмайды. Мысалы, Крылов пен Кутузов — флегматик, I Петр, Пушкин, Суворов
пен Павлов — холерик, Герцен, Лермонтов, Наполеон — сангвиник, Гоголь мен
Чайковский — меланхолик т. б. Кез келгеп темпераменттегі адам ақылды не
ақымақ, адал не арам, мейірімді не мейірімсіз, талантты не талантсыз болуы
мүмкін. Сондай-ақ адамның мамандық таңдаудағы іс-әрекетіне темпераменттің
қатысы бар. Мысалы, жүйке жүйесі әлсіз меланхолик адамнан ұшқыш, ғарышкер
шығуы екіталай.
Адам мен жануарларға тән жүйке жүйесінің осы типтерінен басқа академик
Павлов сигналдық жүйелер (бірінші және екінші сигнал) туралы ілімді жарыққа
шығарып, адамды үш типке бөлді. Мұндай типтерді сипаттау негізіне ол
сигналдық жүйелердің басымдығын алды. Мәселен, бірінші сигналды жүйесі
басым адамдарды суретші типіне жатқызады. Олардың психологиясының басты
ерекшелігі — сыртқы дүниені тікелей сезіп, бейнелеу мүмкіндігі. Бұл
адамдардың киялы бай, айналадағы ортаны көркем-эстетикалық бояумен
қабылдайды (Л. Н. Толстой, В. А. Моцарт, И. В. Гете т. б.) Павлов екінші
сигнал жүйесі сәл басыңқы адамды ойшыл типке жатқызды. Мұндай адамдар
талқылауға, талдауға, абстракті ойлауға ерекше қабілетті келеді. Павлов
осымен қатар адамдардың жүйке саласының аралық типінің болатынын айтты.
Айналадағы орта (отбасы, ұжым, тәлім-тәрбие т. б.) бұл типтердің
қалыптасуына, өзін-өзі жетілдіруге үлкен ықпал етеді.
Неміс психиатры Э. Кречмер Дене құрылысы және мінез атты кітабында:
Темперамент дене құрылысымен тығыз байланысты деді. Оның ойынша, дене
құрылысы нәсіл (ген) арқылы берілетін бейімділік жиынтығы бола тұра,
адамның конституциясын құрайды. Басқаша айтқанда, дене құрылысы — ішкі
биологиялық қатынастардың сыртқы пішіні. Ол темпераментті шизотимдік және
циклотимдік деп екіге бөледі. Қалыпты жағдай мен патологияның, психикалық
денсаулық пен психоздың арасындағы айырмашылықтармен қатар, адамдарда
кездесетін циркулярлық (маниакальді-депрессиялы) психозды циклотимиктердің
ауру жағдайындағы темпераменттік ерекшелігі деп есептеді. Шизофрениялық
психозды Кречмер шизотимдік темпераменттердің қалыптағы шеңберінің бір түрі
деп, ал қалыпты жағдай мен психопатиялық аурудың арасындағы циклондты-
шизоидты тип деп ажыратты. Ол сонымен қатар циклотимдік және шизотимдік
конституцияны, яғни циклондты психопатия мен циркулярлық психозды,
шизотимия мен шизоидтық психопатияны, шизофренияны бір қатарға қойып
қарастыруды дұрыс деп санады. Кречмердің пікірінше, дене құрылысына
байланысты темпераменттің негізгі екі түріне: цнклотимдікке — пикникалык,
ал шизотимдікке — астеникалық темперамент сәйкес келеді. Осы типтер
схема түрінде дидактикалық қажеттілікке байланысты ғана алынған еді. Өмірде
бұл типтер айтылғаннан басқаша кездесіп отырады.
Циклотимдік конституциялы адамның бойы аласа, аяғы мен қолы қысқа;
орта жасқа келгенде мойны жуандап, беті жалпайып кетеді. Циклотимдік
темперамент айшаладағылардың қайғысы мен қуанышын бөлісетін қайырымды,
сыпайы адам болып келеді. Мұндайлар көбіне ширақ және көңілді болады, кейде
көңіл күйі төмендеуі де мүмкін.
Шизотимдік констнтуциялы адамның бойы биік, денесі ұзын, аяқ-қолы
жіңішке және арық, кеудесі қушық келеді. Шизотимдік адамдар кісіге салқын,
парықсыз, селқос және өзімшіл болады. Оларда қайсарлық, фанатиктік және
әдепсіздік те жоқ емес, көбінесе өздерімен-өздері болып, айналадағы
тіршілікке немқұрайды қарайды.
Кречмер жоғарыда аталған кітабы мен Медициналық психология атты
еңбегінде қалыпты конституция мен психопатияның (циклондтік, шизоидтік),
психоздардың (циркулярлық, маниакті-ауытқыма) және шизофренияның арасына
шек қоймайды. Ғалым темперамент адамның жалпы мінездемесі екенін, ол
адамныц туа пайда болған биологиялық сапасына негізделгендігін әрі жеке
адамды егжей-тегжейлі анықтай алмайтынын, тек адамныц бойындағы көп
қасиеттердің бірі екенін айтады.
Кісінің бірсыдырғы тұрақты және тұрлаулы қасиеті өмір сүру барысында
жүре-бара пайда болып, қалыптасатын адамның жеке-дара ерекшелігі мінез деп
аталады. Мінез бітістері тарихи-әлеуметтік, қоғамдық жағдайдағы әсерімен
адамның айналасына, өзіне, іс-әрекетке, жиһаз, дүние-мүлікке қатынасына
қарай өзін-өзі басқару, тәрбиелеу мәселелерімен астарласып жатады. Мінез
бітістері сан алуан (жаман, жақсы, қыз мінезді, ит, шошқа мінезді т. б.).
Адамның мінезі нақты ісі, жақсы-жаман қылығы, тәртібі арқылы білінеді.
Мінездің қалыптасуында ерік-жігер елеулі орын алады. Күш-қайраты берік
адамның мінезі де берік болады. Мінез тәрбиесінің педагогикалық практикада
мәні зор. Батыл адамның ісі де батыл, адамгершілігі күшті адамның ісі де
игілікті. Мінез кездейсоқ қылықпен емес, ол адамның жалпы өмірлік
ұстанымымен анықталады. Адам туралы сөз болғанда, алдымен оның басқа
адамдарға, қоғамға қарым-қатынасының қандай екендігіне назар аударады.
Осыған орай, мінездің ұжымдық, дербестік, адамгершілік, шыншылдық,
кішіпейілділік, сондай-ақ мейірімсіздік, қатыгездік тәкаппарлық, жалғандық
сияқты бітістері көзге түседі. Мәсслен, еңбекке байланысты еңбек сүйгіштік
немесе жалқаулық, жинақылық, ұқыптылык пен салақтық т. б. мінез бітістері
көрінетін болса, адамның өзіне өзінің қатынасының талап етушілік,
жайбарақаттылық, өзін сыилаушылық не дәріптеушілік, сыпайылық пен менмендік
сияқты бітістері туындайды.
Жас балалардла өзімшілдік, эксцентристік бітістер байқалады, өйткені
оларда ұжымдық сезім әлі қалыптаса қоймайды. Мәселен, көп жағдайларда 2—3
жастағы бала ойыншықтарын бөліспей, жалғыз ойнайды. Осы жағдай кейіннен
ересек болғанда көрініс тапса, онда олардың мінез бітістерінің қалыптасуы
бұрыс жолға түскенін байқауға болады.
Медициналық психология тұрғысынан ауру адамның өз дертіне көзкарасының
маңызы зор. Өз дертін елемеушілік не оған мән бермеушілік, орынсыз
батырсыну, не оған ерекше мән берушілік т. б. жайттар өмірде жиі кездеседі.
Профессор В. II. Мясищев айтқандай, дәрігердің ең басты мақсаты — ауру
адамның өз дертіне дұрыс көзбен қарауына мәжбүр ету.

Жеке адамның бағыттылығына оның қажеті мен қалауы, тілегі мен
құштарлығы, бейімділігі мен қызығушылығы, оған негізделген пікірі, арман-
тілегі мен сенімі, мұраты мен талғамы жатады. Бағыттылықтың қоғамдық
маңызы, сондай-ақ мінездің белсенділігі бұл жерде негізгі көрсеткіш болып
есептеледі.
Адамның талап-тілегі мен мақсат-мүддесі жасына, біліміне, тәрбиесіне
қарай үнемі өзгеріп отырады. Мәселен, 3—5 жастағы балалардың білуге деген
тілегі неге, не үшін, бұл не деген сұрақтар арқылы көрінеді. Мектеп
жасына дейінгі балалардың көңілі ойыншықтары жалпы ойын атаулыға, сурет
салуға, табиғатқа, ертегі, әңгімелерге, қызықты оқиғаларға ауа бастайды.
Мектепке барған соң оқуға, жеке сабақтарға ықыласы, қызығушылығы артады.
Бала әуелгі кезде ертегілерді, кеннен шытырман оқиғалы фантастикалық
кітаптарды, есейген шақта адамдар арасындағы қарым-қатынастарды баяндайтын
кітаптарды оқуға құмарланады. 16—20 жастарда дүниетарну, пәлсапа,
психология, қоғамдық қызмет және өмірдің сан алуан құбылыстарына байланысты
ынта ықылас пайда болады. Жеке адамның талаптануы мен ұмтылысының,
тілегінің, ынта-ықыласының негізгі мақсаты — кісі болып көрінудің асыл
армандары.
Жеке адамның психологиялық құрылымына қабілет, дарындылық, талант
сияқты ұғымдар да кіреді.
Қабілет — адамның бір жұмысты нәтижелі, үздік орындауынан көрінетін
жеке-дара психикалық қасиет. Қабілеттер жалпы, арнаулы, практикалық болып
бөлінеді. Мәселен, арнаулы қабілетке спорттық, эстетикалық, математикалық
т. б. жеке қабілеттер жатады. Қабілетсіз адам болмайды, ал жөнді дамымаған
қабілет іске аспайды. Қабілетті дамытудың ең негізгі көзі — қиын да қызықты
творчестволық еңбек.
Дарындылық— адамның балалық шағында көрінетін қабілеттің жоғары түрі.
Дарындылық — адамның іштен туатын қабілеті, ол жүйке саласына,
талдағыштарына анализаторына қатысты нышандардың жиынтығымен байланысты.
Талант. Бұл адамның есейіп ер жетіп. кемелге келген кездегі жоғары
қабілеті. Талант шығармашылықпен егіз. Талантты адам бұрынды-соңды болмаған
іс-әрекеттің кез келген саласында өзіндік жаңалық жасайды. Мәселен, суретті
айнытпай көшірген адам талантты емес. Оның салған суреті бұрын-соңды
кездеспеген дүние болғанда ғана, ол талантты деген атаққа ие болуы мүмкін.
Психологияда данышпандық деген ұғым кездеседі. Ондай адам қоғам үшін тарихи
және зор маңызы бар жаңалықтар ашып, адамзат өркениетін дамытуда тұтас бір
дәуірді қамтуы мүмкін. Психология ғылымында осы ұғымдардың (дарындылық,
талапт, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы
Жеке тұлға тәрбиесі
«Жеке адам» түсінігі
Жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Адамның дербес психологиялық қалыптастырудағы тұқымқуалау мен орта факторлары туралы ақпарат
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
Жеке тұлғаның дамуы
Субъектінің әрекеті - жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде
Тұлға және даралық
Пәндер