Эндоплазмалық тордың түрі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Эндоплазмалық тор

Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер электронды микроскоптың көмегімен тауық балапандарының фибробластарынан тапты . Фирбобластарды бояп және бекітіп барып, жарық микорскопымен қарағанда бояуды жақсы қабылдайтыны анықталды . Ал, эндоплазма аумағының қуыстары мен түтіктерден тұратынын және олар бір -бірімен байланысып барып, күрделі тор түзетіні анықталды . 1950 жылдары өте жұқа кесіндіні жасау әдісі жетілгеннен кейін эндоплазманың құрылысы толық анықталды . 1953 жылы К Порте р оған эндоплазмалық тор деген ат берді . Эндоплазмалық тор негізінде барлық эукариоттарда жақсы жетілген . Бұлшықет жасушаларындағы эндоплазмалық торды саркоплазмалық тор деп атайды .

Эндоплазмалық тор - оргоноид цитоплазманың ішінде бір -бірімен тығыз байланысқан түтіктердің, көпіршіктердің қапщықтардың жиынтығынан тұратын күрделі жарғақшалар жүйесі . Эндоплазмалық тор екі түрге бөлінеді: 1 . түйіршікті немесе гранулалық эндоплазмалық тор . 2. тегіс немесе агранулалық эндоплазмалық тор.

Әрбір жасушада эндоплазмалық тордың екі түрі бірдей кездеседі .

Түйіршікті немесе грануларлы эндоплазмалық тор - ұзынша келген түтіктер мен қуыстардан тұрады . Қуыстардың ені -20 нм, кейінде олардың диаметрі бірнеше мкм дейін барады . Бұл құбылыс эндоплазмалық тордың қызметіне сәйкес өзгеріп отырады .

Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша эндоплазмалық тордың шұрықтары ядроның жарғақшаларымен тікелей байланысқан . Сондықтн ядроның қабықшасы эндоплазмалық тордың бір бөлігі болып саналады .

Түйіршікті эндоплазмалық тор жарғақшасының гиалоплазмаға қарағанда бетінде тығыз түйіршіктер орналасды, оның екіншісінен айырмашылығы да осында . Бұл түйіршіктерді зерттегенде оның тұратыны анықталды. Сондықтан бұл тордың жарғақшасы протеолиттік ферменттер мен қуыз синтезделу әрекетіне қатысады . Түйіршікті эндоплазмалық тор ақуыз синтездейтін жасушаларда жақсы жетілген, себебі рибосомлар ақуыз синтездеу процесіне қатысады . Рибосомада синтезделген ақуыз малекулалары эндоплазмалық тордың қуысына түсіп, ол арқылы ақуыз малекуласын жасушаның қажетті жеріне тасиды . Негізгі бездік және эмбриондық жасушаларда кездеседі . Жетілген эритроциттерде, көк жасыл балдырларда эндоплазмалық тор болмайды . Эндоплазмалық тордың құрылысы мен даму ерекшеліктері жасушаның түріне байланысты .

Мысалы, эндоплазмалық тор секрет бөлеті, әсіресе, ақуыз синтездейтін жасушаларда жақсы дамиды . Түйіршікті эндоплазмалық тор кейбір жасушаларда шашыраңқы мембрана түрінде, ал кейбіреулерінде шоғырлар түзіп кездеседі . Мысалы, бауыр жасушаларында эндоплазмалық тордың шоғырланған аймағы Берг и денешігі, ал нерв жасушаларындағы эндоплазмалық тордың шоғырланған аймағын Ниссель енешіктері деп атайды. Электронды микроскоп арқылы осы аймақтың эндоплазмалық тор түйіршіктері мен түтіктерден тұратыны анықталды .

Эндоплазмалық тордың қабырғасы плазмалық және басқа жасушалық мембраналар сияқты липопротейттік мембранадан тұрады. Бірақта эндоплазмалық тордың мембранасы жұқа, тегіс және өзгергіштігі түрліше болады, бір қабаттағы фосфолипиттердің құрылысы өзгеше, ал олармен байланысты холестерин жоқ және ақуыздар да өзгеше

Биохимииялық әдістерді қолдна отырып, эндоплазмалық тордың негізгі компоненттерін жсушадан бөліп алуға болады. Ол үшін жасушаны дифференциялды центрифуг арқылы фракцияға бөледі . Одан алынған жасуша гамогенатты басынан ядро макрасома және микросома фракциялары алынады. Осф микросома фракциясында ақуыз биосинтезі жүретіні толық анықталды, себебі миросома фракциясында эндоплазмалық тордың көпіршііктері және рибосомалары орналасқан, ал егер сол фракциядағы эндоплазмалық тордың фракциясын ерітсе, онда таза рибосомалар бөлінеді .

Митоз . Карикоинез немесе тікелей емес бөліну жасушалар бөлінуінің кең тараған тәсілі . Жасушалардың митоздық бөлінуі жөнінде көптеген жұмыстар жарияланды . Мұндай жасушаның ьөліну жолдары көбею барысының маңызды кезеңі болып табылады . Тұқым қуалаушылықтың негізгі қызметін ядро жиынтығы атқаратын болғандықтан, митоздық бөлінуге кеңінен тоқталамыз .

Митоздың бөлінуі кезінде жасушалардың барлығында, әсіресе хромосомаларда, күрделі өзгеріс болады.

Митоз екі кезеңнен тұрады : 1. Митозды бөлінуге дайындық кезеңі - оны интерфаза деп атайды . 2. Бөліну кезеңі ( митоз )

Жасуша ядросының бөліну процесі митоз бірінен кейін бірі реттесіп отыратын төрт фазадан тұрады : профаза, метафаза, анафаза және телофаза .

Профаза - митоздың бірінші фазасы . Мұнда ядроның торлы құрылысы хромосома ширатылады, осыған байланысты ДНК -ның жіпшесі біренше есе қысқарады және жуандайды, оны жарықтың көмегімен көрсететін микроскоппен көруге болады .

Профаза - хромосомалардың конденсациялануы мен митоздық аппараттың қалыптасу кезеңі деп қарастырылады. Профазаның бастапқы кезеңі ядрода жіңішке жіптер - профазлық хромосомалар бйқала бастайды . Бұл хромосоиалардың конденсациялану процесінің салдары . Осы кезеңде әрбір хромосома бір -біріне жанасқан екі ширатылған жіптерден -хроматиттерден тұрды .

Ағзалар жасушасы үш бөліктен : қабықша, цитоплазма және ядродан тұрады .

Цитоплазма - плазмалық жасуша арқылы бөлінген жасушаның ядросын қоршап жататын қоймалжың зат . Ол - динамикалық күрделі, көп қосымшалы жасуша жүйесі, жасушаның митобализмдік процестер жүреді . Цитоплазмада гиалоплазма, органеллалар және тұрақсыз қосылыстарды ажыратады . Цитоплазма негізін гиалоплазма түзетіндіктен, құрамы әр текті болады . Жасушаның ішкі құрылымын бнлгіоеу үшін 1840 жылы чех ғалымы Пуркинье « протаплазма » деген терминді ұсынған . Протаплазма жасушаны құрайтын тірі зат кариоплазма мен цитоплзмаға бөлінеді . Бұл екі терминді ғылымғ енгізген 1882 жылы польшалық ботаник Страсбургер болды .

Цитоплазма - плазмалық жасуша арқылы бөлінген, жасушаның қоймалжың ішкі ортасы болып табылады . Ал ағза тіршілігіне қажетті оргонойттар гиалоплазма және қалып деп аталатын массадан орналасады .

Цитоплазма- жас жасуша кеңістігін толтырып тұратын түссіз, мөлдір, қоймалжың, кілегейлі, түйіршікті зат . Цитоплазманың серпімділік, жартылай өткізгіштік және басқа сұйық заттармен араласпайтын ерекше қасиеттері бар . Цитоплазманың басты қасиеттерінің бірі - үнемі қозғалыста болуында . Қозғалысы көбіне айналмалы және тасқынды түрде болады . Айналмала қозғалыста зат алмасу процесі жақсы жүреді . Цитоплазма қозғалысымен бірге ондағы оргонойттар да қозғалады . Цитоплазманың барлық жағдайы, қозғалысы сыртқы ортамен тығыз байланысты . Цитоплазманың химиялық құрамы күрделі .

Цитоплазма - жасушаның күрделі құрылымды кешені . Мұнда тірі жасушаға тән тіршілік белгілерінің бәрі бар . Цитоплазма өсімдік жасушасының брлық тірі компоненттерінің қажетті тіршілік орны субстрат .

Жасуша цитоплазмасында мембраналы және мембранасыз компоненттер екздеседі . Мембранасыз компоненттерге микротүтікшелер құрамында микротүтікшелер кездесетін оргонойдтар, микрофилламенттер, микрофибрилдер жатады .

Мембраналы оргоноиттарға эндоплазмалық торлар, лизосомалар . Гольджи комплексі, митохондриялар жатады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эндоплазмалық тор
Паренхималық клетка
МИТОХОНДРИЯ
Жануарлар мен өсімдіктер клеткаларының морфологиясы
Жасушаның зерттеу әдістері
Плазмалық мембрана
Органелллалар
Цитология және гистология
Жасуша органеллалары қозғалысы
Клетканың морфологиялық құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz