Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Экономиканы мемлекеттік реттеу»

кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Жастар девиациясы әлеуметтік мәселе ретінде

Оқытушы: Сихаева. А.

Студент: Мағауина Е. К.

Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс

Тобы: 212

Алматы 2008

Жоспар

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Жастар нашақорлығы қоғамдық дерт ретінде

2. 2 Жастар ортасындағы нашақорлану факторлары

III. Қорытынды

Қосымша

Кіріспе.

Қоғамның өтпелі кезенде, қоғамдық өмірдің көптеген саладағы дағдарыс жағдайында болғанда, әлеуметтік процестердің динамикасы асоциальдық және антисоциальдық сипатындағы- зорлау мен дүниеқорлық арқылы жасалатын қылмыстар, маскүнемдік, нашақорлық және таксикомания, жөзекшелік, амориялизм сияқты мінез-құлық риякциясының өршуін туғызуы белгілі.

Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, әс-әрекеттері жатады.

Нормадан ауытқу жағымды және негативті, жағымсыз болуы мүмкін.

Негативті мінез-құлық мынадай түрлерге бөлінеді: аморальды-қоғамда қабылданған мораль нормаларына қайшы келетін қылықтар, деликвентті -қылықтар құқық, соның ішінде қылмыстан басқа нормаларға қайшы келеді, және қылмыстық-қылмыстық заңдылықтар нормасын бұзады.

Жасөспірімдер мен бозбалалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлері бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі :

  1. реактивті негізделген( қашып кету, суицидтер), әдетте психиканың зақымдалуы негізінде болады;
  2. дұрыс берілмеген тәрбие нәижесінде болатын, жеке адамның төменгі моральдық деңгейінен болатын түрлері (есірткі қолдану, маскүнемдік, құқық бұзушылық) ;
  3. биологиялық факторлар негізінде болатын патологиялық дерт негізінде болады.

Басқалары девиацияны екі негізгі бағытта қарастырады:

  1. бұзушылықтардың пайда болатын формалары бойынша-иделиквенттілік, үйден қашып кету, қаңғыру, ерте маскүнемдік, сексуальдық девиациялар, суицидтік мінез-құлық;
  2. биологиялық факторлар негізінде жатқан факторлар, дәлелдерге қатысты, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық жас ерекшеліктері.

Үшінші авторлар жасөспірімдер мен жастардың мінез-құлықтарының барлық бұзылуларын девианттық мінез-құлық пен психикалықауруларға байланысты бұзылған мінез-құлықтар деп бөледі.

Жастар нашақорлығы қоғамдық дерт ретінде.

Нашақорлық XXI ғасырдың қатерлі дертіне айналып отыр. Ол кәрі, жас демейді. Қоғамды іштен ірітіп, дамуына тұсау салады, қылмысты, зорлық пен жемқорлықты тудырады. Мұның бәрі мемлекеттің болашағы - жастардың өміріне сызат түсіреді, елдің өсіп-өркендеуін тежейді. Сондықтан мұндай кеселдің алдын алу және оған қарсы күрес мемлекеттік іс болып табылады.

50 пайыздай нашақорлар - 18- ден 35 жас аралығындағы жастар. Есірткі қолданушылардың жас табалдырығы төмендеп барады: егер бірнеше жыл бұрын ол 15-16 жасты құраса, қазір ол -11-13 жаста. Қазақстанның социологтары мен саясаттанушылардың Ассоциациясы мәліметтері бойынша қазіргі уақытта жасөспірімдердің, бозбала мен бойжеткендердің 5-6 % есірткі қабылдаса, 9-10% оны өмірінде бір рет болсын татып көрген. Жастар нашақорлығы республиканың барлық қалаларын қамтып отыр, ол ең алдымен : Алматы, Астана, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Тараз, Өскемен, Орал қалалары. Республиканың Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары осы мәселе бойынша алаңдатушылық туғызып отыр.

Болашақты болжасақ оның еш қуанарлығы жоқ. Оның ең қиыны ТМД елдерінің әлемдік наркобизнес жүйесіне тартылуы. Қазақстан есірткіні Ауғаныстан мен Пәкістаннан Ресей мен Батыс Еуропаға тасудың таптырмас көпірі болып отыр. Ауғаныстанда дайындалатын есірткінің 60% осы Қазақстан арқылы өтеді. ТМД елдері, соның ішінде Ресей әлемдік наркобизнес үшін пайдалы өткізу нарығы: Ресейде кокаинның бір граммы АҚШ-тың «қара нарығымен» салыстырғанда 30 есеге қымбатқа сатылады. Қазақстан наркобизнес үшін өзінің табиғи-климаттық жағдайымен қызықтырады : егер Ауғаныстандағы есірткі өсімдіктерін егу 50 мың га қамтыса, бізде бұл көрсеткіш 258 мың га-ды қамтиды. Аграриялардың мәліметтері бойынша республикада 850 мың га жер көкнәр өсіруге өте қолайлы. 1. 2 мың гектар жерде сора «жайқалып тұр». Осы бір «есірткі жазығын»бақылау өте күрделі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен және БҰҰ есірткілерді бақылау бойынша бағдарлама негізінде 1999 жылы Республикада нашақорлықпен күресудің 3 бағдарламасын қаржыландыру және жүзеге асыру қолға алынды: нашақорлықтың медико-әлеуметтік проблема орталығын құру, есірткі өсіретін плантацияларды азайту, есірткілерді іздеп табу үшін кинологиялық қызметтер құру және дамыту. Бұл үшін 300 мың доллардай қаржы бөледі. Қаралып отырған бұл құбылыс әлеуметтік қана емес, жеке тұлғалық аспектілерге ие. Сондықтан осы аспектідегі түсініктерге, терминдерге бөлген дұрыс. Ең алдымен «нашақорландыру» (халықты, әлеуметтік топтарды ) түсінігі арқылы, екінші түсінік «нашақорлық» арқылы анықтау.

Нашақорланудың әлеуметтік салдары өте ауыр. Нашақорлар қоғамдық өмірден- еңбектен, саясаттан, отбасынан және т. б. алшақтайды. Ол жеке бастың дене, әлеуметтік деградациясы кесірінен болады. Есірткілерге құлша тәуелді болу оларды аморальдық қылықтарды, қылмыстарды жасауға итермелейді. Есірткілерді шектен тыс қабылдау өлімнің өсуіне, соматикалық және психикалық аурулардың дамуына әкеледі. Нашақорлық жас ұрпаққа кері әсер етеді: балалар күрделі дене және психикалық ауытқуларымен туады, ол өз кезегінде отбасының айырылысып, елдің генофондына қауіп төндіреді.

Қазігі уақытта нашақорландыру ұлттық қауіпсіздікке келтірілетін қауіп ретінде қарастырылып отыруы тегін емес, ал есірткіні қабылдау деңгейі, егер оны халықтың 5% қабылдай бастаса, ол ұлттың генофонына келетін зардап болып есептеледі.

Жастардың девиантты мінез-құлығының осы түрімен кәсіби түрде айналысатын әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагоготар үшін нашақорлану мен нашақорлық туралы жалпы біліп қана қою жеткіліксіз. Жастарды есірткіге апаратын ерекше себептерді де білу өте маңызды.

Жастар ортасындағы нашақорлану факторлары.

Нашақорлық - жастар ортасындағы девианттық мінез - құлықтың ең қауіпті нысандарының бірі.

Нашақорландыру - есірткілерді тарату процесі, жеке адамдарды, адамдар тобын психоактивті заттарды қолдануға тарту. Нашақорландыру салдары нашақорлыққа әкеліп соғады. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының анықтауынша - бұл организмге есіркіні, яғни өсімдік тектес немесе синтетикалық заттарды бірнеше рет енгізу арқылы ауық - ауық немесе созылмалы түрде уландыру жағдайы, ол организмнің қалыпты қызметін өзгертеді, ал көп қолданған жағдайда оны психикалық немесе физикалық тәуелділікке әкеп соғады. Есірткілікке тәуелділіктің белгілері:

  • Ерік күшін жеңе алмай, әрі қарайғы қабылдау қажеттілігі (тәуелділіктің дағдыланудан айырмашылығы) ;
  • Жақсы эмоцияларды есірткісіз бастан өткізудің мүмкін еместігі;
  • Абстиненттік синдром («ломка»), яғни организмнің есірткі физиологиялық тәуелділігі (барлық есірткі заттарына тән емес) ;

Шынайы өмірде нашақорландыру мен нашақорлық бір - бірімен

өзара байланысты және жинақтала келіп жеке адамға және бүтіндей қоғамға үлкен зиян келтіреді.

Нашақорландыру-есірткілерді тарату прцесі, жеке адамдарды, адамдар тобын психоактивті (есіркілік, таксикоманиялық) заттарды қолдануға тарату. Нашақорландырудың әлеуметтік салдары өте ауыр.

Есірткіге әуестіктің себебіне әр алуан жағдайларға: тұрмыстың жоқтығы; осы жағдайларды өзін көрсете алмау (жұмыстағы, оқудағы, шығармашылық немесе жеке өмірдегі келеңсіздіктер) ; жастарға бос уақытты өткізуде ең қажетті мүмкіндіктерді беретін әлеуметтік - мәдени салалардағы кемшіліктер; әлеуметтік әділетсіздіктер; адамдардан көңіл қалуға байланысты өмірге қанағаттанбау жатады.

Жастарды нашақорландырудың өзіне тән ерекшелігіне нашақорлардың тобын, бірлестігін қалыптастыру болып табылады. Олардың пайда болуы есірткілерді табу және қолданудың ерекше жағдайларына байланысты. Есірткілерді табу қиындығы мен оған төлейтін қаржыны табу қиындығына ұшыраған нашақор өзін алғаш бұған еліктіргендердің қасында жүруге және оған өз қоршағандарын да тәуелдеуге мәжбүр болады. Қазақстанда жүргізген зерттеулер нәтижесінде белгілі болғандай «Сені кім алғаш рет есірткі қабылдауды ұсынды, кімнен ең бірінші порцияны алдыңыз?» деген сұраққа сұранған нашақорлардың 53% өз достарын, жолдастарын, жақындары мен таныстарын көрсеткен, 26% -өзінің сыныптастарын және курстастарын көрсеткен, 11% ғана кездейсоқ адамдарды көрсеткен; сұранған нашақорлардың 57% оны жолдастарының. Таныстарының үйлерінде қабылдағанды жөн көреді екен.

Есірткі заттарды қолданатын жасөспірімдер мен жастар біраз уақыттан кейін белгілі-бір әлеуметтік топтарға айналады да, криминалдық мінез-құлықты ортаны толтырады. Олар есірткіні сақтау және өткізу, оларды дайындауға байланысты қылмыстарға қатысушылар болды.

Өскелең ұрпақты нашақорландыру процесі қоғам мен мемлекет тарапынан, соның ішінде әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік педагогтардың адекватты жұмыстар жүргізуді қажет етеді. Нашақорлыққа қарсы шараларды келесідей бөлуге болады:

  1. Алдын -алу, ескерту;
  2. Емдік - реабилитациялық;
  3. Ұйымдастырушылық - басқарушылық;
  4. Заңды.

Нашақорлықтың алдын - алу бүгіндері тереңінен бойлап кеткен

бірқатар теріс ұғымдармен кездесіп отыр.

Олардың біріншісі: егер баланы есірткінің зияны туралы қатты қорқытып тастаса, ол оны пайдалануға батылы бармайды. Мұндай қорқыту тиімсіздеу, тіпті бос сөз. Өйткені балаларда әлі де болса болашақты болжау туралы қалыптаспаған, дені сау немесе аз ауырған балалар аурудың не екенін білмейді және одан қорықпайды. Ауру мен өлім туралы қорқытуға жасөспірімнің қорғаныш механизмі бар: «менімен бұл ешқашан болмайды», «бұл менімен бүгін, не ертең болайын деп жатқан жоқ, әрі қарай не болатынын көрерміз», «әдетте үлкендер өсіріп айтады» және т. б.

Екіншісі теріс ұғым: балармен және жасөспірімдермен жұмыс істегенде есірткі туралы үндемеген дұрыс, өйткені ол турал білу олардың тартып көруге, эксперимент жасауға деген қызығушылықтарын оятады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай үндемей қалу ешқашан да проблеманы шешпейді, ол тек жауапкершілікті баланың өзіне артады да, оңтайлы жағдай туғанда оған өз бетімен әрекет етуге бостандық береді.

Үшінші теріс ұғым есіркі жеңуге келмейтін, қатерлі күш, ол кез - келгенді тәуелдеп алады деген. Бұл пікір аурудан шығудың жолы жоқ, ешкім көмектесе алмайды деген душар болу сезімін бетіте түседі.

Нашақорлықтың алдын - алу және нашақорлықтан емдеу салаларындағы әлеуметтік педагог пен әлеуметтік педагогтың әрекеттері қатал заң шеңберінде жүзеге асуы тиіс.

Бұл саладағы Қазақстан Республикасының заңдылықтарына 1998 жылы шілдеде қабылданған «Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымға түсуі мен шектен тыс қолданылуына қарсы шаралар туралы» Заңы мен басқа да нормативтік, құқықтық актілер, сондай - ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім - шарттар жатады.

Ұйымдастыра отырып басқаруды қамтамасыз ету жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы әлеуметтік жұмыстың бағыты ретінде мыналар тұрады:

  • Жастардың салауатты өмір салтының бағдарламаларын құру және енгізу, оның негізіне жастардың сеніміне ие болудың нашақорландырудың зияндығы туралы ақпараттар беру жатса, мақсатына жастар арасында әлеуметтік тиімді және жас адамның өзін-өзі көрсетте алу мүмкіндігін туғызатын өмір салтының стильдері мен модельдерін қалыптастыру болып табылады;
  • Жастарды нашақорландыру проблемаларын зерттеуде және шешуде кешенді тәртіп аралық тәсілді жүзеге асыру. Жастарды нашақорландырудың алдын алу мен оны жеңуге қатысы бар барлық: құқық қорғау, психологиялық, медициналық құрылымдарының күштерін біріктіру;
  • Жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықпен күресудің профилактикалық және реабилитациялық кезеңдерінде әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық құрылымдардың, жастарды әлеуметтік қолдау орталықтарының әлеуметтік педагогтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің, психологтарының және т. б., мемлекет пен қоғам тарапынан жастарға арналған әлеуметтік-реабилитациялық мекемелер желісінің дамуына барлық жақтан көмек көрсетуінің артықшылығы мен рөлін мойындау;
  • Есірткілерді жасөспірімдердің, жастардың қолдану проблемаларын жалпы мемлекеттік шаралары мен мемлекеттік жастар саясатының деңгейінде шешу: мемлекет тарапынан жастарды нашақорландыруды алдын-алу.

Есірткіге әуестенушілік себептерінің жастарға тәніне ВОЗ ( Әлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы) өзінің баяндамасында мыналарды көрсетеді:

  1. есірткінің әсерін тексеруге деген қызығушылық;
  2. белгілі бір топқа жататынын білдіретін белгі;
  3. өзінің тәуелсіздігін, кейде қоршағандарға деген өшпенділігін білдіру;
  4. жаңа, еліктендіретін, қауіп төндірумен қызықтыратын ләззат алуды сезіну;
  5. ойлаудың анықтығын немесе «шығармашылық шарықтау»
  6. түгелдей босаңсу сезіміне жету;
  7. өзін толғандырып жүргендерден арылу.

Жастарға тән нашақорлық себептері барынша зерттелген. Батыстың дәрігерлері, психологтары мен социологтары оны екі топқа бөледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың технологияларының мәні мен ерекшеліктері
Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Жастардың әр түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірибелері және оның мәні
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясатының жүзеге асыру мазмұны
Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған қызмет көрсету жүйесі
Жастар ұғымы, даму ерекшеліктері, қазіргі нарық заманындағы әлеуметтенуі, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын технологиялар
Мемлекеттегі жастар саясаты – жастармен жүргізілітін әлеуметтік жұмыстардың негізгі
Жастардың даму кезеңдері
Алкоголизм және девиация мәселелері әлеуметтік проблема ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz