Әл-Фарабидің саяси көзқарастары
Әл-Фарабидің саяси көзқарастары
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а)Әл-Фараби дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
б) Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі
в) Әл-Фарабидің еңбек тәрбиесі туралы саяси көзқарасы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ
топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-
парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп,
кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге
танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз
Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін
қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу
біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби
мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-
салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының
зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің
еліміздің рухани игілігіне айналуда.
Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен
мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім,
бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-
Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб
қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед иби
Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы
Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп
атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр
атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының
территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына
қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының
торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Зерттеулерге қарағанда оқу-ағарту
жүйесінің дамуы мен пайда болуы орта ғасырлар заманындағы ғұлама
оқымысты,ұлы энциклопедист Әл-Фарабидің ғылыми мұраларымен тығыз
байланысты.Оған американдық ғалым Николас Решердің еңбектері дәлел.Ол ұзақ
ізденістің нәтижесінде 1962ж.ағылшын тілінде Фарабидің аннотацияланған
библиографиясы деп аталатын Әл-Фарабиді зерттеулер үшін құнды кітап
жариялады.Мұнда мың жыл бойы Әл-Фараби жөнінде кім не жазды,оның
шығармалары қай тілге аударылды,оның мұрасы жайында алдағы уақытта қолға
алынатын жұмыстар жөнінде айтып,мәселелер қойылды.
1 Әл-Фараби дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының негізін салушы
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан Әл-Фараби (870-950 ж.) ойшыл,
философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лиангвист,
логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби
(бертін замандағы Отырар) қаласында туған. 20 жасына дейін сонда оқып
тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара, Хиуа және мұсылман шығысының көп
жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мәдени орталығы
– Бағдатта тұрған. Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта сонда
оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын
Каирда, Алеппода, Дамаскіде (Шам шахарында) өткізген.
Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен тарихынан берік орын алады. Оны
Шығыстың Аристотель деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Екі
жүз қырыққа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын -
философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы,
минералогия мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұлан-
ғайып еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика мен
эстстиканың проблемалары үлкен орын алады.
Фараби шығыс перипатетизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге
тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол
философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі
саласына сан қырлы үлес қосты.
Этика Фараби мұрасының ішінде үлкен орын алады. Этиканы ол ең алдымен
жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады.
Сондықтан оның этика жөніндегі жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын
алады. Жақсылық мазмұн-мағынаның бір бөлігі, сондықтан ол материяның өзінде
бітіп қайнап жатыр. Ал жамандық, жақсылық сияқты емес, ол болмыс жоқ жерден
пайда болған дейді. Ұлы ғалымның осынау этикалық ойларынан терең
гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жад иесі
атаулының биік, шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп
түсінеді. Бірақ жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі
мұратына жетеді деп қарайды (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар.-
А., 1973, 132 б). Фараби бұл салада жасаған қорытындының басты түйіні -
білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде, Фарабидің гуманистік
идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл мен ой білімінің биік мәнін халықтар
арасындағы туысқандық достастықтың принциптерін егіле жырлады,
адамгершілік, мораль мәселесін діни тұрғыдан берілетін негіздеу екенін
көрсетті.
Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық немесе
жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады...
... Біз ержүректілік жақсы адамшылық қасиет дейміз және бұған қатерлі
істердің тұсында көрінетін біршама батылдық жасау арқылы немесе ұстамдылық
көрсету арқылы жетуге болады дейміз. Бұл істерде болатын шектен тыс
батылдық көзсіз батырлыққа соқтырады, ал батылдықтың жетіспеуі қорқақтыққа
соқтырады, ал бұл - жаман адамгершілік сапа. Міне, осы адамгершілік сапалар
қалыптасқан кезде, олардан осыларға сәйкес әрекеттер туады.
Ақшаны үнемдеуде және жұмсауда көрсететін шамаға қарай жомарттық
туады.Шектен тыс үнемшілдік және ақшаны кем жұмсау сараңдыққа соғады, ал
мұның өзі адам басындағы жаман қасиет. Шектен тыс артық жұмсау және
жеткілікті дәрежеде үнемшіл болмау ысырапшылыққа соқтырады. Осындай адам
басындағы қасиеттерден келіп, тиісті әрекеттер туады.
Рақатты шамамен пайдалану нәпсіге ұстамдық жасау арқылы келеді, ішіп-
жемге, әйел жынысына ұстамдылық. Осы рақатқа шектен тыс берілу
тойымсыздыққа, қомағайлыққа соқтырады, ал бұлардың жетімсіз болуы
рақатшылық сезімінің жоқтығын көрсетеді, мұның өзі жазғыруға лайықты
қасиеттер. Адам басындағы осындай қасиеттерден тиісті әрекеттер туады.
Сөзге тапқырлық - жақсы адамшылық қасиет және мұның өзі әзілді орнымен
пайдаланғанда болатын нәрсе. Адам өз өмірінде оқтын - оқтын дем алуға
тиісті, ал мұнда шектен тыс кетушілік жанға рақат немесе қалай болған күнде
де кеселсіз. Әзілде тең ортасын ұстай білу сөзге тапқырлыққа жатады, шектен
тыс көп әзіл мазақтаушылыққа соғады, ал мұның жетіспеуі әзілдің жоқтығына
әкеп соқтырады. Әзіл дегеніміз адамның сөзінен, ісінен немесе пайдалануынан
көрінеді. Мұндағы шама емін — еркін, көңілді де әңгімешіл адамға сөйлеуге
және тыңдай білуге мүмкіндік береді.
Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы адам өзіне- өзі ізгі
қасиетті болуынан, жүріс - тұрысы ізгі болуынан ғана туады.
Ал егер өз бойында жоқ бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға,
жүріс-тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі туралы жалған пікір
туғандығы.
Егер адам өз бойында жоқ нәрселерді өзіне жатқыза беретін болса, онда
ол адамда көлгірушілік пайда болады.
Досгерлік - адамшылықтағы жақсы қасиет, бұл өзі адамның басқа
адамдармен тиісті шамада қарым - қатынас жасауынан тұрады, осының арқасында
ол өзінің жүріс - тұрысынан, сол адамдармен әңгімесінен жақсы ләззат алады.
Бұл жөнінде артық кету — жарамсақтыққа соғады, ал достыққа кемтар болу –
тәкаппарлыққа итереді. Ал енді осы ретте ол басқаны ренжітетін іс жасаса,
онда бұл дүрдараздыққа апарып соқтырады...
Енді бізге қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез -құлыққа
жететінімімізді қарастыруымыз керек. Алдымен біз түрлі мінез — құлықтарды
атап шығуымыз керек және түрлі мінез - құлықтан туатын әрекеттерді атап
шығып, тек осыдан кейін өзіміздің мінез - құлқымыздың қандай екенін және
өзімізде әуелден бар мінез - құлықтың не жақсы, не жаман екенін қарастырып,
тұжырым жасауға тиіспіз. Мұнымен танысуымыз үшін біз қандай әрекеттер
жасағанда өзіміздің жақсы қанағат алатынымызды және тағы қандай
әрекеттеріміз тұсында азап шегетінімізді қарастырып, тұжырым жасап алуымыз
керек. Осымен танысып болғаннан кейін, біз бұл әрекеттердің жақсы не жаман
мінез - құлықтан туатынын қарастырамыз. Егер сол әрекеттср жақсы мінез
-құлықтан туатын болса, онда мінез - құлқымыз жақсы екені дегеніміз, ал
егер жаман мінез - құлықтан туса, онда біз мінез - құлқымыз жаман екен
дейміз.Біз осылай етіп өзімізге тән мінез — құлықты білеміз.
Дәрігер тәннің халіне жататын нәрселер арқылы тәннің саулығымен
танысады, егер тән саламат болса, онда сол халді сақтаудың тәсілдерін
қолданып, ал егер ол дімкәс болса, онда сол кеселді жоюдың тәсілдерін
қолданады, дәл сол сияқты, егер бізге жақсы мінез - құлық тән болса, онда
біз соны өз бойымызда сақтаудың тәсілдерін қолданамыз, ал егер мінез
-құлқымыз жаман болса, онда оны жоюдың тәсілдерін қолданамыз.
Жаман мінез - құлық - рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін
емдеуде қолданатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек.Одан соң біз
өз бойымыздағы жаман мінез - құлықты қарастырамыз, оның артықшылықтан
немесе жетпей жатқандықтан туғанын анықтаймыз. Содан соң тағы да жаңағы
дәрігер сияқты, егер тән қызуы тым көтеріңкі болса немесе тым төмен болса,
оны дәрігерлік өнерде белгіленген мөлшерге қарай өз шамасына түсіретін
сияқты, нақ сол сияқты біздің мінез - құлқымызға артық кету немесе кем түсу
тән болса, біз осы кітапта белгіленген мөлшерге қарай, өз шамасына
түсіреміз.
Тең орта шаманы табу алғаш қарағанда өте қиын болғандықтан адам өзінің
мінез - құлқын нормаға келтіруге немесе мүмкіндігінше нормаға жақындатуға
бағытталған амалдарды пайдаланады. Мысалы, тәнді орташа жылылықта ұстау
қиын, бұл үшін тәнді сондай жылулыққа жеткізуге мүмкін қазірше жағдай
жасайтын амалдар пайдаланылады. Мінез-құлықтың орташа шамасына жету үшін
қолданылатын амалдар өзімізде дағдыға айналған мінез- құлықты қарастыру
болып табылады, егер мінез - құлқымызға тән нәр артық кету болса, онда біз
өзімізді осыны қарама - қарсысынан, атап айтқанда жетімсіз болудан түсетін
әрекеттерге баулимыз, егер мінез – құлқымызға жетімсіздік тән болса, онда
өзімізді артық кетуге сәйкес әрекеттерге баулимыз. Біз осыны біраз уақыт
жасаймыз. Содан соң біз өзімізде қандай мінез - кұлық шыққанын қарастырып
ойластырамыз.
Қалыптасып шыққан мінез - құлық үш қилы халдің бірінде болады: не
орташа халде, не орташадан асыңқы халде немесе орташаға жақын халде.
Егер ол хал орташаға жақын болса, бірақ екінші қарама - қарсы жағына
қарай жақындап, онан асып түспесе, онда қашан орташа халге жеткенше, тағы
біраз уақыт сол әрекеттерді жасай береміз.
Ал егер екінші шетіне қарай жақындап, орташадан ауып түссе онда бірінші
қилы мінез — құлыққа тән әрекеттерді жасаймыз да, осыны біраз уақыт істеп,
содан кейін істің қандай халде екенін қарастырып көреміз.
Жалпы алғанда, әрбір тұста, біз өзіміздің жан дүниемізді бір жағына
ауытқып кетті деп тапсақ, біз екінші шетіне тән әрекеттерді жасаймыз және
орташа мөлшерге жету үшін немесе соған жақындату үшін, сол әрекеттерді
алдын - ала орындай береміз.
Әл - Фараби айтқан адамшылық қасиеттердің кейде басқа жаман әдеттерге
ұқсас болуынан сақтану керектігін атап кеткен. Мысалы, көзсіз батырлық
ерлікке ұқсас, ысырапшылық жомарттыққа ұқсас, әзіл- қойлылық өткір тілге
ұқсас, жарамсақтық доскерлікке ұқсас, өзін - өзі кемсіту кішіпейілділікке
ұқсас, көлгірсу адамдағы адалдыққа ұқсас. Осы шеткеріліктердің ішінде
жаратылысымыз бойынша өзіміздің бейімдірек тұратындарымыз бар болғандықтан,
біз бұлардан сақтануымыз керек. Қатерлі істің тұсында батылдығымыз жетпей
қалушылық, жаратылысымызда өзіміз бейім тұратын сараңдық бұған мысал бола
алады. Ал өзіміз неғұрлым бейімдірек тұратын және оның үстіне орташа
мөлшерге ұқсас боп тұратын шеткеріліктен одан бетер сақ болуымыз керек.
Мысалы, әзілқойлылық - әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай
болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалаған бір
шеткеріліктен екінші шеткерілікке немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету
үшін қандай амалдар бар екенін білу. Осы амалды білмей тұрып пікір ғана
айту, сірә, жеткіліксіз болып шығар.
Жаман әрекет жасау оңай сияқтанып көрінеді, өйткені мұндай әрекет бейне
жан рақатын әкеледі, ал егер әрекет бізге жан азабын ала келеді деп
есептесек, онда жақсы мінез - құлыққа ие боламыз... Сондықтан да өзіміздің
бар әрекетімізбен соған жетуге тырысамыз. Сезім арқылы, есту, көру арқылы,
дәм сезіну немесе иіс сезу арқылы келетін жан рақаттары бар. Ал тағы
бірнәрсені түсінудің арқасында алатын рақаттар бар, мысалы, бұған
жататындар үстемдік, билік ету, жеңу, білу т.б.
Біз көпшілік жағдайда әрқашан сезімдік рақатты зерттейміз. Сонан соң не
өзіміз үшін, не дүние үшін керек болатын қажетті әрекеттің себебі болып
табылатын рақаттар болады. Өзіміз үшін қажет дейтіндеріміз - өз өмірімізге
қажетті тамақ, дүние үшін қажет дейтініміз-көбею, өрбу. Сондықтан да біз
өмір мақсаты осыларда тұр деп, бақыт дегеніміз, атап айтқанда, осы деп
ойлаймыз, әрі бұған себеп-осы түсініктер біз үшін неғұрлым таныс,
түсінікті,ұғымды. Бірақ қарап, ойластыра келгенде, игіліктердің молына
жетуге бөгет жасайтындар және бақытқа ие еткізетін нәрселерге жетуге бөгет
жасайтындар, атап айтқанда, осылар екені анық болады. Сезімдік рақат бізді
жақсы әрекеттер жасауға итеретінін көрсек, біз соны істеуге бейім тұрамыз.
Адам осы рақаттардан бас тартуға немесе белгілі бір мөлшерде соларды
азайтуға қабілетті болса, мұның өзі оны мадақтайтын мінез - құлықтарға бір
табан жақындатады.
Әрекеттерден кейінгі көретін рақаттар, сезімдік рақаттар болса да
немесе түсіну арқылы болса да не осы әрекеттердің артынша келеді немесе
біраз уақыт өткеннен кейін келеді. Әрекеттерден кейін көретін жан азаптары
турасында дәл осыны айтуға болады.
2.Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі.
Ұстаз шеберлігі дегеніміз — тек мұғалімнің жан-жақты және методикалық
сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді бойға сіңіруі, ұстаздық әдеп жайын сөз
еткенде біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз. Ғалымдардың
зерттеулеріне қарағанда "Ұстаз", "Тәрбиеші, "Мұғалім" деп қастерлі мамандық
сыр сипаты 200-ден астам компоненттерден тұрады екен. Осы ұстаз өнегісінің,
озат үлгісі жөнінде ғұлама ғалым Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз
ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі
телегей - теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік- жігеріне де ешкім тең келе
алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге
көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап- тілегін
орындай алады.
Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық
қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-
анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның
екеуі де "сегіз қырлы, бір сырлы" қай жағынан да болса барша халықтан қош
ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет
сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:
1. Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы
бейім болуы;
2. Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
3. Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы
сақтай алатын;
4. Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
5. Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
6. Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан тәнімен, ұңғыл-шұңғылын
ақыл-ой жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;
7. Қайда жүрсе де өте ұстамды;
8. Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты,
әділдікті бар ынтасымен сүйе білу;
9. Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;
10.Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;
11 .Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;
12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе
алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол
бермейтін адам;
Осылайша бабамыз Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ 12
қасиетке мән береді де, бұған қосымша жұртты аузына қаратқан даналық, заң
мен әдеп-ғұрыптарға жетістік, іс-әрекеті осыларға сәйкес.
Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік
дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды
және бұған жету үшін ол қандайда бір адам қауымын қажет етеді, осы
қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің
жалпы
жиынтығынан қандай да бір
затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа
екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір -
біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті
нәрселерінің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар
бірлестіктері ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете
алады. Осындай қауымның барлық мүшелерінің іс - әрекеті жиналып келгенде
олардың әрқайсында өмір сүру үшін және кемелділікке жету үшін керекті
нәрсенің бәрін тауып беріп отырады. Міне, сондықтан да, адамзат индивидтері
көбейе түсіп, жер жүзіндегі әр түрлі мекендерге қоныс тепті, осының
нәтижесінде адам қоғамдары пайда болды.
Әл-Фараби ұстаз бен шәкірт арасындағы ара- қатынастарды олардың
моральдық қатынастың қандай болу керектігін де ескерген. Ұстаз өз
шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді
көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болу қажет. "Мұғалімдік"
(ұстаздық) еткен адамның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра
босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса,
онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді. Егер тым босатып жіберген
кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мүғалімдерді кем санау, оның
ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады деп жазды өзінің "Философияны үйрену
үшін алдын-ала не қажет" деген еңбегінде.
Ешбір жанға бағынбайтын басшы - адам, міне, осындай. Ол - иман, ол
-қайрымды қаланың бірінші басшысы, ол - халықтың басшысы және жер жүзін
мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті
ұштастырған адам ғана осындай бола алады. Біріншіден, бұл адамның мүшелері
мүлдем мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz