Әкімшілік құқықтың нормалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
     Жоспар  
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І.  Әкімшілік-құқықтың негіздері
    1. Әкімшілік құқықтың рөлі мен 
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...4
    2. Әкімшілік құқықтың дербес салаларының бірі-атқарушы
   
билік ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
    3. Әкімшілік құқықтың
нормалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 6
    4. Олардың түрлері мен қайнар
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Кіріспе.
      Қазіргі кезеңдегі ғылымда ″Әкімшілік – құқық″ терминінің әртүрлі
анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалға алатын болсақ: оқулық
әдебиеттерде әкімшілік-құқық – тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес
саласы деп айтылса, ал жалпы түрде әкімшілік-құқықты – басқару құқығы деп
айтуға болады делінген.
      Энциклопедиялық сөздікте ″Әкімшілік – құқық″ деген терминді
мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала
ретінде қарастырылған. Яғни, Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық
дегеніміз – басқару саласында қоғамдық қарым – қатынастарды реттейтін
әкімшілік – құқықтық нормаларын жиынтығы. Ал басқару саласы дегеніміз –
атқарушы билікті жүзеге асыратын орган.
      Әкімшілік-құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде
жетекші позицияда болады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда
әкімшілік – құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл
нормалардың көмегімен үкіметтің  және басқа атқарушы мемлекеттік
органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.
      Әкімшілік – құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы,
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған ″Әкімшілік –
құқық бұзушылық″ кодексі және басқа да құқықтық – нормативтік келісімдер
жасайды.
      Жалпы алғанда әкімшілік-құқық дегеніміз – мемлекеттік басқарушы
органдардың басқарушы – жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер
жиынтығын айтамыз.
     Яғни, әкімшілік – құқық саласына толығырақ тоқталатын болсақ, онда
мыналарды қарастырамыз:
1. Әкімшілік – құқықтың жалпы ұғымын (яғни, рөлі мен маңызы, пәні мен
атқарушы билігі, нормаларының түрлері мен қайнар көздерін).
2. Әкімшілік – құқықтың қатынастары (ұғымы мен ерекшеліктері және
түрлері).
1. Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы.

     Құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі - әкімшілік-
құқық. Ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймай, мемлекеттің басқару
қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген
бірізділік жұмысын қамтамасыз етеді. Мемлекет әкімшілік – құқықтың нормалар
арқылы өзінің өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және
де өз азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін
экономикалық және әлеуметтік – мәдениеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық
шараларды жүзеге асырып отырады.
      Мемлекеттік басқаруды жетілдіру, оның тиімділігі мен мемлекеттік
органдардың өздері қабылдаған шешімдірі үшін азаматтардың алдындағы
жауапкершіліктерін арттыру жөнінде әкімшілі – құқық маңызды құрал ретінде
үлкен рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының
басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан
Республикасының заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. 
      Әкімшілік – құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының
құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды
адамдар үшін де, сондай – ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез –
құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында
құқықтың мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік – құқықтық
қатынастарға барлық қатысушылардың  құқықтық мәдениеті қалыптасады. 
         2. Әкімшілік-құқықтың дербес салаларының бірі – атқарушы билік. 
      Құқықтың әрбір саласының  пәні қоғамдық қатынастардың белгілі бір
аясы болып табылады, оларды реттеу тиісті саланың нормаларымен жүзеге
асырылады. Әкімшілік-құқық – атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылатын құқықтың дербес
салаларының бірі. Сондықтан құқықтың бұл саласының пәнін оқып үйрену
кезінде ең алдымен атқарушы билік деген не екенін, оның мәні мен әлеуметтік
міндетінің неден тұратынын білу қажет.
      Атқарушы билік тармағын алатын болсақ, ол ұйымдастыру басқарушылық,
атқару - өкім ету сипаты бар функцияны жүзеге асырады. Іс жүзінде оларды
мемлекеттің арнаулы органдары – атқарушы билік органдары орындайды, олардың
қызметі заңдардың негізінде және соларды орындау үшін мемлекет пен оның
аппаратының күнделікті жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында іске
асырылады.
     Атқарушы билікті жүзеге асыру өкілеттіктері мен  мүмкіндіктері
Үкіметке, министрліктерге, агенттіктерге, комитеттерге және басқа
Республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарына, сондай – ақ
бірқатар лауазымды адамдарға берілген.
     Мемлекеттердің мақсаттарын, функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруға
бағытталған атқарушы билік органдардың қызметі заңнамаларда, ең алдымен 
Конституцияларда белгіленген.
     Атқарушы билік органдарының функциясы – Заңдарды орындау және олардың
орындалуын бақылап отыру, бұл осы органдардың атауында көрініс тапқан. Заң
шығарушы орган заңдарды дайындап қабылдайды, атқарушы билік органдары
оларды орындайды, іске асырады.
     Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі функциялары мыналар болып
табылады:
     - Болжау. Қолда бір ақпараттың, оның ішінде ғылым негізінде қандай
болса да оқиғалардың немесе процестердің дамуындағы өзгерістерді алдын ала
болжайды.
     - Жоспарлау - әлде бір басқарылатын қызметтің бағыттарын, мақсаттарын,
міндеттері мен күтілетін нәтижелерді, пропорцияларды, қарқындар мен нақты
сандық және саналық көрсеткіштерді анықтау; басқарушы және басқарылушы кіші
жүйелерді ұйымдастыру.
     - Құқықтық реттеу- қандай да болмасын бір қызметтің және тиісті
құрылымдардың жұмыс істеуінің құқықтық тәртібін белгілеу.
     - Жалпы басшылық жасау және жедел үкім етушілік жұмыс -  әртүрлі
басқару органдарының, лауазымды адамдардың, ұйымдардың іс – қимылдарын
алдын ала және күнделікті үйлестіру.
     - Бақылау – заңдарды, жоспарларды, бағдарламаларды орындаудағы
бұзушылықтарды табу және жою және шаралар, оның ішінде белгіленген тәртіпті
бұзушыларға, қолдану үшін істің нақты жағдайын тексеру.
     - Атқарушы - өкім етуші қызметті және, оның ішінде түрлі нәтижелерін
жүзеге асыру үшін адам, материалдық, қаражаттық және өзге де құралдарды
ескеру; әдістемелік басшылық жасау.
     Атқарушы билік органдары шешім дайындап, қабылдаудан, оны орындаудан,
орындалуына бақылау жасаудан және қортындысын жасаудан тұратын басқару
процесін жүзеге асырады.
     Сонымен, атқарушы билік органдарының мазмұнындағы маңыздысы – бұл
ұйымдық басқарушылық және атқару - өкім етушілік сипаты бар мемлекеттік
функцияларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік-құқық нормалардың түрлері
Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Әкімшілік құқықтық басқару
Конституциялық құқық жайында
Әкімшілік құқықтың пәні
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Әкімшілік құқықтық нормалар ұғымы
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар
Әкімшілік саяси саланы әкімшілік құқықтық реттеу
Пәндер