Ертегілер жинағы


Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Қиял -ғажайып ертегілер
2. 2 Хайуанаттар жайлы ертегілер.
2. 3 Салт (шыншыл) ертегілер.
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ертегілер - халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары.
Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізуімен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді.
Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді.
1. Қиял-ғажайып ертегілер.
2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.
3. Салт (шыншыл) ертегілер.
Қиял-ғажайып ертегілер - адам табиғат сырын әлі анық түсінбей тұрған кезде туған ертегілер. Бұлар ертегілер ішіндегі ең көнесі әрі көбі. Ертегінің осы түрінде табиғаттың, қоршаған ортаның нелер тұңғиық сырлары, соны танымаққа ұмтылған қазақ ойы, білсем танысам деген қазақ арманы, әлемді шарласам, айға жетсем, мұхитты төңкерсем, қу медиен даланы көк жазираға бөлесем деген қазақ қиялы бейнеленген. Сол жолда кездесер жаңалық пен ескіліктің, адалдық пен жауыздықтың, адалдық пен арамдықтың зор арпалысы суреттеледі. Ертегідегі жақсылыққа, не болмаса белгілі бір мұратқа жетсем деген басты кейіпкерге көмектесер Шаңжұқпас. Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар секілді бейнелер болса, оған қарсы жалмауыз кемпір, жалғыз көзді дәу, дию, жезтырнақ секілді қиялға тән сұмдық құбыжықтар қарсы тұрады. Жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адамдық қарапайым да қым-қиғаш жагдайда күресіп, жақсылық жеңеді.
Қиялға ғажайып ертегілері - оқиға орны және оған қатысушылары, кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата, Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын, ақылмен түсіну қиын оқиғалар жүзеге асып жатады. Қиял- ғажайып ертегілеріне «Ер Төстік», «Алтын сақа», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Жерден шыққан Желім батыр», «Еділ-Жайық», «Бозінген», «Ұшар ханның үш баласы» т. б. ертегілер жатады.
Қиял-ғажайып ертегілерінің тағы бір ерекшелігі бұндағы кейіпкерлердін, заттары, құрал-саймандары, т. б. мүлдем бөлек. Мысалы, «Ыста тас» деген кішкене ғана тас тілдің астында жатады. Атын айтса, «Ләббай» деп жауап береді. Нені қаласа, соны жасайды. Ханды жеті дарияның арғы жағына апарып тастайды, немесе ордасымен көшіріп әкеледі. Осының бәрін әп-сәтте, көзді ашып-жұмғанша істейді. «Сиқырлы тас» ертегісіндегі тастың құдіреті де, «Ағаш аттағы» ағаш аттың, кереметі де тыңдаушысын таңқалдырады. «Кедейдің үш баласы» ертегісіндегі Жұмагелдінің қырық құлаш семсерінің күші алапат. Ағасы інілерімен «Сендердің қандай ерліктерің бар?» деп сұрағанда, Жұмагелді: «Денеде қырық құлаш семсерім бар, ол кетсе өлем, ол кетпесе атса да өлмеймін, суға батпаймын, отқа күймеймін», - дейді. Сол семсермен мұратына жетеді.
Басты кейіпкердің төзімі де орасан, «темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей» болғанша сапар шегеді. Аптыққа, суыққа, яғни қарапайым адам шыдамас сынаққа көніп, қиындықты жеңіп шығады.
Қиял-ғажайып ертегілері бір қарағанда шындықтан алыс көрінгенімен, ұшқыш кілем, жүйрік тұлпарлардың орнын басар автомобиль, ұшақ, зымыран секілді көліктер өмірімізден орын алады.
Қазақ ертегілерірінің тағы бір мол түрі - шыншыл ертегілер. Қазақтың дүниетанымындағы, өміріндегі, көзқарасындағы барлық ісін, мұң-мүддесін, тартыс-таласын тек осы шыншыл ертегілерден табуға болады. Мұнда жауыздыққа, топастыққа қарсылық айқын байқалады, яғни халық өзінің нені ұнатып, нені жек көретінін анық танытады. Шыншыл ертегі қазақтың жан дүниесіндегі мұңынан, қайғысынан хабар береді.
Шыншыл ертегілердегі жаман, яғни жағымсыз образ болып хан, бай, билер көрінеді. Бірақ бұл қазақтың бар халқы, байы, биі, молдасы жаман деген сөз емес. Зорлық, қорлау, кемсіту, жылату күштіден, биліктегіден келеді деген сөз. Бұл- мәңгілік тақырып.
Халық әлсізге, нашарға көмектескенді жақсы көреді. Солай істегендіктен Тазша бала бәрінел ақылды болып көрінеді. Мәселе оның бала екенінде, немесе Тазша екенінде емес. Мәселе ақылдың, ойдың алдында адамдардың бәрі бірдей, тапқыр Тазша көпті көрген, «мен білемін» деген ханды, билерді мұзға отырғызып кетеді дегенінде.
Салт-шыншыл ертегілерде қазақтың малшылық-бақташылық тұрмыс-тіршіліктері көрініс береді. Бұнда жылқышы, қойшы, түйеші, тазша, құл, бай, би, хандар образы арқылы сол кездегі тұрмыс-салт, күйеуін сыйлар әйел, ағаның алдын кеспес қыз, әке тұрып сөйлемес ұл қылығын, жорасын көреміз. Халықтың тұрмысы, тіршілігі ертегінің бір бөлігінде көрінсе, екінші бөлігінде дала танымы, елдің, салтын, қазақтың жазылмаған, бірақ бұлжымайтын заңдары сипатталады.
Халық, ертегілері «Құйыршық», «Қотырторғай», «Мақта қыз бен мысық», «Шудалы торғай», «Күшік пен мысық». «Түлкі мен маймыл» т. б. - салт ертегілер. Бұл ертегілерде ақылға қонатын, тындаушысын сендіретін оқиғалар баяндалады.
«Аяз би» де - сондай ертегі. Халық Аяз би арқылы ақылды, даналықты құрметтейді. Ал басқарғандар өмірімен мынау жаман деп әкелгені ең ақылды, ең білгір, ең данышпан болып шығады.
Мадан ханға Жаман былай дейді: «Тақсыр хан, елу жасқа келіп жаман болған жоқпын, жасымнан-ақ жаманмын. Өмірімде отын-су тасып, өткенім кісінің құлшылығы болды. Сол уақытта шеңгелді әкеп отқа жақсам, пешке жаққан отым ертеңге дейін сексеуілдің шоғындай жайнап жататын еді. Сол уақытта киім жыртып, мал жемейтіп шеңгел отын ретінде пайдаға асады екен-ау деп ойлаған едім. Ал енді қара қоғаны алып, отқа жақсам, отқа жанбайтын еді, үрлесем жалыны мен шоғы бірге сеніп, күлі бұрқырап, үйдің ішін алып кететін еді. Отқа жанбаған соң апарып малға салсам, мал жаманы сиыр да мұрнын шүйіріп жемейтін». Жаманның әр нәрсені бағамдап, бағар көңілі, таразылап тартар талғамы ел билеген ханға да жағады. Халық осыдан ақыл мен тапқырлық, еңбек түбі жеңетініне тағы да сендіреді.
«Аяз бидегі» Жаман ақылымен, көп білетіндігімен ханды жеңеді. Шыншыл ертегілер - ақылға, логикаға құрылған ертегілер.
Хайуанаттар жайлы ертегілер - адамзаттың қоршаған табиғатпен жаңа араласып, аңшылық, бақташылық өмірі басталған кезде туған ертегілер. Мұндай ертегілерде адамдармен бірге жан-жануарлар басындағы оқиғалар, тұспалдар, мысалдар айтылады. Әрі белгілі бір жануарлар, не олардың іс-әрекеттері адамдардың немесе олардың қылықтарының, мінездерінің көрінісі болып ұсынылады. Мысалы, түлкі - қулық, арыстан - қара күш, түйе - аңқаулықтын, символы болып көрінеді.
Ертегілерде белгілі бір кейіпкерлердің (Тазша бала, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір) іс-әрекеті баяндалады. Ақыл үстемдігін, ой үстемдігін ұлықтайды. Ертегінің қай түрінде де халық өз кейіпкерлерінің аман болғандығын, жамандықты жеңіп, үстем шыққандығын қалаған, сол арқылы балаларын, ұрпағын мол жігерге, орасан оптимистік сенімге баулыған.
«Сиқырлы тас» ертегісінде қойшы арқар мүйізіне қақалып жатқан айдаһарды құтқарып, сый есебінде айдаһардап сиқырлы тас алады. Жігіт басындағы ғажап окиғалар осыдан кейін басталады. Яғни ертегілер арқылы армандарын заттандыра бастағанын көреміз. Қолынан бәрі келер сиқырлы тас арқылы бәрін сатып алуға болатын теңге сұлбасы байқалады. Ұшқыш кілемдер ұшаққа айналғанда халық қиялы жай, өріссіз қиял емес, ұзақ армандап арманына жетті де. «Аю, түлкі мен қойшы» ертегісінде адамдар мен айдар араласа бастаған шақ бейнеленеді. Қасқырдың қойшы туралы айтары:
Атты қойшы
Ашуы қатты қойшы,
Өгізді қойшы
Өлген қойшы, -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz