Жеке тұлғаны қалыптастырудың заман талабына сай қосымша әсер ететін факторларды анықтау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім Және Ғылым Министірлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Психология және педагогика кафедрасы

Тақырыбы: Еңбек психологиясы

Орындаған: Тасполтаева М.
Тобы: ФК-08-3к2
Қабылдаған: Үсенбаева Р.

Шымкент 2008 ж
І.Кіріспе
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар әрине ертеден
зерттеліп келген тұқымқуалаушылық, орта тәрбие, бірақ тұлға мұнымен
тұрақтанып қана қойған жоқ дамыды. Қоғам дамыды, мұнымен қатарласа тұлға
дамыды. Жаңа идеялар пайда бола бастады, бірте – бірте іс - әрекетке ұласып
ол жүзеге асты. Я.А.Каменский Ұлы дидактика, деген еңбегінде тұлға
дамуындағы дидактикалық ойындардың орны орасан зор екендігінің маңызын алып
түсіндірді. Яғни дидактикалық ойындарды тұлға қалыптастыруда кеңінен
пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың яғни
әрбір жеке тұлғаның танымдық белсенділік арттыруға үлкен жол ашады.
Әр түрлі іс - әрекеттік, дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу
кезінде мына жайттарды есепке алу керек:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері
- белгілі көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы,
- ақыл – ой іс - әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ойынның мазмұны мыналарды қамтылуы тиіс.
1. Ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.
2. Ойындардың тапсырмалардың әр түрлі тәсілімен орындалуын қадағалау
және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек.
3. Ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекілер қарапайым болып,
олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіп болуы шарт.
Жалпы, оқушылардың іс - әрекетінде пайдаланған ойындар дамытушылық –
баланың физиологиялық және психикалық (қабылдау, ес, ойлау, қиял, зейін,
елік) дамуын қамтамасыз ете алады.
Мектепте көркем шығармаларды тиімді пайдалану оқушьшардың сана-сезімін
оятады, оларды жаңа өмір үшін күресуге тәрбиелейді. Тәрбие жұмысының
саласында оқушылардың көркем - өнер іс - әрекетінің бірнеше формалары бар.
Олар: әдебиет, музыка, көркемөнер үйірмелері; музыканы сүюшілер клубы:
балалар шығармашылығының көрмесі мен сайысы; көркемөнер - паздар үйірмесі;
көркемөнер галареясы, музей, табиғат, театр және кинотеатрлармен оқушыларды
таныстыру үшін эстетикалық сайыстар; әдебиет және өнер қайраткерлерімен
кездесулер; поэзия, музыка, кино және көркемөнер күндері; эстетикалық
тақырыптарға жүргізілетін пікірталастар мен әңгімелер т.б.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақ
композиторларын, суретшілерін, олардың басты шығармашылық еңбектерін жете
біле бермейді. Ал, осы жәйттер жөнінде кейбір мұғалімдеріміздің де ұғымының
ескелең өмір талаптарына сәйкес келе бермейтіндігі мәлім. Міне, осыған
орай, жас ерекшеліктерін ескере отырып, балаларды эстетика саласындағы,
мәселелермен үнемі таныстырып отырудың тәрбиелік мәні өте зор.
Мақсаты– жеке тұлғаның қалыптастыруға қажетті негіз және қазіргі заман
талабына сай әсер ететін дамытушылық факторларды анықтау.
Объектісі – жеке тұлғаның қалыптастырудағы қажетті қазіргі әлеуметтік
қоғамның мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының пәні – тұлға ны қалыптастырудың әдіс тәсілдері, әсер
етуші факторлар.
Міндетері:
1. Жеке тұлғаны қалыптастырудың – ежелден қалыптасқан факторлар мен
озық идеялды ойлардың негіздерін оқып үйрену.
2. Жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті мұғалім және ортаның идеялық ой
– жүйесін анықтау.
3. Жеке тұлғаны қалыптастырудың заман талабына сай қосымша әсер ететін
факторларды анықтау.

Еңбек психологиясы

Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор.
Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі
оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни
ойлаған істен бір нәтиже шығару- оның екінші бір басты белгісі
болып табылады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші
орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын
еске алуымыз қажет. Сөйтіп санамен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың
іс-әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты
принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі
түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге
бағытталып огтырады.
Баланың дамуына іс-әрекетінің рөлі оте зор. Ол дамудың негізі. Іс-
әрекетінің түрлері: ойын, оқу, қоғамдық пайдалы жұмыстар, көркем өнері іс-
әрекеті, спорт т.б. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іс-әрекетінің
салаларымен бірге олардың мазмұны, ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері және
мотивтері де өзгеріп отырады. Мұны әр түрлі іс-әрекеттерінің түрлерінен
байқауға болады.
Мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға тән және олардың
құмартып кірісетін іс-әрекетінің бір түрі — ойын. Ойынның бірнеше түрлері
бар. Оларға шығармашылық, ақыл-ой, спорт ойындары т.б. жатады.
Адам психикасын қалыптастыруда шешуші рөль атқаратын әрекеттің бірі —
еңбек. Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.
Еңбектің адам сана-сезімінің калыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде
К. У. Ушинский: "...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер
бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады, ол адам тәнінің
адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы, оның адамгершілік ар-
ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады"
дейді. Еңбек әрекетінің психологиялық табиғатын Д- С. Макаренко былайша
түсіндіреді: "Адам жұмысты сүйіп істейтін болса, одан саналы түрде қуаныш
сезетін болса, еңбек ол үшін жеке басын және талантын тудырудың негізгі
формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкін. Еңбексіз
тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуге болмайтындығын, еңбек адам
психологиясын, кісілердің бір-бірімен ынтымақты қарым-қатынасын
қалыптастыратын негізгі фактор екендігін еске салады. Жалпы еңбек
әрекетінің (жеке және ақыл-ой) негізгі ерекшелігі — оның жоспарлылығы мен
белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек процесі қызметкерде арнаулы білім
жүйесі, дағды, икемділіктердің болуын, зейінділікті, күшті ерік күшін,
белгілі еңбек тәртібі қажет етеді.
Еңбектің қандай түрі болса да құрметті және қадірлі, жаман еңбек
болмайды. Адам өз еңбегінің жұртқа және өзіне пайдалы екендігін, одан
шығатын нәтижені үнемі сезініп отыруы тиіс. Еңбек тек өнімді, пайдалы болып
қана қоймай, ол сонымен қатар творчсствалы сипатта болуы қажет.

Жас баланың еңбек дағдылары семьяда қалыптаса бастайды. Тіпті екі-үш
жастағы балалардың шешініп, киінуінде де, ойыншықтарын жинап қоюында да
еңбек процесінің элементтері бар. Мектепке дейінгі бала үй-ішіне қолғабыс
тигізеді, үй сыпырады, гүлге су құяды, үй жануарларына жем береді т. б. Осы
айтылғандардың бәрі — еңбек процесінің нақты көріністері.

Адамның мәнсіз еңбектен шаршап, оның тіршілік әрекеті уақытша
нашарлап отыратын кездері болады. Шаршау, үлкендерге қарағанда, жас
өспірімдерде көбірек байқалады. Шаршау организмде әр кез пайда болып
отыратын заңды психофизиологиялық құбылыс. Дұрыс ұйымдастырылған демалыстан
кейін шаршау басылады да, организм тың қалпына кайта келе бастайды. Ал,
шаршау қайталана берсе, ол оның созылмалы түрі - қажып, болдыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
12 жылдық білім беру жүйесін тиімді басқару мен сапалы оқытуды камтамасыз ету
Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуында іс - әрекеттің және қарым қатынастың алатын орны
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи мазмұны
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
ҰЛТТЫҚ МҰРАЛАР НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кәсіби біліктілік терминінің анықтамасы
Құзыреттіліктерді дамытудағы жоба технологиясының мәні
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Заманауи социум жағдайында балалардың адамгершілік дамуының ерекшеліктері
Пәндер