Лактотерапия сүтпен емдеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

Сайрам Медициналық коллежді

Тақырыбы: Вакцина өндірісінде қолдану

Орындаған: Бердиева Ақмарал
Тобы: АГ-22-07
Қабылдаған: Нұржанова Алия

Шымкент 2007 ж.

Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Вакцинация (егу) негізі.
2. Профилактикалық егу шараларының календарына сәйкес жас баланы егу
кестесі.
3. Егуден кейінгі адам ағзасындағы кейбір құбылыстар түрі.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер

Қолданылған әдебиеттер

1. Тель Леонид Зигмонтұлы
2. Даленов Ерболат Дербісалыұлы Валеология, 2002 ж. Астана қаласы ЖШС
Жедел басу баспаханасы.
3. Ә.Нысанбаев Ұлттық энцоклопедиясы Алматы қ. 1999 ж. 720 бет. Қазақ
энциклопедиясы.
4. Арғынбаев Х., Асанбаева Р., Нұрғалиев Р.Н. Шаңырақ энциклопедиясы.
Алматы қ.

Вакцинация (егу) негізі.

Жүкпалы аурулардың алдын алу, эпидемияны болдырмау шараларының ішінде
арнаулы вакциналарды қолданудың маңызы зор.
Вакцина - өлген немесс әлсіреген қоздырғыштардан алынған өнім.
Вакцинация нәтижесі оның сапасына және егудің дұрыстығына байланысты.
Вакцинаның әсер ету ұзақтығы ауру көзі болып табылатын микроорганизмнің
қасиеттеріне байланысты. Мысалға, оба, туляремия, сары. безгек,
полиомиелитке қарсы тұрақты иммунитет болады. Тұмаудың вирусына вакцина
арқылы тұрақты иммунитет жасау мүмкін емес, дегенмен тұмау вирусы тез
өзгергіш келеді.
Вакцина инфекциялық ауруларды емдеуде қолданылады, мысалға, іріңді
инфекция, сарып (бруцеллез), соз (гонорея) және т.б.
ЕГУ, алдын-ала егу, бұл арқылы адамдардың организмінде кейбір
инфекциялық ауруларды қабылдамайтын иммунитет пайда болады. Еккенде
организмге вакцина немесе сыворотка жіберіледі. Вакцинаның құрамында тірі
(әлсіздендірілген) немесе өлі (жансыздандырылған) ауру қоздырғыштар —
бактериялар мен вирустар, яки бактерияның -экстрактылары мен олардың
залалсыздандырылған улары (анатоксиндер) болады. Организмге вакцина
жібергенде қорғаныс заттары — антитела мен антитоксиндер пайда болады да,
соның нәтижесінде организм беігілі бір уақытта вакцинадағы
микроорганизмдер тудыратын инфекциялық ауруларды қабылдамайды. Әр
вакцинаның дозасы мен оны организмге жіберу әдісі белгіленген.
Кейбір инфекциялық ауруларға қарсы вакцинаны екі немесе үш рет жасайды,
мысалы, полиомелит пен көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы арасына 1,5
ай өткізіп, 3 рет егеді. Уақыт өткенде егудің көмегімен организмге
ендірілген иммунитет әлсіреуі мүмкін. сондықтан белгілі бір мерзімнен кейін
егуді қайталап отырады (ревакцинация).

Профилактикалық егу шараларының календарына сәйкес
жас баланы егу кестесі.

1980 ж. бекітілген профилактикалық егу шараларының календарына сәйкес
баланың өмірінің алғашқы жылында туберкулез бен плиомиелитке, көкжөтел мен
дифтерияға және сіреспе ауруларына қарсы вакцина; екінші жылы — паротит пен
қызылшаға, сондай-ақ полиомиелитке қарсы; сәби үш жасқа қарағанда
көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге және полиомиелитке қарсы ревакцинация
жасайды. Бұдан кейін ревакцинация; 6 жастағы балаға дифтерия мен сіреспеге
қарсы; 7 жастағы балаға (1-класс) туберкулезге; 7—8 жастағы балаға
полиомиелитке, 11 жастағы балаға дифтерия мен сіреспеге қарсы; 11 —12
жастағы балаға (5-класс) туберкулезге; 15—16 жастағы балаға полиомиелитке;
16—17 жастағы балаға туберкулез бен сіреспеге қарсы жүргізіледі.
Туберкулезге қарсы одан кейінгі ревакцинацияны Туберкулез мақаласынан
қараңыз. Сондай-ақ арнаулы көрсеткіш бойынша басқа да ауруларға қарсы алдын-
ала егу жүргізіледі. Ал дереу уақытша иммунитет жасау қажет болған жағдайда
(мысалы, қызылша шыққан адаммен аралас болғанда, адамды ит тістеп
жаралағанда немесе инфекциялы жарақат болғанда) организмге құрамында сол
инфекцияға қарсы антителолары бар сыворотка немесе гамма-глобулиндер
жібереді.

Егуден кейінгі адам ағзасындағы кейбір құбылыстар түрі.

Егу алдында дәрігерлік байқау жасайды. Ал қатты ауырғанда екпейді.
Еккеннен кейін бірнеше күн бойы қатты шаршап шалдығудан, қалыптан тыс
ыстықтау, немесе суықта жүріп қалудан сақтанған жөн. Мұндай жағдайда
әдетте ыстық көтеріледі, бас ауырады, жалпы дімкәстік пайда болады,
сондай-ақ вакцина жіберген жер ауырып, қабынады. Әдетте бұл
процесс көпке созылмайды (бірнеше сағаттан 1—2 тәулікке дейін) және ол
өмірге қауіпті емес. Алдын-ала еккеннен кейін инфекциялық сырқат пайда
болған күннің өзінде де ол асқынбай жеңіл өтеді.
ВАКЦИНА (лат. vacca – сиыр, vaccinus — сиырдікі) — микроорганизмдерден
(бак-терия, вирус, т.б.) алыныи, адам мен жануарлар организміне жұқпалы
аурулардан алдынала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін
егілетін препараттар. Азиялық көшпелілер ежелгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт безінің патологиясы
Желін ауруларының шаруашылыққа тигізетін зияндары және пайда болу себептері
Желіннің флегмонасы
Сумен емдеу емшаралары
Аналықтардың бедеулігі
Листериоз ауруының сипаттамасы
Желін үрпісінің аурулары және аномалиялары
Бұзаулардың ұлтабары мен ішектерінің қабаттаса қабынуы
АГАЛАКТИЯ және ГИПОГАЛАКТИЯ
Бруцеллиоз
Пәндер