1922-1924 жж. ақша реформасын жүргізудін, себептері және оның мазмұны


1922-1924 жж. ақша реформасын жүргізудін, себептері және онын, мазмұны
Акша реформасы деп мемлекеттік акша жүйесіне өзгеріс енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші акша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Ал 1922-1924 жж. ақша реформасын жүргізуге мына жағдайлар әсер етті.
Біріншіден, 1917 ж. қазан төңкерісінен кейін патшалық Ресейден қалған тауар-ақша айналымын елдегі азамат соғысы мен шетел әскерлік интервенциясы одан әрі бұзылуына жол ашты. Қаржы-шаруашылық жағдайын тұрақтандыру үшін жүргізілген "әскери коммунизм" саясаты айтарлықтай нәтиже бермеді. Оның мәні - өндірушілерге азық-түлік алымын (продразверстка) салу, яғни шаруалар өндірген өнімінің өз қажетінен артығын, тіпті кей жағдайда өзіне қажетті бөлігін де мемлекетке нақты бағамен өткізу. Алайда өткізген өніміне шаруалар қолма-қол ақша ала алмай, қарызға берді. Осының салдарынан нарықта сатылатын тауарлар күрт азайып, бағалары өсті. Халық азық-түлікпен және керекті заттармен тек карточкамен қамтамасыз етілді, жалақы заттай түрде берілді. Мысалы, 1917 ж. жалақының 5% заттай төленсе, ал 1920 ж. ол көрсеткіш - 93% жетті. Акшаның қызметі тек жалақыны есептеумен шектеліп, қолма-қол ақшаны тек әскер қатарындағылар ғана алды. Сейтіп, тауар-ақша айналымы тарылды. Ақшаның мәні төмендеді, акша жүйесі одан әрі бұзылды.
Екіншіден, ақша айналымына жүйелі түрде көп мөлшерде ақша шығару да акша жүйесінің бұзылуына әсер етті. Оккупацияланған аймақтарда ақша шығаратын эмиссиялық орталықтар пайда болды (мысалы, Балтық жағасындағы үкіметтермен қатар, ақ гвардияшы әскери бөлімшелер және т. б. жеке фирмалар) . Сонымен қатар кейбір жергілікті үкімет орындары да өз алдына ақша шығарумен шұғылданды. Мысалы, 1918 ж. 1 шілдесінен 1992 ж. 1 қаңтары аралығында ақша айналымына шығарылған ақша саны 43, 7 млрд. сомнан 1168, 6 млрд. сомға дейін, яғни 265 есе өсті. Ал бір сомның сатып алу мүмкіндігі 188 есе азайды. Нәтижесінде қағаз ақша мөлшері көбейіп, тауарлар бағасы өсті.
Жүргізілген шараларға қарамастан мемлекет шығындары түскен пайдадан анағұрлым басым еді. Мысалы, 1918 ж. мемлекеттік бюджеттің шығындары пайдадан 31, 1 млрд. сом артық болса, 1919 ж. - 166. 4 ; сомаға . ал 1920 ж. - 1055, 6 млрд. сомға артық болды. Бұл жағдайға алдымен көптеген әскери шығындармен қоса өндіріс көлемінің төмендеуі себеп болды. 1920ж. ауыл шаруашылығының жалпы өнімі соғысқа дейінгі оның жарты мөлшерін, ал тауарлы өнім тек төрттен бірін құрады, сондан - ақ өнеркәсіп өндірісі тек 17%-ің шамасында болды.
Елдегі шаруашылықтың күйзелуін азық-түліктің, тауарлардың жетіспеушілігің жеке жас Кеңес үкіметін сақтап қалуға жұмсалған қыруар әскери шығындарды өтеу үшін, сөйтіп, халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін еңбек өнімділігін арттыратын шараларды іске асыру қажет болды.
1921ж. наурызда болған Ресей коммунистік (большевиктер) партиясының (РКП (б) X кезінде жаңа экономикалық саясат қабылданды. Оның негізінде элементтері:
• азық-түлік алымын азық-түлік салығымен (продналог алмастырды.
• жеке капиталды саудаға және ұсақ өнеркәсіпке енгізу, ірі кәсіпорындарға шетел капиталын тарту;
• мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық есепті енгізу;
• еңбек ақыны ақша түрінде қалпына келтіру. Азық-түлік алымына қарағанда өнімге салынатын салықтың мөлшері екі есе алынатын алым төлегеннен қалған артық азықтарын шаруашылықта сатуға мүмкіндік алды. Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асырудың бірінші жылының (1921 ж. қала мен ауыл арасындағы өзара тауар алмасу қатынастары қалпына келтіріліп, жалакыны заттай төлеуде орнына ақшалай төлеу жүргізілді. 1921 ж. көктемінде еңбек ақыны ақшалай төлеудің барлығы тек 10% болса, ал 1923 ж. I тоқсанында ол жалпы еңбек ақы төлеу қорының 80%-тен астамын құрады.
Ақшаның сатып алу қабілеті төмендеп, ол құнсыздана түскен сайын оның айналыстағы мөлшері бірнеше есе өсіп, үлкен сандармен (миллиард, триллион) есептелді. Сондықтан есеп жұмысын жеңілдету мақсатында екі рет демонинация жүргізілді, яғни ақшаның көрсеткіштерін кеміту арқылы оған өзгеріс енгізілді.
Бірінші демонинацияның барысында бұрынғы Ресейдің ақша белгілерінің орнына 1922 жылғы үлгідегі рубль шығарылды. Жаңа 1 рубль айналыстағы 10 мың рубльге теңгеріліп, нәтижесінде триллионның төрт нолі жойылып, орнына 10 млн рубль келді.
Екінші деноминацияның барысында 1923 жылғы үлгідегі рубль шығарылып, ол 1922 жылғы үлгідегі 100 рубльге, немесе бірінші деноминацияға дейінгі 1 млн рубльге теңгерілді.
Сөйтіп, жүргізілген жана экономикалық саясаттын іс-шаралары кезінде қалпына қайта келе бастаған тауар-ақша қатынастарына сәйкес тұрақты айналыс, төлем және жинақтау кұралы қажет болды. Ондай құрал ролін тек өз кұны бар алтын ғана атқарады. Сондықтан рубльдің тұрақтылығын нығайту мақсатында алтын материалын ақшаның негізі ретінде қолдану ұйғарылды. Ол үшін алтын қорын жинау шаралары жүзеге асырылып, нәтижесінде 1922 ж. 1 қаңтарынан 1923 ж. 1 қаңтары аралығында мемлекеттің алтын валюта қоры 6, 7 млн рубльден 31, 0 млн рубльге дейін есті. Сонымен қатар 1921 ж. аяқ шенінен бастап революцияға дейінгі алтын рубльдің ресми құны көрсетіліп, ол кеңес рубліне айырбасталды. Егер осы кезге дейін халық бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған әшекей бұйымдарын мемлекетке тапсыруы міндетті болса, енді 1922 ж. сәуірінен бастап оларды еркін қолдануына рұксат берілді.
Ақша айналысын қалпына келтіру жолындағы келесі қадам - 1921 ж. қазанында Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасында (РСФСР) Мемлекеттік банк, ал кеңестік республикаларда оның республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Мемлекеттік банк - мемлекеттің бірыңғай эмиссиялық орталығы, оның айрықша міндеті - елде ақша реформасын жүргізуді ұйымдастыру.
Акшя реформасынын мазмұнын . Өскелең халық шаруашылығына тұрақты ақша қажет сынысыз қала мен ауыл арасындағы тауар алмасуын қалыптастыру, өндірісте есеп жұмыстарын ұйымдастырып оған шаруашылық есепті енгізу, еңбекке экономикалық ынталандыру мүмкін емес. Сондықтан рубльді тұрақтандыру мақсатында 1922 ж. күзінде ақша реформасын жүргізу басталды.
Тұрақты валюта - червонецтермен қатар айналымда Қаржы комиссариаты шығарған қағаз ақшаның кеңестік белгісі (совзнаки) жүрді. Червонецтер үлкен купюралы ақша болғандықтан тек көтерме шаруашылық айналымында қолданылса, ал кеңестік ақша белгілері бөлшек сауда айналымында және бюджеттің жетіспеушілігін толтыруға қолданылды. Бюджеттің жетіспеушілігін жою мақсатында үкімет қатал үнемдеу шараларын, мысалы, әкімшілік аппараттарын қысқарту, әлеуметтік-мәдени шараларын жүргізуге шығындарды азайту, оның орнына бақылау органдарын күшейту сияқты жұмыстар жүргізді. Сондай-ақ халықтың уақытша бос ақшасын шаруашылықты өркендетуге бағыттау мақсатында оларды бір жерде шоғырландыру үшін жинақ кассалары мен мемлекеттік қамсыздандыру жүйелері кеңінен ашыла бастады. Салық жүйесі салықтың жаңа түрлерін енгізумен нығайтылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz