Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi
Бахаи сенiмi
1. Бахаулла Бахаи сенiмiнiң негiзiн қалаушы.
2. Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi
3. Бахаи сенiмiнiң күнтiзбесi.
1. Бахаулла Бахаи сенiмiнiң негiзiн қалаушы
Келедi деп Баб болжаған Бахаулла, яғни “Құдай даңқы” деген лауазымды
қабылдаған Мырза Хұсеин Әли – мемлекет министiрi қызметiн атқарған Мырза
Аббастың үлкен ұлы едi. Ол Парсының астанасы –Тегеранда, 1817 жылы 12
қарашада таң алдында дүниеге келдi.Ол еқашан мектептiң табалдырығын аттаған
емес, үйде ғана аздаған бiлiм алды. Бiрақ ол сәби кезiнен бастап асқан
зеректiк танытты. Ол бозбала шағына жеткенде әкесi қайтыс болып, iнi
қарындастарына қамқорлық Бахаулланың иығына түстi.
Ерекше қабiлеттерi Оның шектен тыс тәкәппарлығын оятпады. Ол кiшiпейiл
әрi қайырымды болатын. Оның талғамы да қарапайым болатын. Ол табиғатты,
құстарды, ағаштарды, гүлдердi,аңдарды жақсы көретiн және уақытын сарайдан
гөрi қаланың сыртында өткiзгендi қалайтын.Ол ақшаға қызыққан емес, кедейлер
мен жарлыларға жұмсайтын сол кездiң дәстүрi бойынша Ол ерте үйленген едi.
Оның әйелi де бай отбасынан болатын, бiрақ оның талғамы да қарапайым едi.
Өздерiнен гөрi өмiрде әлдеқайда нашар тұрып жатқандардың үлестерiн
жеңiлдету үшiн олар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар
бiрiгiп жұмыс iстедi. Олардың үйлерiнiң есiгi әрқашан тамақ iздеген,
баспана мен көмек сұрағандарға ашық болатын. Оларды “Кедейлердiң Әкесi мен
Шешесi” деп атады. Бахаулланың әкесi қайтыс болғаннан кейiн, оған оның
сарайындағы орнын ұсынды, дегенмен Ол болса бас тартты.
1844 жылдың жазында, Баб өзiнiң мiндетiн жария еткеннен үш ай өткен соң,
Молла Хұсейiн Бабтыңүндеулерi бар шиыршықталған бұлама қағазды Тегеранға
әкелдi және оның Бахаулланың қолына түсуiн қадағалады. Бахаулла
шиыршықталған бұлама қағазды оқығаннан соң, Бабты мойындап және Оның
iзбасары болды. Сол кезде Бахаулла жиырма жетi жаста едi. Бахаулла Бабпен
ешқашан кездескен емес, бiрақ, онымен әрдайым хат алысып тұрды, бар жанымен
оның iлiмiн қолдап және оны таратуға ұмтылды. Нәтижесiнде, Ол көпшiлiк әлi
жөндi бiлмеген қозғалыстың қатарында болып шықты, мұның мүддесi болса мұның
өз тобының мүдделерiне қарама-қарсы едi.
Қорықпайтын, қажымайтын Бахаулла бабтықтарға қолдау көрсетiп, оларға
көмектесiп әрi құнды ақыл-кеңес берiп тұрды. Баб Өзiнiң тез арада өлетiнiн
түсiнгенде, Ол Бахауллаға өзiнiң мөрi, қағаздары мен хат жазатын қаламдарын
берiп жiберген едi. Бахаулланың нұсқауы бойынша, Бабтың мүрдесi Тебризден
әкелiнiп, сенiмдi жерде сақталынған едi.
2. Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi.
Ғалымдар, оның ішінде, В. Н. Никитин және В. Л Обухов бахаи ілімдерінің
алты негізгі қағидаларға бөлген:1. Қасиетті кітаптар жайлы ілім; 2.
Құдайлар жайлы ілім; 3. Пайғамбарлар жайлы ілім; 4. Жан жайлы ілім; 5.
Ақырет жайлы ілім; 6. Бахаи ұйымына кіру жайлы ілім;
2.1 Қасиеті кітаптар жайлы ілім. Бахаи сенімінде жүзден аса кітаптарды
қасиетті деп есептейді. Оларды екі топқа бөлуге болады.
Біріншісі- Баб, Бахаулла, Абдул-Баха, Шоғи Эффенди шығармалары және Жалпы
Әділет Үйінің жарлығы. Бірақ, Баб және Бахаулланың шығармалары Құдайдан
тікелей түскен аяндар деп ерекше құрметтеген. У. С Хэттер және Дж. Д
Мартин “Бахаулланың жазбалары” жүзге жуық- деп жазған. Бұл көптеген
шығармалары Бахаи Сенімінің Ашылымдарын құрайды. Абдул-Баха мен Шоғи
Эффенди дің шығармалары түсіндірмелер болса да, “Қасиетті Жазбалар”
қатарына енеді.
Екіншісі- бұл басқа діндердің кейбір қасиетті кітаптары, оның ішінде
Библия, Құран, Бхагават-Гита сияқты кітаптарды бахаилар Қасиетті деп
құрметтейді.
2.2. Құдайлар жайлы ілім. Құдайлар жайлы Бахаулла былай жазған:
Барлық ашық жүрекке Құдай танылмайтын, барлық адами анықтамалардан жоғары
Аспан Иесі.Ол өз мәнінде және өз болмысында жасырын, ол әрқашан шексіз.
Әлемді , ондағы тіршілікті өзінің ұлы және шексіз ерігінің арқасында
жаратып, Оны тануға , сүйюге және оны әлемді жаратуда адамға берген
ерекшелік пен мүмкіншілікті алғашқы түрткі , бастапқы мақсат деп
қарастыруға болады.
Бахаилар, Бахаулланы соңғы басты тұлға деп, ұлы оқытушы, өз ұйымының
адамдарын біріктіруде , жеке өсуге рухани қуат беруші деп есептейді.
Алайда, бахаи сенімінің діни ілімдерінде Құдай- әлемдегі жалғыз құдіретті
тіршілік. Ол ізгілі болып, жындарды шайтандарды жаратпаған.
“Жынды” бахаилар адамдардың төменгі табиғатын белгілеу үшін қолданылады.
Ал “Шайтандар” әлемдегі жамандықты белгілеу үшін қолданады.
“Періштелер” ол тазалықты және бұ дүниеден кетіп, о дүниеге аттанған
жанын белгілеу үшін қолданады.
2.3 Пайғамбарлар жайлы ілім. Пайғамбарлар жерге келуін өте сирек
құбылыс- деп Мэри Перкинс пен Филип Хейсворт жазған. Бізге белгілісі
Кришна, Авраам, Мұса, Будда, Заратуштра, Мұхаммед, Баб, Бахаулла. Олардың
барлығы әр діннің негізін салушы.
Бахаилар Бахаулланы құдайдың жердегі соңғы пайғамбар деп сенеді.
Бахаулла әр дін екі бөлімнен тұрады деп үйреткен: рухани және әлеуметтік.
Барлық әлемдік діндерде рухани жағында үйлесімділік, ал әлеуметтік жағында
өзгешелік бар. Олар діни ғұрыптартар мен жазбалар заңдарын қарастырады
деген.
2.4 Жан жайлы ілім. Жан Бахаи сенімінде өлімнен қорқыныштан тыс, сенімді
өмір сүруге мүмкіндік береді.
Шынайы әлемде адамзат бірнеше кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңінде адам
басқа кезеңге немесе келесі дәрежеге өту мүмкіншілігін дамытады. Ол минерал
әлемінде болса, өсімдік әлеміне өту мүмкіншілігіне жетеді. Өсімдік
әлемінде, жануарлар әлеміне, содан соң адамдар әлеміне өту үшін
өзгерістерге ұшыраған. Осы өмірде, ол өзін келесі өмірге дайындау керек.
Басқа әлемде қажеттілігінің барлығын осы өмірден алу керек. Ол аспан әлемі-
күдіксіз, жарық әлемі, сондықтан адамға көз керек. Ол әлем- махаббат әлемі;
сондықтан Құдайға деген махаббат болу керек. Ол әлем – жетілген; жақсылық
пен жетістіктерді жинау керек. Ол әлем- Қасиетті Рухпен жанданған;тоны осы
өмірде іздеу керек. Ол әлем өтпелі емес; оған өтпелі тіршілікте жету керек.
Сонымен ббахаи ілімінде жан туралы ілімдер иудейлерден,
христиандықтардан, мұсылмандардан ерекшеленбейді.
Оллардың ілімінде басты бес ой бар: адамның құдіретті бөлімі оның
болмысын құрайды, жан денеден тәуелсіз, жан тұтас, әр адамның жанын құдай
жаратқан, әр адамның жаны мәңгілік.
2.5 Ақырет жайлы ілім. Бұл ілімнің негізі “жұмақ” пен “тозақ”
орын емес, ол күй. Жұмақ- Құдайға жақындық, ал тозақ одан алыстау. Бұл күй
осы өмірде және одан кейінгі о дүниеде де болады.
2.6. Бахаи ұйымына кіру ережелері. Ұйымға кірудің төмендегідей
ережелері бекітілген: Біріншіден, ұйымға кіруші әрбір адам өзіне мына үш
сұраққа жауап беру керек:
1.Бахаулланы заманымыздың пайғамбары ретінде мойындай ма?
2.Бахаиліктің негізгі діни ілімдерін қабылдай ма?
3.Бахаиліктегі басқару жүйесіне қанағаттана ма?
Екіншіден, таяу арада болатын жиналыста, әрине егер үміткер барлық
үш сұраққа болымды жауап қайтарса, ол орнынан тұрып көпшілік алдында
“Өзімді бахаи деп жариялаймын” деуі керек. Осылайша бахаилікке мүше болу
мейілінше жеңілдетілген. Бахаи болған адам өзін сөзбен емес, ісімен
көрсетуі тиіс. Бахаилікке мүше болған сәттен бастап адам өзін рухани
жағынан жетілдіруі қажет. Ақиқатты іздеп, сол жолда жүруге тиіс.
Ақиқатты іздеу барысында адам төрт құралды басшылыққа алады:
Бірінші құрал-сезім. Бұл қоршаған ортаны тануда негізгі есік
қызметін атқарады. Алайда адасушылыққа да әкеп соқтыруы мүмкін.
Екінші құрал – ақыл, парасат. Ақыл сезім берген деректерді
сұрыптайды және адамға берілген хабарларды түсінікті ететін теориялар
құрады. Алайда ақылмен құрылған нәрселердің өзі қате болуы мүмкін.
Сондықтан үнемі тексеріп, қайта қарап отыру керек.
Үшінші құрал – дәстүр. Өткендерден қалған мұра, жинақталған
тәжірибелер. Бұлардың өзі көптеген соқыр сенім, ырым секілді нәрселерге
толы. Сондықтан адам ақылмен өлшеп алмай тұрып басқа адамдардың ілімдері
мен дәстүрлерін ұстанбау керек.
Төртінші құрал – рұхтанушылық (шабыт). Бұл сөзбен түсіндіруге
келмейтін, тәжірибе арқылы іске асатын құбылыс. Бұл ақылдың білім және
идеяларымен нурлануы, кемелденуі. Ғалымдар мен шеберлер бұл құралды жақсы
пайдалана алады. Адам баласы қоғамға қызмет ете отырып өз қабілеттерін оята
алады. Қоғаммен қатынас барысында адам ақиқатқа апаратын жолды табады. Осы
арқылы ол рухани кемелдікке жетеді. Бірақ бұл талаптардың барлығы жердегі
өмір үшін. Мәңгілік өмір үшін де үлкен мән беру бахаилікте маңызды болып
табылады.
Бахаилік ағымында да басқа діндердегі секілді атқаратын кейбір
ғибадаттары мен бұйрық-жарлықтары бар .
Құдай Бiрлiгi. Бахаи сенiмiндегi Бiр Хақ Құдай – ол барлық
Ғаламды, оны мекендеп тiршiлiк етушiлер мен күштер мен адамзат пен
табиғаттан жоғарлатылған бiр Мәннен жаратылған дегендi бiлдiредi. Бiздiң
Құдай
табиғатына деген көзқарасымыз қандай болмасын, Оған бiз қай тiлде
жабырынсақ та, Оған қай есiмдi берсек те- Алла немесе Яхве, Бог немесе
Брахма- қай жағдайда болмасын, сөз сол баяғы бiр жалғыз Хақ Мән
жайында болмақ. Құдай – ол шектеулi адамзат санасы қашан болмасын дұрыстап
Оны түсiнiп немесе Оның бейнесiн дұрыс паш ете алуынан соншалық зор және
ұғымға сыймайды.
Адамзат Бiрлiгi. Барлық адамзат өз болмысында, бр организмдi, ерекше бiр
түрдi танытады. Адамзаттың осы тегiнiң бiрлiгi – “жаратылыстың тәжi”, өмiр
мен сананың ең жоғарғы үлгiсi, барлық басқа жаратылыстардан артық, өйткенi
тек адам ғана ақылының арқасында Құдайдың мәнiне жете алады. “Адамзат
бiрлiгi”- деген ұғым, ол Құдай барлық халықты бiркелкi қабiлетпен бөлеген
деген мағынаны бiлдiрген. Физикалық ерекшелiктерi болса, терiсiнiң түсi мен
шашы деген сияқты болмашы нәрсе ғана. Бахаи iлiмi надан оқымыстылардың ой-
қиялдарының жемiсi ретiнде, нәсiлдiк артықшылықтың қандай теорияларынан
болмасын бас тартады. Адамзаттың тұтас тiрi тiршiлiк ретiнде көпшiлiктi өсу
үдерiсiн бастан кешiп жатқанына бахаилар сенедi, қоғамның бiрiгуiнде
отбасылық тайпалық, қала-мемлекеттер, ұлттар болып әлдеқайда жоғары
деңгейге бiртiндеп келтiруде. Көпшiлiкболып өсiп-даму барысы келе жатқан
саты: жан-жақты өркениет пен дүниежүзiлiк бiрлiк – адамзат өрiсiнiң жоғарғы
сатысын бiлдiредi.
Адамзат бiрлiгiнiң тұжырымдамасы, бахаи iлiмi орныққан негiзгi тқғыр – ол
санасыз жан толғанысының жемiсi немесе екi ұшты бақ тiлектi бiлдiрудiң
жемiсi болып табылмайды ... Бахаулла ұндеген адамзат бiрлiгi қағидасы – ол
осы орасан зор өрiстен аяқталып келе жатқан кезеңi тек қажет қана емес- ол
сөзссiз болады деген қлы хабар, одл жетi шақырым адаммен жақындай түсуде,
және оның орнауы да, басқадан емес, Құдайдан шыққан күш арқылы болмақ”.
“...Бахаилар үшiн тiршiлiк етудiң мәнi – ол адамзаттың бiрiгуiне жетуге
ықпал ету. Әрқайсымыздың өмiрлiк ұмтылысымыз барлық адамдардың көзқарасымен
тығыз байланысты; бiздi жеке басымыздың құтқарылуы ... бiздiң мақсатымыз –
дүниежүзiлiк өркениеттi құру, ол өз барысында әр адамның рухани келбетiне
әсер ететiн болады”.
Осы өркениетке деген жол жаңа қоғамдық құрылымдарды құрудан тұрады,
бұлардың арқасында, әртүрлi топтар мен дара тұлғалардың, көзқарастарының
қақтығысу мүмкiндiгi бұдан әрi жойылып және қысқартылатын болады, сондай-
ақ, адам санасының жаңа деңгейiне жету арқылы – адамзаттың әуел бастан-ақ
бiр екендiгiн ұғыну.
Бiз келе жатқан бiрлiк – ол бiртектi емес, ол кқп тектi элементтер,
қызықтырмайтын бiр түрлiлiк емес, керiсiнше алуан түрлi бiрлiк, мұның
iшiнде Бахаулла үйреткендей адамдардың қай түрi болмасын, өздерiнiң ұмтылыс
пен идеалдарын таба алады. Сонымен қатар әрбiр топ, әр халық өзгелердiң
мұралары мен жетiстiктерiн бөлiсе алады. Бiрлiкке айырмашылықтарды жою алып
келмейдi, оған әр жеке мәдениет пен жеке тұлғаға тән болатын, сол
құндылықтарды шынайы құрметтеп –сыйлау мен бiлiмнiң өсуi алып келедi.
Адамзаттың бiрлiгi мен саналылығы – наным-сенiмдердiң: дiни, нәсiлдiк,
таптық, ұлттық және т.б. барлық түрлерiнiң анық құралы, барлық кезеңдердi
олар соғысуға, жеккөрушiлiкке, қарсы тұрушылық пен кеселге
ұрындыратын. Наным- сенiмдер адамның қандай болмасын ойды қатты тебiрене
ұстануы болып табылады, ол болса осы ойды шын ба жоқ әлде өтiрiк пе деген
талпыныстарды түсiнуден тұрмайды. Адамдар өз тегенiң барлық адамдарымен
рухани бiрiгу саналығына ие болуы мән-ақ екен, наным-сенiмдердi жеңiп
шығатын боламыз. Бiрлiк қандай да болмасын бiр жоғарыдағы айбынды топпен
енгiзiлмейдi, ол адамдар “жер бетi – бiр ел және барлық адамдар оның
азаматтары” (Бахаулла) екенiн жаппай саналы ұғынбайынша, адам санасында
бiртiндеп дамитын болады.
Дiннiң Бiрлiгi. Бахаи сенiмiнiң iзбасарлары өздерiнiң пайда болуларымен
ұлы дiндердiң барлығы Құдреттiден екенiне сенедi. Олардың барлығы Оның
Ашылымында Құдаймен айтылғанды, халықтардың мұқтаждығы мен мүмкiндiгiне
сәйкес әр кезеңдерде әр жерде берiлген едi. Ешбiр ғасыр, Құдайдың
басқаруынсыз қалған емес, және де, адамдар Жер бетiнде қаншалық болса, осы
басшылық та соншалық ұзаққа созылмақ.
Құдай тым жоғары және адам түсiнiгiнен тысқары жатыр. Ол адамзатты кәмiл
жетiлген және қылаусыз жандар елшiлерi арқылы басқарып отырады, оларды
Құдайдың Елшiлерi деп қарауға болады. Олар өз-өздерiнше құдiреттiлер емес,
бiрақ адамдарға Оның жарығын көрсететiн еш қалаусыз жарқ-жұрқ етiп
шағылысқан айна тәрiздес. Олар Жер бетiне жарығын жарқыратып тұрған күннiң
сәулесi iспеттес; олар Құдай мен адамзат арасында жүретiн делдал. Өздерiнiң
өмiрiмен және iлiмiмен Олар Құдайдың кәмiл жетiктiгiн көрсетедi. Осындай
Елшiлердiң арқасында, Құдай адамды Өзiн қғынып және сүйуге итермелейдi.
Оның кәмiл жетiктiгiн ұғыну ол шектеулi адам санасы жете алатын Құдайды
әлдеқайда толық бiлу дегендi бiлдiредi.
Елшiлердiң қайсысы болмасын өз кезеңiнде мазаққа айналып, қудаланып,
масқараланып, араларында өздерi пайда болған адамдардың қарсылығына тап
болған едi. Олардың шынайы маңыздылықтарын замандастарының аз ғана шоғыры
аңғарып, түсiне алған едi. Әрбiр Елшiнiң жердегi өмiрi бiткеннен соң, Ол
миллиондаған адамдардың тағзым етiп және сүйетiн тақырыбына айналды.
Елшiлер жердегi күштердiң қолдауысыз, жападан-жалғыз, адамдардың
жүректерiне билiктерiн орнатып отырды. Олар адамзаттың шын мәнiндегi
Ұстаздары және де Олардың мақсаты адамдарды бiр-бiрiмен жақындастырып,
адамзат өркениетiнiң жоғары қарай iлгерiленуiне ықпал жасау.
Бахаулла әрбiр дiн екi бөлiмнен тұрады деп ұйретедi: рухани iлiм және
әлеуметтiк iлiм. Жоғарғы рухани деңгейде барлық әлемдiк дiндер арасында
толық үндестiк бар. Айырмашылық әлеуметтiк деңгейде байқалады; олар дiни
әдет-ғұрыптарды, заңдар мен нұсқауларды қозғайды. Бахаулла дiннiң
әлеуметтiк аспектiлерi мәiгi әрi бiр қалыпты емес екнiн айтады, бiрақ
жағдайлардың өзгеруiне байланысты бiр дәуiрден келесi дәуiрге өзгерiп
тұрады.
Бахаулланың мiндетi - әлемдегi дiндердiң дiндердiң бiрлiгiн iс жүзiне
асыру. Сенiм – деп үйретедi Ол, - адамзаттың iс жүзiнде жоғары өрлеуi мен
әлемнiң басты факторы болып табылады. Жалпыға бiрдей бейбiтшiлiк те дiннiң
бүкiләлемдiк жаңаруы дегендi бiлдiредi.
Ақиқатты өз бетiмен iздеу. Адамдардың арасындағы қақтығыстардың басты
себебi, ол көптеген нанымдардың адам санасын жаулап алуы. Адамдар жазылған
шындық және тұрақтылық тенденциясы бар деп қабылдауы,шындыққа жетуiне
кедергi келтiредi. Бiздiң сенiмiмiз шындық деу үшiн, барлық қате
түсiнiктерден немесе шындықты iздеуден тыс пайда болған көзқарастардан бас
тарту керек. Бахаи болғысы келген адам ақиқаттың батыл жоқшысы болсын,
бiрақ бақ-дәулет жинау мақсатымен, заттық мәнмен шектелiп қалмасын. Оның
рухани және дене күшiне тағы да қуат бiтсiн. Құдай дарытқан қабiлетiнiң
бәрiн, таза ақыл-ойы қабылдамай тұрған iске құр сене бермей, ақиқатты
табудың жолына жұмсасын. Егер жүрек пен ақыл-ой наным-сенiмдерден кiршiксiз
таза болса, онда талмай iздеушi Тәңiрдiң Даңқын қандай болса да табады.
Бахаулла Одан әрi былай дейдi: “Адам ең алдымен өз бойындағы абырой-бедел
әперетiн немесе оны жоқ ететiн, төмендететiн және көкке көтеретiн, дәулеттi
немесе кедей ететiн қасиеттерiнiң күллiсiн өзi танып бiлетiндей деңгейде
болсын ”.
Дiннiң жолына түскендер өздерiн жер бетiндегi барлық заттардан арылып,
құлақтарын- бос сөздерден, ойын- қысыр қиялдардан, жүрегiн-әлемдiк
құштарлықтардан, көздерiн- опасыздықтан тазарту керек. Оларға Құдайды үмiт
қылып және Одан ұстанып, Оның жолымен жүру тиiс.
(“Париждiк әңгiмелерiнде”) Абдул-Баха былай деп түсiндiрген:
“Кiмде-кiм шындықты өздеуде жетiстiкке ие болу үшiн, өткен кеткенге көз
жұму керек ”.
Дiн мен ғылымның байланысы.Бахаи iлiмiнде барлық дiндердiң негiзi ғылым
мен ақылдың арасындағы келiсiмдiлiк болып табылыды делiнген. Өткен
дiндерде ғылым мен ақылға қайшы келу себептерi уақыт ағымына байланысты
соңғы салт- жоралар мен ескi наным-сенiмдердiң қабатталып жиылуы, дiннiң
негiзiн салушылардың шындығымен азғана жұғысқандықтан болған.
Дiн мен ғылым арасындағы қайшылықтардың тағы бiрi – Киелi Жазбалардағы
рәмiз өлеңдердiң мағынасын сөзбе-сөз түсiнгеннен туған: мысалы, Исаның
жоғары көтерiлуiнiң адам баласының қайтып оралуы, болашақтың бұлдырлығын,
“Күннiң жарығы өшiп, ай өз сәулесiн түсiрмейдi және аспаннан жұлдыздар ағып
құлайды” – деп тура ұққаннан туған.
“Китаб-и- Иган ” (“Шүбәсiз Кiтап”) деп аталатын кiтапта Бахаулла бұл
сөздердiң астарлы мазмұнын талдап, әрбiр өлеңнiң мағынасы мен нышандарын
дәл түсiндiрген. Киелi кiтаптаңы аллегориялық өлең жолдарын дұрыс түсiндiру
күрделi қиындықтар туғызды, өзге ұлы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz