Балқаш көлінің ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
І-тарау. Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
1.1. Балқаш өңірінің сипаттамасы
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі күн түсетін табиғаты жағынан
Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуан дала Балқаш
көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер
және жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс
болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да
кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен
қарақұйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде
қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап
түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен
батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр
беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және
сасыр. Сонымен қатар талды ормандары торањѓы және жыңғылды шағын
тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жүке, құрақтар
өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың,
балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өң өңірінде сасыр, жусандар мен
араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады.
Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау
алабы созылып жатыр.

Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан
Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан
Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып аң дала Балқаш көлінен
нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және
жануарлар дүниесімен белгілі.
ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс
болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да
кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен
қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейдікелетін қу.
Балқаш өңірін әр түрлі құстар мекендейді. Көлдің шеткері түпкірлерінде
қызғылт және бұйра бірқазан құстар ұя салып бакландармен бірге үлкен сап
түзеп көлде жүзіп жүреді.
Бұл аймақтың өсімдіктері әсіресе елсіз даладағы шабындықтар мен
батпақты жерлердегі өсімдіктер өзара үйлесімдік тауып далаға ерекше нәр
беріп тұрады. Олар: сексеуіл, жыңғыл, жусан, қарандыз, мия, түйетікен және
сасыр. Сонымен қатар талды ормандары тораңғы және жыңғылды шағын
тоғайлармен ұштасып жатады. Сулы жерлердің бәрінде де қамыс, жөке, құрақтар
өседі. Осы ну тоғайлы, қоғалы жерлер көптеген сүтқоректілердің, құстардың,
балықтардың тіршілік алаңы сияқты. Балқаш өңірінде сасыр, жусандар мен
араласа өскен қызғалдақ пен бәйшешекте даланы ерекше сәнге бөлеп тұрады.
Осы көріністерге асқақтықпен 1000 метрлік биіктіктен қарап Бектауата тау
алабы созылып жатыр.
Балқаш көлі – Каспий теңізі мен Арал теңізінен кейінгі ірі көлемді
және ағынсыз су қоймасы. Көлдің ұзындығы – 614 шықырым, ені – 3,5-нан 44
шақырымға дейін жетеді. Ең терең жері 26 метрге дейін барады. Айдын көлдің
аумағы 18200 шаршы шақырым болса, тоғандарының ауданы – 413300 шақырым.

1.2. Балқаш көлінің ерекшелігі

Оның жіңішке бұғазбен жалғасып жатқан батыс пен шығыс бөліктерінің
минералдарының екі түрлі болып келетіндігінде. Батыс бассейні бұрын суы көп
болған Іліден толығатындықтан су тұщы болады да, шығыс бөлігі – ащы. Қазір
көлге Іле, Қартал және Лепсі өзендері құяды. Кей жылдары қатты тасыса Аягөз
өзенінің суы жетеді. Бұл көл төрт облысты – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және
Шығыс Қазақстан облыстарын тоғыстырып тұр. Батысында ең сусыз және тіршілік
иелері аз кездесетін Бетпақдала жерімен шектеседі.
Балқаштың табиғаты өте таңғаларлық және оның қарама-қайшылықтары да
өте көп. Климаты – күрт континентальды. Жазғы және көктемгі, күзгі
маусымдарда ағып құйылған су түгелге жуық буланып кетеді де, көлдің деңгейі
12 текше километрден 200 текше километрге дейін ауытқып отырады.
Іле – Балқаш бассейнің биологиялық тіршіліктің түр-түрін,
бағалы балықтарды өсіру сияқты балық шаруашылығы тұрғысынан алып қарағанда
да маңызды су қоймаларының бірі болып табылады. Ихтиофаунаға жататындар
ішінде сазан, Амур балығы, шабақ балық, каяз балығы, шұбаржон балық,
ақбалық, ақмарқа, табан, жайын және басқаларын атауға болады. Көлден жыл
сайын 8-10 мың тонна балық ауланады. Балқаш ақбалығы мен оның алабұғасы
Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген. Аралда өліп қалған шабақ балықтар мен
Арал каязы тек осында ғана сақталған. Оңтүстік Балқаш жағасындағы қамыс
тоғай арасында, өзен жағалауларында жыл сайын мыңдағын түрлі құстар
мекендейді. Солардың арасында Қазақстанның Қызыл кітабына жазылған
жиырмадан астам құс түрі бар. Бұл жерде қабандар мен ондатралар, киіктер
көптеп саналады.
Көлдің солтүстік жағалауында отандық өндірістің алыбы, әлемдік кәсіпорынның
алдыңғыларының бірі – "Балқашмыс" АҚ орын тепкен. Көлдің оңтүстік жағалауын
құнарлы жайлымдар мен егістік алқаптар алып жатыр.
Балқаш көлі демалыс пен саяхат үшін аса бірегей орын. Мұнда жыл сайын
еліміздің әр түкпірінен мыңдаған адам келіп демалады.

Бектауата тау массиві
Қызғылт гранитті құздары, саялы көктерек тоғайлары, шалғындық шөптері мол
Солтүстік Балқаш өңірінің оазисі – Бектауата туристерді қызықтырады,
еліктіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы жайлы
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы
Балқаш көлі деңгейінің өзгеру графигі
Балқашта балық шаруашылығы ғыл
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
Балқаш көлінің физика-географиялық сипаттамасы туралы ақпарат
БАЛҚАШ КӨЛІ АУМАҒЫНДА ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оңтүстік Балқаш маңы
Балқаш көлінің су деңгейі
Пәндер