Ахмет Байтұрсыновтың поэзиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым Министрлігі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні

Тақырыбы:
Ахмет Байтұрсынов – тілші

Алматы – 2005

Мазмұны

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.І тарау. Ғалым, ағартушы, тілші
Ахмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Ахмет Байтұрсыновтың
поэзиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Ахмет Байтұрсынов қазақ тіл білімінің
қалаушы-
сы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
3. Әдебиеттің әліп биі – асылы
Ахмет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІІ. ІІ тарау. Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған
еңбектер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Қазақ тіл ғылымының –
атасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІV.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
V. Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..

Кіріспе

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған
ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл
басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы
28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде
дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат
иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы
тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан.
Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер
аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай
қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы
мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға
мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар
арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық
және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп
келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін
күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек,
қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы
ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А.
Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола,
Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет
қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс
оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту
арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем
алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес
оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің
білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен
фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп
көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі
әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, қайтсем,халқыма пайдамды тигізем,
қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам деген мақсат Ахметті әдебиетке
алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен
өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де
мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте Қырық мысал деген кітабы,
1911 жылы Орынборда Маса деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің
Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның
қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі
ұйымдастырған Қазақ газетінде жариялана бастайды. Ол Қазақ газетінде
патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған.
Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин
Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда Кіші Октябрь
төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу
жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының
көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді
ұлтшыл деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара
тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға
алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған
ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып,
танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі
етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру.

І – тарау
Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1938 жыл)
Бұл – алмағайып аласапыран жылдарда алты алаштың айбарына айналған
жас ұрпақты қасиетті тіл арқылы ақ жолға бастаған ардақты Азаматтың есімі.
Бұл – тарихи тамырын сон-а-ау сақ дәуірінен бермен қарай тартып жатқан Ұлы
Даланы еркін жайлаған, танымы терең, бітімі бөлек, рухы биік, жүрегі жомарт
жұрттың өрелі өрісін бірінге жалғаған ойшылдың есімі.
Ахмет Байтұрсынов басқаруымен шығып тұрған Қазақ газеті қазақ
халқының рухани, мәдени, тарихында үлкен орны бар басылым болды. 1923 жылы
Мұхтар Әуезов ... .. Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен
ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп,күзгі таңның
салқын желіндей шиырықтырған,етек-жеңін жиғызған Қазақгазеті болатын.Ол
газетінің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат,кемімейтін екпін кімнің
екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген
соң Маса болып талай ызыңдап оятамын деп ұзақ бейнетті міндет қылып
алған, Ахаңның екпіні болатын - деп жазғанда. Қазақ газеті 1917 жылдың
шілде айынан Алаш ұйымының ресми органына айналды да, көп ұзамай Торғай
облыстың Советтері съезінің (шешімін қабылдады) шешімімен жабылды.. Ревком
жұмыстарының барысы, экономикалық және ағарту ішіндегі қиыншылықтар туралы
мән-жайды хабарлау үшін С.С.Пестовский мен А.Байтұрсынов В.И.Лениннің
қабылдауында болған.Олардың хабарларын зейін қоя тыңдағаннан кейін ұлы
көсем оларға қазақ оймағын басқаруға қатысты қаулылар дайындау қажеттілігі
және оны қазақ тіліне аудару туралы мән – жайды хабарлау үшін
С.С.Пестовский мен А.Байтұрсынов В.И.Лениннің қабылдауында болған. Олардың
хабарларын зейін қоя таңдағаннан кейін ұлы көсем оларға қазақ оймағын
басқаруға қатысты қаулылар дайындау қажеттігі және оны қазақ тіліне аудару
туралы ақыл-кеңес береді.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қызметінің белгілі бір кезеңіне маңыз беріп,
оны өсіріп тұрған бір уақиға оның 1920 жылдың 7 сәуірінде РКП(б)-ның
Орынбор комитетіне партия мүшелігіне алуды өтініп берген арыды.
4 апрель, 1920 жыл
Бұл жеке адамның өтініші қатарына қалмай, совет шындығы ықпал еткен
сол тәрізді адамдарының саяси санасы қалай биіктегенін аңғартатын документ
ретінде сол кездегі Қырғыз автономдық әскери-рефолюциялық комитетінің
органы болып саналатын Известияның 1920 жылғы 16-шы соңында жарияланды.
Осы санда Ахмет Байтұрсынов деген мақала ба-сылды. Онда сол кез үшін
Ахмет Байтұрсыновтың партияға кіруге берген арызының маңызы атап
көрсетілді.
Алайда, ол Коммунистік партияның биік мақсаттары мен міндеттерін терең
түсініп, қызу қызмет ету биігіне көтеріле алмады. Өйткені, 20 – жылдардағы
қоғамдық, экономикалық, саяси-рухани, мәдени өмірдегі өзекті өзгеістерді
түсініп, ерекше екпін, қиын қопарылыс бой көтере бастаған, бірақ әлі
орнығып, қалыптасып үлгірмеген жаңалықтардың мән – мазмұнын, сырқырларын
бірден танып, оған ілегу оңай да емес.
Ахмет Байтұрсыновпен заманы, қызметі қатарлас болған революцияшыл
ақын С. Сейфуллин оның туғанына 50 жыл, толуына байланыста Еңбекші қазақ
газетінде мақала жариялап, онда: ...Өзі үшін ұлтшыл болған қулардан
бөлініп, Ахмет сол қамы үшін коммунист партиясына кірді. Әрине, Ахмет
Коммунист партиясында да көп бала алмады. Көп бала алмайтыны белгілі еді.
Ахаң байлардың құлдығында шіріген жарлылардың айғайшысы емес, олардың
шоқпаршысы емес, бірақ бойын, кедейін айырмай қазақты ғана сүйетін адал
жүрек, ұлтжанды еді. Қалай болса да жазушысы аз, әдебиеті нашар қазақ
жырларына оқу һәм тіл құралдарымен қалған қызметі таңдай, - деп жазды.
Ол юбилярдің көзқарасындағы кейбір үстірттіктерді осалдықтарды, қоғамдық
күрделі топтық мүдделерді танып, айырудың әлсіздіктерін де ашып айтты.
Қазақ АССР-і құрылғаннан кейін Ахмет Байтұрсынов 2 жыл бойы республиканың
Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің, Қазақ
орталық Атқару Комитетінің мүшесі болып жұмыс істеді, одан соң Түркістан
Компаниясы Орталық Комитетінің газеті Ақ жолда , Халық ағарту
комиссариаты жанындағы Қазақстан академиялық орталығында еңбек етті.
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми – творчестволық мұрасын негізінен үш
үлкен салаға бөліп қарауға болады. Олар: автордың ағартушы, ғылыми,
тілтану, әдебиетанудің алғашқы іргесін қалаушы ретіндегі еңбегі, ақындық
және аудармашылық творчествасы.
Білім совет тюркологы академик А.Н.Кононовтың Ахмет Байтұрсыновты
көрнектітюркологтардың қатарында еске алып, оның қазақ алфавиттік жүйелеу,
оқу құралдарын жасау фонетика мен грамматика саласындағы қазақ мәдениеті
мен әдебиеті туралы зерттеулерінің маңызы туралы жазуы да тектен-тек емес.
Кейінгі қоғамдық және басшылық қызметтер атқарған кездерінде де
Ахмет ғылым саласындағы жұмыстарын тоқтатпаған, ал 1923 жылы Москвада
қазақтың эпостық жыры Ер сайынды алға сөзбен, ғылыми түсініктемелермен
бастырып шығарған.

1.1. Қазағым, елім ... .
Ахмет өз ұлтының бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресте
бұқараның жүрегіне қозғау салып, ұйқысынан оятар қаруы - өлең сөз деп
түсінді. Қазақ халқының тағдыры, бүгінгісі мен ертеңгісі Ахмет поэзиясының
өзегі болады. Ол өзінің ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын
халқына поэзия тілімен жеткізуді қалады. Ақын арманы – адамның диханшысы
болып халқына қызмет ету.
Адамның диханшысы қырға шықтым,
Көгі жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың.
Ақын Жиған - терген өлеңінде осындай ғаріп күйге түсудің себебін
іздестіреді. Өткенге қарасам, хандар халықты жөндеп баға алмай, басқаға
сатыпты. Бері келген соң шен – шекпенге сатылыпты. Балыстықты сатып алыпты.
Ұлық мақсаты, мәз болыпты. Халықтан алым алыпты деп, келеңсіз жайларды
көрсетеді. Қабағын түйіп, қаһарын жиып, көкті бұлт торлап тұр. Ел болса,
баяғы қалпы, әлі ұйқыда. Дос пен қосты айырмайды. Түксиген мұртты обыр
обып, сорып тұр. Қрғадай қарқылдаған, шешенсіген мырзаларжың жолы үлгі
емес. Ол жаңа жол табуға шақырады. Жолдар бар өзге, жоба бар сөзге,
жүрекке деп, ойға жөн дейді.
Қазағым – елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып.
Қанған жоқ па әлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың!

1.2. Қазақ газетінің редакторы

Ахмет байтұрсынов 1910 жылы Орынборға жер аударылып келгеннен кейін
ағартушылық іске, ел ішіне ғылым-білім тарату жұмысына ден қоя шұғылданады.
Оның қазақ елінің жоғын жоқтапғ санасына сәуле құюға байланысты еңбектері
елге тарай бастайды. Ол газет шығару мәселесін қозғайды. Бұл іске оқыған
жостар белсене кірісіп, елден қоржи жиналады. Ол газет қазақ деп аталады
да, редакторлық міндет Ахмет байтұрсыновқа тапсырылып, 1913 жылдың 2
ақпанынан шыға бастайды. Ахмет елге жеткізем, ұқтырсам деген көкейіндегі
көптеген мәселелерді енді газет арқылы жария етуге мүмкіндік алады. Газет
– халықтың көзі, құлағы һәм тілі дейтін мағыналы, мәнерлі анықтаманы сол
кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ газетінің оқырмандарына арнап жазыпты.
Ахмет Байтұрсынов Қазақ газеті бетінде оқу – ағарту, оқулықтар
жасау әліппе, емле, грамматика, жер игеру, кәсіп істеу, қоғамдық күрес,
мәдениет, әдебиет мәселелерін тереңнен қозғап, кезіндегі қоғамдық -
әлеуметтік ой-рікірге ұйытқы болады. Сондай мақаланың бірі – 1913 жылы Абай
туралы жазылған Қазақтың бас ақыны атты еңбегі. Бұнда Абайдың тарихи
рөлі, рухани болмысымыздағы орны, шығармаларының көркемдік – эстетикалық
сипаттары терең талданып, алғаш рет қазақ оқырмандарына таныстырылады.
Қазан төңкерісіне дейін шыққан ұлттық газеттердің ішіндегі ең көп жасағаны
осы Қазақ газеті болды. Патша чиновниктері Қазақ газетінің әр сөзін
бақылап отырған. Газетте Бұл заманның соғысы, жәрдем комитеті деген
мақалалар жариялағаны және 1914 жылғы Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі
ереже жобасын санағаны үшін Орынбордың губернаторы Сухамлинов Ахмет
Байтұрсыновқа мың жарым сам айып салады. Оны төлей алмағаны үшін абақтығы
жабылған, босатып алады. Төңкеріске дейін тергеуден, тексеруден,тінту мен
айып салудан көз ашқан жоқ.Патша өкіметі ауыздықтай алмаған ұлттық газетті,
Алаш орда қозғалысының тілі болғандықтан, кеңес өкіметі 1918 жылдың
қазанында жауып тастайды.Ол екпін ұйықтаған қазақты айғайлап оятуға заман
ерік бермеген соң,маса болып қалай ызыңдап оятамын деп ұзақ бейнетті
мойнына міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын ... ..,- деп жазды

1.3.Ахмет Байтұрсыновтың юбилейі.

Ақ жолдың осы сонында Ахмет Байтұрсыновтың 50 жасқа толған тойына
арналған мақала басып отыр.Қырғыз – қазақ баласында елу түгіл, алпысқа да
онан да көп жастарға жеткен жасы үлкендер толып жатқанмен, солардың ішінен
еленіп, Ахаңның еске алынып отырғандығында үлкен айырмашылық бар.
Қазақ халық болғаннан бері өз бетіне еркімен дәуір сүрген кезі
болмай, қоңсы халықтарының қол астына кезекпен қарай – қарай келіп,
бастаған хандарының өзара келісе алмаған кесапатынан орысқа бағынып, үш жүз
жылдай үзілместен келген Романовтар үкіметінің зұлым саясатының кесірінен
жері мен салтынан, тілінен айырылуға айналып бара жатқанын алдымен сезіп,
оянған Ахаң еді.

1.4. Ғалым – филолог

Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тілі мен әдебиетін зерттеген
ұлкен ғалым .1929 жылы 1 мамырда өз қолымен орыс тілінде жазған
өмірбаянында: 1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос
уақыттарымда, өз бетімен білімімді толықтырдым ,әдебиетпен шұғылдандым. Ал
Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен
грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ
алфавитін,емлесін ретке салып,жеңілдету жолында, қажетсіз сөздерден
арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға
әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан, арылтып,
халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға
кірістім және стильдік өндеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым.,-деп
жазады. Бұл сөздер Ахметтің ғылыми жұмыспен қашан, қалай, қан-ай
мақсатпен шұғылданғанын көрсетеді.
Ахмет Байтұрсынов ең әуелі қазақ балаларына ана тілінде
сауат ашатын әліппе жазды. Ол әліппе Оқу құралы деген атпен алғаш рет
1912 жылы Орынборда басылды. Бұл Оқу құралы 1912-1925 жылдар арасында
жеті рет қайта басылып, ұзақ пайдаланылады.
1926 жылы ол әліппенің жаңа түрін жасады. Бұл осы күнгідей
суреттермен жабдықталған оқулықтың үлгісі еді.Кейін мектеп оқушыларына ғана
емес, ересектердің сауатын ашуға арналған Әліп – би де жазады.(1924-1926)
Енді Ахмет мектепке қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулық
жазуға кіріседі. Оны Тіл – құрал деп атап,үш кітап етіп жазды.Ол
кітаптары 1914-1916 жылдары басылып шықты, 1928жылдарға дейін өнделіп, алты
– жеті рет қайта басылды. Тіл - құрал оқулығы қазақ тілінің фонетикалық
және грамматикалық құрылымын талдап, жүйелеген ғылыми жұмыстың басы
болды.
Тілші ғалымның келесі бір еңбегі Тіл - жұмсар деген атпен
екі кітап болып,1928 жылы Қызылорда қаласында басылды.
А.Байтұрсынов 1927-28 жылдары Жаңа мектеп журналына оқыту
әдестемесін сөз ететін бірнеш мақалаларын жариялады.Ол қазақ тілінің
табиғатын, құрылымдық жүйе –заңдылықтарын зерттеуде орыс тілі ғылымының
тәжірибелерін басшылыққа алды. Қазіргі грамматикаларындағы тілдік
терминдерді жасады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің ғана емес, әдебиеттану
ғылымының да негізін салушы. Ол халқмыздың бай ауыз әдебиетін, ертегі-
аңыздарын, эпостық жырларын, шешендік сөздерін, мақал-мәтелдерін, жоқтау
өлеңдерін жинап, бірсыпырасын бастырып шығарды.Бұл жұмыспен 1895 жылдан
бастап шұғылданды. Бұған Тургайская газетінің беттерінде бастырған
Киргизские приметы и пословицы деген мақаласы куә.
Ахмет 1923 жылы қазақтың эпостық жырының бірі Ер Сайынды,
1926 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлының поэзиясы
Ғалым, ағартушы, тілші ахмет
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938 жыл)
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
Ұлттың ұлы ұстазы: А.Байтұрсынұлының 130 жылдығына арналған әдістемелік құрал
Кеңес өкіметіне қарсы саяси күштері
Пәндер