Арыстанды-Қарабас желінің шаруашылыққа тигізетін әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ИНСТИТУТЫ

ТАҚЫРЫБЫ: Арыстанды-Қарабас желінің шаруашылыққа тигізетін әсері

Орындаған:
ЖУМАДИЛОВА ЭЛЬМИРА
ТОБЫ: ПМИ 06-9К2
Ғылыми жетекшісі: АЛИАСКАРОВА ИНДИРА

ШЫМКЕНТ-2008

Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
А) Арыстанды – Қарабас желі туралы жалпы түсінік
Б) Желдің бағыты
В) Зерттеген ғалымдар
Г) Желдің шаруашылыққа тигізетін әсері
3. Қорытынды

Арыстанды – қарабас желі.
ОҚО – ның Бәйдібек, Ордабасы аудандары аумағында байқалатын жел.
Қаратаудан бастау алатын Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай соғады.
Қаратаудың батыс және шығыс биік жоталары аралығындағы тар асудың
әсерінен үдеп, атмосфераның өзімен бағыттас ауа ағынымен қосылған
кезде күшейе түседі. Жылдамдығы 35 мс –ге жетеді. Жел солтүстіктегі
құмды өңірден соққан кезде қара құйынды болып басталады. Қарабас
желі деп аталуы да осы құбылысқа байланысты. Жел Арыстанды
өзенінің алабының климатына әсерін тигізеді: қыста ауа –райы күрт
суиды, жазда аңызақты қуаңшылық қалыптасып, жел апталап соғады.
Қаратауға барған сайын қара жел ұйтқып соғады да
тұрады.
Тау аңғарындағы өзен арнасын жиектей қос аттылы келе жатырмыз.
Ертемен шықтық дегенмен жол өнбеді. Қарсы алдымыздан соққан жел
қарыс адам жүруге мүмкіндік берер емес. Алға қарай созылған сайын
үдей түсетіндей екілене соғады. Көзіңді білегіңмен көлегейлей
еңкіштене қозғалған сәтте екі иығыңнан әлдебіреу жібермей
итеретіндей. Сосын, қолыңды түсіріп көзіңді ашқан боласың, жоқ,
уілдей соққан желдің адуынды екпіні шыдытпайды. Бір қызығы, осы
жел тұрса болды, үш күнсіз басылмайды, одан асса жеті күн, ал
үдеді бар ғой, он төрт күнге ұласады. Көзін көлегейлей айналаға
қара шал е...е - деп бір қояды, - шіркін, кейде осы жел тұрмаса,
осы өңірдің жұрты елегзи іздейді, мені сынағандай сыңай білдірді.
Бүгін жел жарықтық екіленіп тұр екен. Қолаттан құм суыра уілдейді.
әншейінде тым – тырыс даланы әдемі әуенге бөлеп, демін ішіне тарта
соғады. Кейде тыныс ала алмай, жүзімді кеудеме жасырамын.
Білесің бе, қара шал сөйлеп келе жатыр, жел уілдеген сәт
енді басталған әңгімені үзіп алып жоғалтады, содан мен ат басын
бұрып ықтасын жағына шығып қайта қатарласамын, соны түсіне ме, сәл
кідіріп басынан бастайды. – Білесің бе, Қаратаудың алып аждаһа бар
деседі... Мен селт ете түстім, бір қолыммен ердің басынан ұстаған
күйі еңкіштей қозғалған кеудемді қайта тіктедім, асьымдағы жарау
аттың аяғы сүрінді ме, жоқ қара шалдың тосындау басталған әңгімесі
ме бағамдай алмадым, үзеңгідегі аяғымды нығырлай дұрыстап алдым,
жүгенді жолға бұра жолсерік болып, даусымен тауды жаңғырықтыра
желдің уілін көміп – көміп тастайтын ақсақалға тақым қаға
жақымдадым. Қара жел дамылсыз соғады. Менің шалт қимылымды, абдырай
қозғалғанымды айтпай – ақ біліп келе жатқан ол, бұл әңгімем
сенімсіздеу болды ма дгендей нақтылай түседі: Бұны балам мен
кішкене кезімде үлкендерден еститінмін, - деп бір тоқтады. Артқа
кеудесін бұрып қарап қояды. Желдің әсері ме, әлде шынымен көп
жүрдік пе, ауыл сұлбасы байқалмайды, әшейінде ағараңдап тұратын
аппақ үйлер, бұл жолы көрінген жоқ. Қара шалдың дабырлай шыққан
дауысы желдің уілінің бар жоғын ұмыттырып жібереді. Оған сенбейін
десең, осы жел басталар алдында Қаратау қойнауынқақырата бүткіл
таулы өңірді кернеп, беймәлім кернеу естіледі, құлақ тосып
тыңдасаң, әлдененің боздағанындай ма, әлде тізбектелген көп
қасқырдың тым аластан ұлыған дауысы ма, мың құбылып бір дауыс
жетеді. Артынша қара шаң көтеріліп, Арыстанды – Қарабастың желі
басталады, бұл бір емес, ылғи да солай. Содан көз аштырмай бір
апта соғады. әр ауылдың ақсақалдары жиналып, Арыстанды өзенінің
бастауына барып, құжыр – құжыр жартасқа қарап құран оқиды. Жел
өршеленгендей құм суыра соғады. Ұйытқыған қалпы шаң көтерілгендей
екен, айнала ақ түтектеніп кетеді. Жел үйірген шаң –тозаң жартасқа
соғып, кейін қайтқанда құран оқып отырған ақсақалдарды бет – жүзін
демей шаң қаптырады. Тілдерін кәлимаға келтіріп, үсті бастарын қаға
– маға орындарынан тұрғанда, біраз уақыт болғанын, десе де, желдің
сол екпіні басылмай, үдере соғып тұрғанын аңғарғанда, әлгі аждаһа
демі қайта үдей түсті ме деп, көңілді қауіп билеп кетеді. Бұл
ақсақалдар оқуының жөні бөлек, оқи отырып аждаһаны байлайды. Баяғы
аждаһа жеті басты болған екен дейді. Бүткіл Қаратауды кезіп,
жүрген жерін жайлап, елге тыныштық бермеген деседі. Содан барып
қасиеті мықты кісілер осы Арыстандының бастауына келген жерінде
оқып, тырп еткізбей байлап қойған деседі. Батыр да қайсар жігіттер
алты басын шауып алыпты, жетінші басына ешкімнің шамасы келмепті.
Сосын, тек оқып қана бетін қайтарып отыратын көрінеді. Бес – алты
ауыл ақсақалдары шапандарының етегін қаға орындарынан тұрып,
ерттеулі есектеріне беттейді. Типың жүріспен бесін ауа ауылға кіре
бергенде жел де басылады. Қойнаудағы аждаһа сілесі қата құлап,
қайта әл жиып тұрғанша, бұл өңірде үп деген жел де жоқ,
тымырсық, бет қаратпайтын аптап ыстық басталады. Аспан айналып
жерге түскендей қапырық орнайды. Ел сол аптап ыстыққа шыдай алмай,
е...е бұдан гөрі Арыстанды – Қарабас тұрса екен деп аңсай асыға
түседі... - Қара шал аңызды өзінше жеткізді. Жол қысқарып, әңгіме
болсыншы деген де шығар –ау. Қарсы алдымыздан соққан жел үдей
түскен. Біз мінген қос ат қатарласып алып қар жолдың сұлбасымен
желіп келеді. Демін ішіне тарта уілдей соққанда жел, шынымен –ақ
аждаһаның деміндей сезіндім, ыстық жел бет қаратар емес. Аждаһаның
демі.. денем тітіркенді. Қалпағын баса киген қара шал үнсіз
келеді, ол кісі айтқан аңыз, жел екілене соққан сайын толқыта
түседі.
Арыстанды – Қарабас желі... ғылыми дерек тілімен айтсақ,
ҚӨаратаудың оңтүстік – батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің арнасы
бойымен соғып тұратын жел. Ғалымдар жаз бен күз айларында бұл
маңда ауа ағымы солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады деп
топшылайды. Ауа ағыны Мойынқұмның үстін басып өткен кезде құм
түйіршіктерін суырып, содан құм борасын көтеріледі де жолдың көріну
қашықтығы азаяды. Желдің басты ерекшелігі де сонда, сондықтан халық
бұл желді Қарабас атап кеткен дейді. Осы жерде аждаһа жайлы
аңызды еске аламыз. өзінің шауып тастап. Мерт қылған алты басын
сағына іздеп, мұңая дауыс салатын жалғыз басты алып мақұлықтан
шығарып, ел Қарабас атап кеткен жоқ па екен деп ойға шомып
келемін. Бәлкім, солай болуы да мүмкін – ау...
Қазақстан метеорологтары да да бүгінде көптеген жергілікте
жерлерді есепке ллған, олардың қатарында Семей облысындағы
Жалғызтөбе желі; Жоңғар Алатауының шығысында атмосфералық ауаның
Жоңғар қақпасынан өтуіне байланысты соғып тұратын Ебінің желі;
солтүстік – батыстан басталып Орта Азияға қарай соғатын Сайқан желі;
Іле өзенінің арнасымен бойлап соғатын Шелек желі; Жамбыл
облысының оңтүстігіндегі Жеті жол мен Кіндіктес тау аралығындағы
Қордай асуының үстініе соғатын Қордай желі; күз айларында
атмосфераның арктикалық салқын лебі Каспий мен Аралдан өтіп
Сарыарқа маңын ала оңтүстік шығыстан батысқа қарай соғатын Атырау
желі бар. Метоерологияда жергілікті желдер деп аталатын бұндай
құбылыстар жер шарының түкпір – түкпірінде бар. Еуропадағы альпілік
фендер, Жерорта теңізі жағалауындағы сирокко, новосибирскілік бора,
Байкалдағы баргузин... осылай жарғаса береді. Екпіні басылмай, қарсы
алдыңнан екпіндей соғып тұр. Кейде өзен табанындағы қиыршықты
үстіңе себелей өтеді. Осы сәтте ойға сонау бір жылдары Орта
Азияны аралаған венгр саяхатшысы А. Вамберидің қолжазбасы оралады:
Енді бір төбеге жақындайбергенімізде керуенбасы мен жолсеріктер тым
алыстан шаңды бұлт келе жатқанын нұсқап көрсетті. Олар бізге аяқты
ширақ басып, жүрісті тездету керек деп ескертті. Түйеміз
өзімізден әлдеқайда тәжірбиелі болып шықты. Олар құмды боранның
жақындап келе жатқанын бізден бұрын сезіп, жан ұшыра шыңғыра
бастады, қос тізерлеп жерге жатып алады да, бастарын төмен салып
құмға тыққысы келеді. Бұл жануарлар шөгісімен біз де солардың
ығынатығылдық. Жел уілдей соғып, көп кешікпей, біздің үстімізден
құм жүріп өтті. Денеме алғаш тиген құм маған отты жаңбыр жауып
тұрғандай болып көрінді... Арыстанды – Қарабас желі құм суырған сәт
саяхатшының шарасыз кейпі көз алдымда тұрды. Жүзімді қолмен
көлегейлеп кейдеме жасырамын. Ал, жанаымда келе жатқан қара шал
жел екілеген сайын кере дем алғандай елестейді. Жол жеткізер түрі
жоқ. Желді күні атқа қонғанына көңіл демдеп, ыңылдап ән салып
қоятындай, ән дегенім бірде ызыңдаған, бірде уілдеген, енді
бірде ысқырына екпінін үдеткен желдің, құдай – ау , Арыстанды –
Қарабастың беймаза үні ме мен таңғалдым, - Қаратаудың қойнауындағы
ирелеңдеген күйі өзен жағалай тауға басына жетелеген жолда керо
құла атына сипай қамшы салып, кеуде кере ән салып келе жатқан
қара шал секілденді; мен таңғалдым, мынау қара шалдың қалып
қозғалысына, мынау кер құла аттыңжүріс мәнеріне ырғақ тауып, сәл
басылса әуеннен жаңылысындай, содан қара жел екілене соғатындай
секілденді. Қара шал мен қара жел де ұқсастық бар... бар... Оған
Қаратауды қосыңыз. Қайбір жылы қыс ортасында іссапармен осы өңірге
жолым түсті. Онда да Арыстанды – Қарабастың желі үдей соғып
тұр екен. Бүгінгі түні қарлы боран төртінші тәулікке ауды,
көнекөз қариялар енді бір жетісіз басылуы қиын деген. Сонысы да
рас шығар, себебе, желдің екпіні бет қаратпайды.
Екі – үш күннен бері Шымкент – Түркістан бағытындағы тас жолда
көлік қозғалысы тоқтаған. Төрткүл ауылының маңындағы аймақта
байланыс жүйелері мен желілер үзілді, электр бағандары желдің
екпінімен құлап жатты. Шалғайдағы шопан ауылдарына қатынас қиындай
түсті. Алдымен екі күн бойы жаңбыр жауған, сосын сылбыр жаңбыр
қарға айналып, алай – дүлей боран болды да кетті. Содан да қатты
жел басталсын, аяздың әсерінен жол атаулының бәрі көк тайғаққа
айналды да шықты. Үдей жауған қалың қарды жел суырып, қойнау –
қойнаудағы қыстау – қораларды көміп тастады. Екпіндей соққан жел мен
ақпанның аязы қосылып, қытымырлана түскені ауылдағы қай мамандық
иесіне болсын оңайлыққа соқпады. Қаратаудың шатқалынан тұрған жел
сол күйе еселене берді. Облыс орталығынан түс әлетінде шыққан
көлік Қызылкөпірге жете бергенде жылдамдықты баяулатты. Жүргізуші
жігіттің әңгімесіне құлақ салсақ, осы жолда таңертең мен кешке
қарай жол жүру мүмкін емес. өйткені, түске қарай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Климат түзуші факторлар
Желдің ауыл шаруашылығына тигізетін әсері және күрес шаралары
Жергілікті желдер
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстандағы алғашқы адамдардың тұрақтары
Сайрам ауданының егістіктегі топырақтарының құнарлылығы
Тас және қола дәуірлері кезеңіндегі Қазақстан
Кейінгі палеолит дәуірі
ҚР территориясындағы тас және қола дәуірлері
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Пәндер