Халифаттың құқығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Араб халифаты

Жоспар:

1. Араб халифатының пайда болуы.
2. Шығыс елдеріндегі мұсылман құқығының өзгешеліктері.
3. Араб халифатының қоғамдық құрылысы.
4. Мұсылман құқығының қоғамға иекемделуі.

Қорытынды
Араб халифатының тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге болады:
Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж.) мен алғашқы төрт халифтің (Әбу Бәкір (632-
634 ж.ж.), Омар (634-644 ж.ж.), Осман (644-656 ж.ж.), Әли (656-661 ж.ж.))
билігі; Омейядтар династиясының билігі (661-750 ж.ж.); Аббасидтер
династиясының билігі (750-1258 ж.ж.).
VIІ ғасырда араб тайпаларында рулық-тайпалық қатынастардың ыдырауы
басталды. Араб тайпаларының негізгі бөлігін малшы-көшпенділер (бәдеуиндер)
мен сулы жерлерде, қалаларда өмір сүрген жер өңдеушілердің аз бөлігі
құрады. Аталған уақыттан бастап әлеуметтік теңсіздікке алып келген мүліктік
теңсіздік басталды. Шейхтар (тайпа басшылары) мен саидтар (тайпа
ақсақалдары) жақсы сулы жерлер мен малдың көптеген бөлігін өздеріне
иемденіп алды. Рулық-тайпалық ыдыраушылықты жеңу мен біртұтас араб
мемлекетін құру талпынысы әртүрлі уағыздаушылардың көбеюіне алып келді.
Олардың ішіндегі аса әйгілісі — ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед
пайғамбар болды. Мұхаммед барлық арабтарды бір дінге және пайғамбары — "жер
бетіндегі жалғыз құдайдың жердегі елшісі басында тұрған теократиялық
мемлекетке (діни қауым түріндегі) бірігуге шақырды.
VII ғасырдың ортасында Аравияның бір исламдық мемлекетке — халифатқа
бірігуі аяқталды.
Омейядтардың баскару жылдарында халифаттың қуатты әрі гүлдену кезеңі
болды, көптеген елдер жауланып, ислам дініне тартылды.
640 жылы арабтар Сирияны, Палестинаны, Египетті, ал 649 жылы бүкіл
Солтүстік Африканы жаулап алды. 651 жылы Иранды бағындырды. 658 жылы
Арменияны, Грузияның бір бөлігін, Азербайжанды, ал Кавказдың арғы жағынан
Хазар жерлеріне де, қол жеткізді. 715 жылы Хорезмді толығымен және
Мауераннахрдың (Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығы) басым көпшілік
аумағын жаулап алды. 751 жылы бүкіл Орта Азияны өздеріне бағындырды. 732
жылы Үндістанға басып кіріп, Синд қаласын жаулап алды. 711 жылы Испанияны
өздеріне бағындырды. Арабтармен жаулап алынган ұлан-ғайыр аумақта
халықаралық тіл болып араб тілі танылды. Ислам құқығы — шариғат жергілікті
әдет-ғұрып нормалары мен институттарына еніп, оларды да өзінің бойына
сіңіре бастады. Ислам халифаттың бүкіл аумағында үстемдік құрушы дінге
айналды.
Халифаттың мемлекеттік құрылымы. Мемлекеттік билік орталықтандырылған
сипатта болатын. Мемлекет басында жоғарғы діни (имамат) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Араб халифаты туралы ақпарат
Ортағасырлық шығысты құқықтың дамуы
Араб халифатынын пайда болуы, құқығы
Араб халифатындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы
Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар
Фатимидтер халифаты тарихындағы Убайдаллахтың алатын орны
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Мұсылман мәдениетінің қалыптасуы, халифаттық кезең орнауы
Мемлекет дамуы кезеңдері
Араб мемлекетінің құрылуы
Пәндер