Мұз жамылғысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Антарктида
2. Физикалық-географиялық орны.
3. Антарктиданы кеңес ғалымдарының зерттеуі.
4. Мұз жамылғысы.
5. Мұз астындағы жер бедері.
6. Климаты.
7. Өсімдіктер және жануарлар дүниесі.
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

АНТАРКТИДА
Антарктиданы ашу
Антарктика мен Антарктида. Антарктиданың табиғаты Тынық, Атлант және
Үнді мұхиттарының оңтүстік бөліктерінің табиғатымен тығыз байланысты және
олармен бірге бір-тұтас материк болып жатады! Теңіздердің құрлыққа аздап
еніп жатқан кең алақаптарды қайраңды мұздықтар жапқан. Бұл мұздықтар
материктік мұз құрсауының жалғасы болып табылады.
Антарктика — бұл Антарктиданы жанасып жатқан аралдарымен бірге және
мұхиттардың шамамен 50—60 о. е. дейінгі бөліктерін қамтитын оңтүстік поляр
аймағы. Антарктика деген атау гректің анти— қарсы, яғни жер шарының
солтүстік поляр аймағы — Арктикаға қарама-қарсы жатқан деген сөзінен
шыққан.

64-сурет. Антарктида жағасындағы айсбергтер
Физикалық-географиялық орны. Материк түгелдей дерлік Оңтүстік поляр
шеңберінің шегінде орналасқан. Антарктиданы басқа материктерден орасан зор
мұхит айдыны бөліп тұрады. Материктің полюс ауданындағы географиялық орны
орташа қалыңдығы 2000 м болатын қалың мұз жамылғысының түзілуіне әкеп
соққан. Мұз қабатының қалыңдығына байланысты Антарктида Жер шарындағы ең
биік материк болып отыр. Материктің жағасы негізінен биіктігі бірнеше
ондаған метрге жететін тік мұзды жар болып келеді. Географиялық орны мен
мұз құрсауына қарай дүние жүзіндегі суық полюс Антарктидада орналасқан.
Антарктиданы ашу. Алғашқы зерттеулер - Антарктида басқа материктерден
әлдеқайда кейін атылған. Оңтүстік жарты шардың биік ендіктерінде материк
бар деген ойды ертедегі ғалымдар айтқан болатын. Бірақ алтыншы материктің
болуы жөніндегі мәселе әлдеқайда кейін біржолата шешілді. XVIII ғасырдың
екінші жартысында Оңтүстік материкті іздеуге ағылшынның белгілі теңізде
жүзушісі Джеймс Кук бастаған ағылшын экспедициясы аттанды.
Дж. Кук Оңтүстік поляр шеңберін әлденеше рет кесіп өтті, бірақ қалың
мұзды бұзып, материкке жете алмады. Ол оңтүстікте жатқан жерлер болса,
олар ешқашан да зерттелмейді... табиғат бұл елге мәңгі суық болуды жазған
деген көңілсіз қорытындыға келді. Дж. Кук экспедициясының нәтижелері
материкті іздеу жөніндегі қауіпті жүзу сапарына аттану тілегін ұзақ уақытқа
кейінге қалдырды.
Тек 1819ж. Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен мен Михаил Петрович
Лазаревтің басшылығымен Восток және Мирный кемелерімен орыстың Бірінші
антарктикалық экспедициясы ұйымдастырылды. Экспедиция белгісіз материкті
айналып өтіп, оның жағаларына өте жақын келді, көптеген аралдарды ашты.
Экспедиция Антарктиданың жағалауына тұңғыш рет жақын келген. 1820 жылды
оның
ашылу жылы деп есептеу қабылданған. Бұл жыл Оңтүстік континенттің жағалық
зоналарын жедел зерттеуге бастама болды.
1911 ж. желтоқсанның 14-інде норвег Руаль Амундсен, одан бір ай өткен
соң —1912 ж. 18 қаңтарында — ағылшын Роберт Скотт Оңтүстік полюске жетті.
Бұл ең үлкен географиялық ашу болды. Ғалымдар материктің ішкі аудандары
туралы алғашқы мәліметтер алды. Бірақ олар оңайға түскен жоқ. Р. Скоттың
тобы азық-түлік пен отын сақталған ңоймаларға бірнеше километр жете алмай,
қайтар жолда қаза тапты.
1912 ж. қарашада құтқарушы отряд шатырды және оның ішінде қатып
қалған адамдардың денесін тапты. Шатырдың қасында салмағы екі пұттан асатын
геологиялық коллекциясы бар шаналар тұрған еді.
Антарктиданы кеңес ғалымдарының зерттеуі. XX ғасырдың бірінші
жартысында АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Норвегия және басқа мемлекеттер
Антарктиданы зерттеу жөнінде арнайы экспедициялар ұйымдастырды. Әрбір ел
өзінің мақсатын көздеп жеке әрекет етті. Зерттеулер негізінен жағалауда
жүргізілді, ал материктің ішкі аймақтары еміс-еміс белгілі күйінде қала
берді.

Тек Халықаралық геофизикалық жылдың (МГГ, 1957—1958 жж.) өткізілуіне
байланысты дүние жүзінің он екі мемлекеті материкті бірлесе зерттеу және
өзара хабарлар алысу қажет деп шешті. Кенес Одағы бұл жұмыста
жетекші орындардың бірін алды. Кеңестік экспедициялар жоғары
ғылыми және техникалық деңгейлерде ұйымдастырылды. Оларды
ұйымдастыру үшін Арктиканы зерттеу мен игеруде жинақталған бай
практикалық тәжірибе пайдаланылды. Халықаралық геофизикалық
жылдың басталуы қарсанында Кеңес Одағының Антарктидада ғылыми
станциялары мен жұмыс тәжірибесі болмағанына қарамастан, біздің
зерттеушілеріміз континенттің ішкері як; ғына батыл саяхаттар жасады. Олар
ауыр климат жағдайларына аз уақыттың ішінде Антарктиданың жағалауында ғана
емес, сонымен қатар оның бұған дейін адам аяғы баспаған жетуге қиын ішкі
бөліктерінде (Аяқжетпес полюс) де бірнеше ғылыми станциялар (Мирный,
Пионерская, Восток және басқаларды) салды. Қазіргі кездегі негізгі және ең
ірі стаңция — Молодежная станциясы. Мұнда Антарктиканың аэрометерологиялық
орталығы бар.
Кеңес мамандары Антарктидада отыз жылдан астам уақыт бойы ойдағыдай
жұмыс істеп келді, зор ғылыми материал жиналды, коптеген еңбектер жазылды.
Антарктиданың тұңғыш Атласы жасалды. Атластан Антарктиканың барлық табиғат
компоненттері жөнінде мәліметтер алуға болады. Жүздеген орыс және кеңес
зерттеушілерінің есімі Антарктиканын картасына мәңгілікке жазылған.
Антарктиданың басқа материктерден өзгешелігі: мұнда тұрақты халық жоқ
және оның құқықтык жағдайы мүлде басқаша. Ол бірде-бір мемлекеттің
қарамағына жатпайды. Халықаралық келісім бойынша оның территориясында
әскери сипаттағы кез келген шараларды өткізуге, қарулар мен ядролық
жарылыстарды сынауға тыйым салынған. Антарктиданың табиғатын қорғау заңда
баянды етілген.
Антарктиданың ғылым мен бейбітшілік континенті деп аталуы кездейсоқ
жағдай емес. Нақты ұйымдастырылған халықаралық ынтымаңтастық пен
ғалымдардың қажырлы еңбегінің арқасында Антарктиданың көптеген құпиялары
қазіргі кезде құпия болудан қалды.
Мұз жамылғысы. Антарктидада қанша мұз бар? Қалың мұз жамылғысының
астында не жатыр? Бұдан 30—35 жыл бұрын бұл сұрақтарға сенімді жауап беруге
болмайтын еді. Ғалымдар материктің көп бөлігінің негізінде — оның шығыс
бөлігінде Антарктика платформасы жатқанын анықтады. Материкті түгелдей
дерлік мұз қалқаны жауып жатыр, оның орташа қалыңдығы 2000 м шамасында, ал
шығыс бөлігінде ең қалың жері — 4500 м-ге жетеді. Мұз жамылғысын қоса
есептегенде материктің орташа биіктігі 2040 м болады. Бұл басқа
материктердің орташа биіктігінен 3 есе дерлік биік. Антарктиданың мұз
жамылғысында Жер шарындағы барлық тұщы судың 80%-тейі сақталған. Мұз
қалқаны материктің орталық бөлігінде көтеріңкі, ал жағалауға қарай
төмендеп, шет жақ-тары біртіндеп жайдақтана беретін күмбезге ұқсайды (65-
сурет).
Мұз астындағы жер бедері. Қазіргі заманғы зерттеу әдістері
материктің мұз астындағы жер бедері туралы нақты

65-сурет. Антарктиданың мұздық жамылғысы
түсінік алуға мүмкіндік берді. Оның бетінің 13 -іне жуығы мұхит деңгейінен
төмен жатыр. Сонымен бірге, мұз құрсаудың астынан тау тізбектері мен
сілемдері табылған. Уэддел теңізінен Росс теңізіне дейінгі жарықтар зонасын
бойлай Транс-антарктикалық таулар созылып жатыр. Бұл таулар Батыс
Антарктиданы жер бедері мүлде өзгеше, Шығыс Антарктидадан бөліп тұрады (66-
суретті қараңдар).
Батыс Антарктида өте күшті тілімденген. Антарктика түбегі мен
материктің батыс шетінде Оңтүстік Америкадағы Анд тауларының жалғасы болып
табылатын таулар созылып жатыр. Материктегі ең биік тау сілемі (5140 м) мен
ең терең ойыс (—2555 м) осында орналасқан. Таулардың көп бөлігін материктік
мұздық жауып жатады, кейбір жерлерде ғана олардың ең биік шыңдары мұз
құрсанған шөл үстінде таңқаларлықтай болып көтеріліп тұрады. Жарықтардың
сызықтарын бойлай жоғары көтерілетін лавалар таулардың құрылысында едәуір
роль атқарады.
Шығыс Антарктидадағы тұтас мұз жамылғысының астында оның бетінің
тегіс учаскелері биіктігі 3000—4000 м болатын тау сілемдерімен
кезектесіп келіп отырады. Олар ертедегі Гондвана материгінің құрамына
енген басқа материктердің жыныстарына ұқсайтын өте ежелгі шөгінділерден
құралған.

66-сурет. Антарктиданың мұз астындағы жер бедері
.
67-сурет. Мирный — Аяқжетпес полюс және Мирный — Оңтүстік полюс
маршруттары бойынша мұздық жамылғысының профилі және мұздық шарасы
Шығыс Антарктиданың мұздық жер бедері мен мұз астындағы жер бедерінің
ерекшеліктері материк бетінің профилінен жақсы көрінеді. Оны Мирный —
Аяқжетпес полюс, Мирный — Оңтүстік полюс маршруттары бойынша шынжыр
табанды шана поезы экспедициясы кезінде кеңес поляршылары
кұрастырған болатын (67-сурет). Материктің шетінде, Росс
теңізіндегі жағалық аралдардың бірінде сөнбеген Эребус вулканы анық көрініп
тұрады, ол — осы аудандағы күшті тау түзілу процестерінің айғағы.

Климаты. Антарктида түгелдей дерлік антарктикалық климат белдеуіне
орналасқан. Бұл — Жер шарындағы ең суық материк. Материктің ішкі
аймаңтарының климаты ерекше қатаң. Онда тіпті жаздың өзінде тәуліктік
орташа температура — 30° С-ден жоғары көтерілмейді, ал қыста — 70° С-ден
төмен болады.
Антарктиданы Жер шарының "тоңазытқышы" деп атайды.
Оның әсер етуінен оңтүстік жарты шар солтүстік жарты шарға карағанда
едәуір суық болады. Кенес поляршылары "Восток" станциясында Жер
бетіндегі ең төмен температураны (—89,2° С) тіркеді. Сондықтан
Восток станциясын Жердің Суықтық полюсі деп атайды. Мұндай өте
төмен температурада металл опырылғыш болады және соғып қалса, шыны секілді
сынады, ал керосин — қоймалжың тартады да, оны кесуге болады. Күшті
аяздан адамдардың өкпесі мен көзінің мөлдір қабығы үсіген жағдайлар болған.
Сондықтан мұндай жағдайларда жұмыс істеу үшін арнаулы киімдер киюге тура
келеді. Антарктиканың ауасы өте мөлдір әрі құрғақ болады.
Жаз кезінде Антарктидаға Жердің экваторлық аймағына қарағанда, күн
жылуы көп түседі. Бірақ бұл жылудың 90%-ің қар мен мұз кейін қайтарады (77-
суретті қараңдар). Оның үстіне жаз өте қысқа. Материктің жағалауында едәуір
жылырақ болады, жазда ауаның температурасы 0° С-ге дейін көтеріледі, ал
қыста орташа аяздар болып тұрады. Жазда мұз жамылғысы болмайтын аудандарда
жартастар күн жылуының 85%-ке дейінгі мөлшерін сіңіріп, өздері де жылынады,
айналадағы ортаны да жылытады. Мұнда оазистер пайда болады. Айналадағы
мұздықтардың бетіндегі температураға қарағанда, оазистерде жазда
температура едәуір жоғары. Оларды нағыз жылу ошағы деуге болады.
Үш мұхиттың Антарктидаға жанасып жатқан оңтүстік бөліктері
субантарктикалық белдеуде орналасқан. Мұндағы температура материктің
үстіндегі температурадан жоғары болады. Антарктиданың ішкі аймақтары мен
материкке ұласып жатқан мұхиттардың үстіндегі температура мен атмосфералық
қысым айырмашылығының көптігі салдарынан жағалық алапта ұдайы материк
жақтан жел соғып тұрады. Жағаға жақындаған сайын олар күшейіп, кейде дүлей
дауылға айналады. Бұл желдер материктен мұхитқа орасан мол қарды ұшырып
әкетеді.
Қыста теңіздерді тұтасқан мұз басады. Жазда оның жиегі жағаға дейін
дерлік шегінеді. Суға сырғып түскен материктік мұз сынады да, орасан зор
мұзтаулар — айсбергтер түзеді. Ағыстар айсбергтерді алыстағы мұхитқа ағызып
әкетеді.
Температураның таралуындағы сияқты, жауын-шашынның таралуында да
зоналылық жақсы байқалады. Материктің орталық бөлігіне, Сахарадағыдай,
жылына 40—50-ден 100 мм-ге дейін жауьш-шашын жауады. Жағалауда жылына 500—
600 мм жауын-шашын түседі.
Өсімдіктер және жануарлар дүниесі. Антарктиданың көп бөлігі өсімдіктер
жамылғысы мен жануарлар дүниесінен жұрдай. Бұл — антарктикалық шөл.
Антарктидада қазір заманғы организмдерден мүктер, қыналар, өте ұсақ
саңырауқұлақтар мен балдырлар және т. б. таралған.

68-сурет. Қатаң материктің тұрақты жануарлары
Мұздық жамылғысы жоқ учаскелерде, тіпті полюске жақын маңда өсімдіктер
өседі. Антарктида оазистерін мұзды шөлдегі тіршілік ошағы ретінде
қарастыруға болады. Оазистердегі көлдер әр түрлі балдырларға бай. Суықтық
полюсі ауданындағы қар бетінен бактериялар табылған.
Жануарлар дүниесі материкке ұласып жатқан мұхиттарға байланысты.
Антарктиданың суы киттер, итбалықтар, балықтар мен құстар үшін азық көзі
болып табылатын планктонға бай. Мұнда кит тәрізділердің бірнеше түрлері
тіршілік етеді, олардың ішінде біздің планетадағы ең ірі жануарлар — көк
киттер, сондай-ақ кашалоттар бар. Ескекаяқтылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ және өсімдік жамылғысы
Антарктида
Антарктида ғылыми станциялары
Антарктида туралы
Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі туралы ақпарат
Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде
Хибин тауларының биіктік белдеулері
Атмосфералық жауын - шашын
Іле Алатауының физикалық – географиялық жағдайы
Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
Пәндер