Андроновшылар шаруашылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Андронов мәдениеті

Жоспар

І Кіріспе
1. Ежелгі егіншілермен бақташылар.

ІІ Негізгі бөлім
1. Орталық Қазақстанның тайпалары.
2. Солтүстік және Батыс Қазақстанда
3. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
4. Андроновшылар шаруашылығы.
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Андронов мәдениеті
Ежелгі егіншілер мен бақташылар.
Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен
жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаңан жылдарға созылды.
Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б.з. дейінгі VIII-VII
мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы
аудандарында пайда болса керек. Б.з. дейінгі VI-V мыңжыл егіншілік әуелі
Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияга
тарайды. Қазақстанның таулы және далалы аудандарына қола ғасырында б. з.
дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді.
Егіншілік пен бірге малшаруашылығы да пайда болады. Ғалымдар әуелі
пайда болған егіншілік пе, әлде малшаруашылығы ма? — деген сауал жөнінде
ұзақ дауласады. Адамның соның екеуін де бір мезгілде қатар игергені қәзір
айдан анық. Егіншілік топырағы құнарлы, суы жеткілікті жерде дамыған. Ал,
құнары аз, қуаңшылығы басым аудандарда малшаруашылығы өркендейді. Сулы-нулы
жерлерде мал шаруашылығы егіншілікпен қабаттаса қанат жаяды.
Б.з. дейінгі II мынжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия
даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы
металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан ұңғылы балталар мен
сүңгілер жасауды үйренеді. Қазақстан жерін мекендеген тайпалар қола
ғасырында андроновтық археологиялық мәдениетке жататын жәдігерлер
(мекендер, қорымдар, рудниктер, тастағы суреттер) қалдырған. (Ал ескі мола
ең әуелі Андроново селосы жанынан — Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы
іргесінде қазылып табылғандықтан, шартты түрде осылай аталып кеткен). Coл
жердегі қазу жұмыстарын 1913 жылы Б.В.Андрианов жүргізген. 1927 жылы
археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов
мәдениетінің ескерткіштері — шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға
дейінгі — орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Кейінірск андронов
ескерткіштсрі Қазақстанның түскейінен, Жетісу мен Орта Азиядан да табылды.
Андронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен,
уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі
андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола —
б.з. дейінгі XVIII—XVI ғ.ғ. орта қола — 6. з. дейінгі XV XII ғ.ғ. кейінгі
қола — б. з. дейінгі XII-VІІІ ғ.ғ. басы. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген
ескерткіштер атына сәйкес, федоров, алакөл, замараев кезеңдерін көрсетеді
деп есептелді. Бірақ кейін Федоров ескерткіштері ерте қола уақытына емес,
орта қола уақытына жататыны даталанды, сөйтіп андронов мәдениеті дамуының
сындарлы суреті бұзылды. Мұның үстіне Федоров ескерткіштерінің ерте және
кейінгі кезеңдерге бөлініп, ыдырап кететіні анықталды. Оның бірінші тобы
б.з. дейінгі XV-XІV ғ.ғ., екінші тобы — ХІІІ-ХІІ ғ.ғ. жатады. Егер бұрын
ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан табылса, енді кейінгілері Батыс
Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мсн оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан
табылды. Әсілі, федоров тайпаларының жан-жаққа тараған кіндігі Қазақстан
болса керек, оларды бұл арадан тайдырып жібергендер алакөл тайпалары,
Орталық Қазақстанға олар белгісіз бір батыс орталықтан келеді.
Хош, сонымен, алакөл мен федоров тайпалары бір мезгілде өмір сүреді,
соның арқасында олардың өзара қарым-қатынасынан аралас типтегі ескерткіштер
пайда болады. Жетісуда жетісу типіндегі, батыста қожамберды типіндегі
ескерткіштер қалыптасады. Андронов мәдениеті тұтас болмаған: бұл мәдениетте
бір кездері соның аясында тіршілік еткен тайпалар мәдениетінің сипатын,
ерекшелігін білдіретін варианттары анық көзге түседі, сол себепті де бізде
бір қатар туыс мәдениеттерді біріктіретін андронов мәдениеті қауымдастығы
деп айту әдетке айналған.
Орталық Қазақстанның тайпалары. Андронов қауымдастығы құрамына енген
тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Ортaлық Қазақстан болған. Бұл
өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары мен
тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса ескі
қабыр табылып зерттелген. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән
сипаты — оның монументалдығы, мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен
байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым
болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Көлемі
шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек
немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты
шұңқыр етіліп қазылған, жиек-жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген моланың
өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен жабылып
тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен мендрлар, басылымды қосар
сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектелген құмыралар көз тартады.
Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар, қола
моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері
де табылған.
Келесі — Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды
да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны
көптеген тау кендерін өңдеу орындарынан байқау қиын емес. Бұл кезеннің
Былқылдақ, Қарасай, Темір астау, Қарабие, Елшібек, Беласар сияқты қорымдары
тиянақты зерттеліп, белгілі болған.
Мәдениетті дамытуда металл өндіріп балқыту орасан зор рөл атқарған.
Орталық Қазақстанның палеометалдық ошағы көрші жатқан Алтай, Сібір, Орал
өңірі сияқты аймақтар мәдениетін дамытуға да ықпалын тигізген. Солтүстік
және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет ескерткіштері ашылып
зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен
мәлім болды.
Орманды-дала зонасындағы топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек
және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдарды бірден тануға болады. Батыс
аудандарда сақина секілді дөңгеленте салынған қоршаулар етек алған. Бұл
ауданда небәрі 80-нен аса қоныс пен 90-ға тарта қорым ашылған. Ертедегі
қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады. Петропавл қаласы маңындағы
Вишневка қонысында қазба жұмыстарын жүргізген кезде көлемі 126 шаршы метр
жер беті тұргын үйі табылған, оның ағаш шатырын ағаш бағандар тіреп тұрған.
Co кездері ежелгі қалалардың алдын алушылар (прототиптер) деп атауға
келетін қоныстар пайда болады. Солардың бірі — Арқайым Челябинск және
Қостанай облыстарының шекарасынан орын тепкен.
Орта Қала кезеңінде үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді
ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген еді. Қоныстары бұрынғыша
бекіністер салынбайды, тұрғын жайлар — жартылай жертелелер тікбұрышты —
ұзынырақ болып келеді, оның 140-тан 200 шар. м. дейінгі көлемі, қоржын
сияқтанып, екіге бөлінеді еденінде — біреуден сегізге дейін — ошағы болады.
Мұнда тұрғын жайлар Явленка, Тасты-бұтақ қоныстарында болған.
Кейінгі қола дәуірінде, оның бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның
тайпалары Арал өңірінің Қима мәдениетінің, ал Батыс Қазақстан — Еділ
бойының Қима мәдениетінін, қатты ықпалына түседі. Кейінгі қала дәуірі
қоныстарында түрі жағынан тікбұрышты сопақ, сегіз тәрізді жартылай
жертелелер көбірек кездеседі. Көлем 300-400 шар. м., дейін баратын орасан
зор жертөлелер салу етек ала бастайды, олар қысты күні мал ұстайтын болған.
Шаруашылықта мал өсірудің әсіресе жылқы өсірудің ролі арта түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінің дамуы да осы тектес жолмен
жүреді. Ертіс пен Бұқтарманың, Күршімнің көкора шалғынды алқаптарынан,
Алтайдың таулы аудандарынан, Тарбағатай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақстан
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан жері
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан
Андроново мәдениеті
Қола дәуірі туралы
Андронов мәдени-тарихи қауымы
Андронов мәдениеті археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері
Андронов мәдениетінің кезеңдері
Сақтар мен гундардың мәдениеті мен тарихы
Ежелгі егіншілер мен бақташылар
Пәндер