Құқықты қорғау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы
1 Құқықты қорғау

2. Меншiктi иелену мен меншiк құқығын қорғау

Қолданылған әдебиеттер тiзiмi.

Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымы

1 Құқықты қорғау

Сөздiң кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына
жол берiлмейтiндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртiбiн мемлекеттiң
қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтiрудi
қамтамасыз ету принципi, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негiзгi
бастауы ретiнде айтылады (АК-тiң 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субьективтi азаматтық құқықтар тек қана
нақты жүзеге асырылуға тиiс емес, сонымен бiрге олар субьективтiк құқықтың
бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтiрудi
бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкiндiктер бередi. Бұл тұрғыдан проф. В.П.
Грибановтың мынадай пiкiрi көңiлге қонады: “Құқық қорғау сипатының
мүмкiндiгi оның құқық өкiлеттiгi ретiнде субьективтiк материалдық талаптар
мазмұнының өзiмен белгiленедi.
Демек кез келген субьективтi азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен
бiрге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегiмен
оны қорғауға тиiстi құқықты еншiлейдi.
1 Азаматтық құқықтарды қорғау тәсiлдерi. Азаматтық кодекстiң 15-
тарауының шеңберiнде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы
меншiк иесiнiң мүддесiн қорғаудан айыра бiлу керек. Кең мағынада
меншiк иесiнiң мүддесiн қорғау екi негiзгi нысанға бөлiнедi:
юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрi субьективтi құқықтар бұзылғанда немесе
дауға түскенде өкiлеттi мемлекеттiк органдардың оны қорғауға араласуы болып
табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесi бұзылған тұлға мемлекеттiк немесе
басқа да құзыреттi органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.)
шағынады, әлгi аталған органдар өз кезегiнде бұзылған құқықты қалпына
келтiру және бұзушылықты жою үшiн өкiлеттiгiне сай қажеттi шараларды
қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және
арнайы тәртiбiн белгiлейдi. Жалпы тәртiпке сәйкес заңмен қорғалатын
азаматтық құқықтардың мүддесiн қорғау сот (төрелiк немесе аралық сот)
арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстiң 9-бабы жалпы тәртiппен қатар әкiмшiлiк тәртiбiн де
қарастырған. Әкiмшiлiк тәртiппен жүзеге асырылатын мнешiк иесiнiң құқығын
қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесiнде зардап
шеккен құқық иесi мүддесiн қорғауға орай тиiстi өкiлеттi органға берiледi.
Кейбiр заңдарда аралас, яғни меншiк құқығы мен басқа да заттық құқық
қорғаудың әкiмшiлiк сот тәртiбiн қолданады. Мұндай жағдайда мүлiктiң меншiк
иесi мен иеленушiсi сотқа шағымбас бұрын мемлекеттiк басқару органына
шағымданады.
Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншiк иесi мен оны
иеленушiсiнiң мемлекеттiк және басқа құзыреттi органдарға бармай-ақ өз
бетiмен қорғануын бiлдiредi. Азаматтық кодекстiң тұжырымдарында аталған
әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзiн-өзi қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-
тың 9-бабы) және меншiк құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бiр
әдiсi ретiнде қаралады.
Азаматтық құқықтың өзiн-өзi қорғауы өзiнiң заңдық табиғатында құқық
қорғау әдiсi болып табылмайтын өзiндiк нысанын еншiлейдi деген пiкiр де
бар. Мәселен, проф. А.П. Сергеев қорғанудың дербес түрiнде өзiн-өзi қорғау
құқығы сот және әкiмшiлiк нысандарымен бiрдей қаралуы керек едi. Бiздiң де
пiкiрiзше өзiн-өзi қорғау құқығына ешкiмнiң тиiспейтiндiгiн қамтамасыз
етуге, бұзылған құқықты қалпына келтiрiп, оның салдарын жоюға бағытталған
өкiлеттi тұлғаның заң немесе шарт негiзiнде әрекет етуге жол берiлген
азаматтық құқықты қорғаудың дебес нысаны болып табылады.
Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасың меншiк құқығың
қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесiнен айыра бiлу
керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келедi.
Меншiктiң абсолюттi құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы,мүлiктi
алып қою) ретiнде тiкелей құқық бұзушылық кезiнде заттық-құқықтық сипаты
бар құралдары оны қорғауға кiрiседi. Құқық бұзушы мен өкiлеттi тұлға
арасында мiндеттемелiк қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта
көрсетiлген мерзiмде затты меншiк иесiне қайтаруға тиiс боса) мiндеттемелiк
құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Мiндеттемелiк-құқық құралы талап
қоюға тән нәрсе, ол бiрден меншiк құқығың көрiне бермейдi, азаматтық
құқығың басқа институттарына негiзделедi, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал
меншiк құқығын қорғауға тiкелей бағытталуымен сипатталуы және қандай да бiр
нақты мiндеттемемен байланысты болмайды. ҚР заңдары жәбiрленушiнiң құқық
бұзушыға қарсы талап қою түрiн тандау мүмкiндiгiн (айтылық, шарттық немесе
заттық-құқықтық) бермейдi, бұл орайда шетелдердегi “талап қою бәсекесi” деп
аталатын жағдайлары қолдамайды.
Азаматтық құқық институттардың әр түрiнен туындайтын не заттық-
құқықтық, не мiндеттемелiкке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгiленген.
Мысалы, хабар-ошарсыз кеттi деп танылған немесе өлдi деп жарияланған
адамдардың меншiкке мүлiкке құқықтарын қорғау (АК-тiң 29,32-баптары), кепiл
ұстаушының жауапкершiлiгi туралы және т.б. болып табылады.
1 Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тiң 9-10 баптарында
қарастырылған. Бұл баптарда бұрын-соңды заңдарда қаралмаған жолдары
көрсетiлген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзiндiк
мүлiктiк емес иелiктерi мен құқықтарының бұзылуы, кемсiтiлуi немесе
олардан айырылуы, соның iшiнде жәбiрленушiнiң өзiне қарсы құқық
бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешiрген жан азабы немесе тән
азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда төленедi. Екiншi бiр жағдай, ол
мемлекеттiк билiк органының заңдарға сай келмейтiн құжат шығаруы,
сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетiмен, (яки
әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу механизмi енгiзiлген (9-
баптың 5-тармағы).
1 Азаматтық-құқықтық қорғаудың әдiстерi дегенiмiз:
• Зат иесiнiң ол затты бiреудiң заңсыз иеленуiнен өзiне зат
күйiнде қайтарылуын талап етуi (ликвидация);
• Иемдену еркiнен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған
кедергiнi жоюды талап ету (негаторлық талап);
• Затты жойып жiберген немесе бүлдiрген жағдайда зиянның
(шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу);
• Басқа бiр адам негiзсiз ие болған немесе сақтап қалған,
виндикция жолымен зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға
болмайтын заттың құнын зат иесiне ақшалай төлеу;
Меншiк құқығын қорғаудың алғашқы екi әдiсi меншiк иесiне затты сол
қалпында иемдену, пайдалану және оған билiк жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз
етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншiк құқығын қалпына келтiру
туралы – затты иесiне қайтару немесе пайдалануға тигiзiп отырған кедергiнi
жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған
әдiстердiң соңғы екеуi мiндеттемелiк құқығына жатады – мұндай жағдайда
меншiк иесiне заттың ақшалай ақысы төленедi, ал тиiстi талаптар
мiндеттемелiк талаптар деп аталады.
1 Қорғау құқығы проблемесы бұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы
болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымында
қорғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келiп
тiреледi. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселенi шешуде
айтарлықтай алшақтық туындайды.
Авторлардың бiр тобы талап қоюға берiлетiн құқық ұғымынан келiп талап
қоюға құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады деген пiкiрге
тоғысады.
Мұндай көзқарастар континенталды құқықтың талап қою теориясы үшiн де
сипаты жағынан сай келедi. Франция ғалымы Леон Жюлио де ла Морандьер осыған
байланысты былай дейдi: талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе
жаңа заңдық жағдайды құруы үшiн сотқа сот әдiлдiгiн жүзеге асыруға
жәрдемдесетiн, ерiктi, заңдық әрекет болып табылады, ...талап қою дегенiмiз
оны беру құқығын еншiлейтiн иеленушiнiң өзiне тиесiлi сотқа жүгiну
құқығынан басқа ештеңе де емес.
Лео Розенберг (ФРГ) болса, талап қою – сот шешiмi арқылы құқықты қорғау
үшiн сотқа жүгiну деп анықтама бередi.
Осы анықтамалардың қай-қайсысы да талап қоюды белгiлi бiр тұлғанның
тиiстi мүддесiне қатысты сот шешiмiнен болатынын айқындап берген Рим
құқығының анықтамасына сәйкес келедi.
Авторлардың ендi бiр тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және
талап қоюға құқықты iс жүргiзу мағынасында бөлiп қарау керектiгiн ұсынады.
Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардың
талап қоюды материалдық-құқықтық және iс жүргiзу (процессуалдық) нысандарын
бiрлiкте қарауы көңiлге қонады. Сондықтан да В.П. Грибанов құқықты қорғау
проблемаласы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтiндiгiн және талап
қоюдан басқа да қорғау түрлерiнiң бар екiндiгiн көлденең тартады.
Меншiк құқығын қорғаудың тиiмдi құралын iздестiруде заңдық рәсiмдердi
жеңiлдетуге деген ынта күшейе түстi. Қазақстанда талап қоюға байланысты
жалпы iс жүргiзу тәртiбi өте-мөте ауқымды болғанын айта кеткен жөн.
Сондықтан да азаматтық сот құқықтық рәсiмдерi арқылы iс жүргiзу, әсiресе
бұйрық арқылы iс жүргiзу (Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 13-тарауы),
ықшамдай түсу сотпен қорғау iсiнiң тиiмдiлiгiне жағдай жасайды.
Әдебиеттерге қарағанда, көптеген елдерде бұйрық арқылы iс жүргiзу бар
екендiгiн көремiз, айталық, ол көне рим, ағылшын, герман және швед үлгiлерi
түрiнде кездеседi. Мысалы, рим құқығында сот бұйрығының болмысы преторлық
қорғау нысанында болады, претор өтiнiш берушiнiң тiлегi бойынша қандай да
бiр әрекеттердi тоқтататын, бұл орайда ол өтiнiш берушiнiң бұзылған
мүддесiн ескерген. Мұнда үкiм интердиктi деп аталады. Ал герман құқығында
да шарт қойылған және сөзсiз сот бұйрығы бар. Мысалы, оның соңғысы соттың
бұйрығынан немесе тыйым салуынан көрiнедi, онда жауапкершiлiктiң қойылған
мәселе бойынша ақталуына жол берiлмейдi. Ондай бұйрықтарды беру жауапкердi
шақырмай-ақ және оның түсiндiрмесiн тыңдамай-ақ, талап қоюшының бiр жақты
өтiнiшiмен жүзеге асырылады.
Бұйрық бойынша iс жүргiзу Қазан революциясына дейiнгi ресейлiк сотiсi
жүргiзуiнде болған. Кейiн, РСФСР-дiң 1923 жылғы Азаматтық iс жүргiзу
кодексiнде (210-219-баптары) сот бұйрығының рәсiмi енгiзiлген едi. Бiрақ
1964 жылы қабылданған Қазақ КСР Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде ондай
институт түбегейлi алынып тасталды.
Венгрияда сот бұйрығы 1972 жылы енгiзiлдi, ал Чехияда ол төлем бұйрығы
деп атады (АIЖК-нiң 172-174-баптары), чек және вексельдiк бұйрықтар түрiнде
белгiлi болды.
Сот бұйрығы институтына жасалған талдау қорғаудың сот құрамы тұрғысынан
азаматтық құқықтар мен заңмен қорғалатын қорғаудың тиiмдi құралы екендiгiн
көрсетiп отыр.
Қазақстан Республикасының АIЖК-нiң 139-бабына сәйкес бұйрығы былайша
айқындалады: өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе
жылжымайтын мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың
түсiндiрмелерiн ыңдау үшiн шақырмай-ақ және сотта iс қарамай-ақ, даусыз
талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған
судьяның актiсi болып табылады.
1 Заң бойынша қорғау объектiсi тек қана субъективтiк азаматтық құқықтар
ғана емес, сонымен бiрге ол заңдармен қорғалатын мүдделердi де
қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъективтiк құқыққа байланысы жоқ дербес
түрде бола алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады.
Қорғауға жататын мүдде құқық бұзушылық нәтижесiнде субъективтiк
құқықтың өзi тоқтатылған жағдай да болуы мүмкiн. Мысалы, зат жойылып
кеткен кезде оған меншiк құқығын қорғау мүмкiн болма қалады. Мұндай
жағдайда бұрынғы меншiк иесiнiң заңмен қорғалатын мүддесiн қорғау және
мүлiктiк жағдайын қалпына келтiру мәселесi қойылуы мүмкiн. Демек,
заңмен қорғалатын мүдде қорғаудың дербес объектiсi ретiнде жиi
кездесетiнiн байқаймыз.

Меншiктi иелену мен меншiк құқығын қорғау

1 Заттық құқыққа талдау жасағанда өз ерекшелiгiмен және сипатымен
оқшауланатыны иеленудi қорғау жөнiндегi талап қою екендiгiн көрсетедi.
Бұған теориялық дәлiлдеме ретiнде Римнiң жеке құқығы тарихында: ...
затқа меншiк нақты иеленуден шыққан, - деген ұғым бар.
Ал ондай иелену қайдан шығады деген орынды сұрақ туындайды. Қоныстану да,
отырықшылық та иелену терминiне балама бола алады.
Сонымен иелену мен иеленудi қорғау меншiктiң заттық құқық қасиетiн
тудыруда айтарлықтай рөл атқарады.
Азаматтық-құқықтық қорғаудың көздейтiн мақсаты меншiк иесiнiң заңсыз
айырылған нәрсесiн өзiне қайтару немесе өзiнiң затын пайдаланудағы
кедергiлердi жою болып табылады. Затын қайтару туралы азаматтық талапты
виндикациялық талап, ал затын пайдаланудағы кедергiлердi жою талабын
негаторлы талап деп атайды.
Виндикация қағидасы АК-тiң 260-бабында төмендегi түрде айтылған: меншiк
иесi өзгеден заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы, яғни меншiк
иесi өз атын заңсыз иемденiп отырған жақтан қайтаруды талап ете алады.
Затты иемдену оның заңды иесiмен жасалған келiсiмге негiзделмесе, заңсыз
иемдену деп аталады. Ал меншiкк иесiнiң затын заңды иесiнен виндикация
жолымен қайтарып ала алмайтын жағдай да бар, өйткенi, заттың заңды иесi
игiлiгiне аратып отырғандықтан дәлелдi себеппен қайтара алмайды. Айталық,
бр азамат екiншi беруге бiр жылға өзiнiң теледидарын жалдады делiк, ал үш
айдан кейiн виндикация жолымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары
Құқық нормаларын сақтау
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Прокуратура қызметіндегі жетілмегендіктер
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлері
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары бойынша меншік құқықтарын қорғау мәселелері
Авторлық және сабақтас құқықтардың пайда болуы
Құқықтық нормаларды іске асыру нысандары
Пәндер