Орнықты даму



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

1. Азаматтық қоғам
2. Демократия
3. Нарық
4. Орнықты даму

ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда
сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-
тендігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім
ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді.
Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес
келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам
идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі
бағдарлар бар.
Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ.
Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің
екі түрлі бабы бар.
Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде
қарастырады. Бұл ұғынға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы
қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері
азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да,
оны буржуазиялық (нарықтық-демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен
байланыстырады.
Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік
емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп
түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана
жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан
да азаматтық қоғамды коммуникациянын, қарым-қатынастың өзіндік ерекше
формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет
пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік
құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады.
Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалык, мәдени, саяси, құқықтық
қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты,
бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық
қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіңдік — анархия деп
түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы
екі белік бірін-бірі толықтыра отырып емір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық
қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, тәртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау
ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз
демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық,
тирания ғана бар.
Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі
азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқа-растар да жоқ емес. Азамат
белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық
қоғамды осы түрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен
байланысты. Өзінің бастауын тану — адамзат болмысының маңызды құбылысы
болып табылады. Бәрімізге белгілі, әрбір ұрпақ тарихты өзіне жаңаша ашады.
Антика мәдениетіне байланысты жоғарыда айтқанымыздың туралығын
дәлелдей аламыз. Ол үшін Ренессанс (Қайта өрлеу) дәуірін еске алсак
жеткілікті. Грек-римдік көне антикалық мәдениеттің жетістіктеріне арқа
сүйеген Ренессанс мәдениеті бүкіл Еуропаның болашағына тірек болған ұлы
мәдени кезеңдердің біріне айналды.

Азаматтық қоғам

Антикалық дәуірдің адамзат мәдениетіне берген мұрасы ұшан-теңіз.
Біріншіден, антикалық өркениет заңдылық пен мемлекеттіліктің толық жүйесін
қалыптастырды. Екіншіден, адамның жеке басының еркіндігі қоғамның дамуы мен
өзгеруінің қажетті алғышарты екендігіне көз жеткізді. Адамның жеке басының
ерік-бостандығын антикалық қоғам тікелей полиспен байланысты қарастырады.
Полис (гректің роlis — қала) — антикалық әлемдегі қоғамның өзіндік
әлеуметтік-экономикалық және саяси ұйымдастырылуының формасы. Полисті
мағыналық тұрғыдан қала — мемлекет, яғни езі бір қала бола тұра жеке
мемлекет болу мүмкіншілігі бар ерекше феномен ретінде де қарастыруға
болады.
Бастапқыда полис деп ауылшаруашылық бірлестігін айтатын болса,
кейінірек қалаға жалғасып жатқан территорияларды бірге қоса қаланың өзін де
айтатын болған. Қала маңындағы жерлердің бәрі сол қаланың ерікті
азаматтарының иелігі болып табылады да, жер иеленуші азаматтар
қолөнершілермен, құлдармен қатар сол қаланың тұрғындарын қалыптастырды.
Полис — қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп, сауда-тауар қарым-
қатынастарының қарқынды даму барысында пайда болған азаматтардың кішігірім
бірлестігі. Экономикалық даму сипатына қарай полистер: аграрлы (мысалы,
Спарта), аграрлы-қолөнерлі (Афины) және сауда-қолөнерлі (Коринф) болып
бөлінеді.
Көнегрек қаласының өзіндік заңдары, мемлекет органдары және толық
егемендігі болды. Әрбір қала басқа қалалармен терезесі тепе-тең, бірдей
жағдайда өмір сүрді.
Полистің біртуарлығы және оның тарихи мәні полистің адамзаттың жалпы
тарихы барысында қол жеткізген азаматтық қоғам үлгісі болып
табылатындығында, яғни полистің бойынан азаматтық қоғамға тән материалдық
және рухани құндылықтардың бар жиынтығын кездестіретіндігімізде.
Ендеше, кенегрек полисі феноменін толық қарастыруымызға себеп болып
отырған нәрсе сол полистің азаматтық қоғам үшін бай эксперименталды негіз
болғандығы. Сондықтан да полис ұғымын семантикалык тұрғыдан азаматтық
қоғам деуге де болады.
Аристотельдің аты әйгілі Политика шығармасы полисті еркін және тең
құқықты азаматтардың араласуы деп түсіңдірудің теоретикалық негізін қалаған
шығарма. Аристотельдің анықтауы бойынша адам табиғатынан саяси жануар
жене сондықтан да ол өзін шынайы түрде саяси қарым-қатынаста ғана жүзеге
асыра алады. Адамзаттың алғашқы ұстазының айтуы бойынша кез келген адам
(мысалы, құлдар) және кез келген халықтар (мысалы, варварлар) саяси даму
деңгейіне жете қойған жоқ. Саяси даму деңгейі адами дамудың бірден бір шыңы
ретінде қарастырылады. Полистен тысқары өмір сүретін адам бірден заң мен
құқықтан тысқары деп танылды да, екінші сортты, жарамсыз адам қатарына
итеріліп тасталды. Мүмкін сондықтан болар. Сократ дананың полистен қуылудан
гері, яғни ерікті азаматтылық игіліктерінен шеттетілуден гөрі өлімді өзіне
дұрыс деп таңдап алу себебі.
Антикалық әлемнің азаматтық қауымдастығының саяси өмірі әрбір
азаматтың полистің маңызды-маңызды мәселелерімен тікелей айналысуын талап
етті, яғни өзін-өзі басқарумен айналысты. Қала-мемлекет өкімет органдарының
сайланбалы құрылымын қалыптастырған болатын.
Антикалық полисте азамат, азаматтық қоғам деалдары толығымен жүзеге
асты деуге болады. Азамат идеясы өз бойына төмендегідей қасиеттерді
сыйдырады: өзін азаматтық қоғам мүшесі ретінде сезіну және содан туыңдап
жатқан кұқықтар мен міндеттерді түйсіну; азаматтық борышты ұғыну, өзін
әлеуметтік біртұтастыққа қатысты деп білу; азамат үшін оның бойындағы
азаматтық игіліктерді қауымдастарының толық мойындауы; азаматтық
ізгіліктерді тұлғаның ең жоғары өмірлік мәні бар құндылықтар деп тануы.
Платон мен мың аристотельдің ізденістерінен кейін азаматтық қоғам
мәселесі философиялық мәтіндерден екі мың жылға жуық уақыт шамасында
көрінбей кетеді. Тек қана Реформация дәуірінен бастап тұлғаның еркі мен
құқықтары туралы, азамат туралы сұрақ қайтадан әлеуметтік-философиялық
трактаттардан орын ала бастайды. Ол тұлғаны қайта танып, адамды діни
біртұтастық ырқынан босату (эмансилациялау) негізінде мүмкін бола бастады.
Жаңа заман ойшылдары жеке тұлға идеясын ашып, сонымен қатар жеке адам мен
қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы мәңгілік антиномияны көрсете
білді. Расында да XVIII ғасырға дейін азаматтық қоғам мемлекетке қарсы
қойылмақ тұрмақ сол мемлекеттің өзінің аясында ғана қарастырылып келген
болатын.
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап каиталистік жүйенің танымал
атрибуттері: жекеменшік, нарықтық экономика, демократия, құқықтық мемлекет
қалыптасты. Өз ретінде бұл факторлардың бәрі де адам социумының өзіндік бір
бөлшегі ретіңдегі азаматтық қоғам туралы жаңа идеяның дамуына игі ықпал
етті.
Азаматтық қоғамның концептуализациялануы үшін мемлекет пен оған қарсы
қойылған индивидтердің өзін өзі құрастыруының ерекшеліктерін пайымдау
қажеттілігі туды. Бұл мәселелер көбінде табиғи құқық мектебінің дәстүрі
арқылы — Гуго Гроций, Томас Гоббс, Джон Локк, Жан-Жак Руссо еңбектері
арқылы нақтыланған болатын. Нәтижесінде қарастырып отырған концептіміз,
ұғымымыз (азаматтық қоғам) тарихи даму барысында байытылды.
Азаматтық қоғамды сараптаудың бұл дәстүрі бойынша қоғам адамзаттың
табиғи күй кешкен уақытында да кездеседі деп табылады. Мемлекет деп
қоғамның табиғи, азаматтық күйге дейінгі жағдайынан қоғамдық келісім-шарт
жасасу нәтижесінде пайда болған құрылымды айтады. Осы айтылған арнада өз
концепцияларын жасағандар қатарына Ж.Ж. Руссо, Т. Гоббс, Дж. Локкты
жатқызуға болады.
Қоғамдық келісім-шарт теориясы кез-келген қоғамның пайда болуын тілге
тиек етпейді, нақты алғанда, құқықтық мемлекет ретінде саяси тұрғыдан
құрылымдық тұр өзгешелікке ие болған азаматтық қоғамды анықтаудың мазмұны
парадигмасын көлденең тартады. Қоғамдық келісім-шарт мемлекетпен
салыстырғанда алғашқырақ, ертерек пайда болатын дүние, өйткені ол
билеушілер мен бағыныштылар арасында емес, тепе-тең, ерікті азаматтар
арасында жасалады. Мұнда қоғамдық келісім-шарттың негізі ретінде тек жеке
тұлғаның табиғи құқыктары ғана ескеріледі. Осы мәселе төңірегінде маңызды
еңбектер жариялағандар Т. Гоббс, Дж. Локк, Ж.-Ж. Руссо еді.
Одан кейінгі кезеңде батыстық қоғамтануда азаматтық қоғам мәселесіне
ден қойған шама XX ғасырдың 70-ші — 80-ші жылдары. Оған себепкершілік еткен
әлемдік тарихтағы күрт өзгерістердің орын алуы болды. Шығысеуропалық
елдерде, КСРО-да тоталитарлық жүйенің күйреуі азаматтық қоғам мәселесін
өзекті етті. Ол түсінікті де, өйткені азаматтық қоғам либералды
демократия аймағын кеңейтудің құралы болып табылады.
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекетпен тығыз байланысты, өйткені
азаматтық қоғамның мемлекетке қояр бірден бір талабы да сол — мемлекеттің
өрбір жеке тұлғасының заң арқылы қорғалуы, әлеуметтік шындықтың,
әділеттіліктің қамтамасыз етілуін кұқықтық тәсілдермен даярлау.
Азаматтық коғам мен құқықтық мемлекет бірінің бірі болуын мүмкін
ететін құрылымдар, себебі олардың екеуі де жеке меншікке және еркін нарыққа
негізделген айрықша экономика типіне тиесілі. Олардың анықтауыш
қасиеттерінің негізгісі ол екеуінің де — азаматтық қоғамның да, құқықтық
мемлекеттің де зайырлылық, заңдылық принциптеріне сүйенетіндігінде.
Азаматтық қоғамның негізгі белгілеріне, айрықша сипаттамаларына
мыналарды жатқызуға болады:
• 1. Азаматтық қоғам ірі көсіпорындары қарқынды дамыған, ғылыми-
техникалық негізі және әлеуметтік инфраструктурасы қалыптасқан индустриалды
қоғам.
• 2. Азаматтық қоғамның экономикалық сүйемелі ретінде жеке меншік пен
басы бос, тәуелсіз субъектілердің еркін іскерлік шығармашылығын алуға
болады.
• 3. Азаматтық қоғам өзінің саяси көрсеткіштері бойынша демократиялық
жүйе болып табылады. Онда билікті бөлісу, көппартиялық, құқық приматы
қалыптасуы тиіс.
• 4. Азаматтық қоғамның рухани-идеологиялық негізінде идеялар мен
көзқарастардың плюрализмі, төзімділік (толеранттық), рационалдылық және
гуманизм жатыр.
• 5. Күрделі жіктелінген және стратификацияланған азаматтық қоғамның
әлеуметтік базасын орташа тап құрайды.
Демократия
XX ғасырдағы өркениеттілік ізденістердің бір сабағына мәдениет пен
демократияның ішкі қисындылығы туралы идея жатады. Кейбір қазіргі
либерализмнің өкілдерінің демократия өзіне өзі мақсат емес, ол адамдық
ынтымақтастық пен бірге өмір сүрудің тиімді түрлерін нығайтуға бағытталған
утилитарлық құрал болып табылады, кейде тарихта мәдениет пен руханилықтың
өрлеу дәуірі демократиялық емес, керісінше авторитарлық басқару кезендеріне
сәйкес келеді (Хайек Ф. Пагубная самонадеянность. — М., 1992. — С. 45)
десе де, шынтуайтқа келгенде, демократия мен мәдениет іштей байланысты
болады. Мәдениет адамның болмыстық тәсілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты даму концепциясы-2024
Экологиялық бақылаудың объекті ретінде әлеуметтік-табиғи экожүйе
Тұрақты даму концепциясы. Қала тұрғысында даму
Экологиялық-экономикалық даму
Мұхиттарды қорғау
оршаған ортаға және тұрақты дамуға қатысты РИО - ДЕ - ЖАНЕЙРО декларациясы
Табиғатты пайдалану жүйесін реформалау
Өмір сүру деңгейі мен сапалы өмір сүру әлеуметтік – экономикалық талдаудың негізгі категориялары
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Экология ғылымы туралы түсінік
Пәндер