Әрекет акцепторы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Қалыпты физиология валеология курсымен кафедрас

Тақырыбы: Адам санасының физиологиялық негізі, ырықты сезім, сананың
жоғарғы мәні.

Орындаған: Жарылқасынова К.М.
Факультет: Жалпы медицина
Курс: II
Топ: 2028
Қабылдаған: Шайқынбекова Р.М.

Алматы 2008жыл

Тақырыбы: Адам санасының физиологиялық негізі, ырықты сезім, сананың
жоғарғы мәні.

Жоспары:
I Кіріспе. Сана- болмысты бейнелеудің ең жоғарғы сатысы.
II Негізгі бөлімі:
1.Сана, ырықсыз сана-сезім.
2.Жоғарғы сананың қалыптасуындағы есте сақтаудың, эмоцияның,
мотивацияның, әлеуметтік мұқтаждықтықтардың маңызы.
III Тұжырым. Адам санасының пайда болуы - психика дамуының жоғарғы
сатысы.

Қазіргі таңда дүние жүзінде әртүрлі үлкен-үлкен жаңа ашылулар мен
жаңалықтар жарыққа шығуда. Әрбір ғылым саласындағы қызметкерлер: ғалымдар,
академик-профессорлар, оқытушылар барлығы әлі сыры толығымен ашылып
болмаған Жер бетінің жұмбақтарын зерттеп, анықтауға атсалысуда.
Сондай жұмбақ жаратылыстардың бірі- адам. әрине, Қазір осыдан 1-2 ғасыр
бұрынғыға қарағанда жеке адам туралы біршама көп білеміз. Дегенмен де
адамның жаратылысы туралы түсінбейтін, білмейтін жақтарымыз да көбірек.
Адамның жеке мүшелері, олардың құрылысы, дамуы, өсуі, қызметтерінің
реттелуі, патологиясы, мүшелердің регенерациясы , тағы басқа туралы бірнеше
ғылым салалары зерттеп, оқытады. Мәселен, анатомия, гистология, физиология,
биохимия, психология, антропология, т.т.
Физиология (грекше physis-табиғат, logos-ілім ) тірі организм мен оның
жеке жуйелері , ағзалары, тіндері және жасушаларының әрекеттерін,
тірліктерін зерттейтін биологиялық ғылым.ол тіршілік үрдістерін, олардың
реттелу тетіктерін және іс-әрекеттерді қалыпты жағдайда анықтайды.
Жалпы адам іс-әрекеттері ми арқылы реттеліп отырады. Әсіресе адамның
үлкен ми сыңарлары бір секундта 200-300 дейінгі тітіркендіргіштерді
қабылдап, оларға жауап береді.Осы үлкен мидың оң және сол жақ жарты
шарларында орналасқан сезім жүйелерінің, таным, түйсік, тіл, сана, ұйқы,
месл, психикалық әсерленістердің қызметін білудің маңызы зор.
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық
дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.Адамның
жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық – еңбек әрекетіне көшу болып
табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі –адамның санасы
пайда болады.Адамның санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы
жаңаның басталуын, психика дамуының жоғарғы кезеңін білдіреді. Саналы
бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы – бұл
заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан-жақты сипаттаманы А.Н.Леонтьев өзінің
“Іс-әрекет.Сана. Жеке тұлға.” атты еңбегінде берген болатын.
П.К.Анохин 1968жылы салалы іс - қимылды түсіндіру үшін арнайы
функциялық жүйе сызбасын ұсынды.

Ми қыртысының маңдай
алды бөлігі

Торлы құрылым
Ми қызметін белсенді ету

Ішкі орта
(физиологиялық қасиеттер)

Эфференттік қозу

Афференттік
талқылау
Әрекет акцепторы
Әрекет
бағдарламасы

Шешімі
Әрекет

Кері афферентация Әрекет кезеңдері

Саналы іс-әрекет

Ол функциялық жүйені белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге
қол жеткізуге бағытталған іс - әрекеттерді іске асыратын орталық
жүйке жүйесінің тиісті бөлімдері мен атқарушы мүшелер бірлестігі
ретінде қарастырды
Сана- психика дамуының сапалы ерекше түрі.Адамның саналы іс-әрекеті
айырмашылығы негізігі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі
– адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысы міндетті емес.
Кей жағдайда адамның саналы қызметі биологиялық ықпалдарға және
қажеттіліктерге бағынбайды, олармн қарама- қарсылықта болады және оларды
басып тастайды.
Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшелік белгісі ол ортаның
жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.
Үшінші ерекшелігі- адамның білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи
жинақталған және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені
меңгеру арқылы қалыптасады.
Сана қоғамның жемісі ретінде тек адамға ғана тән. Жануарларда сана
болмайды.
Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынасында қоғамдық
еңбңек үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі.
Сана- болмысты бейнелеудің ең жоғары сатысы. Сана арқылы адамның
қоршаған әлеммен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол адамның сезу
, түйсік, елестету, ықылас, сезім, ырық, ойлау іспетті психикалық іс-
әрекетінен құралады. Сана адам миы қызметінің жемісі. Материяның әрбір
қасиеті сияқты сияқты сана тек ақиқат заттар мен құбылыстардың өзара
әрекетінен туады .
Адам мен жануарлар болмысты сезімдік тійсіктер арқылы бірдей таниды
және бағалайды. Алайда адам жануарларға қарағанда ақиқат дүниені ақыл-оймен
бейнелеу және дерексіз ойлау, тіл арқылы түсінеді.
Адам санасы (саналы психика ) белгі жүйесі (әріп, сөз ) арқылы
атқарылады, логика заңдарын пайдаланады. Мұны сол жақ ми сыңары қамтамасыз
етеді. Санаға дейінгі психика бейне, рәміз (символ ) жүйесіне негізделген,
оған оң жақ ми сыңары қатысады.

Тіл- сананың (ойдың ) материалдық көрінісі, негізі.Тілсіз сана жоқ, ал
санасыз адам жоқ. Сана-қоғамның өзге мүшелерінің сөз арқылы, көркем
шығармалары арқылы және т.б. берілетін ерекше қасиеті болып табылатын
білім. Сана жеке адамның өзіндік әсерленушілігі. Жалпы сана сезіну және
сана-сезімнен құралады. Сезіну дегеніміз ақиқат болмысты жинақталған
біліммен салыстыру және адамның тәжірибесін молайту. Сана арқылы басқа
адамға білім беріледі.
Адам өзіндік сана (сарасана ) арқылы өзін-өзі сезініп, “МЕН” деген
қасиетін ұғынады. Саналылық дегеніміз- адамның өзін-өзі және өзінің
психикалық күйін түсінетін арнайы кісілік ерекшелігі.
Адамның сана-сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық санамен тығыз
байланысты. Сондықтан саналылық- адам өзін-өзі түсінгеннен гөрі кең
ұғым.Өйткені, өзін сезіну мен қоршаған болмысты сезінудің бірлігі арқылы,
адамның кісілік қасиетіне тән өздігінен реттелудің жоғары түрі жүзеге
асады.Сөйтіп әрбір сана қоршаған әлемнің нәрселерін сезіну мен адамның
өзін-өзі және өзінің ішкі дүниесін сезінуден тұрады.
Адам санасы әлеуметтік түрткілердің ықпалынан- еңбек іс-әрекеті мен
қатынастан қалыптасады. Сана-сезім бір жағынан танымдық, екінші жағынан
әпекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірі ағзадағы ерітінділердің маңызы. Буферлі ерітінділер
Протолиттік теорияның негізгі қағидалары
Афференттік талқылау
Әрекет акцепторы - әрекет нәтижелерін бақылау және оларды алға қойылған мақсатпен салыстыру
Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер
Қызметтік жүйелер туралы П.К.Анохиннің ілімі
Жарық фазасы
Фотосинтез
Атмосферадағы оттегі эволюциясы.фотосинтез
Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік
Пәндер