Тышқан тәрізді графйкалық сілтеме


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Windows жүйесінің негізгі функциялары

Терезе

Терезе - Windows жүйесіндегі ең негізгі ұғым болып саналады, Windows сөзінің нақты аудармасы "терезелер" екені осыны білдіреді.

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда әртүрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Windows терезесінің экранды толығымен, жартылай немесе белгілі бір бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады. Егер терезені жабатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаның жұмысы да аяқталады.

Болашақта Windows ортасының әр түрлі терезелерін қарастырамын, олардың жұмыс істеуінде айырмашылық болса да, бәрінің кейбір ортақ элементтері, қасиеттері бар. Енді сол элементтермен танысайық.

Терезе шекаралары - бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында Жүйелік меню батырмасы орналасқан, ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан томенгі төртбұрышты аудан - терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әр түрлі информация болады: орындалатын программа, өнделуге арналған мәліметтер, басқа кішігірім терезелер және т. б.

Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде де) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симайтын информацияның бейнеленіп тұрғанын көрсетеді.

Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

  • толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алыптұрады;
  • қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бірбөлігін алып тұрады;
  • шартбелгі (пиктограмма) түрінде, ягаи терезе айналып кеткен.

Жұмыс столы

Жұмыс столы - екінші негізгі ұғым.

Жұмыс столы ұғымы қазіргі барлық операциялық жүйелер ( Windows , OS/2, Масintosh компьютерлеріндегі OS, SUN компьютерлеріндегі OS, т. б. ) интерфейсінің элементі болып саналады.

Әдеттегі өзіміздін жұмыс столымызды алайық. Жұмыс столында кітаптар, мәліметтер салынған бумалар, құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш, өшіргіш, т. б. ) орналасуы мүмкін. Олар, сіздің қалауыңызша, столда әр түрлі күйде орналаса алады. Стол беті әдемі дастарқанмен жабылуы мүмкін немесе ештеңе төселмей таза болуы да ықтимал. Сіздің стол бетіндегі заттарды алма-кезек қолдануға және олардың орнын ауыстыруыңызға болады. Дәл осы стол бейнесі экранда да жүзеге асырылып отыр.

Windows ортасында жұмыс столының ролін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер (немесе белгілер) түрінде орналасқан.

Өзіңіздін жұмыс столыңызды реттеп таза ұстауыңыз сияқты экранда да қоқырсып жатқан столда жұмыс істеу тіптен ыңғайсыз. Қажетгі құжаттарды, құрал-жабдықтарды жоғалтып алмайтындай экранда артық зат ұстамай жұмыс істеуге көңіл бөлейік.

Шартбелгілер, жарлықтар, бумалар

Шартбелгі (Ісоn) - бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т. б. бейнелеп тұруы мұмкін. Әр шартбелгі белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады. Экранда мынадай шартбелгілер кездеседі:

  • қосымша (қолданбалы) программалар шартбелгісі; белгілі бір топтар шартбелгісі; функциялар шартбелгісі.

Жарлық - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т. б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің

өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін жою командасын қолдантан кезде ол дискіден жойылады. Ал егер де сіз жұмыс столынан Shortcut шартбелгісін орналастырып, оны артынан өшірсеңіз, онда жарлық беріп тұрған командалық файл жойылады да, бастапқы файлдар ешбір өзгеріссіз қалады.

Бума (folder) экранда каталогтарды ( Windows 95) және программалық топтарды Windows 3. 1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық тән- жеке программаларға арналған контейнер, т. с. с. Әрине мұндай контейнерлер әр объект үшін әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ олармен атқарылатын амалдар біртектес бола береді (мысалға, жою, көшіру және т. б. ) .

Тышқан тәрізді графйкалық сілтеме

Windows ортасында пернелер тақтасының көмегімен жұмыс істеуге болады, бірақ тышқан тетігімен басқарылатын графиктік сілтемені немесе олардың комбинацияларын (бірге) қолдану өте тиімді. Стол бетімен тышқанды жылжыту экран бетіндегі тышқан сілтемесінің, яғни курсорының жылжуымен сай келеді.

Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады . Жұмыс барысында негізінен (көбінесе) оның сол жақтағы, ал анда-санда оң жақтағы батырмасы пайдаланылады. Тышқан тетігінің ортанғы батырмасы (егер бар болса) Windows ортасының тек кейбір программаларымен жұмыс істеуде пайдаланылады.

Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция - экран бетімен курсордың (сілтеменін) қозғалуы болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен ешқандай әрекет-амал орындамайды.

Келесі операция - шерту (Сlіск) . Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы, сілтемені графиктік элементтін, шартбелгісіне жеткізіп, шерту операциясын орындаута болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасы кеңінен қолданылады. Сондықтан, алдағы уақытта, тышқан батырмасын жай шерту дегеніміз - тышқанның сол жақ батырмасын басып жылдам қайта қоя беру.

Бұл әрекет меню пункттерінің бірін таңдау, объектілерді белгілеу немесе жол курсорын қалаған орынға жедел кешіру кездерінде және терезелерді екпінді етіп жұмысқа қосу кезінде және т. б. қолданылады.

Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам түрде екі рет шерту әрекеті жатады (Double-click) . Оның жұмыс істеуі негізінен тышқанды жай шерту әрекетіне оте ұқсас, яғни тышқан сілтемесі керекті элементке апарылғаннан соң, тез арада тышқанның батырмасын екі рет сырт еткізу қажет болады. Бұл әрекет алғаш тышқанмен жұмыс істей бастаған адамға күрделі операция болып табылады. Оның ерекшелігі тышқанды екі рет жылдам шерту аралығында өте аз уақыт өтуі тиіс, ол секундтың оннан бір бөлігіндей ғана уақыт. Егер ол аралықта көп уақыт өтіп кетсе, онда Windows жүйесі бұл эрекетті жекеленген екі бөлек шерту деп түсінеді. Ал егер бұл амал дұрыс орындалса, онда Windows жүйесі бірден белгіленген операцияны (үнсіз келісім бойынша, көбінесе белгілі бір программаны, құжатты екпінді етіп іске қосу) іске асыра бастайды.

Келесі операция - тасымалдау (Drag & Drop) . Ол терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Объектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап отырып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз.

Осы айтылған тышқан тетігі көмегімен орындалатын операциялар Windows жүйесін басқаруға толық мүмкіндік береді.

Мәлімет алмастыру буфері

Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері ретінде пайдаланады. Буфер (дәнекер жад) әртүрлі программалар немесе құжатгар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады. Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін үзінділері (фрагменттер), сурет, кесте және т. б. объектілер алынуы мүмкін.

Windows жүйесінің негізгі технологиялық принциптері

Енді Windows ортасының DOS технологиясында кездеспейтін кейбір технологиялық принциптерін атап өткен жөн болар.

Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс.

МS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі болған еді, олар: меню жүйесі (көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын, иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері (мәліметтер енгізу, варианттарды тандау) және т. б.

Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайтадан оқып-үйрену қажеттілігін туғызатын. Бірақ көптеген ірі фирмалардың программалық өнімдерінің бәрінде де тұрақты пайдаланылатын стандартты элементі болды (мысалы, меню пункттерін таңдаудың стандартты тәсілдері), алайда, программалар арасындағы алшақтық жетіп артылатын. Ал, Windows жүйесінде көптеген іс-әрекеттер программалардың әртүрлілігіне қарамастан біртектес командалар арқылы орындалып, бірдей терезелер көмегімен өнделетін болып, ортақ технология іске асқанын практика жүзінде көрсете білді.

"Роіnt-апd-Сlіск" (көрсету және шерту) принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады:

  • программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту, үлкейту және бұрынғы қалпына келтіру; көлденең орналасқан меню пункттерін таңдау; экранға шығатын меню командаларын таңдау; аспаптар тақтасы командаларын таңдау; мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу; командалық батырманы басу, таңдау; ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту;

- мәтіндік ннформацияны енгізу кезінде курсордың
орналасуын өзгерту;

- мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін тандап, оған мәлімет
енгізу және көптеген басқа әрекеттер.

"Select" (ерекшелеу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысьшда бізге үнемі мәтін фратаенттерімен, үзінділермен (текстің белгілі бір бөлігімен, суретпен, кестелермен) әр түрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай іс-әрекеттерден тұрады:

- фрагментті көшіру, тасымалдау, жою, олардың шрифтерін
(қарпін), мөлшерін өзгерту, жиектеу, кейбір жерлеріне көлеңке
түсіріп қараңғылау т. б. Мұндай операциялар екіге бөлініп
орындалады: ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек
(яғни құжаттың қай бөлігін өңдейтінімізді программаға хабарлау),
ал сонан соң нақты команданы орындау (мысалы, фрагментті
жою немесе оның шрифтін өзгерту) . Оның түріне немесе
программа талабына сай фрагментті әр түрлі тәсілдермен
белгілейді. Мысалы, мәтін бөлігін (символды, сөзді, жолды,
абзацты, т. б. ) тышқанның көмегімен немесе арнайы перне
және бағыттауыш тілсызық символдар арқылы белгілеп алуға
болады. Графиктік түрдегі фрагменттерді белгілеуде, әдетте
"қайшымен қиюды" колданады.

Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагменттен тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай шерту жеткілікті - мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады, яғни орындалмайды.

Мұндай істің нәтижесі қандай болмақ? Кейде бұл команда орындаусыз қалады (мысалы, буферге жоқ фрагментті алуға болмайды) ; кейде команда ескерілмей, еленбей де қалады (мысалы, шрифті өзгертуде) ; кейде команда үнсіз келісім бойынша орындалып та (мысалы, абзацты форматтауда) кетеді. Сондықтан, осындай қателерден аулақ болу үшін, фрагментті алдын ала белгілеп алуды ешқашанда естен шығармау керек!

"Drag-&-Drор" принципі (тасымалдау және барған орнында қалдыру) . Бұл әдіспен өнделініп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, шартбелгіні (пиктограмманы), терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың көшірмесін алуға болады.

Мысалы, егер де суреттің бір белігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан мезетте сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі. Егер оны ауыстыру барысында Ctrl пернесін басып тұратын болсақ, онда жаңа орынға сол сурет фрагментінің көшірмесі орналасады (көшіріледі) . Осындай жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді. Мысалы, көп элементтері ұқсас болып келген күрделі схеманың суретін салу үшін оның бір элементін сызып алып (айталық, тіктөртбұрыш), сонан соң "Drag-&-Drор" режимінде оның санын көбейте отырып, көшірмесін алуға болады. Ақырында осы әдіспен тасымалдау режимінде экрандағы элементтердің шеттерін тегістеп түзетуге болады.

Windows - ті іске қосу

Windows 95 операциялық жүйесі компьютер токқа қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Ал, Windows жүйесі МS DOS үстіндегі жапсырма жүйе болғандықтан әдетте қарапайым программа тәрізді жүктеледі, яғни оны іске қосу командалық қатарда win командасын теріп, енгізу пернесін басқанда ғана жүзеге асады, мысалы: С:> win командасын тергеннен кейін Windows жүйесі жүктелу кезіндегі стандартты бейне шығады. Оның толық жүктелу уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранда тұра берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны, мұндайда мамандар көмегі қажет болады.

Windows жүктелгеннен кейін экранға "жұмыс столы" шығуы тиіс, Windows жүйесінде Программа диспетчері шығады да, Windows 95-те - жарлықтары мен шартбелгілері бар қалыптағы көрініс пайда болады.

Сондықтан Windows жүйесінде тұрып жұмысты аяқтау үшін мынадай әрекеттер орындалуы тиіс:

Windows жүйесінде

1. Тышқан курсорын Программа диспетчерінін жүйелік
батырмасына алыи барып, оны екі рет шерту керек немесе бір
шерту арқылы Жүйелік менюді бейнелеп, оның
операцияларының (мүмкіндіктерінің) ішінен "Жабу"
командасын таңдау қажет.

2. "ОК" басқару батырмасын тандап тышқанды шерту керек.
Бұл батырма бастапқыда тіктөртбұрышпен қоршалып

белгіленіп тұрады, бұл оның үнсіз келісім бойынша тандалып тұрғанының белгісі. Енді Еnter пернесін бассақ, компьютер сол батырмаға сәйкес команданы орындайды. Windows 95 жүйесінде

  1. Тышқан курсорынІске қосу (ПускнемесеStart) батырмасына алып барып, оны бір рет шерту керек те, менюкомандаларының ішінен «Windows-бен жұмысты аяқтау»(Завершение работы сWindows) командасын таңдау қажет. Мұнан кейін "Windows-бен жұмысты аяқтау" атты сұқбаттерезесі экранға шығады. Бұл терезені Аlt+Ғ4 пернелеріарқылы да шығаруға болады. Аlt+Ғ4 пернелері кез келгентерезені (программаны) жабу ісін атқарады.
  2. Экрандағы сұқбат терезесінде көрініп тұрған ауыстыру

тобындағы "Компьютерді өшіру" ("Выключить компьютер") жолын таңдап алып, "Иә" ("Да") басқару батырмасын басу керек (9. 2-сурет) .

Ауыстыру тобындағы бір әрекетті таңдау үшін - тышқан курсорын сол әрекетке сәйкес дөңгелекке не мәтінге алып барып, тышқанды бір рет шертсе болғаны.

3. Windows жұмысын аяқтап, терезені жапқанша күте тұрып, соңынан компьютерді сөндіру қажет.

Егер істеп тұрған бір программаның жұмысын аяқтамай кетсеңіз, Windows жүйесі аяқталмаған программа бар екендігін айтып хабар береді де, сол программаны жабуды ұсынады.

Windows -тің анықтамалық жүйесі

Анықтамалық жүйенің қысқаша сипаттамасы және оны шақыру

Программалық жабдықтар интерфейсіндегі негізгі элемент болып оның анықтамалық жүйесі болып саналады, онда әрбір адамға қажетті информация толық түрде болуы тиіс. Біз Windows ортасының бір артықшылығы ретінде оның анықтамалық жүйесінің барлық программалық қосымшалар үшін бірдей етіп құрастырылғанын айтқанбыз. Сондықтан бір программаның анықтамалық жүйесімен таныссаңыз, қалғандарының құрылымы да сондай болғандықтан, керекті информацияны қиналмай іздеп табуға болады.

Windows ортасы мен оның ішіндегі стандартты қосымша программалардың бәрінің де бір-бірінен тармақтала өрбитін анықтамалық жүйесі (бұдан кейін анықтамасы) бар, ол жұмыс кезінде туатын кез келген сұраққа жауап бере алады. Windows ортасында кез келген анықтаманы былайша шақыруға болады: - Windows жүйесі үшін - Программа диспетчері терезесінің жоғарғы жағындағы көлденең орналасқан менюдегі Анықтама (Справка) пунктінің Мазмұн (Содержание) командасын таңдау керек;

Анықтама алуды ұйымдастыру

Windows ортасының және оның қосымшаларынын анықтамалығы- гипермәтіндік анықтамалык жүйе.

Программаның кез келген жерінде көмек бере алатын анықтамалық жүйе контекстке тәуелді, сондықтан Windows қосымшаларының анықтамалығы гипермәтіндік контекстке тәуелді анықтамалық жүйе болып саналады.

Гипермәтіндік жүйе дегеніміз - мәтіндегі түйінді сөздерге негізделген жүйе. Түйінді сөз - мәтіннің бір бөлімін оның басқа бөлімдерімен байланыстыра алатын немесе белгілі бір ұғымды беретін сөздер. Түйінді сөзді таңдағанда Анықтама терезесіне автоматты түрде сол сөзбен байланысты бөлім (тарау) шығады. Ол тарауда да бірнеше түйінді сөз болуы ықтимал, ал олар басқа бір тараулар мен бөлімдермен байланысқан. Осындай жолмен мәтіннің бір бөлігінен оның басқа бірнеше бөлігіне шығуға болады. Түйінді сөздер мен олар арқылы бір-бірімен байланысқан тараулар мазмұнының да бір-біріне байланысты болатыны түсінікті шығар. Сол себепті әрбір адам Анықтама терезесіне түйінді сөзге байланысты нендей ұғымдағы мәліметтер шығатынын болжап біліп отырады десек артық айтқандық болмас.

Түйінді сөздер рөлін бірнеше сөздер немесе сөйлемдер де атқара алады. Анықтама ішінде басқа бөліммен байланысқан түйінді сөз ретінде суреттер де қолданыла береді (тышқан курсорымен суретті немесе оның бір бөлігін тандай отырып, онымен байланысқан басқа мәтінге көшеміз) .

Анықтама ішіндегі түйінді сөздер алдын ала басқа түспен белгіленіп қойылады.

Анықтамалықта қосымша осындай мәліметпен байланысқан сөздер мен сөз тіркестері түйінді сөздердің жаңа бір типін құрайды. Мұндай сөздерді таңдап алғанда, басқа бөлімге ауыспаймыз, тек Анықтама терезесі ішінен қосымша мәтіні бар жаңа терезе пайда болады.

Анықтамамен жұмыс істеу

Анықтамалық жүйенің басты терезесінің үш парағы бар (9. 3-сурет), олар: "Мазмұн", "Салалық көрсеткіш", "Іздеу" тақырыптарынан тұрады. Керекті парақты тандау үшін тышқан курсорын сол бетгің тақырыбына жеткізіп, оны бір рет шертсе болғаны.

Басты терезенің бірінші парағы "Мазмұн", онда анықтамалық информация әдеттегідей бөлімдер тақырыбымен көрсетіліп тұрады. Әр бөлімнің басында жабық кітап түріндегі шартбелгі бар. Керекті бөлімнің тақырыбын белгілеп алын, Еnter пернесін басу арқылы немесе тышқан курсорын кітап бейнесіне жеткізіп, оны екі рет шерту жолымен кез келген бөлімнен анықтамалық мәліметті оқуға болады. Бөлімдер ішінде кішігірім бөліктер мен тараулар болуы мүмкін, оларды да ашу бөлімді ашқан сияқты орындалады.

Анықтама алудың екінші тәсілі салалық көрсеткіштен керекті мәліметті іздеу болып табылады

Windows жүйесінің "Салалық корсеткіш" парағын ашқанда, сұқбаттасу терезесі екеу болып тұрады. Біріншісі - Қажетті сөздің алғашқы әрпін енгізіңіз деген терезе, бұған түйінді сөз енгізу керек. Ал, екіншісі - терминді немесе сөз тіркесін тандап алуға арналған терезе, онда анықтаманың түйінді сөздерінің тізімі алфавитгік тәртіппен орналасқан.

Бірінші терезеге әріп таңбаларын енгізу барысында қарап шығу терезесіне сол енгізілген сөздерге сәйкес тақырыптар шығарылады. Сөздерді енгізу жолын (ерісін) еюіінді ету үшін тышқан курсорын сол жолға жеткізіп, курсор тік сызыққа айналғанда оны бір рет шерту керек. Сонда сол маңда жыпылықтаған курсор пайда болады да, ойымыздағы түйінді деген сөздерді теруге рұқсат етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Excel программасы туралы
Windows операциялық жүйесінің негізгі функциялары
WINDOWS ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖҰМЫС ІСТЕУ ОРТАСЫ
Операциялық жүйелер. Операциялық жүйенің атқаратын функциялары
Операциялық жуйелер. Алмасу буфері.
Клетканың бөлінуі. Митоз және меиоз
Windows жүйесінің негізгі функциялары
WINDOWS жүйесі
Wіndows жайлы жалпы мағлұматтар
Wіndows 98 операциялық жүйесі туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz