Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты
Жоспар
1. 10. 198090 жылдардағы тарихи роман.
2. Тарихи романдарды ерекше тездікпен даму сипаты
3. Ш. Мұртазаның қоғам қайраткері
4. Т. Рысқұловтың өмірі мен қоғамдық қызметін оның өмір сүрген
дәуірін шындығы, шығармадағы Тұрар бейнесі.
5. З. Ақышевтің Жаяу Мұса тарихи ғұмырнамалық шығармасы.
Романдағы көрініс тапқан таптық, әлеуметтік қайшылықтар.
Мезгілі жағынан бұл дәуір әдебиеті жиырма жылдан астам уақытты
қамтиды. Бірақ бұл қоғам дамуы мен ой пікірдің алмасуы жағынан біртекті
емес. Жеке адамға табыну саясаты сыналғаннан кейін қоғамдық ой пікірде
болған жылымық бұл тұста біраз тежеуге түсті де, идеология саласында
партиялылық қайтадан бұрауын қатайтуға тырысты. Л. И. Брежнев тұсында бұл
саясатты мойындаушылар қуғынға ұшырап, әдебиет пен өнердің кейбір
қайреткерлері шетелге кетуге мәжбүр болды. Алайда бір адамның билеуіне
құрылған қоғамның И. В. Сталин өлгеннен кейінгі жағдайы жөнделе қоймады.
Социализм экономикасы құлдырауға түсті. Жамап жасқауға тырысқан М. С.
Горбачевтің қайта құру бағыты да оған пайдалы ықпал ете алмады. Мұның
аяғы 90 жылдардың басында КСРО ның тарауына әкеліп соқты.
Жалпы алғанда, бұл дәуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс қарқынмен
жүрді. Қаламгерлер қатары молайып, 600 ге жетті. Әдебиет жанрларының
барлық түрі өзінің тұрақты кадрларын дайындап, қатар, тең дамыды. Реалистік
әдебиеттің беталысын танытатын проза, оның үлкен жанрлары кең көлемде
өрістеді. Поэзия заманның озық идеялары мен жаңалықтарын танытуда қашанда
ұшқырлық танытты. Театр репертуарын байытуда қазақ драматургтері мол үлес
қосты. Әдебиеттің негізгі жанрларын байытудағы және қоғамдық әлеуметтік
өмірдегі белсенді қызметімен сөз өнерінің жас күштері алға шықты. Ә.
Кекілбаев, С. Жүнісов, М. Мағауин, Т. Молдағалиев, Қ. Мырзалиев, Ф.
Оңғарсынова, Ш. Мұртаза, Ә. Тарази, М. Шаханов, Қ. Жұмаділов, Д. Исабеков,
тағы басқалардан құралған талантты топ осы кезеңде өздерінің мол
творчестволық мүмкіндіктерін айқын танытты. Қазақ әдебиетінің табысы одақ
және дүние жүзі көлемінде мойындалып, олардың тәуір шығармалары орыс және
шетел тілдеріне аударылды. Ғ. Мү сіреповке Социалистік Еңбек Ері атағы
берілуі, Ж. Молдағалиев пен Ә. Нұрпейісовтің КСРО Мемлекеттік сыйлығын
алуы, О. Сүлейменов пен М. Шахановқа одақтық жастар одағы сыйлығының, С.
Шәймерденов, З. Қабдолов, Р. Сейсенбаевқа одақтық кәсіподақтар сыйлығының
берілуі қазақ әдебиеті жетістіктерін танудың белгісі еді. Т. Молдағалиев
халықаралық Физули сыйлығын алды. Әдебиетіміздің дамуы, қазақ жазушыларының
шеберлікке шыңдалуы реализмнің бай мүмкіндіктерін игеру жолындағы әр алуан
көркемдік ізденістердің нәтижесі еді.
Қазақ прозасының бұл кезеңіндегі ірі табыстарын роман жанрынан көруге
болады. Ол өзінің бұрынғы озық дәстүрін жалғастырды.
1984 жылы ұзақ үзілістен кейін Ғабит Мүсірепов Оянған өлкенің екінші
кітабын Жат қолында деген атпен жариялады.
Ілияс Есенберлиннің тарихи тақырыпқа жазған соңғы шығармасы Алтын
Орда атты үш томдық романы (1983). Мұнда ХІІІ ХV ғасырларда күшті
мемлекет болған Алтын Орданың саяси қоғамдық, мәдени өмірі суреттеледі.
Орыс тарихы мен әдебиетінде кездесетін (кейде оқиғаларды сыңаржақ
көрсететін) еңбектер болмаса, бұл тақырыпқа бұрын бірде бір қазақ қалам
тартып көрген емес. Осы жағынан алғанда, І. Есенберлин романы біздің
раихи көркемдік ой пікірімізде жаңа сөз. Онда Алтын Орданың біртұтас
мемлекет болып қалыптасу, кемелдену кезі, құралу жолы қамтылған кейіпкерлер
нақты іс әрекетімен көрінеді. Бату, Бірке, Өзбек хан, Орыс хан, Әмір
Темір, Тоқтамыс, Едігелер қатысуымен өткен тарих кең сурет тапқан. Алтын
Орданың Ресей, Қырым, Кавказ, Мауреннахр, Иран мемлекеттерімен байланысы
ашылған.
Қазақ Ресей қарым қатынастарының басталуы мен күрделі жағдайда
өрістеуін суреттейтін үлкен бір кең тынысты шығарма Мұхтар Мағауиннің
Аласапыран (19811983) атты екі томдық романы. Әуелде көне дәуірдегі
қазақ әдебиетін зерттеуші болған Мұхтар ХV ХVІІІ ғасырлардағы қазақтың
жыраулық поэзиясын аша жүріп, Аласапыранның уақиғасына тап болғанға
ұқсайды. Роман ХVІ ғасырдың аяғы, ХVІІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ ордасы
мен Ресей мемлекеті арасындағы қарым қатынас тарихын қозғайды.
Қазақ орыс қарым қатынасының кейінгі тарихын (ХVІІІ ХІХ
ғасырлар) Ә. Кекілбаев жазды. Оның Үркер (1981). Елең алаң (1984)
романдары Қазақстанның Ресей құрамына кіруі мен содан кейінгі алғашқы
дәуірдің күрделі қарым қатынасын суреттейді.
Әдеби шығармаға арқау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең
қамтып, алуан алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл
қозғалыс қалпында жан жақты жинақтайды.
Роман деген сөз дейді Пушкин, ойдан өрбіте баяндалған тарихи
дәуір ұғымын береді. Белинский де романды жаңа дәуір эпопеясы деп
түсіндірген болатын. Ал дәуірлік шындықты көркем жинақтау үшін жекелеген
адам тағдыры жеткіліксіз, әр алуан әлеуметтік топтардың қым-қиғаш
күрделі қарым-қатынастары, олардың мақсат-мүдделеріндегі бірліктер мен
қарама-қарсылықтар, өмір тіршіліктеріндегі өзекті оқиғалар мен кезеңді
құбылыстар кең қамтылып, терең тұтастырылуға, сол арқылы жалпы қоғамдық
дамудың заңдылықтары танытылуға тиіс. Романның көлемі үлкен, мазмұны қат-
қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі болу себебі де осыған
байланысты.
Романның туу тарихын топшылаудағы әр тарап пікірлерді өз алдына
қойғанда, дәл осы атаудың шығу тегінің өзін әркім әр түрлі пайымдайды:
біреулер орта ғасырдағы эпикалық шығармалардың роман (соntе roman)
тілдерінде жазылуына байланыстырса, енді біреулер көлемді эпостың көне-
дүниедегі Рим (Roman) сұлулығына ұқсастығынан пайда болған термин деседі.
Романның тууы туралы пікірлер де әр тарап: біреулер бұл жанрдың
алғашқы белгілерін антик дәуірінің аяқ жағынан тауып жатса, біреулер көне
шығыс әдебиетінен іздейді де, енді біреулер Орта ғасырдың рыцарьлық
эпосынан өрбітіп шығарады. Ал роман теориясы мен тарихына соңғы кезде
көбірек үңілген В.Кожинов болса, әлгі пікірлердің бәріне қарама-қарсы,
бұрыннан келе жатқан "дәстүрлерді роман белгілі мағынада тіпті жоққа
шығарып, өз бетімен оқшау, осы күнгі өмірдің тұп-тура өз топырағынан өсіп-
өнді деген жаңа концепция ұсынады. Мұндағы мақсат — жанрдың тууын әлдебір
пішінніц пішінге көшуі тәрізді тайыз ұғынбай, терең мазмұн метаморфозасы
ретінде парықтау.
Сөз жоқ, романның тууы — кездейсоқ құбылыс емес, жалпы қоғам өмірі мен
адам тағдырының тарихи өзгеру заңдылықтарына тығыз байланысты нәрсе.
Романның даму жолдары — өз алдына жеке тарих болса, сол тарихтың кезең-
кезеңдерінде туып, қалыптасқан жанрлық түрлері тағы да көп. Орта ғасырдың
"Тристан мен Изольдасынан" Ояну дәуірінің "Гаргантюа мен Пантагрэліне"
келетін рыцарьлық эпостың бар бұралаңын түгел қозғамай-ақ, М.Сервантестің
"Дон Кихотындағы" серілік сипатты айтқанның өзінде біраз шежіре шерткен
болар едік. Бірақ бұл — әдебиеттің теориясы емес, тарихына қатысты әңгіме.
Сондықтан біз романның әр тұстағы жекелеген жанрлық үлгілері ретінде Лесаж
ден қойған плуттық роман, Дюма-көп жазған авантюралық роман, Вальтер-
Скоттан басталатын тарихи роман, Бальзактан былайғы психологиялық роман,
Жюль Верн өрбіткен фантастикалық роман, Чернышевский туғызған
публицистикалық роман... болғанын атап қана тынамыз. Өйткені романды
бұлайша түрлендіріп, әр түріне мінездеме беріп түгесу тіпті мүмкін емес.
Түрлер шексіз; туған үстіне туындай береді. Мәселен, бір ғана
Б.Томашевскийдің өзі утопиялық роман, семьялық роман, мещандық роман,
бульварлық роман, роман-күнделік, роман-фельетон... деп жіпке тізе
жөнелгенде ондаған түрді бір-ақ көгендеп тастайды. Оның үстіне, осынау
атаулардың бәрі шартты екенін ескерсек, әрқайсысынан жеке-жеке қисын
қорытудың қажетсіздігі өзінен-өзі айқын болуға тиіс.
Романның кең құлашты, мол тынысты синтетикалық жанр ретінде әбден
кемелденген кезеңі — сыншыл реализмнің тұсы. Бұл ретте "көркем прозадағы
Гомер мен Шекспир дәрежесіне көтерілген Толстой мен Достоевский" (Кожинов)
романдарын айрықша атаған жон. Өткен ғасырдағы орыс романы осылар
санатындағы алып суреткерлердің арқасында бір ел емес, бүкіл адам баласының
көркемдік даму тарихында айта қалғандай адым жасағаны жұртқа мәлім.
Романның осындай кемелденген кезіндегі басты тақырыптары — жанрдың
байырғы түрлерінен кездесетін қай-қайдағы серінің сергелдеңі, ала аяқтың
амал-айласы, ожырайдың оспадарлығы секілді қара дүрсін хал-күйлер немесе
аздаған әлеуметтік топтар арасындағы әр түрлі қырбайлықтар, жеке адамдар
басында болатын кейбір көңілді түйсінулер мен кірбің-күрсінулер тәрізді
күйкілеу көріністер емес, адам мен қоғам өміріндегі арналы шындықтар,
күрделі құбылыстар мен кесек оқиғалар; шығарма мазмұнына арқау боп тартылар
өзекті мәселе — халық тағдыры. Мазмұндағы мұндай салиқалы бітім мазмұнды
пішіндегі жан-жақтылыққа әкелді: авторлық баяндау мен суреттеу,
қаһармандардың монологтары мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz