Ахмет бейнесі


Қамар сұлу
С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» (1914) романы - революция алдындағы қазақ әдебиетінде көрінген тұнғыш реалистік шығармалардың бірі . Ол эпостық жанырдағы үлкен туындыға жатады. Көбіне прозамен жазылған. Шығармада белгілі бір дәуірдің немесе заманның тұтас өмір суреті қамтылған .
Образдары. Романның образдары сол кездегі әлеуметтік ортаға сай автор көзқарасы бойынша ұнамды, ұстамсыз мінезде тұрмыс, сана, мүдде жағынан бір-біріне мейлінше қарсыластырған . Жазушының кімдердің талабын ұнатып, кімдердің ісін ұнатпайтындығы, шығарманың тұтас идеясы сол қарсыласудан, образдар тартысынан келіп туады . Мысалы «Қамар сұлу» романындағы ұнамды образдарға халық арасынан шыққан Ахмет, Қамар, соларды толықтыратын Омар, Хасен, Жәуке бейнелері жатады . Ахмет пен Қамар оқыған, ескі салтқа қарсы күресіп, өздерінің бас бостандығын іздеген озат, жаңашыл жандар . солардың әділ талабына жол бермеушілер - бай, болыс, қажы ортасынан шыққан Оспан би, Қалтан қажы, Жорға Нұрым, соларды толықтыратын - Әбділда ишан, Бәйтік молда, Көңілбай бақсы . Бұлар қнамсыз бейнеге жатады . Қамар мен Ахметтің қайғылы халіне сол кездегі жағдай, әдет-ғұрып айыпты десек, Оспан, Нұрым, Қалтандар сол ескі салттың бнлді өкілдері .
Ахмет бейнесі. Романдщағы ісі әділ, талабы прогресті, ұнамды, халықтың басты бейнелердің бірі - Ахмет . Өзінің шыққан ортасы, тегі жағынан ол кедей . Бұл реттен ол С . Көбеевтің «Қалың мал » романындағы кедей жігіт Қожашқа ұқсас . Бірақ Ахмет қарапайым ауыл жігіттерінің бірі ғана емес, оқыған-тоқығаны бар саналы жастар дүниесінің өкілі .
Автор оның жайын былай суреттейді : « Сарыбас деген ауылда Жәуке деген кғісінің оқу соңында жүрген, баласы бар еді . Жәуке өзі нашар кісі болса да, тапқан - таянғанын жалғыз ұлы Ахметтің оқуына салып, жасынан олай сүйреп, былай сүйреп жүріп, әйтеуір « молда» атына іліктіріп еді . Бертін келген кездерде ол бейнеті босқа кетпей, ахметтің арқасында аузы асқа, тақымы атқа тиіп, есіктегі басы төрге жетті . Аса байып кетпесе де, өзіне өзі тоқ, жақсы ғана ауқатта бітті », - дейді .
Бұдан көретініміз : Сарыбай ауылы ежелден кедей, сол үшін кем саналған орта бола тұрса да, Жәуке заман талабы, оқу -білімге бет бұрып, баласын қазақша, орысша оқытқан, тұрмысы да аздап тәуірленген кедей шаруа . Ахмет бай ауылдарда жаданып, жастарға білім беріп, мұғалім дәрежесіне жеткен адам . Күнкөрістің осы бір жаңа, мәдени жолын дәріптеуде демократиядан шыққан интеллиген мәселесін тұңғыш рет әдебиетке түсіріп, солардың адамдық прозасын жақтауда үлкен бір жаңашылдық, ағартушылық идея сының таңбасы жатыр . Өйткені бұған дейін қазақ әдебиетінде оқыған, ойлы да жаңашыл жастардың бейнесі болмаған еді .
Ахмет кедей отбасында өссе де, жасында білім алған, жақсы тәрбие көрген адамгершілігі мол жас. Ақыл есінің жетілгендігінің үстіне тілге шешен, ісі мен мінезі жағынан жастарға өнеге, елге үлгі болған жас, суырып салма ақын . Елдің көзін ашу үшін ол той- думанда газет, журнал оқитын, мәдениетке берілген адам . Ел оны мақтайды . Бай балалары : « сонша кептіріп неме керек, кешегі мұрнынан боғы аққан Жәукенің баласы емес пе ? » деп күндесе де, ел : « оқыды деп Жәукенің баласын айт, әне солай болсайшы » деп, оның оқығандығын, табиғатындағы өзгеше сипатын дәріптейді . Автор оның ішкі мінез-құлқымен бірге сыртқы портретін де : « Сұңқардың баласындай бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі де бар » деп шынайы суреттейді .
Өзінің тәрбиесі . білімі, саналығы жағынан Ахмет « малға мастанған, мұрындықсыз жел басы » кеткен бай балаларына, надан ауыл жігіттеріне, баяғы Әжібайға да қарсы қойылған . Өйткені Ахмет олардай өсек - аяңды, жамандықты, надандықты үрдіс етпейді . Пайдалы еңбек істеп, ел баласын оқытады . Мұның сыры « Жақсыдан жаман туса - емі жоқ, жаманнан жақсы туса - теңі жоқ» деген мақалда ғана емес, Ахметтің « олар жүрген бұзық жолда жүрмей, соларға жолдас болмауы, жақсылыққа бастауы, жамандыққа бастауында » еді . Сөйтіп Ахметтің алғаш тартысқа түсетін ортасы алдымен бай жастары болып көрінеді . Олар күндеп, « жарбаңдап алдынан шыға береді ». автор адамның жақсылығы оның байлығында емес, саналылығында, халыққа жақсылық ойлауында демекші .
Бара-бара надан бай жастары мен саналы кедей Ахмет арасындағы осы қайшылық ұласып, енді ол Оспан би, Қалтан қажы, жорға Нұрымдар ортасымен де тартысқа түседі . Ахметтің тәрбиесі ауыл жастарына қарсы қойылса, іс -әрекеті, ой-санасы, талабы бүкіл ескі салтқа қарсы бағытталған . Ол үлкен қоғамдық тартыстың басы Ахметтің бай қызы Қамарға ғашық болып, хат жазуы еді . Ахмет білім алған, қоғам өміріне орын тапқан озат адам бола тұрса да, осы тұста оның адамдық хұқыны жоқтығы, бай ортаға өрісінің жетпейтіндігі байқалады . Бұған оның тегі, кедейлігі себеп болған .
Ахмет басындағы осы теңсіздікті автор бір жағынан манағы бай жастары мен Ахмет арасындағы қайшылықты дамыту жолымен, екінші жағына оны үлкен бай ортамен қиян- кескі күреске түсуімен көрсетеді . Ахметке өшіккен күншіл, өзімшіл бай жастары Қамарға хат жазып, еш нәрсе шығара алмаған соң, күні-түні ол сол ауылды торып, ақырында Ахметтің Қамарға жазған соңғы хатын ұстап алады . « Өлгені тіріліп, өшкені жанғандай қуанып шуласты да қалды » дейді автор . Енді олар өсек таратып Қасенді қаужайды . оған достық ниетін білдіргенсіп ; « Төсегіңді тілді, күле кіріп күңірене шықты деген осы », -деді . Хасен сөзге ермеген соң, « ұрынуға қара таба алмай, ермек қылуға жара таба алмай, жүрген өңкей немелер » бұл өсекті Оспн би мен Қалтан, Момын бай Омардың дәулетін іштей көре амайтын . Сол ашуын Ахметтен алып : « Қап бәлем, саған қылмасам өлген әкемнің көріне кетейін», - деп тістеніп, үйіне сыймай, көпірсіп жатып, ертеңіне : « Ахмет секілді қортық атанып баласы шынжыр балақ, шұба төс Омарларға қол созды деген хабар не сұмдық» деп долданады. « ауызға тым ілігіп кетіп еді, тіл-сұқ шыдатама ? » - деп, жәукені де табалайды . Арадағылар Оспан мен Омарды жауықтырып, етке тоймақ болады . Бірақ, ақылды, турашыл Омар оған қызбай, жұрт енді оларды табыстырмақ болған . Бір күні Хасен мен бірге жүрген Ахметті көріп, Оспан Хасенді сабап, араздық тағы да күшейеді . « Дүрілдеген өсектер судай ағылды . Әй несін сұрайсың ? Жыпылдақтардың күні туды ». Олар жалғыз емес, « пышағын жалақтатып, көздерін алақтатып, иіс-қоныс аңдып отырған отағасылардың әбден тілегі бола қалды », - дейді автор .
Оспан би Жәукенің аулына топ жинап барып, оған 200 сом айып, 18 ай абақты кеседі . сөйтіп, Ахмет өзінің адамдық прозасын іздеймін деп, феодалдық қоғамнан, оның таптық прозасынан кемдік көреді, соққы жейді.
Ахмет басындағы теңсіздікті түсіну үшін ескі ауылдың әдеп -ғұрып прозасындағы ұғымдардың таптық сырын танып, білуі қажет . Ол кездегі феодалдық право адамның жеке басының қасиетіне емес, олардың дәулетіне, әлеуметтік қаліне қарай белгіленген . Қоғам « ақсүйек », « қарасүйек » болып екі үлкен жікке бөлінген . « Ақсүйек » болу үшін оның не төре, не қожа, не жеті атасынан бері тұқымынан кісілік пен байлық арылмаған жуан тұқым болуы керек болған . Бай- шонжарлар кейде тіпті сауда жолымен байығандарды да «тексіз » деп, ақсүйектер санатына қоспаған . Осыдан келіп олар кедейге де, жазаласа тіпті « қара таяқ »деп, кедейден шыққан оқығандарға да қыз бермеген . Бай қызына қол созған Ахметтің әлеуметтік халіндегі правосыздық осыдан туған .
Феодалдық прозаның сол таптық, кертартпа нормасына ғылым- білімді қарсы қойған автор, Ахмет бейнесі арқылы қоғамдық правоның ұйытқысы байлық, дәу лет теңсіздігі емес, адамның жеке басының қасиетінде, адамгершілікте деп, өз кейіпкері феодализм салтымен тартысқа түседі . Ахмет тұлғасының бүкіл ескілік дүниесінен бөлінетін өзгеше сипаты, азатшылдығы, жаңалығы, типтілігі осында .
Ахметтің тұлғасы ғана емес, талабы да жаңа . Сол талаптың бірі - елді мәдениетке бастау болса, екіншісі - еңбекші халыққа деген жылы жүрек, достық ниет, әсіресе қазақ қыздарының бақытсыздығына қарсы тең правалы махаббатты, адам еркіндігін жақтау . Қамарға ол әйел правосын аяққа басып үйренген бай балаларынша өзімшілдік, желбастық түрінде емес, нағыз адамгершілде, ақыл сезім, достық ниетінде ғашық болады. Ол Қамарды сүйсе де, берер малы болмаған соң, өсекке ұшыратпауды ойлайды . Бұл оның жүрек тазалығының белгісі еді . Бірақ « Бірақ таң атпайын десе де күн қоймайды » дегеннен кері келіп, хат жазады . Бұлар екі-үш мәрте хат алысқандағы байқалғаны : қыз да, жігіт те бірін-бірі сүйеді . Соңғы хатында Қамар :
Құп алдым ықыласыңды, замандасым .
Белгілі сенен артық таба алмасым .
Сонда да үмітіңді үз, менен түңіл,
Бос емес әркім қағар менің басым.
Деп, бұл да оны әурелеп, күйдіргісі келмейді .
Қоғамнан соққы жеп, өз қағынан өзіжеріген, ақырында шалға тиген Қамар тағдырын автор трагедиясында жеткізе суреттеген . Ахмет басынан -ақ таза махаббат иесі, адамгершіл болып, Нұрымға тиген Қамардың өлуге қалған халін көргенде, жеке күреске түсіп, нұрымды өлтіреді . Қамардың кегін алады . Енді ол бұрынғыдай ақылдың ғана адамы емес, әрекеттің, күрестің де адамы болып шығады . Бірақ хмет әлі жалғыз, әлсіз . Оның идеялы - қала, жаңалық, прогресс.
Романдағы кедей-шаруа проблемасын беретін, Ахметті толықтыра түсетін бір кейіпкер - Жәуке. Онның бейнесі Ахметке қарағанда солғындау көрінеді .
Қамар бейнесі . Өзінің тегіжағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз . Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға . жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді . Басына күн туып, ескі салтпен айқасқанда ғана Қамар өршелене бастайды . Сөйтсе де ол махаббат сезімінен құр емес . Ахметтің алғашқы хатын оқығанда, ол « бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынышсыздықта қалады ». Жауап жазарда да көп ойға түсіп, « бұрын таңның атқаның, күннің батқанын білмейтін Қамар бір ол жағына, бір бұ жағына аунақшып, көрер таңды көзінен атқызатын болып жүрді ». Мұнда пәк сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе - өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық . Оның қалауына салса, Қамарға Ахметтен артық жігіт жоқ . Бірақ айналасы ондай кедейге қыз бермейді . Ескі салт пен өз еркіндігін безбенге салған қыз әзірше сол қайшылықты басты қауіп санап, Ахметке « сілтей бер маған берер малың болса » деп, жағдайды айтуға ғана шамасы келді. Осы қайшылықты түсінудің өзі Қамарды жай ауылдың қыздарының бірі емес, саналы, ойшылдығының белгісі . Ол әлеуметтік ортаны, олардың тағдырын түсінетін қыз . Кедергі екі жастың еркін сүйісуінде ғана емес, ескі салттың қуатында .
Тартыс өз басына төтелеп келмесе де, жұрт Ахметті қудалап жүргенде, Қамар жүдеп, уайымдап ел көзіне көрінбейді . Ол жала әсері ғана емес, жазықсыз қуылған Ахметтің күйі еді . Жұбатқан ағасына ол : « Нақақ мені қаралап, ахметті анадай қылуға ұялмаған ел түбінде не ооңдырар дейсің », - деп торығады . Ұзамай сол қауіп туып, Оспан би оны жорға Нұрымға қырық жылқы, он түйе, бес жүз сом ақша бермек болады .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz