Текст материалдарын ағылшын тілдерінде жылдам тере білуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Хабарландыру ұғымы
2. Жабарландыру түрлері
3. Құттықтау хат.
4. Пайдаланылған әдебиеттер

ХАБАРЛАНДЫРУ

Мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорынның, жеке адамдардың ұжым
мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа алдағы уақытта өткізілетін жұмыстар мен
істерді жариялайтын құжатты - хабарландыру дейді.

Хабарландыру мынандай жағдайларда жазылады.
* Ұйым мүшелеріне, жалпы жұртшылыққа қандайда бір кеш өтетінін
хабарлау үшін.

Мысалы:

ХАБАРЛАНДЫРУ
1995 жылы 14 желтоқсанда "Үш арыс" атты әдеби кеш өтеді. Кеш ҚазМБА-
ның үлкен акт залында өтеді. Кеш сағат 16.00-де басталады.
Әдеби кешке академик З.Қабдолов, профессор Т.Кәкішев, профессор
Р.Бердібаевтар қатысады.

Қазақ тілі кафедрасының Халықтықтық педагогика
тәрбие секциясы.
* Қазіргі нарық заманында баспасөз беттерінде жұмысқа шақыру, бос
қызмет орындарына конкурс жариялау үшін де хабарландырулар.
Мысалы:
ХАБАРЛАНДЫРУ
Шымкентсыра АҚ бас инженердің орнына конкурс бойынша қызметкер
қабылдайды. 19.01.2001 жылы Сайрам көшесі Шымкентсыра зауыты, сағат 11.00-
де басталады.
Хабарланып отырған мәселенің (жиналыс) мәжіліс, кездесу т.б. айы,
күні, болатын уақыты, орны, қаралатын мәселелері, ол туралы хабар
жасаушының, баяндамашының аты-жөні, атағы, қызметі көрсетіледі.
* Хабарландыру мақсатына қарай көлемі, көркемделуі әртұрлі болады.

Мысалы:

ХАБАРЛАНДЫРУ
Шымкент қалалық ксңесінің мәжіліс залында 26 наурызда 2000 жыл
Діннің жастар өміріне, тәрбиесіне катысы бар ма? деген тақырыпта лекция
өтеді.
Лектор психология ғылымының кандидаты, доцент А.С.Қарабаев.
Басталу уақыты: 18 сағат 30 минут.
- Тірек сөздер:
өтеді, хабарландыру, сағат, басталады, қатысады, шақыру, жарияланады,
конкурс, қабылдайды, жылы, бос, үшін т.б.
Тірек сөз тіркестері:
жұмысқа шақыру, мәжіліс өтеді, конкурс бойынша, қызметкер қабылдайды,
мәжіліс залында тәрбие секциясы, студенттер назарына т.б.

Қымбатты оңтүстік қазақстандықтар!
Баршаңызды Конститция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Тәуелсіздіктің туын Тігіп, кемел келешекке қарап көш түзеген
Қазақстанды құқықты, зайырлы және демократиялы ел ретінде қалыптастырған
Ата Заңымыздың қабылданғанына 12 жыл толды. Тарих үшін бұл мерзім қас-қағым
сәт саналғанымен, буыны бекімеген жас мемлекетті нығайту жолында ғасырға
бергісіз міндетті атқарғаны сөзсіз. Иә, жаңарып, жанданған Қазақстанның
қарыштап дамуы үшін кейінгі жылдары Конституцияға азды-көпті өзгерістер
енгізу қажеттілігі туындады. Және мұндай маңызды шешім бір күннің емес,
талай жылдардың талқысына түсіп, жан-жақты сарапталды. Нәтижесінде биыл
қоғамдағы демократиялық құндылықтарды одан әрі дамытатын, ұлтаралық
достықтың дәнекеріне айналған елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына
қосатын Конституциялық реформа жасалғаны белгілі. Мұндай өзгеріс барша
қазақстандықтардың тарапынан барынша қолдау тапты десек қателеспейтін
шығармыз. Енді еліміздегі экономикалық және саяси өзгерістер сол реформада
көрсетілген кезеңдер бойынша жүргізілетін болады.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау — соның алғашқы жемісі.
Сондай-ақ, Парламенттің құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан
депутаттардың өтуі – түрлі ұлт өкілдерінің басқару жүйесіне кеңінен
қатысуына, тұрақты дамудың кепілі – бейбітшілік пен ынтамақтың одан әрі
нығаюына оң әсер ететіні даусыз.
Қадірлі жерлестер, әлеуеті зор Ата Заңның аясында қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадан дәрістер
Табиғи әдіс негізінде пайда болған шет тілдерін оқыту әдісі
Ғылыми педагогикалық зерттеу негіздері пәнінен дәрістер
Электрондық оқулық ұғымы
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнінде жүргізілетін жазба жұмыстары
Жаңа ақпараттық технологиялар, оны білім беру жүйесінде пайдаланудың маңыздылығы
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
Интернет технологиясының негіздерін оқыту әдістемесі
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесі пәні. Лекция тезистері
Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер
Пәндер