Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

1. Заңды тұлғалардың ұғымы мен белгілері.
1.1Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі.
2Заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде
2.1Құрылтайшылардың олармен құрылған ұйымдағы мүлікке
құқықтарының бар екендігіне байланысты заңды тұлғаларды топтастыру.
2.2Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары.
2.3 Заңды тұлағлардың филиалдары мен өкілдіктері.
3) Заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін өзгерту
3.1.Заңды тұлғаны тарату және қайта құру.
3.2.Заңды тұлғаның банкроттығы.

КІРІСПЕ

Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық
қатынастардың субъектілері бола алады.
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері
ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды
тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың
субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-
құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы
мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін
орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы
болуы қажет:
– ұйымдық бірлік;
– мүліктік оқшауланушылық;
– дербес мүліктік жауапкершілік;
– азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.

Ұйымдық бірлік.
Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің
жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің
белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды
тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы
еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым —
заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек. Сонымен бірге, ұйымдық
бірлікгі ұдайы көпгеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге
болмайды. Соңғы он жылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы
жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды
тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Біздің еліміздің заңдары бір
қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК
бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді.
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі

. Мүліктік оқшауланушылық
Заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік
жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы оған мүліктің
бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К.
Толстой "заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінің
болуы емес, ұйымның қызмет етуінің мүліктік оқшауланушылық секілді
принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес" деп әділ атап көрсеткен. Мәселен
заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады .
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке меншіктің
түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын
болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен
бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен
оқшауланады. Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы — заңды
тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы
немесе сметасы болуға тиіс.

Дербес мүліктік жауапкершілік
Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның
44-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндетгемелері
бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның
борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мүдделерін
қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген.
Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие
берушілердің борыштары бойынша өзінің барлық мүлкімен емес, олардың қолында
бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген,
мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР Үкіметі
немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ
жауаптылықта болады. Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның
құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын
кезде және заңды түлғалардың кейбір түрлері қүрылтайшыларьшың олардың
борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды
тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген. Бұған қоса, заңды
тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының) олардың борыштары бойынша
қосымша жауатылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін.

Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету

Заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік
құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу
мүмкіндігінен де көрінеді.Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық
қатынастардың субъектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру
құралы болып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету — заңды
тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның
38-бабына сәйкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын
нақ осындай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық
атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде
фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды
пайдаланғаны үшін кінәлы субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға
дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі
бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады. Заңды тұлға
фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісі (сауда
маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлық
белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз — бұл тіркелген ауызша, бейнелік,
көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші
субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа шаруашылық
субъектілерінің осы тектес тауарлары мен көрсететін қызметінен айыруға
мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы "Тауарлық белгілер, қызмет көрсету
белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атауы туралы" Заңның 4-
бабы"). Заңды тұлғаның даралану құралы ретіндегі тауарлық белгінің немесе
қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін де,
заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы, өндірушіге
сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет болатын
жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу мүмкіндігі бар.
Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі тауардың өндірушісін
айыру құралы болып табылады. Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет көрсету
белгісін негізгі міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп
отырады. Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны дараландыру
құралы болып саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде табиғат жағдайларына
немесе олардың шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты
болатын өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнының атауын
тіркеуге және пайдалануға құқылы. Тауарлық белгіден өзгеше, тауардың
шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы айрықша құқық емес, оны сол
жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлға дегеніміз — бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу
құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар жөне өз
міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық
айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы
құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз
атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық
құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.Заңды тұлғаның органдары дара
(директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы,
жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға
жатады.
Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін
органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері
оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі,
заңды тұлғаға арналған іскерлік және ресми хат-хабарларды қайда жөнелту
керектігін дәл анықтау үшін заңды тұлғаның бланкілерінде, жасасатын
шарттарының мәтінінде де осындай мәліметтер көрсетіледі. Заңды тұлғаның
үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында өзінің іс жүзіндегі мекен-жайының
заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізілген мекен-жайға
сай келмейтініне сілтеме жасау құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды
тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты мекен-
жайына да пошталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы. Заңды
тұлғаның тұратын жерін анықтаудың маңызы - оның тұрған жері тұлғаның құрылу
және қызмет ету жағдайларын - тіркеуші органды таңдауды, несие берушілер
заңды тұлғаға немесе заңды тұлға басқа тұлғаға талаптар қоярда сот органын
таңдауды, міндеттемелердің орындалу орнын анықтайды, ал әр түрлі елдердің
заңды тұлғалары қатысатын сыртқы экономикалық байланыстарда қолданылатын
құқықты таңдауға ықпал етеді.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі. Азаматтық құқықтар мен міндеттер
заңдық фактілердің негізінде пайда болады. Заңды тұлғалар үшін мұндай
фактілер ең алдымен мәмілелер болып саналады. Сондықтан заңды тұлғалардың
құқық қабілеттілігінің мазмұнын анықтауда ең алдымен заңды тұлға жасауға
құқылы мәмілелердің ауқымы назарда болады. Бұрынғы заңдар барлық заңды
тұлғаларға заңдарда немесе құрылтай құжаттарында көзделмеген мәмілелерді,
яғни жарғылық мақсаттарға сай келмейтін мәмілелерді жасауға тыйым салатын.
Заңды тұлғалардың құқық қабілетгілігі "рұқсат етілгеннен басқаның бәріне
тыйым салынған" деген принципте бейнеленді. Сондықтан кез келген заңды
тұлғаның құқық қабілеттілігі арнайы сипатга болады. Олардың кейбіреуінің
құқық қабілеттілігі қатаң шектелген, құрылтай құжаттарында егжей-тегжейлі
көрсетілген. Басқа түрлерінің құқық қабілеттілігі әмбебап қабілеттілікке
барынша жақындатылған. Мұның ең алдымен, коммерциялық заңды тұлғаларға
қатысы бар. Олардың құқық қабілетгілігін "тыйым салынғаннан басқаның бәріне
рұқсат етілген" принципімен бейнелеуге болады. Алайда кейбір заңды
тұлғалардың, ең алдымен, мемлекеттік кәсіпорындардың құқық қабілетгілігі
арнайы сипатта болады. Мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар басым
болатын кәсіпорындарға қарағанда, шаруашылық жүргізу құқығы бар
кәсіпорындардың құқық қабілетгілігі айтарлықтай шектеулі болады. Қазыналық
кәсіпорындар арнайы, ерекше мақсаттарды жүзеге асыру үшін тек мемлекеттік
мүдделер жолында қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін
құрылатындықтан, құқық қабілеттілігі тар өрісті арнайы субъектілер болып
табылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың құқық қабілеттілігі туралы мәселені жеке
қарастыру керек. Олардың құқық қабілетгілігін арнайы құқық қабілеттілік
ретінде сипаттау керектігі даусыз, өйткені заң мұндай ұйымдардың белгілі
бір — басқару, әлеуметтік, үйлестіру, қайырымдылық және т.с.с. мақсаттар
үшін құрылатынын айқын көздейді. Сондықтан коммерциялық емес заңды тұлғалар
өздерінің жарғыларында көзделген қызмет түрлерімен ғана айналыса алады.
Таяу уақытқа дейін АК мемлекетгік, сондай-ақ жеке мекемелер үшін
кәсіпкерлік қызметтен алынған табыстарына дербес билік ету мүмкіндігін
көздеп келді.
Белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған барлық заңды тұлғаларға
қолдануға болатын құқық қабілетгіліктің жалпы шекарасынан басқа, заңды
тұлғалардың кейбір түрлері үшін заң олардың қызметінің мазмұнын ескере
отырып, құқық қабілеттілігін шектейді. Мүндай шектеу белгілі бір занды
тұлғаларға ғана қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға рұқсат беру арқылы
жүргізіледі немесе, керісінше, заңдарда көрсетілген заңды тұлғаларға
қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуға тыйым салу жолымен жүзеге
асырылады. Мысалы, Банктер және банк қызметі туралы жарлықтың 1-бабының 3-
тармағы банк ресми мәртебесін алмаған кез келген заңды тұлғаға өзін банк
деп атауға және банк қызметімен айналысуға тыйым салады. Заңды тұлғалардың
кәсіпкерлік саласындағы құқық қабілеттілігі белгілі бір қызмет түрлерін
лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін. АК-ның 10-бабының 4-тармағында
баянды етілгеніндей, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық тәртібін қамтамасыз
ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау
мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру
мен сату мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады. Мұндай
тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтің тізбесі, мемлекеттік
лицензияларды беру тәртібі кейінгі өзгертулер мен қосымшалар қамтылған
Лицензиялау туралы жарлықта белгіленген.
Кейбір қызмет түрлерін реттейтін заң актілерінде лицензияларды берудің
және қайтарып алудың, оның қолданылуын тоқтатудың өзге негіздері мен өзге
тәртібі көзделуі мүмкін. Кейбір қызмет түрлерін лицензиялау қажеттігі заңды
тұлғалардың құқық қабілеттілігінің пайда болу және тоқтатылу уақытын,
соңдай-ақ олардың шекарасын анықтауды қажет етеді.
Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы. Заңды тұлғаның
құрылтайшысы — меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұғалар
құрылуының қажетті алғышарты болып табылады. Меншік иесінің белгілі бір
нысандағы еркінсіз заңды тұғалардың құрылуы мүмкін емес. Осыған сәйкес
заңды тұғалар құрылуының өкімдік, рұсат ету жәе нормативтік әдістерін бөліп
көрсетуге болады. Заңды тұғалар құылуының өкімдік тәртібі оның
құрылтайышысының өкімі негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы,
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар осындай әдіспен құрылады.
Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар
мен мекемелердің құрылтайшылары болуы мүмкін. Рұқсат ету тәртібінде заңды
тұлғаны ұйымдастыру үшін құзіретті органның алдын ала рұқсаты, әр түрлі
қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай ұйымдастыру тәртібін
көздеді. Рұқсат ету тәртібінің ерекшелігі — мұнда заңды тұлғаны құруға
тыйым салынуы мүмкін. Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны тиімсіз деген
желеумен бас тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың әлде
бір рұқсат беруін талап етпейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес
коммерциялық заңды тұлғаларды құруда осы тәртіп қолданылуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен
сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға
міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды
мемлекеттгік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде
қабылданған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде
белгіленген.
Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың
толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мерзімдері
көрсетілген.
Тіркеу кезінде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар
аударылмайды, олардың өндірістік-шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау
жөне араласу мақсаты көзделмейді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:
– занды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
– заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен
кейін барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге
мүмкіндік береді;
– жариялық жағдайларын туғызады, өйткені кез келген мүдделі дам
құпия немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден
басқа заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші
органдар арқылы танысуға құқылы.
Шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар мен олардың өкілдіктері
қатысатын кәсіпорындарды тіркеудің ерекше тәртібі бар. Мұндай ұйымдар
тікелей ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі.
Бұған қоса, заңдардың заңды тұлғаларды тіркеуге және қайта тіркеуге
түрліше талаптар қоятынын да атап көрсету керек.
Әділет органдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге
заңды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын
иеленуінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің
қызмет жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген қызметтен
алынған табыс ҚР зандарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Қайта тіркеу занды тұлғаның құрылуын емес, қызмет етіп тұрған
тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді
білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай
жағдайларда қайта тіркелуге тиіс:
1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық
капиталының мөлшері азайғанда;
2) заңды тұлғаның атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы
қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа негіздер бойынша.

2)Заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде

1.Құрылтайшылардың олармен құрылған ұйымдағы мүлікке құқықтарының бар
екендігіне байланысты заңды тұлғаларды топтастыру.
2.Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары.
3. Заңды тұлағлардың филиалдары мен өкілдіктері.

Құрылтайшылардың олармен құрылған ұйымдағы мүлікке құқықтарының бар
екендігіне байланысты заңды тұлғаларды топтастыру. ҚРАК-нің 36-бабына
сәйкес, заңды тұлғаның оқшауланған мүлкіне қатысты оның құрылтайшылары
(қатысушылары) міндеттемелік немесе заттық құқыққа ие болуы мүмкін.
Құрылтайшылары мүлікке қатысты міндеттемелік құқыққа ие болатын заңды
тұлғаларға шаруашылық серіктестіктерді, акционерлік қоғамды,
кооперативтерді жатқызуға болады. Ал құрылтайшылары мүлікке қатысты меншік
құқығына немесе басқадай заттық құқықты сақтайтын заңды тұлғаларға
шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының негізінде
мүлікке ие болатын ұйымдарды жатқызуға болады. Құрылтайшылары мүлікке
мүліктік құқықтарды сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктерді,
қоғамдық қорларды, діни бірлестіктерді жатқызуға болады.

Жоғарыда аталғандарды қорыта айтатын болсақ, мына кестені байқауға
болады:

Меншік иесі болып табылатын Меншік иесі болып
заңды тұлға табылмайтын заңды
тұлға
Оларға қатысты Оларға
қатысушылары қатысты
мүліктік қатысушылары
құқықтарды мүліктік
сақтайды құқықтарды
сақтамайды
1.Шаруашылық 1.Қоғамдық 1. Мемлекеттік
серіктестіктер бірлестіктер кәсіпорын
2.Акционерлік 2.Қоғамдық 2. Мекеме
қоғам қорлар (сондай-ақ,
3. Өндірістік 3. Діни мемлекеттік)
кооперативтер бірлестіктер
4. Тұтыну
кооперативі

АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер
бойынша жіктеледі:
- занды тұлғаларға немесе олардың мүлкіне қатысты құрылтайшылардың
(қатысушылардың) құқықтары;
- заңды тұлғалар қызметінің мақсаттары;
- заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысаны.
Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның қүрылтайшыларының
міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтауы мүмкін.
ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік
құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық
серіктестіктер және кооперативтер жатады.
Өздерінің құрылтайшылары олардың мүлкіне меншік құқығын ңемесе өзге де
заттық құқығын сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығына
негізделген мемлекеттік кәсіпорындар және оралымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу
Азаматтық құқық қатынасы субъектілері заңды тұлғалар
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Азаматтық әрекет қабілеттілік ұғымының құқық қабілеттіліктен айырмашылығы
Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар — азаматтық құқық субъектілері
Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау
Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі ретінде
Мүліктік оқшауланушылық
Заңды тұлғалар ұғымы
Дербес мүліктік жауапкершілік
Пәндер