Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1. Информатика пәнi және оны оқыту мақсаты мен 4
міндеттері ... ... ... ...
1.1.Информатикадан жалпы білім беру стандарты 4
туралы ... ... ... ... ... ..
1.2.Информатика пәнін оқытудың басты 5
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3.Информатика пәнін оқытуда қойылатын басты 6
талаптар ... ... ... .
2 Ақпаратты бейнелеудің мазмұндық 9
желісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1.Ақпараттың түрлері және оларды өңдеу 10
тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ...
2.2.Ақпаратпен жұмыс істеудегі техникалық
құралдарының 12
ролі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.3 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 16
“Ақпаратты Бейнелеу” процесінде пайдаланылатын
Сабақ жоспарының
үлгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .
3. Ақпараттық 24
процестер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3.1.Ақпаратты 25
іздеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
3.2.Ақпаратты 25
жинау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
3.3.Ақпаратты 26
сақтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.4.Ақпаратты 27
жеткізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
3.5.Ақпаратты 28
өңдеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
3.6.Ақпаратты өлшеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
3.6.Ақпараттың техникалық 31
1. өлшемі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
4. Ақпаратты 33
кодтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

4.1.Мәтіндік ақпаратты 34

... ... ... ... ... ... ... ...
4.2.Графикалық ақпаратты 37

... ... ... ... ... ..
4.3.Дыбысты 38

4.4.Сандарды 40

5. Санау 41
жүйелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
..
5.1.Санау жүйесі туралы 41
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
5.1.Позициялық емес санау 42
1. жүйелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
5.1.Позициялық санау 43
2. жүйелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
5.2.Ондық санау жүйесі 45

... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
5.3.Екілік санау 45
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
5.4.Сегіздік санау 46

... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
5.5.Он алтылық санау 47

... ... ... ... ... ... ... ... .. .
5.6.Сандарды позициялық санау жүйелеріне 47
көшіру ... ... ... ... ... ... ... ...
6 санау жүйелеріндегі Арифметикалық амалдар 52
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
6.1.Компьютерде бүтін сандарды 54
бейнелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...60

... ... ...
қолданылған әдебиеттер 63
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
"Ақпарат" (информация) термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген
үғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз
ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез
келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның
негізінде белгілі бір ой түйеміз.
Біз бәріміз бала кезімізден бастап ақпарат алмасу процесіне
қатысамыз. Кітап, газет және журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар
көргенде, мұғаліммен, ата-аналармен, достарымызбен әңгімелескенде әртүрлі
ақпарат аламыз. Адамдардың үйде, мектепте, жұмыста және көшеде бір-бірімен
сөйлесуі де ақпарат түрлерінің: сөздердің, ойлардың, хабарлардың,
мәліметтердің алмасуына мысал бола алады. Адамдардың араласуы мен бірге
жүруі - жұмыс істеу, оқу және ойнау – ақпарат алмасуынсыз жүзеге аса
алмайды. Берілген ақпараттар өзімізге, заттарымызға қатысты айтылып, айнала
ортамызда болып жатқан оқиғалармен тығыз байланыста болады.
Ақпаратты жазу мүмкіндігі пайда болғаннан бастап, ақпарат алмасу тек
ауызба-ауыз айтумен немесе әртүрлі қимылдармен ғана емес, оқу-жазу арқылы
да беріле бастады. Оқи білу және ойын жазып жеткізе білу - адамзаттың
сауаттылығының белгісі бола бастады. Ойды жазып қалдыру тек мағлұмат пен
хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыныларын үрпақтан ұрпаққа
жеткізу мүмкіндігін берді.
Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған қүбылыстар мен нысандардың
өзара байланыстары, қүрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде
нақты мағлүматтар мен мәліметтер алу деген сөз.
Қазіргі қоғамда ақпараттық қоғам деп атау жиі қолданылып жүр, себебі
қоғамда айналымда жүрген ақпарат мөлшері үлкен жылдамдықпен артуда.
Сонымен қатар мол ақпарат мөлшерін сақтап , өңдеп, тасымалдап және оларды
тиімді пайдалану үшін қажетті техникалық құралдардың күннен-күнге
жаңарып , өсуі де кем қолмайды.
Ақпараттың осындай жылдамдықпен айналуы қоғамдағы барлық өндіріс
орындарында, әлеуметтік салада, экономикалық және саяси өмірде жақсы
көмегін тигізеді. Сонымен қатар адамзаттың білімінің деңгейін көтеру
талабын қойып отыр.
Компьютерлік техника мен ақпараттық технологияның жылдам дамуы.
Ақпаратты пайдаланушы ақпарат қоғамның дамуына зор әсерін тигізуде.
Ақпараттық қоғам – сол қоғамда өмір сүретін адамдардың басым
көпшілігі ақпаратты пайдаланушы, өңдеуші, тасымалдаушы, сақтаушы және
ақпараттың ең жоғарғы формасы – білімді адамдардан тұратын қоғам.
Ақпараттандыру – қоғамның ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру
үшін, ақпараттық ресурстарды құру және оларды пайдалану үшін жағдай
жасау процесі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы да қоғамда ақпараттандыру
процесінің дамуына тікелей байланысты. Жаңа техникалық құралдардың,
ақпараттық технологиялардың пайда болуы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу
және әлемнің кез келген нүктесіне таратудың жолдарын жылдамдатты. Сол
себепті алдынғы қатарлы, экономикасы озық мемлекеттердің басшылары соңғы
жылдары өндірістің ақпараттық сферасын дамытуға зор көңіл бөлуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып, шығарған өнімдерін жарнамалау,
сол арқылы өндірістің жұмысын жандандыру арқылы ақпараттық құралдарың
бұл қоғамда ақпараттандырудың маңыздылығын түсіндіреді.
Сонымен, ақпаратты бейнелеу - белгілі бір нәрсені
(адам, жануар,зат, құбылыс) таңбалар мен сигналдар түрінде белгілеу.
1. Информатика пәнi және оны оқыту мақсаты мен міндеттері
1.1. Информатикадан жалпы білім беру стандарты туралы
Информатика – ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты іздеу, сақтау,
жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдістерін, тәсілдерін және
заңдылықтарын зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Информатиканың маңызды ерекшелігі – оның қоғамдық қызметтің
барлық негізгі түрленіде қолданылуы, яғни өндірісте, басқаруда, ғылымда,
білім беруде, жоспарлауда, саудада, қоршаған ортаны қорғауда, медицинада
және т.б.
Ол нақты ақпараттық процестердің (технологиялардың) барлық көптеген
түрлеріне тән ортақ мәселелердi зерттейдi. Ақпараттық процестер мен
технологиялар информатиканың объектісi болып табылады.
Информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары информатиканың ғылымдар
жүйесіндегі, қазіргі қоғамдағы орнын, ерекшеліктерін ескере отырып
анықталады. Мектепке тән негізгі мақсаттар оқушыларға информатикадан білім
беруде қандай сипатта болатындығын қарастырайық.
Информатиканы оқытуға қойылатын мақсаттар
Сонымен мектепте информатиканы оқытуға төмендегідей үш мақсат қойылады:
• білім беру;
• тәрбиелік,
• практикалық
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты
Әрбір оқушыға информатика ғылымының негіздері туралы алғашқы білім беру,
сонымен бірге түрлендіру процестері туралы түсінік, ақпаратты тасымалдау
мен пайдалану негізінде - оқушыларға дүниенің қазіргі ғылыми көрінісін
құрастырудағы ақпараттық процестердің мәнін, сонымен қатар ақпараттық
технология мен есептеуіш техниканың қазіргі қоғам дамуындағы ролін ашу.
Мектептегі информатиканы оқытудың практикалық мақсаты
Оқушылардың технологиялық және еңбекке дайындығына үлес қосу, олардың
мектеп бітіргеннен кейін еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білім,
білік және дағдылармен қаруландыру.
Информатиканы оқытудың практикалық мақсаты сонымен қатар
оқушыларды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға және басқа да
ақпараттық, коммуникациялық технологияларды тұрмыста, күнделікті өмірде
пайдалануға дайындауды да қарастырады.
Мектептегі информатиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты
информатиканы жаңа сапалы деңгейде оқып-үйренуде ой еңбегінің мәдениеті
және өзінің жұмысын жоспарлай алу, оны ұтымды орындау, іс-әрекетінің
алғашқы жоспарын оның орындалуымен салыстыра білу сияқты жалпы тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыруға негізделген.
Сонымен қатар информатиканы оқытудың тәрбиелік мақсаты – оқушыны
азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа тәрбиелеуге
бағытталған.
Информатика курсында орындаушы, яғни компьютер алгоритмді дәл, әрі
нақты орындауы үшін, оқушы алгоритмді қағаз бетінде дұрыс, дәл жазып
немесе пернетақтадан қатесіз енгізуі қажет.
Мектептің информатика пәнінде нақтылыққа, іс-әрекет пен ойлаудың
дәлдігіне ерекше мән беріледі, себебі ойлаудың, баяндаудың және
сипаттаудың дәл болуы – компьютермен жұмыс істеудің негізгі компоненті
болып табылады.
Жаңа курсты оқып-үйренуде оқушылардың дәлсіздік, олқылық, босаңсу,
шұбалаңқылық және т.б. ерсі көзқарастары бірте-бірте жойылуы мүмкін.
Жеке тұлғалық маңызды қасиеттер информатиканы оқып-үйренуде
өздігінен қалыптаспайды, сондықтан да мұғалімнің тынымсыз еңбегі қажет
болады.
2. Информатика пәнін оқытудың басты міндеттері
– Ғылымның негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі
болып есептелінетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін
құрайтын, ақпарат ұғымын қалыптастыру;
– Қоршаған ортаны жаңа-ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын
қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, тбиғат, қоғам, техника
аймақтарында қарастыру;
– Қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың рөлін анықтау,
қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам
еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
– Оқушылардың теориялық, шығармашылық ой қаблеттін арттыру;
– Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп
аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
– Ақпараттындыру құралдары, ақпараттық технологиялар саласында білім,
білік және дағдыларын қалыптастыру және оларды дамыту;
– Формальдау, модельдеу, компьютерлік тәрбие және т.б. ғылыми танымның
жаңа әдістерімен қаруландыру;
Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі әлемнің жүйелі
ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-
қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәні мен қазіргі заманғы
ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі
ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
3. Информатика пәнін оқытуда қойылатын басты талаптар
Ақпараттық қоғамдағы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау үшін
информатикадан жалпыға бірдей міндетті 7-11 сыныптар үшін стандарт
әзірленді, оған сәйкес информатика пәні 7-сыныптан бастап оқытыла бастады.
2002 жылы Қазақстан Республикасында жасалған орта мектеп пәндері
бойынша Мемлекеттік білім беру стандартында информатикадан жалпы білім беру
стандарты төмендегідей талаптарды:
- мектептердің базалық оқу жоспарындағы информатика курсын;
- білім беру аймағы мазмұнының міндетті минимумы ретінде
информатиканың базалық курсы мазмұнын;
- білімділік, біліктілік, дағды және ғылыми ұғымдары түрінде
оқушылардың дайындық деңгейін;
- жалпы білім беру стандартты талаптарының талаптарына сай оқушылардың
білімін бағалау және тексеру құралдары мен технологиясын анықтайтын
нормативті құжат болып табылады.
Информатикадан Мемлекеттік стандарт жобасында информатика саласындағы
мектептерде білім берудің іргелі негіздерінің күшейтіліп, даму идеялары
тұрақты және реттілікпен жүзеге асырылатындығына баса назар аударылған. Ол
мыналардан туындайды: қазіргі кездегі информатика – айналадағы әлемге
талдау жасауға жүйелі – ақпараттық амалын қалыптастыратын ғылыми білімінің
іргелі саласының бірі болып табылады. Осы негізде стандарт жобасында
информатика және кибернетика пәндерінің түйісу аймағымен, яғни дүниенің
жүйелі ақпараттық бейнесі, өздігінен басқарылатын (биологиялық жүйелер,
қоғам, автоматтандырылған техникалық жүйелер) жүйелердің қызметі мен
құрылысының жалпы ақпараттық заңдылықтары анықталады. Бұл жүйелердің өзіне
тән ерекшелігі, олардың ақпараттарды алу, өзгерту, мақсатына сәйкес
пайдалану негізінде мінез-құлқының басқаратын органдардың болуына
байланысты мақсатқа сай қызмет ету қасиеттері болып табылады. Сонымен
қатар, ақпараттарды өңдеу, беру, сақтау, алу құралдары мен әдістері және
қолдануы, компьютердің және басқа жаңа ақпараттық технология құралдары
көмегімен есептерді шешуі болып табылады. Ол ең алдымен оқушылардың
практикалық дағдыға даярлығына, білім алуды жалғастыруына байланысты болып
табылады.
Информатика курсының пән ретінде оқу жүктемесінің көлемі – 7-11
сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылына есептегенде 34 сағат. Информатика
курсының оқу жүктемесі негізгі басқышта (7, 8, 9 сыныптар) – оқу жылына 34
сағат, аптасына 1 сағаттан, барлығы 102 сағат; жоғары басқышта оқыту
бағытына байланысты: қоғамдық-гуманитарлық бағытта – жыл бойына 34 сағат,
аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат; ал жаратылыстану-математикалық
бағытта жыл бойына 34 сағаттан, аптасына 1 сағаттан, барлығы 68 сағат
болып бекітілген.
Жоғарыда аталып өткендей, білім берудің Информатика саласындағы
іргелі негіздердің басымдылығы мектеп курсы мазмұнының жаңа парадигмасының
тұрақтандырылғанын көрсетеді: ақпарат-алгоритм- ЭЕМ үштіктен ақпарат-
ақпараттық процесстер-ақпараттық технология үштігіне біртіндеп ауысуы
осының дәлелі.
Пәндердің және жалпы информатика курсының мазмұнын қалыптастырудағы
жүйелік тәсілді Ю.С.Брановский, М.М.Буняев, Л.Л.Каймина, Н.Д.Коваленко,
Т.А.Кувалдина, Л.Ю.Монахова, А.М.Сохор, И.Г.Фомичева және т.б. пайдаланды.
Ақпараттық ғылымдар үдерісінің қалыптасуын бейнелеу қазіргі заманғы
зерттеушілердің информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдаланатын түсініктері мен терминдерінің тізімін құру, түсініктер
арасында қатынастар құру болып табылады және осы зерттеулерде жүйелік тәсіл
пән тезарусын қалыпастыруға, информатика курсы мазмұнында модельдеудің
тезаурустық әдістеменің пайда болуына мүміндік береді.
Т.А. Кувалдина информатика мазмұнының (мектеп информатикасы мысалында)
моделін құруды тезаурустық әдіс және желілі модельдеу негізінде
қарастырады. Бұл модель жалпы білім беретін мектепті бітірушінің
информатика пәні бойынша білімін бейнелейді. Автор мазмұнды сұрыптау
мәселесінің оқыту теориясы мен практикасының негізгі мәселесі ретінде
болғандығын және болып қала беретіндігін ескерте отырып, оқу
бағдарламасының жалпы білім берудің қазіргі заманғы тұжырымдмаларына жауап
бере алатын, әсіресе бұл мәселенің информатиканы оқытудағы өзектілігін баса
айтып, біртұтас ғылыми-әдістемелік негізде құрылуы тиіс екендігін
көрсетеді.
Информатика мен ақпараттық коммуникациялық технологияды оқытудың
көпнұсқалылығы қазіргі кезде информатика тілі жасалатын, курстың негізігі
түсініктері айқындалатын, оқыту мазмұны мн құрылымы анықталатын курстарды
жобалау және іске асыру үрдістеріне мүмкіндік береді.
Информатиканы оқыту нәтижесіне қойлатын талаптардың өсуі мен оқу-
әдістемелік құралдардың жетіспеушілігіне байланысты оқыту мазмұнын сұрыптау
информатика пәні оқушылары үшін айтарлықтай өзекті де күрделі мәселе
болуда. Аталған мәселенің шешілгендігін кілттік жауаптарының бірі
информатиканы оқыту курсының мазмұнын модельдеудегі негізігі түсініктерді
жүйелеу болып табылады.
Жүйелік тәсіл оқыту мазмұны арқылы оқу сабақтарын жүргізудің формалары
мен әдістерін жобалап, барлық қажетті және принципиальды мәнді
компонентерді оңтайлы есепке алуға мүмкіндік береді.
Информатика курсының негізгі түсініктерінің қалыптасуы мен дамуы
тізбегін ашатын мазмұндық бағыттарын алғаш рет 1988 жылы А.А.Кузнецов бөліп
көрсетті және ары қарай А.Г.Гейн, А.И.Сенокосов және В.Ш.Шолохович
еңбектерінде дамытылды.
Ақпараттарды қайта өңдеу үдерісіндегі ағымдық өзгерістер мен
өркениеттің дамуы ақпараттық төңкеріске алып келді. Аталған өзгерістер
адамзатқа жаңа сападағы қоғам құруға негіз болды.
Информатиканың салалық курсын оқытуды құрастыру оқыту салаларына,
мазмұндық бағыттарға қатысты инварианттарға негізделуі тиіс. Салалық курс
мазмұнын модельдеуді зерттеушілер информатиканың мектеп курсы қорында
жұргізіледі. Сала сапсында келесі бағыттар бөлінеді: экологиялық (табиғатты
пайдалану міндеттерінде), гуманитарлық, жаратылыстану ғылыми, физика-
математикалық және бағдарламалық бағыттар.

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 7-11 сыныптарда
информатиканың негізгі курсының басы информатиканың дүниетанымдық және
компьютерді пайдаланушылар аспектісін қалыптастыра білуге дайындауға
арналған. Негізгі курсты оқытуда басқару ісіндегі ақпараттың мәні,
ақпараттық үрдістердің жалпы заңдылықтары және жүйелік-ақпараттық тәсілдер
туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, негізгі
алгоритмдік құрылымдар, бағдарламалау тілдері, оны алгоритмдерді жазуда
және қолданбалы есептерді шешеуде қолдану жолдары, мүмкіндіктері жайлы
мағлұматтар алады.
Бағдарлы курс оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына
байланысты сараланған мазмұнымен беріліп, оларға кәсіптік мамандыққа
дейінгі дәрежеде білім береді.
Информатика бойынша стандарттың тағы бір есте қаларлық ерекшелігі –
жалпы мектептік білім беру жүйесіндегі өзгерістердің жалпы тенденциясын
сипаттайтындығында. Бұл жерде, информатика бойынша оқушылардың дайындық
деңгейін бағалау әдісіне – белгілеу – шамалау – тәсілдік қолданатын жаңа
декларация жайлы айтылып отыр. Бұл өзгерістер жалпы мектептік білім беру
жүйесінде демократиялық, тұлғалық даму барысында маңызды орын алуы ықтимал.
2. Ақпаратты бейнелеудің мазмұндық желісі
XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогының пайда болуы кітап
шығару ісін жолға қойып, адамзаттың алтын ойларын тікелей көпшілікке
жеткізуге мүмкіндік жасады.
Кітаптарды, оқулықтарды көптеп басып шығару, көпшілік кітапханаларының
ашылуы адамзатты жалпы сауаттылыққа жетелеп, мәдениеттің жаңа даму кезеңін
бастады деуге
болады.
ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы
информацияны кез келган қашықтыққа жарық сәулесі- нің тарау жылдамдығымен
жеткізуге мүмкіндік берді. Ал теледидардың шығуы үйде отырып-ақ, дүниеде не
болып жатқанын біліп, кино, спектакльдерді көріп, оқып үйрену бағдарламала-
рын толық жүзеге асыра алатын күйге жеткізді.
Мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бүрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін XX
ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеу машиналары (ЭЕМ, шет елдерде
олар компьютер деп аталады) берді. ЭЕМ-дер әуелде есеп-қисап жұмыстарын
автоматтандыру үшін шығарылған еді. Кейіннен олардағы мәліметтерді
магниттік таспаларға жазып, қағазга басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері
бар екені анықталды. Оларды дамыта отырып, архив жасау ісінде, мәтіндерді
теріп түзетуде, сызу мен графикалық жұмыстарда, өндірісті автоматтандыруда
және де басқа адамның көптеген қызмет салаларында қолданабастадық
Сабақ үстінде мүғалім жаңа ақпаратты оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар
оны қабылдап, мағынасын түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып
үйренуге керекті ақпаратты компьютерден де алуға болады, мәселен ол
суреттерді, оған қажет түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақ- тарын арнайы
программа көмегімен экранға шығарып береді. Біз өзімізге қажет ақпаратты
оқулық пен кітаптардан, газет-журналдардан, теледидар хабарлары мен
кинофильмдерден алып, керектілерін дәптерге конспект түрінде жазып аламыз.
Өндірістегі ақпарат жиыны сызулар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар
мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. Осындай ақпаратты ЭЕМ арқылы да
алуға болады.
Ақпарат кез келген түрде бізге белгілі бір мағлүматтар береді. Ол
біздің айналамызда не болғаны немесе не болып жатқаны туралы деректер бере
алады, мысалы: кеше не істедік, ертең не істейміз, мектеп бітіру кешінде
қандай көйлек киеміз немесе қайда жүмыс істейміз деген сүрақтарға жауап
бере алады. Бірақ ақпарат әрқашан белгілі бір түрде - әңгіме, сурет, мақала
және т.б. түрінде болуға тиіс. Сызулар мен музыкалық шығармалар, кітаптар
мен суреттер, спектакльдер мен кинофильмдер - бәрі де ақпаратты жеткізу
түрлері болып саналады. Қандай түрде берілсе де ақпарат өзімізді қоршаған
ортаның нақты немесе қиялдағы көрінісі болады.
Жалпы түрғыдан алғанда, ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде
берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады ақпараттың түпкі заттық
мазмүны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалылығы мен
қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.
Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны.
Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім
қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті
болса, онда оның толық болғаны.
Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір түжырымға келуге
кедергісін тигізіп, қателікке үрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы, оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше
алатынымызға байланысты болады.
Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жүмыс шарттары өзгерген жағдайда
өте керек болады. Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен
жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Егер ақпаратты
пайдаланушылар тілінде жазса, ол түсінікті болады.
2.1. Ақпараттың түрлері және оларды өңдеу тәсілдері
Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электр
сигналдары, магниттік жазба және т. б. Мектептегі оқу процесінде мүғалім
жаңа ақпаратты оқушыларға жеткізеді, ал оқушылар оны қабылдап, мағынасын
түсініп, естерінде сақтайды және жауап береді. Оқып үйренуге керекті
ақпаратты компьютерден де алуға болады, мәселен ол суреттерді, оған қажет
түсіндіру мәтіндерін, тексеру сүрақтарын арнайы программа көмегімен экранға
шығарып береді. Біз өзімізге қажет ақпаратты оқулық пен кітаптардан, газет-
журналдардан, теледидар хабарлары мен кинофильмдерден алып, керектілерін
дәптерге конспект түрінде жазып аламыз.
Қоғамдағы өндірістің кез келген салаларында ақпарат жиыны сызулар мен
мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі.
Осындай ақпаратты ЭЕМ арқылы да алуға болады.

түрлері болып саналады.
Қандай түрде берілсе де ақпарат өзімізді қоршаған ортаның нақты немесе
қиялдағы көрінісі болады.
2.2. Ақпаратпен жұмыс істеудегі техникалық құралдарының ролі
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі
үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар
информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.
Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске үшырайтын
ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп
барады. Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін
өнімі информация болып саналады. Сондықтан "ақпарат" үғымы информатика мен
ЭЕМ-де жүмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Бүл күнде ЭЕМ ақпаратты өңдеудің ең негізгі құралы болып саналады. 70-
жылдарда электрониканың дамуы компьютердің жаңа түрін - жеке пайдаланылатын
дербес компьютерлерді көптеп шығаруға жол ашты. Олар қазір де мектептерде,
институттарда, баспаханаларда, т.б. орындарда
кеңінен қолданыла бастады. Мұндай компьютерлерді оқуда, жұмыста, ойнау
үшін, тағы да басқа көптеген мақсаттарда пайдалануға болады. Осы
компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми-зерттеу істері мен білім
беруде пайдалану миллиондаған адамдардың жүмыстарының мазмүны мен
орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады. Ең алдымен ЭЕМ-дер
өндірістің автоматтандырылған технологиясын жасауға мүмкіндіктер ашып
береді. Оның үстіне, сол технология көмегімен ЭЕМ-дермен басқарылатын
жаңа машина, құрал-сайман және құрылғылар жасалынады. Осылардың негізінде
XXI ғасырдың басында есептеу машиналары "адамсыз" жүмыс атқара алатын
өндіріс технологиясын жасау мүмкіндіктерін беріп отыр. Осы сияқты
"болашақтың" фабрикаларында қолмен істелетін жүмыстардың бәрін роботтар
орындайды да, адамдардың рөлі өндірісті
жоспарлау, роботтар жүмысын басқару және ЭЕМ көмегімен жаңа бүйым жасау
істерін жобалау ғана болып қалады. Бүгіннің өзінде-ақ
көптеген қызмет салаларында ЭЕМ-дерді пайдалану адамдарға ақпаратты жинау,
дайындау және өңдеу жүмыстарын оңайлатып, жобалау жәнз ғылыми-зерттеу
жүмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді.
ЭЕМ-дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия
мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып-үйрену ісіне үлкен көмек
береді.
ЭЕМ-мен қарым-қатынас жасау және оларды өз жұмысында пайдалана білу
бұдан бүрынғы аталарымыздың қаламсаппен сауат ашқаны сияқты, алдағы 10-15
жылда біздер үшін ең керекті зат болып, компьютерлік сауаттылықтың негізін
қалайды.
Компьютерлік сауаттылық деп компьютерді пайдалана отырып, оқу, жазу,
есептеу, сурет салу және ақпаратты іздеу, өңдеу, түрлендіру жолдарын
меңгеруді айтады.
ЭЕМ-ді жүмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап
етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып саналады. Ол үшін ЭЕМ-нің
негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: мәселелерді (есептерді)
айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және ЭЕМ-ге түсінікті
түрде жазу; есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен
алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып
табылады. Мұндай мәдениеттілікті игеру логика мен информатика заңдарын
білуге барып тіреледі.
Ақпаратпен жұмыс істеудегі негізгі құрал - дербес ЭЕМ-дер - жүмыста
жөне үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер
журналдар, кітаптар және әртүрлі қүжаттар дайындауда мәтін теріп, оны
түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жүмыста компьютерлердің баспа
машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы,
материалдарды дайындау жылдамдағының өсуі, оларды безендіру сапасының да
артуы.
Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін
лазерлік принтері бар компьютерлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері
одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі.
Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы
сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен
кітапханалардағы ақпараттарды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін
жылдам іздеп табуға бо латын әртүрлі мәліметтер базасымен ақпараттық
жүйелер. Жаңа информацияльқ технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне
негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен ақпараттық
коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес.
Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, ақпараттық
қорлармен толық қамтамасыз етсек, ақпаратты пайдалану, алу және тарату
істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бүған дейінгі
қолданылған "қағаздағы" ақпаратты алу мен таратуды толықтыра отырып,
қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі.
Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дүрыс түсіну үшін
"технология" үғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы
кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі
тәсілдер жиынын айтатын еді. Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру
мен автоматтандыру технология үғымын машиналар,
механизмдер, қүрал-саймандар және т.б. өндіруді үйымдастыру тәсілдері мен
оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды.
Есептеу машиналарын басқару қүрылғылары ретінде пайдалану мен
автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа өндіріс технологиялары оны
қайта қүру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып
жіберді. Осыған орай қазіргі "технология" үғымына, аз дегеннің өзінде үш
компонент - өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны
ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім
базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар
кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен ақпарат қорлары бар,
ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.с.с. мүмкіндіктері бар компьютерлік
техникаға негізделгеи болуы тиіс.
Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай басқаруға болатынын
анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жүмысқа ЭЕМ-ді
пайдалану үшін оған жаңа қосымша қүрылғылар алғаннан гөрі соған керекті
жаңа программалар aлy қажет болады.
Қоғамның даму кезеңдерінде адамдар көптеген тілдерді пайдаланды, олар:
қимылдар мен мимика тілі, сызу-сурет тілдері, музыка тілі мен сөйлесу
тілдері, т.б. Көптеген тілдердің негізі алфавит (әліп-би) болып саналады.
Алфавит - белгілі бір тілдің кез келген сөздерін құрай алатын символдарының
жиыны.
Алфавит мысалдары:
1. Латын алфавиті: A, B, С, D, E, F, G, H, I, J, K, L, M, N, О, Р, Q,
R, S, T, U, V, W, X, Ү, Z.
2. Қазақ алфавиті: А, Ә, Б, В, Г, F, Д, Е, Ё, Ж, 3, И, Й, К, Қ, Л, м, н, ң,
о, ө, п, Р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, ъ, Ы, I, Ь, Э, Ю, Я.
3. Табиғи (натурал) сандар алфавиті: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
4. Екілік сандар алфавиті: 0, 1.
Сол сияқты, зодиак белгілерінің алфавиті, қытай иероглифі;
генетикалық код белгілерінің жиынтығы, т.б. Техникада ақпаратты кодтау
үшін, Морзе әліппесін – екілік алфавиттің телеграфтық кодының
таңбаларын теруді қолданудың маңызы зор.
Мысалы, XIX ғасырда ойлап табылған телеграфтың көмегімен ақпарат
жібергенде, жолдаушы түйіспені (контакт) ажыратып және қосып отыратын.
Түйіспені қосқанда (ұштастырғанда) қабылдаушының қағазында ұзындығы
түйісу уақытының ұзақтығына байланысты сызық сызылатын, сонда сәйкес
нүктелер мен сызықшалар шығатын. Мұндай хабарларды жіберу үшін, Морзе
әліппесі пайдаланған. Сандарды көрсететін алфавиттер де көп. Мысалы,
екілік, сегіздік, ондық және оналтылық. Алфавит атауында берілген
жүйедегі символдар саны көрсетіледі.
2.3 САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ
1-Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы ақпарат түсінігі. Ақпарат
түрлері.
Ақпарат формалары мен оларды
өңдеу түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғаттағы ақпарат туралы
түсінігін
қалыптастыру, сипаты мен қабылдау
тәсілдері бойынша әр
түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс
дәптері.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру.
Жаңа түсініктер:
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды
білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарафизика,
математика, информатика т.бт салаларында кеңінен енді.
Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл – қозғалыс түрінде бере
аламыз. “Ақпарат” деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен
оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрлысын зерттеу де
бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге торғай тумайды? Бұл
сұрақтарға гинетика ғылымы жауп береді. Ол тұқым қуалаушылық болатынын,
әрбір организмнін негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНК молекулалары
арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта болады. Ол
әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан
түрлері бар, қарым – қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зерттеу нәтижесінде
пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қоршаған дүние
туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар
деп түсінуге болады.
Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның
құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-
әлуметтік – экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық,
физологиялық т.б.
Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық(тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік
(анықтық), бағалылық, маңыздылылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық,
нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Басқа жануарлар иіс сезу мүшесі арқылы бөгде иісті сезіп бөтен жерден
кетеді. Жарғанат қараңғыда ұшқанда ультрадыбысты тоқынды жібереді,
олар әр түрлі заттардан шағылып оралып қабылданады, оған қайта кеңестікке
бағытталуға мүмкіндік береді.
Кейбір ағаштар бір-біріне құрттар шабуыл жасағаны туралы мәлімет бере
алады. Мұндай ақпарат беру мен өңдеу ұрпақтан ұрпаққа генетикада жануарлар
мен өсімдіктердің қажетті қасиеттері бекіту мен селекция сұрыптау үшін
қолданылып келеді. Ақпаратты өңдеу мен берудің көптеген тәсілдері бар.
Адам сол немесе басқа тілді ишарат, ым мен дыбысты қолдана отырып,
ақпарат беріп, оны кез келген сезім мүшесі арқылы қабылдай алады.
Басқа сөзбен айтқанда адам ақпаратты сигнал немесе таңба түрінде
береді, өңдейді және қабылдайды. Сигнал жарық, дыбысты (радиотолқындар),
электромагниттік, биохимиялық т.б. бола алады. Сигналды бірнеше типтерге
бөлуге болады:
1. физикалық табиғаты бойынша электромагниттік , жарық, жылылық,
дыбыс, механикалық, биохимиялық.
2. қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, аурулық,
физологиялық.
Белгі деп кез келген тілдің алфавитин, ым-ишаратын тілдерінің
белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б.
санауға болады. Ақпаратты өңдеу процесі ақпаратты тасушы мен ақпаратты
беру мен ақпаратты өңдеу құралдарының болуын ескереді.
Ақпаратты тасушы оны сақтайды, оған бұл ақпаратқа сәйкес таңбаны
немесе сигналды жазуға болады. Ақпаратты беру құралы – бұл адам тілдері,
телекоммуникация құралдары, тірі табиғаттағы биохимиялық процестер.
Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өңдей алады, атп айтқанда:
физологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық
деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау
ақпараттарын береді.
Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат – бұл бізді қоршаған
әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға
болады.
Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады. Мысалы,
мұғалім, оқушы, сарқырама шуылы, т.б. Кімде – кім ақпаратты қабылдап алса,
онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік,
т.б. Ал ақпарат тасуыш: сынып тақтасы, журнал, ауа
бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета,
дискет,сурет, слай, перфокарта, ген т.б. бола алады. Ақпарат көзі мен
қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, дыбыс
толқындарын тасушы бола алады.
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК)
заттар, айқын (мұғалім – оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын
екенін білдіреді) болуы мүмкін. Ақпарат қабылдаушы бір уақытта оны
жеткізуші де болатын және керісінше жағдайларда кездеседі.
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
▪ Біз кітап, газет – журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап
жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз.
Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай алады. Бірақ
көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау
үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
▪ Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,
қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдары ақпаратты жеткізу
арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік
желі т.б.
▪ Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп – ақпарат
алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған
ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздеп
толықтыруды айтады.
▪ Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті
ақпараттық процестер деп атайды.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан,
теледидардан, газет – журналдардан ақпараттарды сезім мүшелері
арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып
бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп – табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм,
иіс сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар
жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі
таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар – феномендер деп
аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи
қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Әр тілдің
өз алвафиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік,
сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Тапсырма: Төмендегі кестені толтырыңдар
Мәтіндік ақпараттар Оқулықтағы мәтін, дәптердегі
шығарма, ауа райын болжау, радио
арқылы болжау т.б.
Сандық ақпараттар Көбейту кестесі, арифметикалық
мысал, хоккей ойынындағы есеп,
т.б.
Графикалық ақпараттар Суреттер, схемалар, сызбалар,
фотосуреттер, т.б.
Дыбыстық ақпараттар Дыбыстар, музыка, сөз.
Бейнеақпарат Түрлі-түсті графика, дыбыс,
фильмдер, екі және үш өлшемді
жылжымалы объектілер.
Сабақты бекіту сұрақтары:
▪ Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
▪ Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
▪ Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.
▪ Адам ақпаратты қалай сақтайды?
▪ Жеткізушіден қабылдаушыға ақпарат қалай беріледі?
▪ Қандай процестерді ақпараттық процесс деп атайды?
▪ Қатынас тілі дегеніміз не?
▪ Қандай тілдерді білесіңдер?
▪ Бейнелік, таңбалық ақпарат деген не?
Бағалау.
Үйге тапсырма: Оқулық, 7-сынып. 3-бет. 1.1 тақырыпты оқу, жұмыс
дәптеріндегі 1.1.7, 8, 9 тапсырмаларды
орындаңдар.
2-Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау.
ASCII коды.
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және
сақтаудың тәсілдерін үйрету.
Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар
мен
дербес компьютердің көмегімен
беру, сақтау және ұсыну
тәсілдерімен, қабылданған екілік
санау жүйесімен,
ASCII кодтарымен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа,
тиянақтылыққа
үйрету.Дамытушылық: Оқушылардың
ойлау қабілетін,
логикалық- абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық,
жұмыс дәптері.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
– Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
– Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
– Байланыс тілі деп нені айтады?
– Қандай тілдерді білесіңдер?
– Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
– Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір.
Жаңа түсініктер:
Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды.
Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды.
Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде
ақпараттың ұсынылуы (кодталу) түріне байланысты болады. Ақпараттың
кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование
прцесімен тікелей байланысты. Екілік алфавиті 0 және 1 таңбаларымен
ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра
білуі керек, мысалы: 1-құрылғыда ток бар, ал 0-жағын, немесе 1-жоғары
кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код
разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп
айтады. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын яғни 8 екілік
таңбалардан тұратын тіркестерді қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын
кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың
көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодталу комбинацияларының
жиынтығын кодтау кестесі деп атайды.
ASCII коды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код- ASCII коды-
американдық апарат алмасудың стандартты коды.
Кодтау кестесінің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен
тұрады: стандартты, баламалы.
Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0-бен 127-ге дейінгі
кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын
басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі – 128-ден дейіні кодтар ұлттық алфавиттер ( орыс,
қазақ) Ондық екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі
келтірілген. Парта сөзін кодтау үшін ASCII кестесінен әр әріпке сәйкес
кодтарды табамыз: П – 8F, А – 80, Р – 90, Т – 92, А – 80. Сонымен ПАРТА
сөзі бұл кодта былай болады: 8F80909280.
Оның коды екі он алтылық сан, оның біріншісі – осы символ
орналасқан көлденен жолдың номерін, ал екіншісі тік баған номерін
көрсетеді. Сосын сәйкестендіру кестесінен оның екілік жүйеге ауыстыру
керек.
Мұнда:
8F – 10001111, 80 – 10000000, 90 – 10010000, 92 – 10010010. Бұларды
тізбектеп жазсақ:
10001111 10000000 10010000 10010010 10000000 шығады.
Тапсырмалар: оқулықтағы 15 беттегі тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту сұрақтары:
o Кодтау мен кері кодтау деген не?
o Бит, байт деген не?
o Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды
таңдайды?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1.2 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1.2.7
тапсырмаларды орындау.
3. Ақпараттық процестер
Ақпараттық процестер (ақпаратты жинау, өңдеу және жеткізу)
ғылымда, техникада және қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Адам
дамуының кез келген кезеңінде ақпарат алу, жеткізу, оны өңдеу өз
деңгейінде қажет болып отырған. Адам ақпарат кеңестігінде өмір
сүреді, сондықтан өмірінің барлық кезеңдерінде әртүрлі , ақпараттық
процестерге қатысып отырады. Ақпараттық процестердің схемасы 1- суретте
бейнеленген.
1- сурет. Ақпараттық процестер.
Ақпараттың негізгі процестері – ақпаратты жинау, өңдеу, жеткізу,
тасымалдау және оны қорғау. Ақпараттық процес дегеніміз - ақпаратпен
жасалатын жұмыс түрлері. Яғни, ақпаратты қабылдау, өңдеу және
тасымалдау процестері ақпараттық процестер деп аталады. Ақпараттық
процестердің орындалуын автоматтандырушы құрылғы – компьютер болып
табылады.
1. Ақпаратты іздеу
Ақпаратты іздеу – сақталып тұрған ақпаратты шығарып алу. Ақпаратты
іздеудің негізгі тәсілдері:
– қадағалау;
– мамандармен тілдесу (негізгі сұрақ бойынша);
– қажетті басылымдарды оқу;
– теледидар қарау;
– үнтаспа, радиохабарлар тыңдау;
– кітапханада;
– архивте жұмыс жасау
Ақпараттың толық болуы үшін, оны іздеудің саналуан түрлерін
пайдалану қажет.
2. Ақпаратты жинау
Ақпаратты жинау – ақпарат көздерінен іздеп тапқан мәліметтерді
олардың сапасына қарай жинақтау. Адам ақпаратты үздіксіз қабылдап
отырады. Адамға ауа, су, жылу қажет болса, қоршаған орта туралы
ақпарат та сондай қажет.
Айталық, адам дыбыс, жарық жоқ бітеу кеңістіктің ішінде қамалып
қалды делік. Адам өзін-өзі жағдайсыз сезіне бастайды. Оның рухани күйі
(психикасы) өзгереді. Бірнеше күннен кейін сезінуден айырылып, ол ең
қарапайым әрекеттерді істей алмайтын халге жетіп, қозғала алмай
қалады. Өйткені адамға кез келген тірі организм сияқты әрқашан
қоршаған болымыс, уақыт пен кеңістік туралы ақпарат қажет.
Адам сезім мүшелері арқылы көреді, естиді, сезінеді, иісті, дәмді
сезеді, яғни ақпарат қабылдайды.
Адамның ең басты сезім мүшесі – көру мен есту. Ол кітаптан,
теледидар мен радиодан алатын ақпаратты тек осы сезім мүшелері арқылы
қабылдайды. Сырттан қабылдайтын ақпараттың 90%-ы сезім мүшелері
арқылы алынады.
Бірақ басқа сезім мүшелерінің рөлін жоққа шығаруға болмайды.
Мысалы, шай ішкенде, оның тәтті немесе тәтті емес екенін сеземіз, затқа
тек қол тигізе салып, қатты немесе жұмсақ екенін анықтай аламыз.
Адам қабылдайтын ақпаратты таңбалы және бейнелі деп, екіге
бөлуге болады.
Бейнелі ақпарат деп - табиғат көрністері және кескіндерді
қабылдауды, дәм,иіс сезу арқылы алынатын ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz